Ауа бассейінің жағдайына табиғи әсер ету
Табиғи көздерден шығатын лақтырылыстарға соңғы кезде баға беріп бастады. Биогенді сипаттағы табиғи көздерге әртүрлі химиялық қосылыстар бөлетін өсімдіктер мен микроорганизмдер жатады.
Биогенді емес табиғи көздерге геотермалды көздер, найзағай разрядтары, найзағай, табиғи жану процестері, сулық және топырақтық аэрозолдар (атмосфералық ауа массасымен көшетін) жатады.
Солардан атмосфераға қатты және газ түріндегі заттар бөлініп шығады, олардың құрамы тұрақсыз келеді және атмосфералық ауаның өзгермелі бір құрамы болып табылады.
Табиғи түрдегі тұрақсыз қоспаларға озон, су буы, азот оксидтері, күкірт диоксиді, фторид, сутегі хлориді, күкіртсутегі және қалқымалы бөлшектер жатады. Табиғи түрдегі қоспаларға күкірттің қосылыстарының 50 %-ы, көміртегі оксидінің 93 %-ы, азот оксидінің 98%-ы және реактивті көмірсутектердің 87%-ы жатады.
Су буы атмосферада 1-3% шамасында кездеседі, оның негізгі массасы атмосфераның 0-ден 6 км-ге дейінгі қалыңдығында кездеседі. Су суын ластаушылар қатарына жатпаса да, дегенмен оның мөлшері көбейіп кеткен жағдайда атмосфераның температурасы өзгеруі мүмкін.
Озон қауіпті компоненттерге жатады, ол қышқылдану процестеріне әрекетті түрде қатысады және күшті фитотоксин болып табылады.
Аммиак атмосферада азотты заттардың органикалық бөлінуі кезінде пайда болады, тұрғын үйлерден аулақ жердегі атмосферада 0,003-0,005 мг/м3 шамасында кездесуі мүмкін.
Табиғи түрдегі қалқымалы бөлшектерге теңіз суының, топырақтың, өсімдіктердің, тірі организмдердің тұзды бөлшектері, тереоритті шаңдар,өсімдік тозаңдары жатады.
Күкіртті қосылыстар өсімдіктер, тірі организмдер, және вулкандар мен геотермалды атқылаулар нәтижесінде табиғи жағдайда пайда болады.
Өсімдіктердің өмір сүру кезеңінде пайда болатын қанықпаған көмірсутектер (негізінен изопендер мен терпендер) атмосфералық қышқылдану процестерінде тез реакцияға түсіп әрекетті бөлшектерге-еркін радикалдарға айналады.
Вулкандардың атқылауы кезінде бөлінетін күкіртті қосылыстардың ішінде күкірт диоксиді басымырақ келеді. Атмосфераға күкірсутегі, карбонилсульфид, аэрозоль және қатты түрдегі сульфаттар аз мөлшерде бөлінеді. Әлемде жыл сайын 4-16 млн тонна күкіртті қосылыстар вулкандардың атқылауы нәтижесінде қосылып отырады.
Күкіртсутегі атмосфераға күкіртті табиғи газдардың жарыққа шығуынан, бактериялардың өмір сүруінен, вулкандардың және геотермалды көздердің атқылауы нәтижесінде пайда болады. Дүниежүзілік мұхитта күкірті бар бір ғана қосылыс-диметилсульфид табылған. Дүниежүзілік мұхиттатың жоғарғы бетінде оның бөлінуі хлорофилдің бөлінуіне ұқсас келеді. Алайда оның пайда болуының биогенді механизмі әлі белгісіз күйде қалып отыр.
Табиғи көздерден бөлінетін азо оксидінің жалпы мөлшері 450 млн т/жыл деп бағаланып отыр.
Ұшатын органикалық қосылыстар күкірт және азот оксидтеріне қарағанда атмосфераға табиғи көздерден келеді. Бұл заттардың негізгі көзіне - өсімдіктер жатады, олардың өмір сүруі нәтижесінде шексіз қосылыстар пайда болады (терпенді көмірсутектер және изопрен туындылары). Олар атмосферада жүретін химиялық реакцияларға әрекетті қатысады, озон және гидросилді радикалдармен өзара әрекеттесуге қабілетті, соның нәтижесінде өнімдердің көптеген түрлері пайда болады. Табиғи көздерден ұшатын органикалық қосылыстардың 90 %-ы бөлінеді. Олардың саны температураның өсуіне байланысты және күннің энергиясының қарқындылығына байланысты (жазда қысқа қарағанда көбірек) көбееді.
Табиғи көздер лақтырылыстары мөлшері бойынша антропогенді лақтырылыстармен салыстырғанда біршама басымырақ келеді. Мысалы, АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, табиғи көздерден атмосфераға 35 млн тонна ұшатын органикалық қосылыстар түссе, антропогенді көздерден атмосфераға қосылатын бұл қосылыстардың мөлшері 21 млн тоннаны құраған. Олардың негізгі көздеріне ормандардағы шырша тектес ағаштар жатады.
Алайда табиғи жолмен пайда болған ластаушылар ауамен қосылып, сүзіледі де атмосфераның өзін-өзі табиғи түрде тазартуы процесінде залалсызданады.