СӨж тапсырмаларын орындау бойынша Әдістемелік нҰсҚаулар

Курс бойынша оқу сабақтарының формаларының бірі СӨЖ болып табылады. Оқу сабақтарының бұл формасы студенттерде теориялық ойлауды қалыптастыруға, заңдылықтар нормаларының мазмұны мен маңызын түсінуге және сараптай білуге үйретеді. СӨЖ өткізу үрдісінде мынадай педагогикалық әдістерді қолдануға болады: топтық және жеке тапсырмалар; ойындар; демонстрация; дискуссия немесе пікірталас; ауызша сұрау; тренингтер; тестілеу.

Студенттерде СӨЖ орындау барысында СӨЖ тапсырмалары арқылы қажет жағдайларда алған білімдерін қолдануға мүмкіндік туады.

Әрбір студент өзіндік дайындалу кезеңінде СӨЖ жоспарының барлық сұрақтарын қарастыруы, есептер шығаруы және сабаққа дайын болуы қажет.

СӨЖ дайындалу барысында тақырыптың әрбір сұрақтары бойынша әдістемелік мақсатқа сәйкес теориялық, сонымен қатар нормативтік материалдарға қысқаша тезис түрінде жазба жасаулары қажет.

СӨЖ орындау немесе хабарлау реферат, баяндама, теориялық материалдарды жалпылау түрінде жазбаша орындалады және СӨЖ ережесіне сәйкес тыңдалады. СӨЖ жауап беру кезінде дәптердегі немесе рефераттағы тезистер мен жазбалардың маңызына көңіл бөлінеді.

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Наши рекомендации