Жерге орналастыруды жобалау. Өндірістік практикасы өткізілген орны: Маңғыстау облысы “Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі” ММ
ЕСЕБІ
2014 – 2015 оқу жылы
Өндірістік практикасы өткізілген орны: Маңғыстау облысы “Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі” ММ.
Оқу практикасы өткізілген мерзімі: «01» маусым - «04» шілде 2015 ж.
Кафедрадан практиканың жетекшісі:
Абдыгалиева Слушаш Сейлбековна
Алматы 2015
Жоспар:
I. Кіріспе --------------------------------------------------------------------------------3
IІ. Негізгі бөлім
Жерге орналастыруды жобалау --------------------------------------------5
2.1.1. Жобаны құруға тапсырыс беруге қажетті құжаттар ------------10
Жер телімін сатып алу-сату шарттары мен жалдау
және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау -------------11
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және
жерді бөлу -----------------------------------------------------------------------------18
2.3. Жерді өлшеуге және қайта өлшеуге жіберу-----------------------------20
2.4. ЭСЕДО бағдарламасы --------------------------------------------------------22
III. Қорытынды ----------------------------------------------------------------------23
IV. Қосымша
Кіріспе
Осы өндірістік тәжірибенің менің білімімді кеңейту жолында атқарған міндеті орасан зор. Мен бұл тәжірибеде өте көп нәрсе үйрендім. Барлық жерге орналастыру пәнінен оқыған білімімді кеңейтіп, оны практикалық түрде жүзеге асырдым. Өндірістік тәжірибе өзімнің тұрғылықты мекенім Мұнайлы ауданының жер қатынастары бөлімінде өтті. Бұл мемлекеттік мекеме осы ауданның жер қатынастарын реттейді, жерге орналастыру жобасын жасақтайды, жерге келісім-шарт жасақтап, жерді өлшеуге, қайта өлшеуге жолдама жіберіп отырады. Бірақ та бұл мекеменің жұмысын мен бір-екі сөзбен айта алмаймын. Сондықтан да, барлық маған ұсынған практикалық білімін мен толықтай қабылдауға тырыстым.
«Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік Мекемесінің атқаратын негізгі міндеттері:
- ауданның жергілікті атқарушы органының жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
- мемлекеттік қажеттер үшін жер телімдерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
- жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
- мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
- жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
- жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
- елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
- жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
- аудандардың жер балансын жасау;
- жер телімдерінің меншік иелері мен жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
- жер теліміне құқықты куәландыратын құжаттар беру;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы же телімдерінің паспорттарын беру;
- жер телімін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;
- жер кодексіне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау.
Мекемеде негізгі қызметкерлер саны – 7 адам. Олардың әрқайсысының өзінің міндеттері бар. Осы берілген уақыттың ішінде мен ол мамандардың әрқайсысымен кеңесіп, білім алуға тырыстым. Бірі кеңсе құжаттарын кіріс және шығыс хаттарына тіркесе, бірі жерге орналастыру жобасын бекітеді, ал басқа қызметкер жерге қатысты шарттарды түзіп, оларды заңды түрде реттейді де, тағы бірі нұсқаулықтар дайындайды.
IІ. Негізгі бөлім
Жерге орналастыруды жобалау
Жерге орналастыру шаралар жүйесі және оны орындауда жерге орналастыру маманынан басқа әртүрлі мамандар қатысады немесе олардың ұсыныстары жобада қабылданады. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 151-бабына сәйкес, жерге орналастыру процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
- жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау;
- дайындық жұмыстары;
- жерге орналастыру болжамдарын, схемалары мен жобаларын әзiрлеу;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;
- жерге орналастыру жобасын орындау.
Жерге орналастыруды жүргiзу бойынша тапсырыс берушi, жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзу кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып табылады.
Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың мiндеттерi: 1) жерге орналастыру процесiнiң барлық қатысушылары:
- Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
- жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органдар талаптарын орындауға;
- жерге орналастыру процесiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті;
2) жобалау құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн атқарушы органдар оны бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi;
3) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi:
- жерге орналастыруды жүргiзу мақсатын, мiндеттерiн, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзiмдерiн анықтауға;
- қажеттi материалдар мен құжаттарды беруге;
- жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;
- орындалған жұмыстарды бiр ай iшiнде қабылдауға немесе дәлелдi түрде бас тартуға мiндеттi;
4) жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi:
- барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдiстемелiк нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;
- зерттеу, iздестiру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдiре отырып жүргiзiлген жер учаскелерiнiң жай-күйiн бастапқы қалпына келтiруге;
- жерге орналастыру құжаттамасында көзделген iс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауап беруге мiндеттi.
Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың:
1) жерге орналастыруды жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң:
- жеке өзi немесе өкiлi арқылы жерге орналастыру процесiнiң барлық сатысында қатысуға;
- жерге орналастыру iсiнiң материалдарымен танысуға;
- өз ұсыныстарын қарауға енгiзуге;
- жерге орналастыру процесiнде туындаған келiспеушiлiктердi шешуге қатысуға құқығы бар;
2) әзiрлеушiнiң (жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның):
- мемлекеттiк органдардан жерге орналастыру жөнiнде қажеттi ақпарат алуға;
- тапсырыс берушiлермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
- жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бiр ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергiлiктi атқарушы органдарды оның нәтижелерi туралы хабардар етуге және жердi пайдалану мен қорғау iс-тәжiрибесiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
- жерге орналастырудың ескiрген схемалары мен жобаларын жетiлдiру немесе қайта өңдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
3) жерге орналастыру кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкін үшінші тұлғалардың:
- жерге орналастыру мәселелерi талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы өз мүдделерiн көздейтiн ақпарат алуға;
- жерге орналастыру процесiнде өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.