Экологиялық құқықтың қағидалары

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ, ҚАҒИДАЛАРЫ, ЖҮЙЕСІ

Экологиялық құқықтың пәні

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.[1]

Экологиялық құқық нысанын анықтау үшін, қоғамдық қатынастардың қалыптасқан себептері бойынша объектінің нақты табиғатын белгілеп алу қажет – деп тұжырымдайды Б.В.Ерофеев. «қоғам-табиғат» - сөзінің кең көлемдегі саласындағы барлық қатынастарда экологиялық құқық объектісі бар деген көзқарастағы көптеген ғалымдар бар. Алайда, табиғат объектілеріне қатысты қатынастардың бәрі экологиялық құқық объектісін құрамайтынын айта кеткен жөн. Егер, белгілі бір қоғамдық қатынастағы табиғи объекті табиғи ортадан шығарылса, онда ол экологиялық құқық объектісі болуын тоқтатады. Қазақстандық ғалым С.Д.Бекишованың пайымдауынша, экологиялық құқық объектісін реттеу ретінде келесі қатынастар шығуы мүмкін:

1) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша;

2) қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша (табиғатты қорғау қатынастары);

3) табиғи ресурстарды рационалды пайдалану бойынша (табиғи-ресурстық қатынастар).[2]

Б.В.Ерофеев экологиялық құқық объектісіне – экологиялық-құқықтық нормалардың әрекеттері саласында азаматтар мен ұйымдардың арасындағы міндетті түрде мемлекеттің қатысуымен табиғи объектілерді (экожүйелерді) тиімді пайдалануды қазіргі және келер ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтау мақсатында қалыптасқан тарихи шарттасқан өндірістік қатынастарды жатқызды.[3]

Біз осы экологиялық құқық объектісі бойынша көзқарасты қолдаймыз.

Экологиялық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағынышты шындықты игеруге арналған теориялық және практикалық әдістер мен тәсілдердің жиыны. Қолданыстағы құқық жүйесінде адамның мінез-құлқына қандай да бір құқықтық нормаларды: әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық нормаларды орындауға әсер етудің екі тәсілі бекітілген.

Б.В. Ерофеев құқықтың әр саласы әдістердің тәсілдемесі болуы қажет деген көзқарасты мейілінше сәтті деп есептейді. Әдістердің осындай тәсілдемесі экологиялық құқыққа тән.

Тәсілдің ерекшелігі[4] экологиялық құқықтың объектісі4 ерекшелігіне шарттасқан, сондықтан, экологиялық құқықтың нысанын құрайтын экологиялық қоғамдық қатынастар кешені, оны құқықтық реттеу әдістерінің тәсілдемесінде айқындалған. Ерофеевтің пайымдауынша, Экологиялық құқықта экологияландыру әдісі басты болып табылады.

Экологияландыру әдісі экологиялық құқық объектілерінің өзгешіліктерінен туындаған. Бұл өзгешіліктер экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу аясында табиғат заңдары ескерілуі қажет дегенге әкеледі. Экологиялық қоғамдық қатынастарға басқа да әдістердің әсерлерін, мысалы «экономикалық» және басқаларды көрсетуге болатынын естен шығармауымыз қажет.

Экологиялық құқықтың қағидалары

Экологиялық құқықтар принциптері яки тікелей құқықтық нормаларда қалыптасқан, яки қолданыстағы заңдардың мағынасынан шығады. Құқықтың осы саласын қалыптастыруда, жалпы құқықтық және салааралық принциптер сөзсіз қатысады. Сонымен бірге, экологиялық құқық саласының ерекшеліктері осы салаға өзіндік сипаттағы немесе осы салаға тән құқықтық реттеулер принциптері арқылы барынша бедерлі айқындалады.

ЭК 5 бабында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі принциптері болып табылатындар деп төмендегілер көрсетілген:

Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы басқару;

қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан бұлтартпау;

қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;

қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;

табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;

экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсе ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;

Жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

Экологиялық принциптер - экологиялық қатынастарды ретейтін, осы құқық саласының мазмұнында анықталатын, экологиялық құқықта нысаны және әдісі жөнінен құыққтық реттеудің нормаларын біріктірген құқықтық нормалардың жинақталған, біртұтастық беретін нормативтік-басқару идеяларының, ережелерінің құқықтық нормаларында көрініс табуымен түсіндіріледі.

Наши рекомендации