Р ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы
ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 28 тамызындағы № 1298 Қаулысымен Төтенше жагдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылды (ТЖМЖ) және ол туралы ереже (25.12.2006ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге) бекітілді.
Төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесі (ТЖМЖ) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайдың алдын алу, пайда болған жағдайда зардаптарын жою (адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жоюға бағытталған құтқару, авариялық -қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарын жүргізу, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру. Төтенше жағдай нәтижесінен зардап шеккендердің аумақтары мен нысандарын қалпына келтіру ТЖМЖ құзырына кірмейді), халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен шаруашылық нысандарының шығынын азайту үшін тағайындалған.
ТЖМЖ негізгі міндеттері:
· бейбіт және соғыс уакытында ТЖ пайда болуы кезінде қоршаған табиғи ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды ескерту мен жою саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;
· халықты, аумақты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін құру;
· төтенше жағдайға әрекет ету ретін анықтау, зардаптарын жою, олардың пайда болу себептерін тергеу;
· халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру;
· авария, апат, зілзала мен экологиялық апаттар, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия пайда болған кезде ТЖ алдын алуға, адам мен оның қоршаған ортасын қорғауға, шаруашылық нысандары мен әлеуметтік салалар қызметінің тұрақтылығын көтеруге бағытталған, мемлекеттік арнаулы және ғылыми – техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен орындауды ұйымдастыру;
· ТЖ іс - әрекетіне, оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуге органдар мен басқару пунктерін, байланыс жүйесі мен хабарландыруды, ТЖМЖ күштері мен құралдарының жоғарғы дайындығын қамтамасыз ету;
· ТЖ – дың әлеуметтік – экономикалык салдарын бағалау мен болжау;
· зардап шеккен халыққа бірінші кезекте көмек көрсету, тіршілікті қалыптастыру;
· ТЖМЖ мамандарының біліктілігін арттыру және даярлау, ТЖ іс - әрекетіне халықты даярлау мен оқыту;
· ТЖ – ды ескерту мен жою саласында халықаралық ынтымақтықты жүзеге асыру, авариялар, апаттар мен зілзала салдарын жоюға шетел мемлекеттеріне көмек көрсету болып табылады.
ТЖМЖ құрамына кіретіндер:
· Төтенше жағдай бойынша Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (ТЖМ), аймақтық органдары және ведомстволық ұйымдармен бірге құзырлыққа кіретін мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететін, орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың басқару органдары.
· Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың жұмысын басқару үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша комиссия құрылады:
· Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша ведомство аралық мемлекеттік комиссия, төтенше жағдай бойынша аймақтық комиссия, салалық комиссия;
· Мұнайдың төгілуіне жедел әрекет ету бойынша ұлттық комиссия;
· Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен транспорттағы терроризмге қарсы координациялық кеңсе;
· Транспорттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялар;
· Республикалық, аймақтық және салалық эвакуациялық комиссиялар.
ТЖМЖ аумақтық, қызметтік, салалық (нысандық) жүйеден тұрады және екі дәрежесі бар: жергілікті және республикалық (мемлекетгік).
ТЖМЖ аймактық қосымша жүйесі қабылданған әкімшілік-аймақтық бөлінуге сай келеді.
Әрбір аймақтық қосымша жүйе ТЖ алдын алу мен жоюға арналған және ережеге сай, оның құрамына ТЖ бойынша комиссия (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, нысандық) немесе оның міндетін орындайтын басқа орган, Қазақстан Республикасының төтенше жағдай бойынша Орталық атқарушы органдардың аймақтық органдары (облыстық, Астана, Алматы қ. департамент, қалалық басқармалар, ТЖ бойынша аудандық бөлім), күнделікті басқару органдары (кезекші қызметті немесе 051 құтқару қызметін), сол аймақтағы функционалдық және ведомстволық қосымша жүйелер, оның ішінде қаржылық, тағамдық, медициналық және материалдық – техникалық қорлар, байланыс жүйелері, хабарландыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сондай – ақ арнайы оқу орындары кіреді.
Аймақтық қосымша жүйелердің тапсырмалары, ұйымдастырылуы және қызмет ету тәртібі, төтенше жағдайдағы мемлекеттік органдарының өзара қатынасы ҚР ТЖМ келісімі бойынша жергілікті атқаруы органдардың бекіткен ережелермен анықталады.
ТЖМЖ қызметтік қосымша жүйелері Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының басқарушы органдарының күштері мен құралдарынан тұрады, мынадай тікелей міндеттерді шешеді:
· Қоршаған табиғи ортаның жағдайын қадағалау;
· ТЖ – ның алдын алу;
· Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау;
· Төтенше қор фондын пайдалану;
· ТЖ – ны жою.
Оған қоса жеке қызметтік қосымша жүйенің құрамына басқару органдары, бірнеше орталық атқарушы органдарының, ұқсас мәселелерді шешетін немесе бірін - бірі толықтырып отыратын ұйымдардың күштері мен құралдары кіруі мүмкін.
Қызметтік қосымша жүйелердің негізгі міндетгері, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі ТЖМ бекіткен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметі туралы ережесімен анықталады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерінің тізімі ҚР Үкіметінің шешімі бойынша анықталады.
ТЖМЖ салалық (нысандық) қосымша жүйелері Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарында, ұйымдарыңда құрылып, өздері тікелей басқарытын нысандардағы ТЖ алдын алу мен жоюға арналған.
Салалық (нысандық) қосымша жүйелердің нақты құрылысы, олардың міндеттері, қаржылаңдыру тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті атқарушы органдарымен, ұйымдарымен анықталады және осы қосымша жүйе туралы ережелерге бекітіледі.
Сонымен қатар әрбір салалық (нысандық) қосымша жүйе, олардың бөлімдеріне, ережеге сай, басқарушы органдар, күнделікті басқару органдары (күзет – диспетчерлік қызмет), ықтимал қауіпті нысандардағы жағдайды қадағалау мен табиғи ортаның жағдайын бақылаудың күштері мен құралдары, ТЖ жою бойынша күштер мен құралдар. Бұл саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердің жұмысын ТЖ бойынша салалық комиссиялар басқарады.
Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтар мен қоршаған табиғи ортаны ТЖ жағдайында қорғау бойынша мәселелерді шешуге қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасы заңнамасы және ондағы жарғылар бойынша ерікті негізде барлық деңгейде атсалыса алады.
Төтенше жағдайдың алдын алу мен жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің бірінші орынбасарымен жүктеледі, ал төтенше жағдай бойынша аймақтық және салалық комиссиялар – облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарларымен, орталық атқарушы органдарының орынбасарларымен тиісінше жүктеледі.
ТЖМЖ күштері мен құралдары бақылау мен қадағалаудың күштері мен құралдарына, сондай – ақ ТЖ жоюдың күштері мен құралдарына бөлінеді.
Бақылау мен қадагалаудың күштері мен құралдары мыналардан тұрады:
· ТЖ бойынша Орталық атқарушы органның кезекші қызметтерінен;
· ықтимал қауіпті нысандардың кезекші – диспетчерлік қызметтерінен;
· апат медицина орталықтарының диспетчерлік қызметтерінен;
· өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінен;
· төтенше жағдайларды қадағалаудың Мемлекеттік органдары, техникалық бақылау;
· радиациялық және ядролық қауіпсіздікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын оргаңдардан;
· транспортты қауіпсіз пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
· сәулет – құрылыстық бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
· Мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;
· Ветеренария, фитосанитария, жануарлар мен өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
· Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, оның ішінде гидрометеорология қоршаған ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметі;
· Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар;
· Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісін болжаудың республикалық жүйесінің қызметтерінен;
· Сел, сырғыма және қар көшкінінің мониторинг) қызметтерінен;
· орман және дала өртінің мониторингі қызметтерінен
Төтенше жагдайды жоюдың күштерімен құралдары мыналардан:
· Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері;
· Республикалық және өңірлік аэромобильді жедел – құтқару отрядтары;
· Өртке қарсы қызмет бөлімшелері;
· Суда – құтқару қызметінің құрылымдары;
· Су астында авариялық – құтқару қызметі;
· Авариялық – құтқару және авариялы – қалпына келтіру құрылымдары, сонымен қатар тау – кен құтқару, газдан құтқару, мұнайдың атқылауынан қорғайтын және басқа да мамандандырылған қызметтерінің штаттары
· 051 құтқару қызметі;
· Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, оған қоса авиациялық күзет және орманды қорғау қызметтері;
· Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысандық құрылымдары;
· Сел, жауын – шашын және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі;
· Әрдайым дайындықтағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскери бөлімшелері, инженерлік және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің басқа да әскер түрлері;
· Бірыңғай авиациялық іздеу – құтқару қызметтерінен тұрады.
Төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органдардың негізінде, өртке қарсы қызмет бөлімшелері, суда - құтқару қызметі, 051 құтқару қызметі, үнемі дайындықтағы әскери бөлімдердің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігінің инженерлік және басқа түрдегі әскерлері, әскериленген тауда құтқару, газдан құтқару, бұршаққа қарсы және басқа да мамандандырылған бөлімшелері, құрылыс және монтаждық ұйымдар және республиканың әртүрлі ұйымдарының басқа да ұқсас кәсіби қызметтері олармен келісе отырып, үнемі дайындықтағы авариялы – құтқару және авриялары қалпына келтіру бөлімшелері (күштері) құрылады, олар ҚР төтенше жағдай бойынша Орталық атқарушы органымен, ТЖМЖ әртүрлі деңгейдегі басқарушы органдарымен ТЖ тоқтату мен жою бойынша жедел жұмыстарды жүргізуге мүмкіндігіне қарай, елдің әр түрлі аймағына, сондай – ақ шет елге көмек көрсетуге тартылалы.
Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылмайтын үнемі дайындықтағы күштер, ТЖМЖ басқару органдарының шешімі бойынша құтқару және авариялы – қалпына келтіру жұмыстарына тартыла алады.
ТЖМЖ қызметінің ақпаратпен қамтамасыз етілуі Автоматтандырылған акпараттық – басқару жүйесімен жүзеге асырылады (ТЖ ААБЖ).
ТЖ орын алған кезде жағдай туралы ақпарат төмендегілермен таратылады:
· қалалардың, аудандардың, қала аудандарының, поселкелердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, сондай – ақ ұйымдардың әкім аппараттарымен – дереу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарына;
· ұйымдар - өкілеттілігіне сай орталық атқару органдарына дереу хабарлайды:
· Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша орталық атқарушы органының аймақтық органдары - «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне дереу хабарлайды;
· Егер барынша ауқымды және аймақтық төтенше жағдай туындаса, ол туралы ақпарат төменгідей беріледі:
· Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдары – сол ауданмен шектесетін Қазақстан Республикасының әкімшілік – аймақтық бірліктеріне хабарлайды;
· орталық атқару органдары – ведомство жанындағы ұйымдарда орын алған төтенше жағдай туралы «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне хабарлайды;
· Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органы – дереу Казақстан Республикасының Үкіметіне, олардың өкілеттілігіне сай орталық атқарушы органдарына.
ТЖМЖ қызметінебейбіт және соғыс уақытындағы орын алған төтенше жағдайдың алдын алу мен ондағы іс - әрекеттерді жоспарлау, дайындау және іс – шараларды жүзеге асыру кіреді. Жүйенің қызмет етуі жағдайға байланысты үш тәртіпке бөлінеді: күнделікті қызметтегі, жоғарғы дайындықтағы, төтенше.
ТЖМЖ, оның қосымша жүйесінің және бөлімшелерінің қызмет ету тәртібінің бірін енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органы, әртүрлі деңгейдегі басқарушы органдар аймақтық органдармен (облыстық, қалалық басқарма, ТЖ бойынша аудандық бөлім) келісе отырып, нақты жағдайға байланысты қабылдайды. Жағдайға байланысты ТЖМЖ қосымша жүйесі мен бөлімшелері бір мезгілде әртүрлі режимде қызмет ете алады. Ережеге сәйкес, төтенше жағдайды жоюдың басшылығын жүзеге асыратындар:
· нысандық төтенше жағдай кезінде – ұйым басшылары, қажет болғанда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарының қатысуымен, ТЖМЖ қосымша жүйесінің аймақтық басқару органдары;
· жергілікті төтенше жағдай кезінде – жергілікті атқарушы органдар, аварияның, апаттардың таралу аймағына байланысты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдары;
Аймақтық және барынша аумақты ТЖ кезінде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының жұмысын төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюдың Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы басқарады.
Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың бірінші басшылары ТЖМЖ басқарушы органдарының нұсқауларын орындамағанына немесе дер кезінде жүзеге асырмағанына жауап береді.
ТЖ жою, ТЖМЖ – ның аймақтық немесе ведомстволық қосымша жүйелерінің күштері мен құралдары арқылы, олар орыналған аймақ немесе нысанда жүзеге асырылады. Егер ТЖ көлемі ТЖМЖ – ның аймақтық және салалық қосымша жүйелерінің басқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарының оны тоқтату мен жою қолынан келмейтіндей болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының көрсетуі бойынша, сондай – ақ орталық және жергілікті атқару органдарының өтініші және сол өтініштердің негізіндегі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының шығарған тиісті қорытындысы бойынша тиісті көмек көрсету бойынша шешім қабылдайды.
Құрамалар мен Қарулы Күштер бөлімдері, Қазақстан Республикасының басқа да әскері мен әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ТЖ жоюға тартылады, олардың тартылуы алдын ала бекітілген өзара әрекет ету жоспарымен қарастырылып қойған жағдайды қоспағанда. Мемлекеттік ТЖ кезінде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуы және шаруашылық нысандарының қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған бағдарламаларды орындау, ТЖ алдын алу мен олардың тұрақсыздандырғыш әсерін төмендету жөніңдегі қаржылық, несиелік – инвестициялық саясатты, сондай – ақ авария, апат, табиғи апаттар мен басқа да апаттардың алдын алу мен зардабын жоюға дайындалу мақсатында тиісті басқару органдарымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдай кезінде қорғану шараларына халықты оқыту Казақстан Республикасының жергілікті атқару органдарымен, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарымен сабақтарда, жұмыс орнындағы жаттығуларда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқулар мен тұрғылықты орындарда және арнайы оқулар барысында, сондай – ақ өз еркімен жүзеге асырылады.
ТЖМЖ басқару орагандарының, олардың қосымша жүйелері мен бөлімшелерінің мамандарын дайындау ҚР ТЖМ ТЖ мен АҚ саласындағы басқарушы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстарыңда, облыстық (кала) халықты дайындау мен оқыту орталықтарында, өртке қарсы қызметтің оқу – материалдық базасында жүзеге асырылады.
ТЖМЖ ұйымдарын, басқару органдарының дайындығы мен дайындық деңгейін, жүйенің күші мен құралын жетілдіру мақсатында оның қосымша жүйелері мен бөлімшелеріңде жыл сайын оқулар мен жаттығулар жоспарланады және жүргізіледі. ҚР Үкіметінің аталған қаулысының Қосымшасында құзіреттеріне байланысты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының (министірліктер, комитеттер, агенстволар) қызметі көрсетілген.