Тақырып. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау.

Жоспар:

1. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері.

3. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғауға ҚР-ның қатысу нысандары.

Негізгі ұғымдар:халықаралық экологиялық құқық, халықаралық ұйым, халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары.

Табиғатты халықаралық құқықтық қорғау бүкіл әлем халқы, олар туратын мемлекеттер үшін өте қажетті шаралардың бірі. Оның себебі ғылым мен техниканың дамуы пайдалы қазбалардың, суды, орманды, атмосфералық ауаны өнеркәсіпте, жол қатынастары, құрал-жабдықтармен қатар қару- жарақтар, атом қаруы мен энергетикасы, космос үшін пайдалану жылдан жылға арта түсуде. Мұнау өнімдерін тасымалдаудан мұхиттар мен теңіздерге аққан мұнай жануарлар дүниесіне зиянын тигізуде. Ормандар орынсыз ағаш кесу мен ащы жаңбыр суына ұшырап, көлемі қысқаруда. Атмосфералық ауаға өндірістің ұлы заттары көптеп шығарылады.

Ғалымдардың айтуы бойынша, бақылаусыз және келешекті ойламастан жасаған адамдардың шаруашылық қызметі салдарынан жер планетасы болашақта адам тіршілігіне жарамай қалуы мүмкін. Улы газдардың әсерінен азон тесігі көбейіп-, жылу әсерінен мұздар еріп, теңіздерде судың деңгейі көтеріліп, топан су қаупі артуда. Сондықтан 1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау қоғамы құрылды.

Айналадағы табиғи ортаны қорғаудың жалпы объектілеріне Жер планетасы және табиғатқа әсер ететін жерге жақын ғарыш кеңістігі жатады. Жер планетасындағы құрылық пен су табиғат объектілеріне жатады. Құрлыққа – Европа, Азия, Америка (Солтүстік және Оңтүстік), Австралия және барлық аралдар, суларға – барлық мұхиттар, мұздақтар, теңіздер, көлдер, өзен сулары жатады. Жер шарының газ тәріздес қабаты атмосфералық ауаны қамтиды. Бұл да табиғатты халықаралық қорғаудың объектісі. Ғарыш кеңістігіндегі азон қабаты да табиғатты халықаралық қорғаудың объектісіне жатады.

Әр мемлекеттің шекарасындағы табиғат объектілері сол мемлекеттің табиғат қорғау заңдарымен қорғауға, сақтауға, қамқорлыққа алынады.

Табиғатты халықаралық қорғаудың және сақтаудың субъектілеріне мемлекеттер, үкіметтер, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер және азаматтар жатады.

Қазақстан Үкіметі және өкілеттігі бар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар халықаралық табиғат қорғаудың субъектілері бола алады. Олар өз құзыретінде келісімдерге, шарттарға, декларацияларға, Конвенцияларға және басқа да осы саладағы халықаралық құжаттарға қол қояды.

Адамның табиғатқа әсер етуінің артқаны соншалық, табиғи ортаны сақтау проблемасы адамның өзінің тіршілік ету проблемасымен қабысып жатыр. Сондықтан да экологиялық проблемаларды шешудің саяси, экономикалық, идеологиялық және құқықтық құралдарын дайындау туралы мәселе түр.

Дегенмен, аталған проблеманы шешу жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың шеңберімен шектеліп қалмайды, олар жаһандық сипатқа ие болды. Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігінің астарында халықаралық қауымдастықтардың бірігуі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бар.

Мүмкіндігінше көп мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында тығыз ынтымақтастық орнатпайынша табиғатты ғаламдық деңгейде қорғау мүмкін болмайды. Жердің табиғаты ортақ, ал оның заңдары жалпыға бірдей. Ол мемлекеттік және әкімшілік шекараларға бөлінуді білмейді. Дей тұрғанмен, табиғат қорғауға бағытталған ұлттық іс-әрекеттер тұптеп келгенде, адамды қоршаған ортаны қорғауға қатысты интернационалдық шаралармен қосылғанда ғана оң нәтижелер береді.

Әлемдік қауымдастық экологиялық проблемаларды бірлесе шешуге орасан зор күш-жігер жұмсауда, Қазақстан да бұл процеске белсене қосылды. Қазақстан Республикасының Конституциясында халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері мен халықаралық келісім шарттардың Қазақстан Республикасының заңдары алдында басымдыққа ие екендігі айтылған.

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесі болды. Бүгінде Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында басқа мемлекеттермен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің Тұжырымдамасында аумақтық және үлттық экологиялық проблемалардан бөлек, бірқатар жаһандық экологиялық проблемалар да көрсетілген, олардың ішінде: климаттың өзгеруі; озон қабатының бүзылуы, биологиялық әралуандылықты сақтау; шөлейттену және топырақтың тозу проблемалары белгіленген.

БҰҰ толық құқылы мүшесі болғандықтан, Қазақстан жаһандық серіктестік негізінде халықаралық қауымдастықты мемлекеттік экологиялық саясатты нәтижелі жүргізудің кілті ретінде пайдалануы керек.

Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың мойындауының арта түскенін ескерсек, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода қаланған және 2002 жылғы Йоханнесбург қаласында өткен Бүкіләлемдік саммитте бекітілген тұрақты даму қағидалары, халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық және серіктестік саясатының негізі болуға тиіс.

Егер ішкі экологиялық құқық сәйкес мемлекеттің бір еркін білдірсе, онда халықаралық экологиялық құқық екі немесе бірнеше мемлекеттердің, болмаса халықаралық ұйымдардың келісілген еркін білдіреді. Дегенмен, бұл экологиялық құқықтық еріктер түйіскен кезде, басымдық халықаралық нормаларда қалады.

Халықаралық экологиялық құқық, аталған құқық саласының нысанасын, оның принциптерін құрайтын - қоғамдық экология­лық қатынастар саласындағы өз қызметінің негізгі багыттарын айқындауды қажет етеді.

Халықаралық экологиялық құқықтың принциптері дегеніміз - қоғамдық саясаттың нәтижесі ретінде туындайтын субъектілердің басқарушы жағдайлары, халықаралық экологиялық құқықтың заңды бекітілген бастаулары. Халықаралық экологиялық құқықтың принципі дегеніміз - барлық субьектілерге міндетті сипаты бар, халықаралық экологиялық құқықтың нормасы.

Әрбір мемлекет, қоршаған ортаның ұлттық жүйесіне қатысты, өзіне қажетті саясат жүргізу құқығын жүзеге асыру кезінде заманауи халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері мен нормаларын сақтауға міндетті. Ластануды бір мемлекеттің аумағынан тысқары, үлкен қашықтыққа көшіру проблемасының шиеленісуімен, халықаралық құқықтың мемлекеттің егемендігін құрметтеу, мемлекеттердің егемендігінің теңдігі, аумаққа қолсұғылмаушылық және бүтіндігі, ынтымақтастық, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық қүқықтық жауапкершілік секілді халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптерін ұстану маңызы арта түседі.

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Д.Л. Байділдинов. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2005.

2. С.Т. Күлтелеев. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. –Алматы, 2009.

3. Стамкулов А.С. ҚР экологиялық құқығы. Оқу құралы. -Тараз, 2003.

4. Еркінбаева Л.К. ҚР жер құқығы. Оқу құралы. –Алматы, 2010.

5. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов при проведении операций по недропользованию в РК. Авторы: Еркинбаева Л.К., Бектурганов А.Е., Бекишова С.Д., Шеримова Н.Ш., Нұрмұханқызы Д., Ахмадулина Д. –Талдықорған: ЖГУ им. И. Жансугурова. 2014.

6. Бектурганов А.Е., Мухтарова С.М. Правовая охрана окружающей среды от загрязнения в Республике Казахстан. Монография. –Талдыкорган: ЖГУ им. И. Жансугурова. 2011.

Қосымша әдебиеттер:

1. Баимбетов Н.С. Правовые основы экологической экспертизы в Республтке Казахстан. -Алматы, 2001.

2. Бекишева С.Д. Экологическое право РК. -Караганда, 2001.

3. Эффективность природоохранного законодательство. -Алматы, 1988.

4. Абдраимов Б.Ж., Жарлыкасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству РК. -Алматы: «Юрист», 2001.

5. Косанов Ж.Х. Право собственности и иные вещные права на землю. -Алматы, 2001.

6. Мухитдинов Н.Б., Куандыков К.Ж. Проблемы теории и права сельскохозяйственного водопользования. -Тараз, 2001.

7. Международное эколого-правовове сотрудничество. -Алматы: «Данекер», 2001.

8. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 09.01.2007ж. қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

9. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2003ж. 20 маусымда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

10. Қазақстан Республикасының Су кодексі. 2003ж. 09 шілдеде қабылданған// «Параграф» ақпараттық жүйесі.

11. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. 2003ж. 08 шілдеде қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

12. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдаланутуралы 2004 жылғы 9 шілдедегі ҚазақстанРеспубликасының Заңы //«Параграф» ақпараттық жүйесі.

13. Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы Заңы. 2010ж. 24 маусымда қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

14. Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы. 2006ж. 07 шілдеде қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

Наши рекомендации