Жұмыр құрттардың биологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

  Салыстыратын элементтер     Адам аскаридасы   Шошқа аскаридасы   Үшкір құрт   Трихинелла
Аналықтың дене ұзындығы        
Аталықтың дене ұзындығы        
Бір тәулікте аналықтың бөлетін жұмыртқа саны        
  Везикула болады          
Асқорыту жүйесінде бульбус болады немесе болмайды        
Жұмыртқа салады немесе дернәсілдерді тірі туады        
Бір иеде дамиды немесе иесін ауыстырады        
Дамуы екінші рет инвазиямен байланысты        

15-СОӨЖ тақырыбы:

Таспа құрттардың тіршілік циклі, жұғу жолдары, олардың алдын алу және күрес шаралары, паразитизмге бейімділіктері.

1.Шошқа (өгіз) солитерінің, эхинококк, т.б. өкілдерінің даму циклі, жұғу жолдары, олардың алдын алу және күрес шаралары.

2. Таспа құрттар өкілдерінің паразитизмге бейімділіктері.

Әдістемелік нұсқау:Оқулықтаншошқа (өгіз) цепенінің даму циклін, инвазия стадияларын анықтап, олардың алдын алу және күрес шаралары, паразитизмге, ұрпағын сақтауға бейімділіктерін сипаттап жазу.Қортындылау. Нәтижелерін кестеге толтыру, суретін салу.

Кесте 5

Таспа құрт түрлерінің құрылысындағы және биологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Салыстыру элементтері Таспа құрттар түрлері
Өгіз цепені Шошқа цепені Эхинококк
Дене ұзындығы      
Бекіну мүшелері      
Стробилдегі бунақтар саны      
Негізгі иесі      
Аралық иесі      
Финна типі      
бунақтағы жұмыртқа саны      
Дамып-жетілген бунақтағы жатынның пішіні      
Адамға жұғу жолдары      
Иесінде туғызатын аурулар      

13,14,15- СӨЖ мазмұны:

1.Жұмыр құрттар класының классификациясы.

2.Нематодтардың тіршілік ортасы, таралуы, табиғаттағы ролі.

3. Түкті құрттар, коловраткалар класы, олардың ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, таралуы, тіршілік әрекеті, маңызы.

4. Паразиттер және олардың шығу тегі.

5.Зоо- және фитонематодтар, олармен күрес.

Әдістемелік нұсқау:Оқулықтардан жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беру, хабарламалар, тесталық тапсырмалап, презентациялар дайындау.

Есеп беру: Баяндама, хабарлама дайындау. Сұқпаттасу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жалпақ құрттармен салыстырғанда алғашқы қуысты құрттардың прогрессивті белгілері.

2. Алғашқы қуысты құрттардың жалпақ құрттармен ұқсастығы

3. Алғашқы қуысты құрттардың тері-бұлшықет қабы

4. Алғашқы қуысты құрттардың шегінің құрылыс ерекшелігі.

5. Нағыз жұмыр құрттарға тән ерекшеліктер

6. Адам және жануар паразит нематодтары, олардың тіршілік циклі.

7. Зоонематодтардың иесіне жұғу жолдары, олармен күрес, алдын-алу шаралары.

8. Нематодтар – өсімдік паразиттері, олармен күрес жолдары

9. Нематодтардың экологиялық топтары,

10.Паразиттер, олардың шығу тғгі.

11.Гастротрихтер, олардың ұйымдасу ерекшелігі, алғашқы қуысты құрттардың филогениясын түсінудегі маңызы

12. Коловраткалардың морфобиологиялық ерекшелігі, табиғи биоценоздағы рөлі.

Әдебиет:

Алтыншы апта

№ 11,12 дәрістің тақырыбы:Буылтық құрттар типі (Annelida)

Терминдер мен анықтамалар: целом, метамерия, метанефридия, трохофора,параподия, коннектив, комиссур, метагенез, мезентерия, диссепименттер , париеталь, висцераль

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Целомды жануарлардың ерекшелігі

2. Буылтық құрттардың морфо-физиологиялық ерекшелігі, көбеюі, дамуы, экологиясы.

3. Классификациясы. Азқылтандылар(Oligochaeta) класының ұйымдасу ерекшелігі

4. Сүліктер(Hirudinea)-уақытша эктопаразитті тіршілік етуіне орай құрылысы.

5. Буылтық құрттар типінің филогениясы және экологиялық радиациясы

№6 зертханалық сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттардың құрылыс ерекшелігі.

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1. Аскариданың сыртқы құрылысы

2. Аскариданың ішкі құрылысы, мүшелерінің орналасу ерекшелігі

3.Тері-бұлшықет қабы, дене қуысы.

4. Адам паразит нематодтардың морфологиялық құрылыс ереекшелігі.

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырма 1. Аскариданың сыртқы құрылысын қарап, дене пішінін, алды мен артын, құйрық бөлімін, жыныс дараларын анықтау.

Тапсырма 2. Аскариданы сойып, ішкі құрылысын танып-білу, көлденең кесіндісінің микропрепаратын қарап, тері-бұлшық ет, схизоцель және ішкі мүшелерінің көлденең кесіндісін танып-білу, суретін салу.

Тапсырма 3. Үшкір құрт, түк басы құрт, трихинелламен танысып, сүретін салу

16,17-СОӨЖ тақырыбы:Буылтық құрттардың морфобиологиясы, экологиясы.

1. Буылтық құрттардың морфологиясы, биологиясы,

2. Азқылтанды құрттардың ұйымдасу ерекшеліктері

3. Уақытша эктопаразитті тіршілік ететін сүліктердің құрылыс ерекшеліктері

4. Буылтық құрттардың экологиясы, маңызы.

Әдістемелік нұсқау:

Көпқылтанды, азқылтанды буылтық құрттар және сүліктердің ұйымдасу ерекшелігімен танысып, тіршілік ортасына, тіршілік әрекетіне байланысты құрылысындағы, биологиясындағы ерекшеліктерді анықтау. Олардың экологиясын, маңызын көрсету. Қортынды жасап, суретін салу, кесте толтыру.

18-СОӨЖ тақырыбы:Адам паразит-нематодтарды.

1. Адам аскаридасының даму циклі, аскариодоэ ауруы, оның алдын-алу шаралары және күрес жолодары.

2. Үшкір құрт, спиралды трихинелла т.б. даму циклі.

16,17,18-СӨЖ мазмұны: Буылтық құрттар өкілдерінің экологиялық топтары. Табиғатта, адам өміріндегі маңызы. Жануарлар филогениясындағы орны. Сүліктердің ерекшелігі. Құмқазардың отырып тіршілік етуіне байланысты құрылыс ерекшелігі. Буылтық құрттардың дене бөліктері, прогрессивті белгілері. Дернәсілдері. Cурет салу.

Есеп беру: Оқулықтармен жұмыстанып, сұрақтарға жазбаша жауап беру, ауызша сұқбаттасу.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда буылтық құрттардың прогрессивті белгілері?

2. Буылтық құрттардың екінші ретті дене қуысы – целомның құрылысы, қызметі, шығу тегі. Полихеттерде, олигохеттерде және сүліктерде целомның модификациясы.

3. Буылтық құрттар эволюциясындағы полимеризация және олигомеризация принциптері.

4. Полихеттердің параподиясы, оның құрылысы және атқаратын қызметі.

5. Олигохет пен полихеттің тері-бұлшықет қабының айырмашылығы.

6. Олигохет, Полихет және сүліктердің қан айналу жүйесінің ерекшелігі. Тыныс алуы.

7. Буылтық құрттардың қоректенуі және асқорыту жүйесі, зәр шығару жүйесі.

8. Жүйке жүйесі, сезім мүшелері.

9. Жыныс жүйесі, көбею ерекшеліктері.

10. Буылтық құрттардың экологиялық радиациясы

Негізгі әдебиет:

Жетінші апта

№13,14 дәрістің тақырыбы:Моллюскалар (Mollusa) типінің морфофизиологиялық сипаттамасы,классификациясы,филогениясы

Терминдер мен анықтамалар: мантия, бақалшақ, осфродия, радула, ктенидия, перикардия, велигер,

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1.Моллюскалар типінің морфофизиологиялық ерекшелігі.

2. Моллюскалардың буылтық құрттармен ұқсастығы.

3. Классификациясы

4. Моллюскалардың филогениясы және олардың экологиялық радиация жолдары

№7 зертханалық сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттар.Нереид, жауын құртының құрылысы

Мақсаты:Тіршілік ету ортасына және тіршілік тәсіліне байланысты буылтық құрттардың морфо-анатомиялық құрылыс ерекшелігін танып-білу.

Зертханалық сабақтың мазмұны:

1.Полихеттер. Нереидтің, құмқазардың морфологиялық құрылысы.

2. Жауын құртының морфофизиологиялық ұйымдасу ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырма 1.Ылғалды үлестірме препараттан нереидтің, құмқазардың дене пішінін, тұлға сегменттерін, параподия, желбезек, бас қалақша, тұлға және құйрық бөліктерін танып-білу, суретін салу.

Тапсырма 2. Микропрепараттан микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы параподияның құрылысымен танысып, атқаратын қызметін анықтау. Нереидтің көлденең кесіндісінен тері-бұлшықет қабы, дене қуысы және ішкі мүшелердің орналасуын қарап, суретін салу.

Тапсырма 3. Тірі жауын құртының қозғалысын және сыртқы тітіркендіргішке жауабын бақылау. Дене пішінін, реңін, бас, тұлға, құйрық бөлімдерін, арқа және бауыр бетін, қылтандарын, онық орналасуын, белдеушесін анықтау.

Тапсырма 4.Жауын құртын сойып, ішкі мүшелер жүйесімен танысу, сүретін салу.

Тапсырма 5.Микропрепараттан микроскоппен жауын құртының көлденең кесіндісін қарап, тері-бұлшықет қабы, дене қуысы және ішкі мүшелердің орналасуын анықтап, нереидтің құрылысымен салыстыру, суретін салу.

19,20-СОӨЖ тақырыбы:

Мазмұны:

1.Тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының ұйымдасу ерекешелігі.

2.Дене симметриясы, биологиясы

3.Моллюскалар дене қуысы, мантий мүшелер кешені.

4.Басаяқты моллюскалар (кальмар, каракатица) құрылыс ерекшелігі

Әдістемелік нұсқау: Оқулықтан тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының морфологиясын, биологиясын, экологиясын зерделеп, дене симметриясына, даму цикліне, дернәсілдерінің құрылысы және тіршілік әрекетіне көңіл бөлу. Типтің филогениясын көрсету.

Моллюскалардың дене қуысындағы өзгерістермен танысып, целом қалдығын және онымен байланысты мүшелердегі өзгерістерді анықтау. Мантий қуысы және мантий мүшелер кешенін көрсету. Белсенді тіршілік ететін теңіз, мұхит фаунасы кальмар, каракатицаның құрылысындағы ерекшеліктерін анықтап, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, т.б. белгілеріне көңіл бөлу, олардың қозғалыс типі көрсету. Қортынды жасау, конспектілеу

21-СОӨЖ тақырыбы: Буылтық құрттардың морфобиологиясы, экологиясы

1. Буылтық құрттардың морфологиясы, биологиясы,

2.Сүліктің ұйымдасу ерекшелігі

3. Кестені толтыру, талдау

.Әдістемелік нұсқау:

Оқулықтан целом қуысының құрылысымен танысып, оның шығу тегіне, онымен байланысты қан айналу және зәр шығару жүйесіндегі өзгерістерді анықтап, сипаттап жазу. Жыртқыштық және уақытша паразиттік тіршілігіне байланысты сүліктердің морфологиясындағы ерекшеліктерді анықтап, түсінікті бекіту, қортынды жасау, суретін салу

Көпқылтанды, азқылтанды буылтық құрттар және сүліктердің ұйымдасу ерекшелігімен танысып, тіршілік ортасына, тіршілік әрекетіне байланысты құрылысындағы, биологиясындағы ерекшеліктерді анықтау. Олардың экологиясын, маңызын көрсету. Қортынды жасап, суретін салу, кесте толтыру.

6 кесте

Наши рекомендации