Ішкі жӘне сыртҚы сауда
Сауда саясаты – белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы.
Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:
1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;
3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;
5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;
8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:
1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;
2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;
5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.
Ішкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.
Сыртқы сауда – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi.
Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.
Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:
1) кедендік баждарды;
2) тарифтік жеңілдіктерді;
3) тарифтік преференцияларды;
4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.
Сауданың өзге түрлері: аукциондық сауда, комиссиялық сауда, тапсырыс бойынша сауда, шекара маңындағы сауда, көшпелi сауда, көрме-жәрмеңке қызметі, электрондық сауда, тауарлармен биржалық сауда жасау.
Тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.
Тапсырма. Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.
Тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Хоть Чокан Валиханов и жил мало, но сделал много.
Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по-казахский.
Хоть он и хороший студент, но ленивый.
Они хвастаются, как будто много знают.
Тапсырма. Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңыз.
Адам ақылымен бай, астық дақылымен бай.
Ақыл тозбайды, алтын шірімейді.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.