Дәріс Әлеуметтік ұйымдастырунің ішкі сыртқы ортасы.

Ішкі өзгерістер дегеніміз – ұйым ішіндегі жағдайлық факторлар. Негізгі ішкі өзгерістерге мыналар жатады: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адамдар.

Мақсаттар – бірге жұмыс істей отырып топтың жетуге мақсатталған қорытындысы немесе жағдайы. Мақсаттар ұйым қызметінің негізгі бағыттарын және қызметінің әр этапына байланысты жұмысын нақтылап көрсетеді. А.И. Пригожин мақсат-міндет, мақсат-бағдар, мақсат-жүйені бөледі. Мақсат-міндеттер – жоғарғы ұйымдық жүйемен (мемлекетпен) берілетін бұйрықтар, тапсырмалар, жоспарлар және нарықтың обьективті сұраныстары. Мысалы, федералды қамту қызметінің аймақтық басқармасына запасқа кеткен әскерилерді демеумен қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Мақсат-бағдар ұйым арқылы іске асатын (марапат алу, нарықта жақсы жетістіктерге жету) қызметкерлердің жалпы және индивидуалды қызығушылықтарын бейнелейді. Мақсат-жүйелер бәсекелес пен басқа да сыртқы өзгерістер жағдайында ұйымның қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Ұйымда әртүрлі мақсаттар болады және олардың әрқайсысы әртүрлі функция атқарады. Ең басты айырмашылығы – ұйымның стратегиялық міндеттері немесе ресми мақсаттары және күнделікті қызметіндегі оперативті (жедел) мақсаттары арасындағы айырмашылық. Әлеуметтік сферада мұндай мақсаттар мыналар бола алады: азаматтарды әлеуметтік-тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар қаңғыбастығының профилактикалық жұмысы, балалар мен отбасын қорғау құқығы, азаматтардың денсаулығын қорғау, білім беруді нығайту, рухани және материалдық сұраныстарды қанағаттандыру, құқық қорғау, қақтығыстар мен келеңсіздіктерді шешу, құқықтық көмек беру және т.б. Ұйым құрылымы – ұйымның мақсатқа барынша тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін функционалды аумақтар мен басқару деңгейінің өзара қатынасы. Формалды ұйымдар бірнеше басқару деңгейлері мен бөлімшелерден тұрады. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың құрылымы бірнеше функционалды аумақтардан тұрады, яғни халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін бөлімшелер. Ұйымдағы еңбектің тігінен бөлінісі басқару деңгейлерінің иерархиясын білдіреді, әр деңгейдегі адамдардың формалды бағынуы.

Міндеттер – алдын-ала қойылған мерзім ішінде белгілі бір әдіспен орындалатын жұмыс немесе жұмыс бөлігі. Әрбір қызмет ұйымның мақсатқа жетуі үшін қажетті үлес ретінде қарастырылатын бірқатар міндеттерден тұрады. Айқын міндеттер қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарында көрсетіледі.

Технология – физикалық материалдарды, адамдарды, ақпаратты немесе затты қалаулы қорытындыға айналдыратын әдіс, құрал. Технология – бұл қалаулы айналулар үшін қажетті білім, құрал-жабдық, инфрақұрылым және кәсіби дағдылар үйлесімі немесе жиынтығы. Әлеуметтік жұмыста қлоданылатын технологиялар – бейімделу, қалпына келу, қамтамасыз ету, сақтандыру, көмек, демеу және т.б.

Адамдар. Қызметтің сәтті іске асуына және жеке жүріс-тұрысқа әсер ететін факторлар:

1. Қабілеттіліктер. Ұйым нақты жұмысшының қандай қызметті, жұмысты орындайтындығы туралы сұрақтарды шешу барысында, қабілеттердің айырмашылығын әркез қолдана бастайды;

2. Алдын-ала қалыптасу. Алдын-ала қалыптасу арнайы бір салаларда нақты іс-әрекетті тиімді қолданудағы қабілеттіліктерді игеруді жеңілдетеді;

3. Қажеттіліктер-бір нәрсенің жетіспеушілігіндегі психологиялық немесе физиологиялық ішкі күйлер;

4. Күту-бұрынғы тәжірибе мен қазіргі жағдайлардың бағалауына сүйене отырып, адамдар өздерінің жүріс-тұрыстарының нәтижесіне сәйкес күтуді қалыптастырады.

5. Қабылдау-бұл түйсіктен алатын стимулдарды интеллектуалды сезіну. Адамдар айналасында шынайы болып жатқанға емес, керісінше шынайы болып жатқанды қабылдауға көңіл аударады. Қабылдау адамның қажеттілікті сезінуі мен сол жағдайдағы күтудің қандай екендігін анықтайды;

6. Әлеуметтік бағдарлар. Бағдарлар біздің жиі өзара әрекеттесуіміздегі адамдардың әсері арқылы қалыптасады;

7. Құндылықтар-бұл ненің жақсы, ненің жаман екендігі туралы жалпы сенім.

Құндылықты бағдарлар адамдардың іс-әрекетін анықтайды. Субъектінің жүріс-тұрысы сөз арқылы жеткізгенге қарағанда, басқада құндылықтарға бағдарлануына байланысты құндылықтар әр түрлі және қарама-қарсы болады. Басқарушылық тәжірибеде ішкі айнымалылар өзара байланысты екендігін білу керек. Ішкі айнымалылар әлеуметтік бөлікті иеленуіне байланысты әлеуметтік-техникалық жүйе аралық (ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар тобы мен олардың жұмысының координациясы) пен техникалық (демалыс күндері сол ұйымға кіретін ауыстыру кезінде қолданылатын материалдар, құралдар, машиналар, жұмыс процедуралары). Ұйым әлеуметтік және техникалық жүйенің бір-бірінің қажеттілігіне қызмет көрсетуінің құрылуына байланысты құрылымданады. Қазіргі ұйымдарға сыртқы айналадағылардың өзгеруі мен өзгерулердің ішкі айнымалыларда жүзеге асыруға бейімделуі қажетті. Сыртқы факторлар 2 негізгі топтарға бөлінеді: ұйымға тікелей және жанама әсер ету. Тікелей әсер ету ортасының факторлары ұйымдастырудың операцияларына тікелей әсер ету мен ұйымдастыру операциясына үздіксіз әсер етуді қосады.

Наши рекомендации