Тақырыбы: Ақаба суларды кешенді пайдалану

Судың өздігінен тазарту процесі дұрыс жүруі үшін суқоймада еріген оттегінің қоры болуы қажет.

Қалдық сулардағы органикалық заттардың химиялық немесе бактериальды қышқылдануы суда еріген оттегінің концентрациясының төмендеуіне әкеледі. (1 л суда 8-9 мл еріген оттегі, 1 л ауада 210 мл оттегі). Деоксигенизациялаушы агенттердің әсері су қоймадағы нормальды флора мен фауна жағымсыз түрге ауысады. Органикалық заттар еріген оттегімен әсерлесе отырып газ бен судың көмірқышқылына дейін қышқылданады. Сондықтан судағы оттегіні жұтуы бойынша ластану көлемін бағалайтын жалпылама көрсеткіші енгізілген. Белгілі бір заттың белгілі уақытта қышқылданғанда пайдаланатын ауа мөлшері ауаның биохимиялық қолдануы деп аталады. АБҚ 1 г қышқыл затқа (мг О2/л) қанша ауа кеткені, ерітінділерде 1 л ерітіндіге кеткен ауа мөлшерімен өлшенеді. АБҚ- дан бөлек ауаның химиялық (бихроматтық) қолданылуы деген бар.

Уақытына байланысты АБҚ – ны былай ажыратады. АБҚ 5 (бескүндік), АБҚ 20 (жиырма күндік), АБҚтол (толық, қышқылдану біткен кезде).

Барлық су ағыстары мен су қоймалары 2 – ге бөлінеді. 1 – ші категориясына сумен қамтуға қолданылатын және тамақ өнеркәсібін қамтамасыз ететін суқойма, су ағысы немесе олардың бөлек учаскелері жатады. Екіншісіне суға түсуге, спортқа, халық демалысына арналған және қоныстар қасында орналасқан суқоймалары мен су ағындары жатады.

Бірінші категориядағы су қоймаларында АБҚ көрсеткіші норма бойынша 3мг аспау керек, ал екіншісі – 6 мг О2/л. Өнеркәсіп ағынының АБҚ – сы өнеркәсіпке және ағын құрамына байланысты 200 – 3000 мг О2/л маңайында болады. Бұл дегеніміз мұндай ағындардың лақтырысында суқоймада ауа көлемі азаяды немесе ол түгелімен қолданылады. Бұл планктон, бектос, балық және басқа да суда өмір сүретін , ауамен қоректенетін ағзалардың өліміне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар анаэробты микроағзалар көбейеді, биологиялық тепе – теңдік бұзылады және суқоймасының шіруі басталады. Сондықтан суқоймаларды нормаға сәйкес етіп тазарту керек.

Суқоймасындағы зиянды заттардың құрамын нормалау үшін зиянды

әрекеттің 3 шектейтін көрсеткіші бар. Санитарлы – токсикологиялық көрсеткіш берілген заттың адамдарға және аңдарға тигізетін токсикологиялық зиянын шектейді; жалпы санитарлық – берілген заттың суқойманың табиғи қасиеттерін және органикалық заттарды залалсыздандыратын қасиетіне әсерін нормалайды; органалептикалық – суқойманың ағын сумен араласқаннан кейін су дәмін, түсін және иісін сипаттайды.

Ішетін және мәдени – тұрмыстық мақсатта қолданылатын суқойманың шектік концентрациясы деп қазіргі және болашақ

ұрпақтың денсаулығына тікелей және жанама әсер етпейтін максимальды

концентрация.

Балық аулауға арналған судың сапа белгісі болып судағы кәсіпшілік балық сапасын және басқа судағы ағзаларды қамтамасыз ететін жағдай болып саналады. Мүмкін шегі болып суқойманың санитарлы жағдайын, су ағзаларына жағымсыз әсер етпейтін зат концентрациясы болып табылады.

Суқоймадағы су заттарының АБҚ – ы ең кіші шектік концентрацияға сәйкес келетін зиянды әсер көрсеткіштерімен (санитарлы – токсикологты, жалпы санитарлы, органолептикалы) анықталады. Бұл көрсеткіш ластаушы заттардың кіші концентрациясының мүмкін болатын әсерін анықтайды және зиянды әсердің шектеуші көрсеткіші деп аталады.

Осы көрсеткіштердің біреуі арқылы заттарды нормалау басқа екі

көрсеткіштің сенімді қорын туғызады.

Қалдық сулармен бірге суқоймаға көбінесе бір емес, бірнеше зиянды заттар тасталады. «Беттік суларды ластаудан қорғау ережелері» сәйкес қалдық сулардың суқоймаға тасталғаннан кейінгі ондағы судың сапасы келесідей шарттарға сәйкес болуы керек: ағзадағы еріген оттегінің көлемі-4 мг/л төмен емес; минералды тұнба-1000 мг/л көп емес, соның ішінде хлоридтер-350, сульфадтар-500 мг/л; сулардың иісі мен дәмі болмауы керек, су қышқылы-6,5 рН, 8,5; судың бетінде қалқып жүрген май жамылғысы болмауы керек; адамдар мен жануарлардың өміріне зиян келтіретін консентрациядағы улы заттар болмауы керек. Суқоймаларға радиоактивті қалдық суларды мүлдем тастауға болмайды. Бұл талаптарды бұзғандар заңмен жазаланады.

Лекция № 13

Наши рекомендации