Тіршілік қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы

Жұмыс орындары мен бөлмелерді дұрыс жарықтандырғанда еңбек өнімділігі артады, қауіпсіз жағдай жақсарады, шаршағандық кемиді. Жарық жеткіліксіз болса немесе дұрыс қолданылмаса қауіпті жағдайға ұшырауы мүмкін. Еңбек жағдайына гигиеналық баға беру үшін техникалық жарық өлшемдері қолданылады.[12]

Көрінетін сәулелену деп адам көзі қабылдайтын электромагнитті толқын спекторының 380-770 нм-ге тең бөлігін айтамыз.

Жарық ағыны деп көру мөлшерінде жарықты сезіндіретін сәуле энергиясы ағымның бөлігін айтады. Жарық ағынның өлшем бірлігі (люмен) «лм» қабылданған.

Жарық күші деп жарық ағынының кеңістіктегі тығыздығын айтады. Жарық жағдайын бағалау үшін, жарықтану деген түсінік енгізіледі. Жарықтану жоғары болу үшін, өндірістегі құрал-жабдықтарды ашық-жасыл, қозғалатын бөлікті ашық-сары, ашық механизмдерді ашық-қызыл түстес бояулармен бояу ұсынылған. Жарықтануды өлшеу мен бақылау үшін Ю-116 және Ю—117 люксметр пайдалынады. Ол фотоэлектрлік эффектіге негізделген.

0-ден 100-ге дейінгі лк жарықталуды саптамасыз ашық фотоэлементпен өлшенеді. К, Р, М, Т - деп аталатын әртүрлі типті саптаманы пайдалану 100 мың лк дейінгі диапазондағы жарықталуды өлшеуге болады.

Өндірістік, қызметтегі, түрмыстық бөлмелердегі жарық есебінен табиғи және жасанды жарық көздерін пайдалануға болады. Өндірістік бөлмелердегі табиғи жарықтың қажетті жарық нормасына сэйкес екенін анықтау үшін, төбеден түсетін және қиыстырылған жарықты өлшегенде бірнеше өлшем жасап, орта шамасын табады. Жарық бүйірінен түскенде жарық неғүрлым аз түсетін жүмыс орнын өлшейді.

Жасанды жарық - өндіріс кэсіпорындарында екі түрлі жарық қолданылады. Жүмыс және арнаулы жарық. Жұмыс жарығының жүйесіне жалпы, жайылмайтын, жергілікті, қиыстырылған, жөндеу жарықтары жатады.

Арнаулы жарыққа күзет, сигнал, қауіпсіздік, авариялық жарықтар жатады. Авариялық жарық негізгі жарық кенеттен өшіп қалған жағдайда қолданылады. Табиғи жарықтың түсуіне байланысты үш жүйеде: жанынан, жоғарыдан, қиылыстырған болып бөлінеді.

Өндірістік бөлмелеріндегі метеорологиялық жағдайлар, жұмыс орнындағы температурамен, ылғалдылықпен, ауаның қозғалу жылдамдығымен және техникалық аппараттар мен құрал жабдықтардың қыздырылған бетінің жылулық сәулелерімен сипатталады. Метеорологиялық факторлар адамның жұмысқа қабілеттілігі мен өзіндік сезінушілігіне зор әсер етеді. Метеорологиялық жағдайлар «Жұмысшы аймақтың ауасы» МЕСТ 12.1.005-76 бойынша белгіленеді. Бұл МЕСТ орындалатын жұмыстың категориясы мен жұмыс уақытысына, өндіріс бөлмелерін сипатының микроклиматтық жағдайларына тәуелділігімен орналастырылады.

Адам қауіпті жағдайда қоршаған ортаға үздіксіз жылуын беріп отырады. 18 - 20 °С кезіндегі жалпы жоғалтқан жылу энергиясының мөлшерінен 45% радиацияға, 30% -ті конвекцияға, 25%-булануға кетеді.

Температураның, ылғалдылық пен қоршаған ортадағы ауаның қозғалу жылдамдығының өзгеруі кезінде жұмыс жағдайы едәуір өзгереді. Температура 30°С -тан аспауы керек. Себебі, осы температурада адам организмінің булануына кеткен жылумен теңеледі. Ал адам жоғары температурада жылу тек булану есебінен кетеді. Булану негізінен тері арқылы жүреді. Бүл процесс көбінесе қыздырылатын аппараттарда - түтікшелі пештерде, бу қазандарында кездеседі.

Температураның жоғарлауы ауаның ылғалдылығына зор әсер етеді. Оптималды температура (16-25°С) кезінде ауаның ылғалдылығы 40-45 % шамасында болады. 80%-ке дейін ылғалдылығының жоғарлауы жағымсыз жылу сезінушілікті, 85%-тен жоғары ылғалдылықта организмнің термореттелуінің бұзылуына әкеліп соғады.

Жылдың суық және ауыспалы кезеңдерінде (сыртқы ауа температурасы 10 С -тан төмен) жұмыс категориясына байланысты оптималды температура 12-22°С аралығында болады, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығының қозғалу жылдамдығы 0,2-0,3 м/с кезінде 30-60% құрайды. Жылдың жылы кезеңінде (сыртқы ауа температурасы 10°С -тан жоғары) жұмыс категориясына тәуелді оптималды температура 18-25°С-қа жоғарлайды, ал ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-0,7 м/с дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% деңгейінде қалады.

Ауаның қозғалу жылдамдығы жоғары температураның жағымсыз әсерін күшейтеді; ауаның ылғалдылығының жоғарлауы жоғарғы және төменгі температураның әсерін ұлғайтады. Кейбір жағдайда метеорологиялық жағдайлар организмнің тіршілік функцияларының орташа ағымына арналған жағымды жағдайлар мен организмнің термореттелуінің бұзылуына әкеліп соғады.

Шу мен вибрацияның интенсивті эсерінен шаршағандық жэне қолайсыздықтың жоғарлауы, нашар үйқы, бас ауру, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, көрудің нашарлауы жэне еңбек өнімділігінің төмендеуіне (10 -15%) экеп соқтырады.

Адам организіміне зияны эсерінен басқа, вибрация өндірістік қүрал жабдықтарға, коммуникацияға жэне ғимараттарға әсер етеді. Ол машина жэне механизмдерінің ПӘК -нің төмендеуімен өрнектеледі жэне бөліктер төзуға үшырайды. Вибрация эсерінен үзақ уақыт сілкінуі машинамен ғимараттар фундаменттерінің бүзылуына экеп соғады.

Осы түрғыда шу мен вибрацияны төмендету шаралары санитарлық мөлшер мен МЕСТ бойынша іске асырылады.

Электр тогы организмнен өткен кезде термиялық, электролиттік жэне биологиялық әсер етеді. Дене күйгенге дейін қызады да, организмде функционалды өзгеріс болады. Электролиттік әсер еткенде қан мен плазма ыдырайды, олардың физико-химиялық қүрамдары бұзылады. Биологиялық әсер еткенде организмнің еті тітіркенеді жэне қозады. Осы әсерлер электр зақымына соқтырыда. Ол екіге бөлінеді: жергілікті электр зақымы жэне электр соққысы.

Жергілікті әлектр зақымы деп ток жүретін бөлікке адамның жанасуы кезінде электр тогы мен электр доғасының әсер етуінен организмдегі терінің, сүйектің және тағы басқаларының бүзылуын айтады.

Электр соққысы кезінде бүлшықет тырысып жеңіл жарақаттан өлімге соқтырғанға дейін әсер етеді.

Статикалық электрлену металдан жасалған қүрал жабдықтарға сұйықты құю кезіндегі үйкеліс нәтижесінде пайда болады. Құрал жабдықтар бөліктері немесе жерге разрядталуы мен жылдам ұшқын разряды арасындағы пайда болу статикалық электрленуге қауіпті. Ұшқын разряды газ-ауалы қоспасының тұтану импульсі болып табылады және өрттер мен жарылыстарға итермелейді. Электр тоғымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем жасау екі бөліктен: зақымданған адамды ток көзінен тасалау жэне дәрігер көмегінен тыс медициналық көмек көрсету. Токтың әсерінен адамды босатуды бірнеше эдісі бар, адамға әсер ететін айырғыш немесе рубильник арқылы өшіру. Кернеуі 1 кВт -қа дейінгі қондырғыларды адамдарды, егер киімі құрғақ болса, киімінен тарту арқылы босатады. Босатуға бір қолымен әрекет жасауы керек. Диэлектрикті қолғапты киіп, тақтаймен таяқ көмегімен босатуға болады. Егер электр желісі өшпесе бір ұшын жерге жалғанған сымды, электр желісінің сымдарына көлденең тастап, қысқа тұйықтау қажет. Ағаш сабы бар балтамен сымды қырқуға болады.

Зақымданған адам есінен танып қалса, бірақ дем алысы мен тамыр солқыны ойдағыдай болса, белбеуі мен түймесін ағытып, мүсэтір спиртін иіскетіп, таза ауамен қамтамасыз етіп,дэрігер келгенше тыныштықта болуы керек. Егер зақымданушы ем алмаса жэне тамыр соғуы білінбесе жүрегіне массаж жасап, жасанды дем алдыру керек.

Наши рекомендации