Алматы обылысы, Қаратау ауданының топырақ – климаттық жағдайы

Кіріспе

Қазіргі заман талабы республикамызда ауыл шаруашылық өндірісін одан әрі дамыту,алдыңғы қатарлы ғылым технологияларды өндіріске енгізу, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін, сапасын және топырақ құнарлығын арттыру. Мұның бәрі қазіргі кезде құрылып жатқан агрофирмалардың, өсімдік қорғау шаруашылығы ғылымының алдында тұрған негізгі міндеті. Ауыл шаруашылық дақылдарына жануарлар дүниесімен қоса насекомдарда , басқа да организмдер зиян келтіреді. Солардың ішінде ең көп тарағаны және бүгінгі кезде толығымен тоқталғалы отырғаным зиянкестермен аурулар.

Ауыл шаруашылығының дақылдарын зиянды жәндіктерден қорғайтын негізгі шарты - оларды бір - бірімен ажырата білу. Сосын олардың тіршілік әрекеттерін яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Осы кезде ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Мұндағы негізгі мақсат әрбір өсімдіктің қай топқа,туысқа , түрге жататынын анықтап, олардың ауруларын анықтау. Сонымен қатар өсімдіктің зақымдалған бөлігі және қалай зақымдалатынын білуіміз керек. Тағы айтарымыз аурудың категориялары мен топтары және қоздырғыштары саңырауқұлақтар,бактериялар,вирустар ,микроплазмалық организмдер т.б. таралуы мен дамуын білуіміз керек. Аурулардың дер кезінде алдын алып отырмасақ,жоспарланған өнімді алу мөмкін емес. Сол жеміс көкөністерден жұқпалы аурулар таралуы мүмкін.

Энтомология ғылымының негізгі міндеті – зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту. Осы орайда дақылдардың зақымдану сипаты , оның салдарынан шығынның мөлшері тек қана өсімдіктің зиянкестік әрекетіне ғана тәуеді емес,сонымен қатар сорт ерекшеліктеріне ,агротехника дәрежесіне және т.б шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкеске төзімділігіне де байланысты болады.

Алматы обылысы, Қаратау ауданының топырақ – климаттық жағдайы

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр.

Алматы облысының экономикалық әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 пайыз), машина жасау және металл өңдеу (6,5 пайыз), құрылыс материалдары (6,2 пайыз), тамақ өнеркәсібі (38,2 пайыз), ұн, жарма және құрама жем (5,5 пайыз) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл к-дерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 пайыз шамасында.

Қаратау ауданыныңклиматы тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 – 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы –35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 – 24°С.

Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 – 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 – 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі.

Алматы облысының топырағы. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Қаратау ауданының топырағы. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т.б. өседі.

Наши рекомендации