Экологиялық құқықтың әдісі
Экологиялық құқықтың келесідей әдістері болуы мүмкін. Құқық теориясынан мына жайт та белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері,осы қатынастарды реттеу тәсілдері танылады.Экологиялық құқық жуықта ғана ғана дербес сала ретінде танылуымен байланысты оның әдістерін анықтау тұрғысынан әліде болса бірегей пікір болмай отыр. Қазір әдіс ретінде қөзқарастар арасында әдіс ретінде ұсынымдар мен міндетті нұсқамалар әдісі деп аталатыны да белгілі, басқа бір қөзқараста –экологиялық құқықта дербес әдістің болуын жалпы теріске шығарады, үшінші көзқараста-экологиялық қатынастарды реттеу үшін осы заманғы құқықтың белгілі әдістерінің бәрі тартылады делінген.
Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып табылады және ол жеке зерттелуге тиіс.Әдістің ерекшелілігі құқық саласы мен реттеу мәні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады.Экологиялық құқықтың анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдалану-саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа-адамның тіршілігі үшін жарамды табиғат сапасын сақтаудан бастауі алады.Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр: экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер,су,тау және т.б) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады.Алайда экологиялық құқық әдісі-бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Біздің көзқарасымызда, экологиялық қатынастарды реттеу осы заманғы заң ғылымында белгілі көптеген әдістер, құқықтық тәсілдер қатысады.Солардың экологияландыру әдісі «орталық» орын алады. Оның мазмұнынан экологиялық құқық қатныстарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурстарын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалану қазындыларды өндіру, өнеркәсіп обьектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш обьектілерін пайдалаған кезде және т.б кезінде барлық жеерде экологияландыру әдісі қолднылады.
«Басты» мәртебесі бар осы әдістен басқа экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдісі-тараптардың теңдігі әдісі қатысады. Бұл,әдіс егерэкологиялық құқық қатынастарның мұны азаматтық құқықтық мәмілелер,залалдың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады.Бұл қатынастардыңсубьектіліері,әдетте, бірдей жағдайда болады,бірі-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады.Олардытек шарт қана байланыстырады (мысалы,жер учаскесін жалғаалу, шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда дау тек сот тәртібінде ғана шешілуі мүмкін).
Келесі әдіс ҚР–ның аумағында табиғат ресуртарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырыалады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқталуына ықпал етеді.Биліктің ықпал етунің әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктермен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілетінтабиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезіндіе қолданылады.
Мәжбүрлеу әдісін кінәлі адамды жауапкершіліке тарту жөнінідегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпалын ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткні кінәлі адам мемлекет белглеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады.
Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады.Осы әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.Осы әдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатиынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауықмды кешенді іс- экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру.Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады және экологиялық құқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады.
Экологиялық қатынастарды ретеудің халықаралық құқықтық әдіс қажет әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады.