Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын салыстырмалы талдау
Салыстыратын элементтер | Полихеттер | Олигохеттер | Сүліктер |
Бас бөлім, оның элементтері | |||
Простомиум, оның құрылысы және өсінділері | |||
Перистомиум, оның құрылысы және өсінділері | |||
Пигидий, оның құрылысы және орны | |||
Қосымша қозғалыс мүшесі (параподиум, қылтандар, сорғыштар), олардың құрылысы және орны | |||
Дене сегменттері | |||
Сыртқы құрылысындағы метамерия |
19,20,21-СӨЖ: Моллюскалардың бақалшақтарының құрылысы, пішіні, маңызы. Тұщы су, теңіз, құрлық моллюскалары, олардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы. Сауыттылар, Монофлакфоралар класының құрылысы, буылтық құрттармен ұқсастығы. Моллюскалардың экологиялық топтары, таралуы, маңызы. Жануарлар филогениясындағы орны.
Құмқазардың отырып тіршілік етуіне байланысты құрылыс ерекшелігі. Буылтық құрттардың дене бөліктері, прогрессивті белгілері. Дернәсілдері. Cурет салу
Есеп беру: Презентация дайындау. Хабарлама жасау. Бейне фильмдермен жұмыс. Тесталық тапсырма, Әңгімелесу-пікірлесу.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Моллюскалардың буылтық құрттармен салыстырғанда прогрессивті белгілері
2. Моллюскалардың целомды трохофоралы жануар ретінде ұйымдасу ерекшеліктері
3.Төменгі сатыдағы моллюскалардың құрылысындағы метамерия
4.Бауыраяқты моллюскалардың экологиялық радиациясы және олардың ұйымдасу ерекшеліктері
5.Қосжақтаулы моллюскалардың қазып тіршілік етуге және биофильтрацияға адаптациясы, экологиялық радиациясы
6.Белсенді жүзуге бейімделген теңіз жыртқыштары басаяқты моллюскалардың прогрессивті белгілері, экологиялық радиациясы және филогениясы
7. Моллюскалардың көбеюі және дамуы
8. Моллюскалардың су және құрлық экожүйесіндегі экологиялық маңызы
9. Моллюскалардың практикалық маңызы
10. Моллюскалардың экологиялық мамандануға бағыты және филогени ясы.
Негізгі әдебиет:
Сегізінщі апта
№15,16 дәрістің тақырыбы:Буынаяқтылар (Arthropoda) типі. Желбезектыныстылар (Branchiata) типтармағы
Терминдер мен анықтамалар: гетерономды сегментация, хитинді кутикула, миксоцель, диафрагма, перикардия, висцераль, периневраль. Акрон, антенна, антеннула, көлденең жолақты бұлшықет, мальпигиев түтіктері,буынақты қол-аяқ, науплиус, метанауплиус, зоеа, локомотор, гемолимфа
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Типтің жалпы (морфофизиологиялық) сипаттамасы
2.Трилобиттәрізділер (Trilobitomorpha) типтармағы, оның ұйымдасу ерекшелігі, буынаяқтылар филогениясында маңызы.
3. Желбезектыныстылар типтармағының ұйымдасу ерекшелігі.
4. Шаянтәрізділер класы -алғашқы су буынаяқтылары
№8 зертханалық сабақтың тақырыбы: Моллюскалар. Тіссіз моллюска, жүзім ұлуының морфологиясы .
зертханалық сабақтың мазмұны:
- Бауыраяқты және қосжақтаулы моллюскалардың бақалшақтарының пішіні, құрылысы.
- Қосжақтаулы моллюскалардың мантия қуысы, онда орналасқан мүшелер.
- Тіссіз моллюсканың ( айқұлақ) ішкі құрылысы.
Әдістемелік нұсқау:
Тапсырма 1Жергілікті тұщы су моллюскаларының (бауыраяқты, қосжақтаулы) және теңіз моллюскаларының (коллекция) бақалшақтарын қарап, пішінін, орамдарын, құрылысын, құрамын, ерекшеліктерін анықтап, суретін салу.
Тапсырма 2Тіссіз моллюсканың (айқұлақ) бақалшағын ашып, кілтегіш бұлшық еттерін, тістерін, мантий қуысында орналасқан мантий мүшелер кешенін, дене бөліктерін танып-білу, суретін салу.
Тапсырма 3Тіссіз моллюсканы ( айқұлақ) сойып, асқорыту, жыныс мүшелерін, жүрегін, бүйрегін анықтау, суретін салу.
Тапсырма 4Микропрепараттан тіссіз моллюсканың дернәсілін (глохидияны) қарап, құрылысымен танысу, тіршілік әрекетін анықтап, түр үшін маңызын көрсету.
22,23- СОӨЖ тақырыбы: Буынаяқтылар типінің ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, классификациясы.
1. Буынаяқтылар типінің морфологиялық құрылысы, прогрессивті белгілері.
2. Буынаяқтылар типінің тірщілік ортасы, экологиялық топтары.
3. Буынаяқтылар типінің классификациясы Желбезектыныстылар және Трилобиттәрізділер типтармақтарының ұйымдасу ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: Оқулықтан буынаяқтылар типінің морфологиясы, экологиялық топтары, классификациясы т.б. сұрақтарды қарастырып хабарлама, баяндама, презентация дайындау.
24-СОӨЖ тақырыбы: Бауыраяқты, басаяқты моллюскалар кластарының ұйымдасу ерекешелігі, дене симметриясы және биологиясы
Мазмұны:
1. Жүэім ұлуы, каракатица немесе кальмардың құрылыс ерекшелігі.
2., Моллюскалардың дене симметриясы, дене қуысы.
Әдістемелік нұсқау: Оқулықтан тақтажелбезектілер, бауыраяқтылар, басаяқтылар кластарының морфологиясын, биологиясын, экологиясын зерделеп, дене симметриясын анықтау, талдау.
Моллюскалардың дене қуысындағы өзгерістермен танысып, целом қалдығын және онымен байланысты мүшелердегі өзгерістерді анықтау. Мантий қуысы және мантий мүшелер кешенін көрсету. Белсенді тіршілік ететін теңіз, мұхит фаунасы кальмар, каракатицаның құрылысындағы ерекшеліктерін анықтап, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, т.б. белгілеріне көңіл бөлу, олардың қозғалыс типі көрсету. Қортынды жасау, конспектілеу, кесте толтыру.суретін салу.
7 кесте
Моллюскалар типінің әртүрлі кластарының өкілдері арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтар
Салыстыратын элементтер | Тіссіз моллюска | Жүзім ұлуы |
Дене симметриясы | ||
Дене бөлімдері | ||
Тыныс алу мүшесі, құрылысы, орны | ||
Жүйке жүйесі типі. Негізгі жүйке ганглиялары, олардың орны | ||
Асқорыту жүйесі. Бездер | ||
Жүректің құрылыс, орны | ||
Зәр шығару жүйесі, құрылысы, орны | ||
Жыныс жүйесі, құрылысы, орны | ||
Дамуы (дернәсілдері) | ||
Тіршілік ортасы |
22,23,24-СӨЖ: Буынаяқұтылар типінің морфологиялық құрылысын,қарастырып, буылтық құрттармен ұқсастығын анықтау, прогрессивті белгілерін көрсету. Шаянтәрізділердің қол-аяқтарының құрылысын және атқаратын қызметін анықтау, постэмбриональды даму типтерін талдау.
Моллюскалардың бақалшақтарының құрылысы, пішіні, маңызы. Тұщы су, теңіз, құрлық моллюскалары, олардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы. Сауыттылар, Монофлакфоралар класының құрылысы, буылтық құрттармен ұқсастығы. Моллюскалардың экологиялық топтары, таралуы, маңызы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Буылтық құрттармен салыстырғанда буынаяқтылардың прогрессивті белгілері
2. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен туыстық белгілері
3.Су және құрлық буынаяқтылардың айырмашылықтары
4.Шаянтәрізділердің қол-аяқтарының эволюциялық өзгерістері
5. Шаянтәрізділердің жүйке жүйесінің прогрессивті дамуы. Олигомеризация.
6. Шаянтәрізділердің постэмбрионды даму типтері
7. Шаянтәрізділердің паразитизмге адаптациясы
8.Құрлық шаянтәрізділердің адаптациясы
Әдебиет:
Оныншы апта
№19 дәрістің тақырыбы:Хелицерлілер (Chelicerata) типтармағы
Терминдер мен анықтамалар: Хелицер, қармалауышаяқ, эпикутикула, коксаль безі, өрмек безі, өрмек сұйелі, мальпигиев тамырлары,
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Хелицерлілер типтармағының жалпы сипаттамасы.
2. Хелицерлілердің классификациясы. Семсер құйрықтылар (Xiphosura) класы
3. Өрмекшітәрізділер (Arachnida) класының құрлықта тіршілік етуіне байланысты морфофизиологиялық сипаттамасы.
4. Филогения
№ 10 зертханалық сабақтың тақырыбы:Өзен шаянының анатомиясы
Зертханалық сабақтың мазмұны:
1.Өзен шаянының ішкі мүшелерінің орналасуы
2.Қан айналу жүйесі. Жүректің құрылысы, орны. Тыныс алу жүйесі.
3. Ас қорыту, жыныс , зәр шығару және жүйке жүйелерінің құрылысы.
Әдістемелік нұсқау:
Тапсырма 1.Өзен шаянының баскөкірек және құрсақ бөлімінің арқа бетіндегі хитинді кутикуласын кесіп, ішкі мүшелердің орналасу ретімен танысып, жүрек және онан басталатын қан тамырларын, асқорыту, жыныс жүйелерінің мүшелерін қарап, анықтау.
Тапсырма 2.Жүректі су құйылған петри табақшасына салып, пішінін, остиялар санын, одан басталатын қан тамырларын анықтап, суретін салу.
Тапсырма 3.Асқорыту жүйесінің мүшелері: бауыр, өңеш, қарын, артқы ішек құрылыстарын талдап, олардың атқаратын қызметін анықтау.
Тапсырма 4.Желбезек қуысында орналасқан желбезек қатарын және олардың денеге орналасу ерекшелігін қарау. Желбезек жапырақшасынан уақытша препарат дайындап, оның құрылысымен танысу.
Тапсырма 5.Зәр шығару мүшесі-антенналь немесе жасыл бездің және құрсақ жүйке тізбегінің құрылысын қарап, танып-білу.
Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, тыныс алу, жүйке жүйелерінің буылтық құрттармен ұқсастығын анықтау.
28,29,30-СОӨЖ тақырыбы: Трилобиттер. Өрмекшітәрізділердің морфобиологиясы. Кеңірдектыныстылар т/т-ның ұйымдасу ерекешелігі.
1.Трилобиттердің , буынаяқтылардың филогениясын түсінудегі маңызы.
2.Құрлықта тіршілік етуге байланысты өрмекшітәрізділердің ерекешелігі. Эволюция бағыттары. Экологиялық топтары, маңызы.
3.Кеңірдектыныстылардың прогрессивті белгілері.
4. Көпаяқтылар класының таралуы, филогениясы, экологиялық топтары, табиғи биоценоздағы маңызы.
Әдістемелік нұсқау:Трилобиттердің морфологиясымен танысып, буынаяқтылармен ұқсастығын анықтап, олардың филогениясын түсінудегі маңызын көрсету. Құрлықта тіршілік етуге байланысты өрмекшітәрізділердің құрылысындағы, биологиясындағы ерекешеліктерді, олардың эволюциясының бағыттарын, экологиясын, экожүйедегі, адам өміріндегі маңызын анықтап, қортындылау.
Кеңірдектыныстылар типтармағының желбезектыныстылар, трилобиттәрізділер, хелицерлілер типтармақтарынан ерекшеліктерін анықтап, прогрессивті белгілерін көрсету. Көпаяқтылардың морфологиясын зерделеп, олардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығын анықтап, кесте толтыру, филогениясын көрсету.
Кесте 8