Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №10. Топыраққа антропогендік әсер
МАШЫҚТАНУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тақырыбы: №10. Топыраққа антропогендік әсер. Топырақтың химиялық және биологиялық ластануы және тұрғындар денсаулығы.
Мамандықтар: 5В 130100 - «Жалпы медицина»,
5В 130200 – «Тіс емдеу»
Пән: «Экология және тұрақты даму»
Құрастырғандар: м.ғ.к., ассоц. профессор Рыскулова А.Р.,
б.ғ.к., доцент м.а. Аскарова У.Б.,
Алматы 2016
Машықтану сабағы. Топыраққа антропогендік әсер. Топырақтың химиялық және биологиялық ластануы және тұрғындар денсаулығы.
2.Мақсаты: Топырақ ресурстары, Қазақстандағы топырақ ресурстарының экологиялық жағдайы, топырақты ластаушы көздер мен топырақ ластануының адам ағзасы мен биосфераға зиянды әсері туралы білім мен топырақты қорғау шараларына сай іс-шараларды талдай білу туралы біліктіліктерді қалыптастыру.
3.Оқытудың міндеттері:Жердің топырақ ресурстарының маңызымен;
· Топырақ түзілу процесіне әсер ететін факторлармен;
· Қазақстандағы топырақ ресурстарының экологиялық жағдайымен;
· Топырақты ластаушы көздердің түрлерімен және заттармен;
· Топырақтың ластануы, тұздануы, батпақтануы және олардың себептерімен;
· Шөлейттену, оның себептері мен зардаптарымен;
· Топырақтың ластануының адамдар денсаулығы мен биосфераға әсерімен таныстыру;
* ҚР топырақты түрлі зиянды әсерлерден қорғау шаралары жөнінде мәліметтермен, нормативтік-құқықтық актілемен таныстыру;
* Қазақстан Республикасының жасанды және табиғи биогеохимиялық провинцияларымен және осы территорияда тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайымен таныстыру;
* Интегралтьді көрсеткішті есептеу әдісімен және топырақ пен судың ластану қауіптілік деңгейімен таныстыру;
* Топырақ пен судың ластану қауіптілігінің дәрежесін бағалау бойынша ситуациялық есептер құрастыруды үйрету.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Биосферадағы топырақтың ролі және оның негізгі қасиеті мен маңызы
2. Топырақ эрозиясының түрлері және себептері
3. Топырақтың ластануы, тұздануы және батпақтануы, олардың себептері мен зардаптары.
4. Топырақты ластаушы көздер және олардан қорғау.
5. Жерді рекультивациялау және оның жолдары мен кезеңдері.
6. Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жүргізілуге тиіс табиғатты қорғауға арналған ісшаралар қандай?
7. Қалдықсыз, аз қалдықты, ресурс үнемдеуші технологиялар және оларды қолдану принциптері
8. Биотехнология және оның топырақты ластанудан қорғау үшін маңызы
9. Химиялық ластаушы заттар – пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштардың қоректік тізбектер арқылы тасымалдануы.
10. Топырақтың химиялық және биологиялық ластануы және олардың тұрғындар денсаулығына әсері.
5.Оқыту әдістері:кіші топтарда жұмыс.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы, 2003.
2. Аскарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. 2007 ж. 193-206 б.
Орыс тілінде:
1. Кенесариев У.И,.Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: Учебник для медицинских ВУЗов и колледжей. Алматы. 2002.
2. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов -на- Дону. Феникс, 2005. 326-349 стр, 457-469 стр.
3. Николайкин Н.И., Николайкина Н.Е., Мелехова О.П. Экология. М.: Дрофа, 2005. 413-423 стр.
4. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учебное пособие. - М.: ФАИР-ПРЕСС, 2000. 246-274 стр.
Қосымша:
1. Воронков Н.А. Экология общая, социальная, прикладная: Учебник для магистрантов высших учебных заведений. Пособие для учителей. – Агар,1999.
2. Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология. Алматы, 2000.
3. Цветкова Л.И., Алексеев М.И., Усанов Б.П. и другие. Экология. – М.: Изд-во АСВ; СПб: Химиздат,1999.
Ситуациялық есепті құрастыру үлгісі:
Қорғасын-цинк комбинатының (Өскемен қ) және ЖЭС-ң желденетін жағынан 5-км қашықтықта тұрғын аймақта металлдар концентрациясы мынандай: қорғасын- 100мг\кг (ШРЕК -32), цинк – 80мг/кг (ШРЕК-23), мыс 10 мг/кг (ШРЕК -3), кадмий – 4 мг/кг (ШРЕК-1), мышьяк – 3 мг/кг (ШРЕК- 2). Топырақта ішек таяқшасы анықталды – 120 кл/1 г топырақта, энтеробактериялар -150кл/1 гр топырақта, гельминт жұмыртқалары – 10 экз/100 гр.топырақта.
Сұрақтар:
1. Атмосфераны ластаушы көздерді атаңыз?
2. Топырақта қандай ластаушы көздері бар (табиғи, анторпогенді) ?
3. Топырақты қандай ластаушылар бар (сұйық, қатты, газтәрізді) және олар топыраққа қалай әсер етеді ?
4. Топырақта өзін-өзі тазарту үрдістері жүре ма және оның маңызын атаңыз ?
5. Топырақтың ластануына биогеохимиялық провинция немесе техногенді аномлия қатыса ма ?
6. Топырақтың эптидемиологиялық қауіптілігі, қандай факторлар әсер етеді?
7. Топырақ ласташыларының концентрация коэффициентін есептеңіз.
8. Топырақ ластануының суммарлық көрсеткішін және тұрғындар денсаулығының қауіптілік көрсеткішін есептеңіз.
9. Топырақты ластаудан қорғайтын қандай гигиеналық шаралар қажет?
Оқыту әдістері:ситуациялық есептер, жұмыс ойыны.
Бақылау: ауызша сұрау (сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар)
1.Топыраққа антропонгенді әсерлер.
2.Жел және су эрозиясы.
3.Жердің шөлденуі, құнарсыздануы.
4.Топырақтың табиғи және анторпогенді ластану факторлары.
5.Ластаушы заттардың миграциясы және айналымы.
6.Топырақтың ластануының экологиялық зардаптары (пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен, ауыр металлдармен, мұнай өнімдерімен)
7.Топырақтың биологиялық ластануы және эпидемиологиялық қауіптілік.
8.Қазақстан территориясының биогеохимиялық провинциялары және олардың сипаттамасы.
9.Эндемиялық аурулар туралы түсінік.
10.Қазақстан территориясындағы биогеохимиялық провинциялар.
11.Қазақстандағы антропогенді провинциялардың қалыптасу көзлдері және тұрғындар денсаулығының жағдайы.
12.Антропогенді провинция территориясындағы тұрғындар арасындағы аурулардың алдын-алу.
13.Таулы жыныстарға антропогенді әсерлер, және олардыңмассивтері мен қазбалары.
14.Жер беті және жер асты суларын приоритетті ластаушылары.
15.Өнеркәсіптік ағынды сулардың сипаттамасы, өнеркәсіп салалары бойынша сулы экожүйелерді приоритетті ластаушылар.
16.Ауылшаруашылықтық ағынды сулар сипаттамасы.
17.Шаруашылықтық-ағынды сулардың сипаттамасы.
18.Атмосфералық (жаңбырлық) ағынды сулардың сипаттамасы.
19.Қазақстанның түрлі аймақтарындағы су нысандарының ластаушы көздері.
20.Арал теңізінің және арал аймағының сабақтары.
21.Тұрғындар денсаулығына судың биологиялық жәнек химиялық ластануның әсері.
Жұмыс ойынының мазмұны:
Ойын қатысушылары судың ластану көздерін анықтау және оның тұрғындар денсаулығына әсет ететін қауіптілік дәрежесін интегральді бағалау бойынша инструктивті материалмен танысады. Оқытушы ойынды жүргізу алдында магистранттарды ойынның мақсатымен, ережесімен таныстырады, пайда болған сұрақтарға жацуап береді. Содан кейін ол ойын жағдайының бастапқы орнын жариялайды. Ойынның әр қатысушысы оқытышудан кіріспе инструктажын, қажетті материалды алады және олармен танысуға кіріседі.
Сюжетті линия дамуының жалпы мәні:
Зырьяновка қаласының ағынды сулары (қорғасын және ет комбинатының, шаруашылықтық-тұрмыстық) шалшық-жинағыш және Березовка өзеніне құяды. Березовка өзенінің ағын суынан төмен мыналар анықталды:сынап-0,0006мг\л, (1-класс қауіптілігі); қорғасын – 0,06 мг\л,кадмий – 0,003 мг\л, (2-класс қауіптілігі), цинк- - 2,0 мг\л, мыс – 1,05 мг\л, (3-класс қауіптілігі); коли индекс – 2380 000, иісі – 4-балл, БКК-10мг\л, еріген оттегі – 0,5-1,0 мг\л.
Ересек тұрғындардың аурушаңдығы (1000 тұрғынға) ағын суынан төмен, жоғары
Нозологиялық түрлері | Ағын суынан жоғары | Ағын суынан төмен | ||
1. Қан айналым жүйесінің аурулары | 144,7 | 216,7 | ||
2. Тыныс жолдарының жедел аурулары | 164,7 | 165,3 | ||
3. Жедел бронхиттер | 14,5 | 20,5 | 10,4 | 15,8 |
4. Пневмониялар | 12,3 | 18,7 | 10,7 | 11,2 |
5.Остеохондропатиялар | 12,1 | 33,4 | 89,5 | |
6. Тері және теріасты клетчатка аурулары | 16,8 | 4,6 | 67,9 | 130,9 |
7. Өт қапшығының аурулары | 16,4 | 35,2 | ||
8. Жедел ішек аурулары | 160,4 | 170,8 | 250,1 | 320,8 |
Студенттерге арналған нұсқаулық:
1. Судың қандай ластану көздері бар?
2. Ластанудың қандай негізгі көздері бар?
3. Заттардың ШРЕК-ң көтерілу жиілігін анықтаңыз.
4. Қауіптілік классы бойынша судың интегральді ластану көрсеткішін анықтаңыз.
5. (№ 1,2,3 қосымша) жіктелуі бойынша судың ластану дәрежесін анықтаңыз.
6. Судың ластану көрсеткіштері тұрғындар денсаулығына қандай әсер көрсетуі мүмкін?
7. Қандай гигиеналық шаралар жүргізу керек?
Осымша №1
Судың ластануын интегральды бағалау үлгісі:
Су көзіндегі судағы сынап концентрациясы 0,0005мг/л (ПДК – 0,0003), кадмий – 0,09 мг/л (ШРЕК- 0,03 мг/л), никель – 1,2 мг/л (ПДК – 1 мг/л), хром – 0,08 мг/л (ШРЕК - 0,05 мг/л), хлоридтер – 420 мг/л (ШРЕК- 350 мг/л), сульфаттар-800 мг/л ( ШРЕК -500 мг/л). Судың ластану деңгейіне және судың ластануының қауіптілік деңгейіне баға беріңіз.
1) Барлық 4-қауіптілік классына ШРЕК-ң көтерілу жиілігін табамыз:
;
1 класс (Hg) = 1,2 ШРЕК
2 класс (Cd) = 3 ШРЕК
3 класс (Ni, Cr) =
4 класс (Cl-,SO42-) =
2) қатынасты әр түрлі класс заттарын бір стандартқа келтіру үшін қауіптілік классының заттары үшін, барлық мәндерді коэффициенттерге көбейтеді. Қауіптілік классына сәйкес изоэффективтер. (1 класс үшін = 1; 2 класс- 0,5; 3класс – 0,3; 4класс – 0,25).
1 класс – 1,2 * 1 = 1.2
2 класс – 3 * 0.5 = 1.5
3 класс – 1.4 * 0.3 = 0.4
4 класс – 1.4 * 0.25 = 0.35
3)Судың соңғы ластану деңгейін анықтайды: барлық мәндерді қосады (1,2 + 1,5 + 0,4 + 0,35 = 3,45)
4) Г.Н. Красовский жіктелуі бойнша (қосымша 1) судың ластану деңгейін анықтайды,
ал қосымша бойынша 2-і қауіптілік деңгейі. Берілген таспсырмада судың ластану және қауіптілік деңгейі орташа.
Осымша №2
Су көздеріндегі судың ластану дәрежесінің гигиеналық жіктелуі.
( Г.Н. Красовский, М., 1988 бойынша).
Судың ластану дәрежесі | Судың бағалау көрсеткіштері | Ластану индексі | |||||
Органолептикалық | Токсиколо- гиялық | Санитарлық тәртіп | Бактерио-логиялық | ||||
Иіс баллы | ШРЕК, органолеп тикалық (жоғарылау деңгейі) | ШРЕК, токсикалық (жоғарылау деңгейі) | БКК, мг/л | Еріген оттегі | Коли-индекс (ІТТБ) | ||
Рұқсат етілген | < 10 000 | ||||||
Орташа | 10 000 - 100 000 | ||||||
Жоғары | 100 000 – 1 000 000 | ||||||
Аса жоғары | >5 | >8 | >8 | > 1 000 000 |
Осымша №3
Судың ластану деңгейін интегральды бағалау.
Қауіптілік деңгейі | Заттардың қауіптілік класс суммасы бойынша интегральды көрсеткіштер |
Рұқсат етілген | 1 |
Әлсіз | 1 – 3 |
Орташа | 3 – 10 |
Жоғары | 10 – 25 |
Өте жоғары | 25 – 100 |
Аса жоғары | > 100 |
Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы, 2003.
2. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.
3. Аскарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. 2007 ж.
Орыс тілінде:
1.«Экологический кодекс РК», Астана 2007 г.
2. «Концепция РК о переходе к устойчивому развитию на 2007-2024 гг.». Астана, 2006 г.
3. Кенесариев У.И,.Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: Учебник для медицинских ВУЗов и колледжей. Алматы. 2002.
4. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Ростов -на- Дону. Феникс, 2005.
5. Николайкин Н.И., Николайкина Н.Е., Мелехова О.П. Экология. М.: Дрофа, 2005.
6. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учебное пособие. - М.: ФАИР-ПРЕСС, 2000.
Қосымша:
1. Воронков Н.А. Экология общая, социальная, прикладная: Учебник для магистрантов высших учебных заведений. Пособие для учителей. – Агар,1999.
2. Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология. Алматы, 2000.
3. Цветкова Л.И., Алексеев М.И., Усанов Б.П. и другие. Экология. – М.: Изд-во АСВ; СПб: Химиздат,1999.
Ағылшын тілінде:
1. Manuel C. Molles Ecology. Concepts and Application, 2/e. - University of New Mexico- Albuquerque. - Mc Graw- Hill Higher Education, 2002.
2. J.L. Chapman, M.J.Reiss. Ecology. Principles and Applications. – 2nd Edition. – Cambridge University Press, 1998.
3. E. Odum, Gary W. Barrett Fundamentals of Ecology, 5 edition. - Brooks Cole, 2004.
Тақырыпқа арналған ақпараттық материал
Литосфера – (грекше – lіthos - тас + sphaіr – шар) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол : топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ен маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.
Топырақ - сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті - құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.
Топырақтың құнарлылығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.
Топырақ - барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді. Топырақтың құнарлылығы адам іс-әрекетіне де байланысты.
Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек байлықтың әкесі болса, топырақ - анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндег өзідігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақ - биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.
Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда - "төмендеу", "артқа кету" ) негізгі факторлары : эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.
Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа объектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа емн жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді.
Топырақ - жер қыртысының беткі горизонты.
Топырақ түзуші факторлар: климат, организмдер, топырақ түзетін жыныстар, жер бедері, елдің жасы, адамның шаруашылық іс-әрекеті.
Топырақ 4 физикалық фазадан тұрады: қатты (минералды және органикалық), сұйық (топырақ ерітіндісі), газ тәрізді (топырақтың ауасы) және тірі (организм).
Топырақ – жер қыртысының жоғарғы құнарлы қабаты, қоршаған орта нысандарының: су, ауа, өсімдіктік және жануарлық организмдерімен, әсіресе микроорганизмдермен біріккен әсерінен жасалған. Топырақ – күрделі, ашық жүйе, үнемі биосфераның басқа элементтерімен алмасудың өзара қатынастарында болып жатқан, өз кезегінде шектес биосфера элементтеріне (атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары) қомақты әсер ететін ашық жүйе.
Қоршаған ортаның басқа нысандарымен салыстырғанда топырақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Атмосфералық ауа мен жер үсті суларынан гөрі топырақ аз қозғалыста болады және осыған байланысты іс жүзінде осындай қуатты өзін-өзі табиғи тазарту сұйылту сияқты факторлары жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластықтар трансформацияланады.
Антропогендік топырақ ластануының тізбекті реакция салдары оның өсімдікке, атмосфералық ауа күйіне жер үсті және жер асты суларына әсерімен, осы тізбектер бойынша адам денсаулығына әсерімен байланысты.
Адам топыраққа оң ғана емес, теріс те әсер жасайды. Жер жамылғысының күйіне табиғи жаратылыс факторлары да, әртүрлі адам әрекеті де әсер етеді.
Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едәуір ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплексі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400-500мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.
Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.
Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.
Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналған қалдық үйінділерімен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, әртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы және ондағы организмдердің жойылуы топырақтүзілу процестеріне әсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді.
Кесте