Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері.
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады.
Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі.
Осы көзқарасты сондай-ақ Б.В. Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: «Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады».
Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен аныкталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс.
Экономикалық тетік ұғымына келсек М.М. Бринчук былай деп есептейді: «Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың занда көзделген экономикалық шараларды камтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады».
Сондай-ақ инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды паидалануды енгізу, неғұрлым тиімді аз калдықты технологияны дамытумен енгізу.
В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің құрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыпты қызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін қатынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жывдарға арналған экологаялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді.
ҚР-ның ЭК-нің 95 бабында Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi көзделген:
1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
Экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
Экономикалық шаралар мен оның әдістері салалық табиғи ресурстар актілерінде де көзделген. Мысалы, ҚР-ның 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 104-бабына сәйкес орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын жоспарлау;
2) мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерін ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақгарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңірлерді үлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушілердің және орман пайдаланушылардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.
ҚР-ның Су кодексінің 132-бабына сәйкес экономикалық реттеудің негізгі түрлері:
1) су пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
2) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жеке және занды тұлғалардың ресурстар сақтауға қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерін енгізу және игеруі, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да тиімді шараларды жүзеге асыруы кезінде оларға кредиттік және өзге де жеңілдіктер беру;
4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау үшін пайдалану болып табылады.
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде экономикалық шаралар рөлін сипаттаған кезде мынаны атап көрсету керек: табиғат қорғау қызметін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері бір-біріне баламалы болып табылмайды. Керісінше, олар бір-бірін толықтырады және табиғат қорғау қызметімен басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін қолдануды оларды оңтайлы ұштастыру бағытында реттеудің маңызы зор.
Петров В.В. сондай-ақ былай деп пайымдайды: «қазіргі кезеңде экологиялық қатынастарды реттеудің негізгі белгісі экономикалық ынталандыру арқылы қоршаған табиғи ортаны қорғауда әкімшілік-құқықтық құралдарды ұштастыра жүргізуде болады».
Экономикалық тетіктің ынталандырушылық қызметі олардың атына қойылған экономикалық заңның талаптарын табиғат пайдаланушылардың ынталылығы жағдайын жасауда болып табылады.
ҚР-ның ЭК-нің 103-бабына сәйкес Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды тиiмдi жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақының шектi ставкаларын бекiтуi мүмкiн.
Сонымен бірге экономикалық ынталандыру шаралары салалық нормативтік-құқықтық актілерде де көзделуі мүмкін. Мысалы, ҚР-ның Орман кодексінің 106-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының орманды аумағын арттыруды экономикалық жағынан ынталандыру мыналар арқылы:
1) Казақстан Республикасының зандарына сәйкес босалқы жерлерден ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер бөлу;
2) Қазақстан Республикасының салық зандарына сәйкес, орман өсіруді ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман мелиорациялық және өзге де қораншылық екпелер жасау;
3) Республикасының сүрек ресурстарына мүқгажын қамтама-сыз ету мақсатында өнімі жоғары плантациялық екпелер отырғы-зуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендік негіздегі түқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндіру мен қолдануды ынталандыру;
5) шаруашылығына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады.