Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың экологиялық заңы.
Бұл заң экологиялық сараптама саласындағы түрлі қатынастарды терең әрі қоршаған орта сапасының нормаларын нақты бекітіп белгілі бағытта реттеу мәселелерін дамытуға негізделген. Бұл заңда алғаш рет экологиялық сараптаманың әрі мемлекеттік (3-тарау , бап 13-28) әрі қоғамдық (4-тарау , бап 29-32) түрлеріне анықтама беріліп, олардың принциптері мен түрлерінің толық мән-мазмұндары айқындалған.
Бірінші тарау экологиялық сараптаманың анықтамалары мен терминдеріне арналған (1-бап). Онда шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған орта саласы мен экологиялық талаптарға нормативтік сәйкестігін, объекті ісінің теріс әсер етпейтінін және оның зиянының басқа зардаптары болмайтынын сараптау арқылы алдын ала анықтауға бағытталған.
ТБТКОС мақсат-міндеттері (4-бап) объектілердегі жүргізілген сараптаманың толықтығын, жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестициялық және оның басқа кызметінде қоршаған орта мен адам денсаулығына, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әсерін талдау арқылы бағалауды қамтиды. ҚР стандарттары мен нормаларына сәйкес экологиялық талаптардың орындалып, ғылыми негізде талданып, қорытындыланып, тиісті органдарға ақпарат беріп, ол объектінің іске қосылуы жөніндегі қаулы шығару шешімдері алынады.
Жаңа объектілерді жобалау кезінде ескі немесе бұрынырақ салынып қайта іске қосылатын объектілер үшін, немесе іске жарамайтын объектілерді жою кезінде олардың қоршаған ортаға келтіретін әсерін бағалау қажет болады. 1969 жылы Европада (Скопе-Югославия) құрылған қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерлерді бағалау жөнінде қабылданған көптеген әдістемелік зерттемелердің маңызы зор (Scіentіfіc Commіttee Оn Рrodlems оf Еnvіronmental (Sсоре). Ондағы мақсат біріншіден адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға әсер жөніндегі адамдардың білімін тереңдетіп жетілдіре түсу, екіншіден осы өзгерістер қандай шамада және қандай механизмдермен адам денсаулығымен оның ауқаттылығына әсер етуін бағалау. Әсіресе бұл әсерлердің үлкен көлемде яғни дүниежүздік таңызы ескеріліп, соған сәйкес жобалар дайындау олардың жасалуы кезінде ескерілетін принциптер мен әдістемелер, кезеңдерде баяндалған (1975ж.) шартнамалар көптеген мемлекеттер тарапынан қолдау тапқан.
Қазақстан Республикасының “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңындағы (15.07. 1997 № 160-1) XІ тарауы экологиялық сараптама туралы болса оның 16-бабы қошаған ортаға әсерді бағалауға арналған.
Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау (ТБТКОС) ұғымы, қоршаған табиғи ортаға, адам денсаулығы мен ауқаттылығына қатысты жобаланған әр түрлі іс-әрекеттердің әсерін болжауға, оларды түрлі алаңдарда ақпарат ретінде пайдалану және қажетті шешімдер алу үшін пайдалануға арналған.
Бұл процестің негізгі мазмұны, оның жаңа немесе бұрыннан жұмыс жасап жатқан объектілердің қайтадан жұмыс жасау жобаларын бекітуде, экологиялық мүдделерді жан-жақты есепке ала отырып оларға техника-экономикалық және саяси-әлеуметтік баға беру болып табылады.
Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау (ТБТКОС) мерзіміне және объектілердің көлеміне, масштабына қарай (регионалды, облыстық, аудандық жобалар, электростанциялар, су қоймалары, үлкен зауыт-фабрикалар, комбинаттар және т.б.) үш түрлі уақыт маусымына бөлінеді.
1. Құрылыс жұмыстары жаңадан басталған этапта ауыр жер
қазғыш техника және құрал-саймандардың орналастырылып уақытша
салынатын жолдар мен түрлі құрылыс кешендерінің салынуы кезінде
қоршаған орта сапасы шан-тозаң мен шудың әсерінен деградацияланып, әлеуметтік өзгерістер пайда болады.
2. Құрылыс жұмыстары біткен соң қаншалықты құрылыс
орындары көгалдандырылса, жаңа жолдар мен арықтар салынса да
құрылыс жұмыстары нәтижесінде түзілген қалдықтарды көмген
шұқырлардың, жолдардың бағыттары мен орындарының өзгеруінен
ағатын сулар рельефінің өзгеруі және басқа да езгерістер нәтижесінде
қоршаған ортаның езгеруі болмай қоймайды.
3. Бірнеше жылдар жұмыс істеуі нәтижесінде бұл еңірде түрлі
өндеуші өнеркәсіп орындары жұмыс істеуі халық санының өсуіне, ал
бұл халыққа жаңа қызмет салаларының ашылуына негіз болады.
Ұзақ мерзімді түрлі жобаларды іске асыруда экономикалық және саяси мүдделерді де ескере отырып, дәстүрлі тәжірибелерді қолданып, қоршаған ортаны мейлінше өзгеріске ұшыратпайтын жаңа халықаралык әдістемелік бағалауды және жобаларды негізге альш жүргізу қажет.
Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптау (ТБТКОС) әр түрлі топтардың уәкілдері қатысып олардың әр қайсысы өз ролін атқарады.Инициатор-инвестор қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын және зерттеулерді қаржыландырады. Инвестор-тапсырушы (заказшы) ҚОӘБ-ды өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
ТБТКОС -ды жетілдіріп-істеуші (разработчик) экологиялық шарттарды қарастырып, экологиялық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Бұл құжаттарды қоршаған ортаға әсердің негіздемесі немесе мәлімдеме деп атайды. Мәлімдемеде немесе негіздеме құжаттарда қарас-тырылып отырған жобаның мақсаты, қызметі, міндеттері сол территориядағы экологиялық жағдай күйінің түрлі сипаттамалары, жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға мүмкін болатын әсері көрсетіледі. Негіздеу құжаттары соңында мемлекеттік сараптау жүргізу үшін экология министрлігіне немесе оның территорияларындағы органдарына жіберіледі: қажет болған жағдайда ол құжаттар қоғамдық сараптамадан да өткізіледі.
Қоғамдық сараптама ғылыми ұжымдардың немесе қоғамдық бірлестіктердің өздерінің бастамасымен жүргізіледі. Сапа жағынан бұл сараптама мемлекеттік сараптама сияқты, бірақ құқықтық жағынан мемлекеттік сараптама дәрежесіне жетуі үшін, оның нәтижелері мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының мақұлдауынан өтуі қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. ТБТКОС ісінің экологиялық сараптамасы, құқықтық реттелуі.
2.Экологиялық сараптама саласындағы ҚР заңдары, құрылымы.
3.ТБТКОС сараптама заңы.
4. ТБТКОС мақсат, міндеттері
Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.
1. Бақылау сұрақтарына жауап.
2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина ТБТКОС бақылау, бағалау А., 2003, 6 бет.
Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі.
1. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и оценка воздействия на окружающую среду (ОВОС): Программа курса и учебно – методические материалы. М.: изд-во МНЭПУ, 1997. – с 96.
2. Мамбетказиев Е.А., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Алматы, Қайнар 1990.
3. Демегенов А.М., Жаңбыршин Е.Г., Аренова А.Қ. Экология. Атаулар мен анықтамалар. Тараз, 2000.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: ұылым, 1998.
5. Жумадиллаева С.А., Баешов А.Б., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. Алматы, 1998.
6. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.
7. Баешов А., Дәрібаев Ж.Н., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбаева А.С. Экология негіздері. Туркестан: Яссауи университеті, 2000.
8. Бейсенова Э.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. Алматы: ұылым, 2001.
9. Европа экономикалық бірлестігі Директивасы 85/337/ЕЭС «По оценке воздействия некоторых частных проектов на окружающую среду Европейское экономическое сообщество, Люксембург, 1985.
10. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. 15.02.1997 № 160-1.
№3 Дәріс тақырыбы: