Лабораториялық жұмыс. Лабораториялық жұмыстың тақырыбы:Атмосферадағы шаң мөлшерін анықтау

Лабораториялық жұмыстың тақырыбы:Атмосферадағы шаң мөлшерін анықтау

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: шаң ұстагыш кұрал: фильтрлі ұстағыш, ФППфильтрі, үлгі алуға арналған респиратор, металл-конус тәрізді және бөлшектенетін ыдыс; аналитикалық таразы; эксикатор; пинцеттер; шыны тостағаншалар, диаметрі 10 см; барометр; психрометр; анемометр.

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералык ауаның құрамындағы шаң мөлшерін аныктау.

Зерттеу тақырыбының қажеттілігі:Шаң атмосферада аэрозоль түрінде кездеседі. Ол қатты, не сұйық күйде атмосферанын төменгі кабаттарында, тропосфера мен стратосферала таралады. Аэрозольдардың көпшілігі биосферадағы табиғи процестер нәтижесінде түзілсе, біраз бөлігі адамның шаруашылык іс-әрекеті аркылы түзіледі. Кейбір есептеулер бойынша Жер атмосферасына адамның іс-әрекеті нэтижесінде түсетін шаң мөлшері жылына 1 млрд тоннаға жетеді. Шаңның химиялык кұрамы түрліше болуы мүмкін: кремний диоксиді - құм, улы металлдар, пестицидтер, көмірсутектер, т.б. Антропогендік аэрозольдар жану
процесі нәтижесінде түзіледі. Энергетика мен транспорт антропогендік аэрозольдың 2/4 бөлігін түзеді, бұдан баска металлургия, қүрылыс материалдары жэне химия өнеркэсіптерінде де біразбөлігі түзіледі. Аэрозольдар Жердің клиамтын өзгертеді, адамның тыныс алу органдарында жинакталып, аса қауіпті пневмониоз ауруын тугызады.
Көп жагдайда аэрозольдар кұрамында радиоактивті бөлшектер, вирустар, микробтар болады, кышқыл жаңбырлар мен смогтар түзеді. Атмосфералык ауадагы шаңның мөлшерін аныктау үшін қазіргі кезде салмактық әдіс — гравиометрия колданылады. Бұл әдіс бойынша
елді мекендер мен санитарлық-қорганыш аймақтарындагы ауада шаңның 0,04—10 мг/м3 аралыктагы мөлшерін аныктауга болады.

Жұмыстыц барысы: ФППматериалынан жасалган фильтрді бөлмеде 40-60 мин ұстап, содан соң пакетке салып ауасы зерттелетін орынга әкеледі де, фильтр ұстагышка бекітеді. үлгі алынар алдында фильтр ұстагыштың дұрыстыгын тексереді, ол үшін оның ұшын31
тыгынмен жауып, кұралды іске косады, фильтр ұстагыш дұрыс болса,
қүрал 0-ді көрсетеді. Үлгі алу 250-400 л/мин жылдамдықпен жүргізіледі, фильтрдегі шаң массасы 4 мг - нан кем болмау керек. Үлгі алу 30 минут жүргізіледі. Бүдан соң фильтрді пинцетпен босатып алып, шан жұккан бетін ішке каратып төрт рет бүктеп, пакетке салады. Лабораторияда фильтрді 40-60 минут бөлме температурасында ұстап, тұракты
массага жеткізеді. Егер үлгі 100%-ке жакын салыстырмалы ылғалдылыкта алынса, фильтрді балкыган СаС12 шыны тостаганшамен эксикаторға 30-50 минутка кояды, содан кейін 40-50
минут бөлме температурасында ұстайды. Шаңның концентрациясын С (мг/мЗ) төмендегі формула бойынша есептеп табады: С = М Л/о, ( 2 . 1) мұндағы М - фильтрдегі шаңның массасы, ол таза фильтр мен шаңданған фильтр массасының айырмасына тең, мг;
V0 - қалыпты жағдайдагы зерттеуге алынган ауаның көлемі, м3; Vt x P x 273, (2.2)
(273 + 0 х 1013, (2.3) рв Қалыпты жагдайда температура 0°С жэне атмосфера.!ык кысым
1013 ГПА (760 мм.сын. бағ.). V0 = Vt x X x 273, (2.4) мұндағы Vt — берілген температурадагы және атмосфералык кысымдағы Р (гПа, м4) алынған ауаның көлемі, м ; 273 - газдардың ұлғаю коэффициенту 1013 — қалыпты қысым, гПа.

Бақылау сұрактары: (20 балға дейін)

1.Атмосфера дегеніміз не?

2.Атмосфераның құрылысы қандай?

3.Атмосфералық ауаның кұрамындағы газдар. Олардың пайыздық үлестері.

4. Атмосферадагы көмірқышқыл газының рөлі.

5. Озон қабатының бұзылуына эсер ететін факторлар.

Студенттің өз бетінше орындайтын жұмысының (СӨЖ) тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер. Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Сабақтың тақырыбын талқылау, реакциялардың жүру жағдайын қадағалау, қорытынды кестенің толтырылуын, өзіндік бақылау есебінің нәтижелерін тексеру.

2. Өзбетінше шығаруға арналған есептерді орындау және тәжірибелерге қойылған сұрақтарға жауаптар дайындау.

Үй тапсырмасы: 1.1 Атмосфераның құрамы мен сапасына антропогендік әсер.

1.2 Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау.

1.3 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер.

Әдебиет:

Негізгі:

1. Полонский В.М. Охрана воздушного басссейна.-М., 2006.

2. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2013.

3. Воровьев В.И. Эколого-градостроительные основы расчёта приземных

концентраций газа.-М., 2006.

4. Брюхань Ф. Промышленная экология.-М.: «Форум», 2011.

5. Рекомендации по оформлению и содержанию проектов нормативно

предельно допустимых выбросов в атмосферу (ПДВ) для предприятия

Республики Казахстан. РНД 211.2.02.02-07. Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Методическое пособие по расчету, нормированию и контролю выбросов

загрязняющих веществ в атмосферный воздух. НИИ Атмосфера.- Спб., 2005.

2. Пыле – и газоулавливающие устройства. Методические указания к

выпускной работе для студентов – бакалавров специальности 5В0717 -

Теплоэнергеника. - Алматы: АИЭС, 2010 - 44 с.

Наши рекомендации