Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері

деп адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық-эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ЭК-тің 10-бабының 1-бөліміне сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік кажеттерін канағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барышпа сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында - табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану - бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кажеттерін қанағаттаңдыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі - бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген тұрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

- улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;

- су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материалдарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

- 1-3 -топтағы кэуіптілігі бар өндірістің кауіпті қалдықтарын жағу, химиялық өңдеуден өткізу, сақтау мен көму, Қазақстан Республикасының қауіпті калдықтарды трансшекаралықтасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міндететтелерін орындаумен байланысты трансшекаралық тасымал;

- Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың - Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізінде берілуі мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының қағидалары деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі қағидаларына мыналар жатады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту;

- табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу;

- табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.

- қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықгимал ыкпалды бағалау.

Наши рекомендации