Ртүрлі қозғалтқыштарды пайдаланғанда ауаға шығатын газдардың мөлшері

Ластаушы заттектер Шыққан газдың мөлшері, %
Карбюраторлы Дизельді
Көміртек монооксиді 5-12 1,0-10,0
Көміртек диоксиді 0,5-12 0,01-0,5
Азот оксидтері 0,0-0,8 0,0002-0,5
Көмірсутектер 0,02-0,3 0,009-0,5
Альдегидтер 0,0-0,2 0,001-0,009
Күйе 0,0-0,4 10-ға дейін
Бенз(а)пирен 10-20 дейін 10-ға дейін

Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесіне шығатын ең қауіпті құрауыштардың бірі бензиндегі тетраэтилқорқасыннан Pb(C2 Н5)4 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары 1л бензиндегі жаққанда ауаға 200-700 мr Pb бөлініп отырады./9-12/

Күкірт қосылыстары ауаға негізінде құрамына күкіртті көп көмір мен мазутты жаққанда бөлінеді. Мысалы, электр энергиясын алуға пайдаланылатын көмірдегі күкірттің мөлшері орта шамамен 2,5%, сондықтан электростанцияларында 1млн.тонна көмір жағылғанда 25 мың тоннаға дейін күкірттің диоксиді бөлінеді.

Кесте

Бензинді қозғалтқыштың пайдаланған газындағы көміртек оксиді мен бензапиреннің мөлшері

Жұмыс істеу тәртібі Мөлшері
СО,% Бензапирен, мкг/100м3
Бос жүрісі 2,5-3,0
Бір қалыптылықпен қозғалу 0,5-3,0 >4000
Екпін 2,0-5,0
Тежелу 4-ке дейін

Мұнай өнімдерін отын ретінде қолданғанда қоршаған орта жану процесінің нәтижесінде түзілген күкірт оксидтерімен (SO және SO3) ластанады.

Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зертеу қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3-0,5 пайызға өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 пайыз. 1958 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 пайызға өсті. Ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтиже бермейтіні белгілі. Егер көмір қышқыл газы жинала берсе, онда күн сәулесі энергиясы жерге жетпей, биосферадағы сулар қатып қалып, мұзға айналады, яғни мұз дәуірі қайтадан орнауы мүмкін деген болжам бар.

Ауаға кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр, Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 км жол жүргенде, бір адам бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттегін жояды.

Кесте

Жер атмосферасында шығарылатын техногенді табиғаты бар қалдықтардың әлемдік мөлшері

Ластаушы заттар Жылына млн.тонна
Көмір қышқыл газы
Түтіннің қатты бөлшектері мен өнеркәсіптік шаң
Көміртегі (ІІ) оксиді
Ұшқыш көмірсулар және т.б. органикалық заттар
Азот тотығы
Күкірт тотығы
Фосфор қосылыстары
Күкіртті сутегі
Аммиак
Фторлы сутек
Хлор

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: түсіндіру, баяндау, пікір алмасу, сұрақ-жауап

Бақылау сұрактары: (20 балға дейін)

1. «Смог» дегеніміз не? Сипаттамасы.

2. Өндіріс орындарынан шыккан калдыктар.

3. Ауаның ластануы салдарынан аурулардың пайда болуы.

4. Өсімдіктер үшін ластаушы заттардын эсіресе улылары.

5. Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды калдықтардың мөлшерін азайтуга мүмкіндік беретін іс-шаралар.

СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (слайд):(30 балға дейін)Орман және жер өрттері. Шаң, тұз көшкіндері. Ғарыш шаңы.

Әдебиет:

Негізгі:

1. Полонский В.М. Охрана воздушного басссейна.-М., 2006.

2. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2013.

3. Воровьев В.И. Эколого-градостроительные основы расчёта приземных

концентраций газа.-М., 2006.

4. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2011.

5. Рекомендации по оформлению и содержанию проектов нормативно

предельно допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ) для предприятия

Республики Казахстан. РНД 211.2.02.02-07. Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Методическое пособие по расчету, нормированию и контролю выбросов

загрязняющих веществ в атмосферный воздух. НИИ Атмосфера.- Спб., 2005.

2. Пыле – и газоулавливающие устройства. Методические указания к

выпускной работе для студентов – бакалавров специальности 5В0717 -

Теплоэнергеника. - Алматы: АИЭС, 2010 - 44 с.

ДәрісАуа сапасын бақылау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Студенттерге атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалауды қалай ұйымдастыруды, ауа сапасын қалай нормалауды түсіндіру.

Жоспар:

5.1 Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалауды ұйымдастыру

5.2 Ауа сапасын нормалау.

Наши рекомендации