ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс .Күн ретін жазу

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс .Күн ретін жазу. Көркем жазу.

7-жаттығу. Сөз бен сөз тіркестерін салыстырып, олардың бір-бірінен ерекшелігін анықтау.

8-жаттығу. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің қай сөз табынан жасалғандығын тапқызу.

9-жаттығу. Сөздермен сөз тіркесін құрау, сөз тіркестерінің байланысын сызбамен көрсету, сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.

Ү. Бекіту: 11-жаттығу. Сызбаға қарап, сөз тіркестері туралы қорытынды жасау.

Мысалы: сызбадағы зат есім + зат есім болса, мектеп ауласы, ағаштың жапырағы деген сияқты , ал сын есім + зат есім болса, жүйрік ат, таза ауа тәрізді мысалдар айтылуы шарт, осы ретпен сызбаның мәнін ашу.

І. Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөз тіркесі құрамындағы екіншісі сын есім я болмаса етістік болуы мүмкін бе?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Сөз тіркесіне енген сөздердің өзара қатынастарын талдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ қоя білуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

3. Тәрбиелік:Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік. Көрнекіліктері:кестелер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөздік диктант.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

а) оқулықпен жұмыс., дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 12-жаттығу. Сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықтау.

13-жаттығу. Сөз тіркесінің әрбір сыңарына сұрақ қою.

14-жаттығу. Бірінші сыңары сын есімнен болған бес сөз тіркесін жазу.

15-жаттығу. Берілген сөздердің әрқайсысына сөз тіркесінің бірінші сыңары болатын сөздерді тауып, сөз тіркесін құрап жазу.

Ү. Бекіту:

16-жаттығу. Кестені пайдаланып, берілген сөз таптарының сөз тіркестері екенін дәлелдеу.

І. Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Сөз тіркесінің бірінші сыңарының қызметі қандай?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Сөз тіркесіне енген сөздердің өзара қатынастарын талдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Сөз тіркесі туралы білімдерін бекіту, сөз тіркесін құраудағы жалғаудың рөлін аңғарту, сөз тіркесін және сөйлем құрауға дағдыландыру.

2. Дамытушылық:Оқушының сөздік қорын молайту.

3. Тәрбиелік:Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Кім көп біледі?» ойыны. Бірінші сыңары сын есім болатын сөз тіркестерін атау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс., дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

18-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, сөз тіркестерін сызбамен көрсету.

19-жаттығу. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрап жазу.

20-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздермен сөз тіркестерін құрау, тіркестің алғашқы сөзін жалғаусыз айтып көру арқылы сөздердің жалғаусыз байланыспайтынын айту.

Ү. Бекіту. 21-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз тіркесін аяқтап жазу. Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтау.

ҮІ. Қорытындылау.

Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Сөз тіркесінің мағынасын қалай анықтаймыз?

Сөз тіркесінің бірінші сыңарының қызметі қандай?

Екінші сыңарының ше?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Наши рекомендации