Жерге қатысты қарым-қатынастағы мемлекеттік органдардың компетенциясы

Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар менөндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Қалдықтар туралы жалпы түсінік.

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.

Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеу

Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.

СРС 5

Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға және минералды шикізаттарға меншік құқығы. Жер қойнауын пайдалану құқығы

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады.
Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет осы Заңда көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2. Егер осы Заңда және келісімшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады.
3. 1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына енгізілген техногендік минералдық түзілімдер, сондай-ақ 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған техногендік минералдық түзілімдердің құрамындағы пайдалы қазбалар пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген көлемде мемлекеттік меншік болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерден әкелінген минералдық шикізаттан түзілген, сондай-ақ 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған техногендік минералдық түзілімдер олардың құрамындағы пайдалы қазбалармен бірге пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленген көлемде жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
5. Мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану құзыретті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен осы Заңның 9-1-тарауында көзделген тәртіппен жасалатын келісімшарт негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқындалады.
6. Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар өзіне меншік құқығымен тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларды пайдалануға және оларға билік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға құқылы.
Техногендiк минералдық түзiлiмдер полигондарын жабуға және оларды рекультивациялауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техногендік минералдық түзілімдерді жиып қою орындарында өзге де қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады.
7. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарында көзделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде минералдық шикізаттың құрамындағы ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруы осындай келісімшарт шеңберінде өндіру деп танылады.

2-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер олар осы Заңның нормаларымен реттелмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Жерді, суды (жерасты сулары мен емдік балшықтан басқа), орманды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.

4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының
мақсаттары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуін және мүдделері мен табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері:
1) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі қатынастарды реттеу;
3) республикалық және өңірлік мүдделер үйлесімін қамтамасыз ету;
4) минералдық-шикізаттық базаны молықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде құқықтық негізді қамтамасыз ету;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

5-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының
принциптері

Жер қойнауына және жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:
1) жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы;
4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы.

6-бап. Жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз ету

Кен орындарын игерудің жоғары технологиялары мен оң практикасын пайдалану негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық жағынан тиімді игеру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің міндетті шарты болып табылады.

7-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету

Жер қойнауының ластануын болғызбауды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуді қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

8-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізудің жариялылығы

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге және келісімшарт талаптарына қатысты ақпарат беру осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалардың құзыретті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізудің талаптарымен және оның нәтижелері туралы шешімнің мазмұнымен;
2) жасалған келісімшарттар бойынша конкурс талаптарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Парламентіне және жергілікті өкілді органдарға беру құпиялылық режимін бұзу болып табылмайды.

8-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын
пайдаланушылардың мүдделерін ескеру

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілетті өкілдері жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына тұрақты негізде (дауыс беру құқығымен) қатысуға құқылы.
Ескерту. 1-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы

Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ақылы негізде құрылады.

СРС 6

Наши рекомендации