А. Хопкинс зерттеуі туралы қысқаша мәлімет

1918 жылы А.Хопкинс биоклиматтық заңды тұжырымдады. Оның зерттеулері бойынша солтүстікке,шығысқа және тауға қарай тірі ағзалардың өміріндегі периоддық құбылыстар ендіктің әр градусы, бойлықтың әр 5 градусы, шамамен әр 100 м биіктеген сайын 4 күнге кешігеді, яғни ол маусымдық құбылыстардың дамуы ендік, бойлық және теңіз деңгейі биіктігіне тәуелді екенін және олардың арасында белгілі бір заңдылық бар екенін көрсетеді.

17 билет

17 билет

1.Күн туралы түсінік

Күн – Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,496ˆ81011 м.

Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 1,88ˆ810–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады. Күннің активтілігімен байланысты болатын магнит өрісінің кернеулігі Күн дақтарында ˆ8100 кА/м-ге жетуі мүмкін. Күнде өте кең тараған элемент –сутек. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын құрады. Күннің сәулесі (сәуле шығаруы) түгелдей дерлік Күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады, оны фотосфера деп атайды. Фотосфераның қалыңдығы 100 – 300 км. Фотосферадағы температура сыртқы қабат бағытына қарай төмендейді, шектік мәні ˆ8 4500 К, орташа тығыздығы 2ˆ810–4 кг/м3. Фотосфера қойнауындағы энергия сәулемен және сондай-ақ конвекциямен де тасымалданады. Фотосфераның жарықтығы біркелкі емес, түйіршікті (құрылымы гранулалы) болып келеді. Гранулалар – дөңгелек пішінді жарық дақ түрінде болады, орташа мөлшері ˆ8 700 км-дей. Гранулалардың өмір сүру мезгілі не бәрі 5 – 10 минуттай, кейбір гранулалар 3 сағатқа дейін сақталады. Фотосферада бұдан да ірірек, өлшемі ˆ8 3ˆ8104 км болатын түзілімдер (гранулалар жиынтығы) де кездеседі. Фотосфераның үстінде, Күннің көрінетін жиегінен 14 мың км-ге созылып жатқан хромосфера қабаты орналасқан. Оның тығыздығы фотосфера тығыздығынан әлдеқайда аз (шамамен 10–10 – 10–11 кг/м3), әрі биіктеген сайын сиреп отырады, температурасы миллион градусқа дейін өседі. Хромосферадан жоғары, Күн атмосферасының ең сиретілген бөлігі күн тәжі орналасқан. Оның биіктігі бірнеше Күн радиусына тең. Фотосферада Күн дақтары мен жалын шудаларын бақылауға болады. Күн дақтары, көбінесе, қара қоңыр түсті ядролар мен оларды қоршаған шала көлеңкелерден тұрады. Олардың диаметрі 200 мың км-ге дейін жетеді. Дақтардың температурасы 4500°С-қа жуық, яғни өздерін қоршаған фотосфераның температурасынан төмен. Дақтардың жарықтылығы фотосфераның жарықтылығынан 2 – 5 есе төмен, сондықтан олар қарапайым көрінеді. Күн дақтары гелиографиялық ендіктің 45°-ына дейінгі аймақта ғана кездеседі және олар бірнеше күннен бірнеше айға дейін өмір сүреді. Жалын шудалары – фотосфералық құбылыс. Олар әсіресе, Күн дискісінің жиегінде, ақ жарықтың фонында жақсы көрінеді. Жалын шудалары, кейде бірнеше сағат ішінде едәуір өзгеріске ұшырап отыратын күрделі талшық түрінде байқалады және олар фотосферадан жоғарырақ орналасады, температурасы да жоғары болады.

Күн дискісінің жиегінде газ бұлты – протуберанц байқалады. Протуберанцтардың спектрі Н, Са, Не және металдардың әлсіз сызықтарынан тұрады. Олардың ұзындығы кейде 1 млн. км-ден асады. Протуберанцтар жарқыраған газдардан құралады. Олар әр түрлі пішінде (тамшылар, фонтандар, бұлттар, доғалар, т.б. түрінде) кездеседі; Күн бетінен орташа биіктігі 30 мың км-ден 50 мың км-ге дейін жетеді. Хромосфералық оталу кезінде Күннен шығатын корпускулалық ультракүлгін сәулелер күшейіп, оның әсерінен геомагниттік және ионосфералық ұйытқулар пайда болады. Күн бетінде бақыланатын әр түрлі құбылыстар, шамамен 11 жылдық периодпен (Күн активтілігінің цикліне сәйкес) өзгеріп отырады. Күн активтілігі көптеген геофизикалық құбылыстарға әсерін тигізеді; Жер ионосферасының күйін өзгертеді, осының әсерінен қысқа радиотолқындардың таралу ерекшеліктері, магниттік құйындар, полярлық шұғыла, т.б. пайда болады.

Қазақстан Республикасында Күнді бақылау және зерттеу жұмыстары 1950 жылдардан басталды. 1954 ж. бірінші рет коронографтың көмегімен Күн тәжінің ішінде толқын ұзындығы 5303 және 6374 болатын эмиссиялық сәуле шығару сызықтарының барлығы тіркелді. Осы жылы Үлкен Алматы көлінің маңында теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте Күн стансасы салынды. Бұл бекет үлкенді-кішілі екі жаңа коронографпен, горизонтальды Күн телескопы, спектрограф және еселік фотогелиографпенжабдықталып, Күн физикасын зерттеуге үлесін қосуда

Наши рекомендации