Тақырып 29,30: Технологиялық процесстердің қауіпсіздігі.

Мақсаты:Ғылыми және практикалық тапсырмаларды шешуде студенттердің өзіндік шығармашылық еңбектену дағдысын қалыптастыру.

Тапсырма:тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттер мен электронды базамен жұмыс жасау және сонымен бірге келесі сұрақтарға назар аудару қажет:

1. Жылу бөлу көздерінен қорғану

2. Ауа бассейінін жақсарту іс-шаралары

3. Жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы зиянды заттарды мөлшерлеу

4. Жұмыс аумағындағы ауаның ластану себебі мен сипаты

5. Қоршаған ортаның ауасын жақсарту

Орындау түрі: тест тапсырмаларын құрастыру, презентация, кроссворд.

СӨЖ критерилері және орындауды бағалау (тапсырманы орындау талаптары):

Тест тапсырмаларын құрастыру – студенттер өз қалауы бойынша тапсырманы тест түрінде құрастыру қажет. Тест тапсырмалары талаптарға сәйкес болуы керек.

Презентация – презентация уақыты 8 – 10 минут. Тақырыптың толық ашылу деңгейі және студенттің қызығушылығы бойынша бағаланады.

Бағалау критерилері:

Минималды балл: 1,0

Максималды балл: 4,0

Бақылау түрі Баға Бағалау критериилері
1. Презентация тақырыбы Өте жақсы   Презентация өзіндік орындалған, белгіленген мерзімде, көлемі кем дегенде 20 слайд. Кем дегенде 5 әдеби кітаптар қолданылған. Слайдтар мазмұнды және толық. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсетеді. Қойылған сұрақтарға қатесіз жауап береді.
Жақсы   Презентация өзіндік орындалған, белгіленген мерзімде, көлемі кем дегенде 20 слайд. Кем дегенде 5 әдеби кітаптар қолданылған. Слайдтар мазмұнды және толық. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша жақсы білімін көрсетеді. Қойылған сұрақтарға жауап берерде қателіктер жіберсе де, өзі дұрыстайды.
Қанағаттанарлық   Презентация өзіндік орындалған, белгіленген мерзімде, көлемі кем дегенде 20 слайд. Кем дегенде 5 әдеби кітаптар қолданылған. Слайдтар мазмұнды емес. Қойылған сұрақтарға жауап берерде қателіктер жібереді.
Қанағаттанарлықсыз   Презентация белгіленген мерзімде тапсырылмайды, көлемі кем дегенде 20 слайд. Кем дегенде 5 әдеби кітаптар қолданылған. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Өз материалын толық меңгермеген.
2. Тест тапсырмаларын құрастыру Өте жақсы   Тесттік тапсырма кем дегенде 10 сұрақтан құралған. Белгіленген мерзімде тапсырылған. Тесттің сұрақтары мазмұнды, сұрақтар дұрыс қойылған. Жауап түрлері біртекті және сәйкесінше. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты көрсетілген.
Жақсы   Тесттік тапсырма кем дегенде 10 сұрақтан құралған. Белгіленген мерзімде тапсырылған. Тесттің сұрақтары мазмұнды, сұрақтар дұрыс қойылған. Жауап түрлері біртекті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты көрсетілген.
Қанағаттанарлық   Тесттік тапсырма кем дегенде 10 сұрақтан құралған. Белгіленген мерзімде тапсырылған. Тесттің сұрақтары мазмұнды емес, сұрақтар дұрыс қойылмаған. Жауап түрлері біртекті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты көрсетілмеген.
Қанағаттанарлықсыз   Тесттік тапсырма кем дегенде 10 сұрақтан құралған. Белгіленген мерзімде тапсырылмаған. Тесттің сұрақтары мазмұнды емес, сұрақтар дұрыс қойылмаған. Жауап түрлері біртекті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптары 50% төмен көрсетілген.
3. Тақырып бойынша кроссвордтар Өте жақсы   Кроссворд 7 және одан көп сөзден құралған, сөздер бір немесе бірнеше жерден түйіседі. Кроссворд сұрақтарында қателіктер жоқ, сұрақтар дұрыс, логикаға сай және қажетті жауабы анық, рәсімделуі талапқа сай.
Жақсы   Кроссворд 7 сөзден құралған, сөздер бір немесе бірнеше жерден түйіседі. Кроссворд сұрақтарында өрескел қателіктер жоқ, сұрақтар дұрыс, кішігірім айқындықтары кездеседі және қажетті жауабы анық, рәсімделуі талапқа сай.
Қанағаттанарлық   Кроссворд 7 сөзден құралған, сөздер 2 жерден түйіседі. Кроссворд сұрақтарында өрескел қателіктері бар, анық емес.
Қанағаттанарлықсыз   Кроссворд 7 сөзден аз сұрақтардан құралған, сөздер 2-ден аз (немесе түйіспейді) жерден түйіседі. Кроссворд сұрақтарында өрескел қателіктері бар, анық емес.

Тапсыру мерзімі: 10 апта

Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1 Бесчастнов М.В. Взрывоопасность и противоаварийная защита химико-технологических процессов. М.: Химия. 1983.

1 Основные процессы и аппараты химической технологии. Пособие по проектированию. Под ред. Дытнеровского Ю.И. М.: Химия, 1983.-272с.

Қосымша:

1.Баратов А.Н., Иванов Е.Н. Пожаротушение на предприятиях химической промышленности. М.: Химия. 1979

Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.б.)

1.Вентиляция жүйесінде қолданылатын санитарлық норманың нөмері

А)СН-245-71.

В)СН-145-71

С)СН-100-10

D)СН-215-05

Е)СН-345-85

2.Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңы қай жылы қабылданды?

А)1981ж

В)1982ж

С)1983ж

D)1984ж

Е)1985ж

3.Жергілікті сорғыш вентиляция жүйесі:

А)Зиянды заттарды пайда болған жерінен алып кетеді

В)Ауамен зиянды заттарды араластырады

С)Зиянды заттардың түзілуін қадағалайды

D)Барлық жауап дұрыс емес

Е)Тесіктер арқылы ауа алмасуды болдыру

4.Аэрация дегеніміз:

А)Терезелер мен ашық тұрған есіктер арқылы ауа алмасуды жүргізу

В)Зиянды заттарды пайда болған жерінен алып кетеді

С)Ауамен зиянды заттарды араластырады

D)Зиянды заттардың түзілуін қадағалайды

Е)Механикалық вентиляция

5.Ұйымдасқан табиғи вентиляция дегеніміз

А)Терезелер мен арнайы тесіктер арқылы ауа алмасуды жүргізу

В)Зиянды заттарды пайда болған жерінен алып кетеді

С)Ауамен зиянды заттарды араластырады

D)Зиянды заттардың түзілуін қадағалайды

Е)Механикалық вентиляция

6.Қандайда болмасын вентиляциялық құрылғының мақсаты :

А)Тұрғын үйлерде санитарлық – гигиеналық талаптарды қанағаттандыру

В)Бөлмелерде жарық болуды қадағалау

С)Шаңдар мен газдардың түзілуін қадағалау

D)Ауаны шаңдау

Е)Транспорттық газдарды тазалау

7.Бөлмелерден ластанған ауаны алып кететін вентиляция жүйесін осылай атаймыз

А)Сорғыш вентиляция жүйесі

В)Ауыспалы

С)Ұйымдасқан

D)Біріңғай

Е)Ағымды вентиляция жүйесі

8.Қарапайым вентиляция әдісі

А)Табиғи желдету

В)Каналдық ауа алмасу

С)Шаңның концентрациясын тазалау

D)Бөлмеде жарық жасау

Е)ауаның ылғалдылығын жөндеу

9.Жылдың суық кезеңдерінде ағымды ауа

А)Жылытылады

В)Араластырылады

С)Концентрацияланады

D)Жарықтанады

Е)Шаңмен араластырылады

10.Ғимараттағы пайда болған газдың мөлшерін өлшейді

А)ПДК.

В)ПДВ

С)ПДС

D)ЛПВ

Е)НПВ

Наши рекомендации