Медициналық экология пәні, анықтамасы және қағидалары.
Әр ғылым саласымен түйісетін жаңа пәндер және ғылыми бағыттар туындауда. Медициналық экология осы ғылымдардың негізіне кіреді. Әсіресе, медициналық география, адам экологиясы, әлеуметтік экология, гигиена, экотоксикология, медициналық статистика және экоинформатикамен (информатизациялау және моделдеу) тығыз байланыста.
Медициналық экологияның зерттейтін сұрақтары:
- адам ағзасы жүйесінің және әр түрлі ағза қызметтерінің көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бағалау критериі ретінде;
- қоршаған орта факторларының адам денсаулығына жинақталған әсерінің (пестицидтер, радионуклидтер, минералды тыңайтқыштар, басқа да химиялық заттар, электромагнитті өрістер және т.б.) алатын орны және ролі;
- қоршаған ортаның негативті және позитивті факторларының адамға бірігіп әсер етуінің экологиялық аспектілері;
- ландшафттардың медико-экологиялық қатерін және медико-экологиялық көлемін бағалау;
- медико-экологиялық нормативтерді өңдеу.
Медициналық экология пәніне ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.И.Дедю (1990) «медициналық экология – адам ағзасының табиғи- антропогендік ортаға морфофизиологиялық және генетикалық түрде бейімделу сұрақтарын өңдеумен айналысатын және медико-биологиялық ғылымның әр түрлі саласын дамытатын экологиялық бағыт», - деп есептейді.
Н.Ф.Реймерс (1990) : "Медициналық экология – гигиена, токсикология және адам экологиясын бір кешенді интеграцияланған ғылымның білім саласы",- деп жазды. Автор медициналық экологияны әлеуметтік экологияның бір бөлігіне жатқызады да, одан канцерогенез экологиясын бөліп алғысы келеді.
Сонымен, «медициналық экология» - медицина және экология ғылымдары түйіскен, қоршаған ортаның тұрғындар денсаулығына әсерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді, зерттеу объектісі – қоршаған орта, кеңістіктік-территориалды антропо-экологиялық жүйе; пәні – тұрғындардың денсаулығы және сырқаттанушылығына қоршаған ортаның тигізер әсері; мақсаты –нақты территориялардағы тұрғындардың денсаулығының оңтайлы экологиялық балансын қорғауды қамтамасыз ететін шараларды өңдеу.
Қазіргі кезде, көбінесе тұрғындардың денсалық жағдайы – адам ағзасына табиғи және антропогенді факторлардың әсерінің соңғы экологиялық көрсеткіші ретінде қабылдануда. Денсаулыққа берілетін анқытамалар мен моделдер өте көп, солардың ішінен мысалға голландия ғалымы С.Varkevisser дің (1995) ұсынған схемалық байланысын ұсынамыз.
Профилактикалық медицина емдік медицина | Генетикалық факторлар | |
Медициналық ақпарат | Денсаулық | |
Өмір сүру тәртібі | ||
Қоршаған орта Физикалық Саясаттық ұлттық және Экономикалық халықаралық Әлеуметтік-мәдениеттік |
Кесте 1. Денсаулық моделі С.Varkevisser (1995)
Тұрғындардың жеке, қоғамдық денсаулығы мен сырқаттанушылығына әсер ететін тікелей және және жанама мыңдаған факторлардың бар екендігі белгілі.