Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары
Алқа отырысына төрағалық жасаған министр Н.Ысқақов өзі басқаратын ұжымның барлық жұмысы белгіленген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалатынын атап көрсетті.
Мамырдың 25-і күні Астанада ҚР Қоршаған орта министрлігі алқасының кезекті отырысы болып өтті.Онда Қазақстанда орын алып отырған экологиялық проблемаларды шешу жолдары талқыланды.
Алқа барысында экологиялық кодексті жүзеге асыру, рұқсат беру жүйесі мен бақылау-инспекциялық қызметін жетілдіру, мониторинг жүйесін реформалау, сондай-ақ, Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік жүйесін реформалау мен дамытудың 2007-2012-ші жылдарға арналған тұжырымдамасы сынды бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Отырыс барысында министрліктің еуропалық тәжірибеге сәйкес кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуге дайындалып жатқаны, табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау қызметін жақсартуға ынталандыратын жаңа тетіктерді әзірлегені белгілі болды.
Мұнымен қоса, мемлекеттік бақылау жұмысында сауықтыру шараларының және өндірістік бақылау жүйесімен бірлесе әрекет етудің рөлі артатын болады. Сонымен қатар, алқа мәжілісінде министрліктің Еуразиялық су орталығын және энергияның жаңартылған көздері жөніндегі солярлық орталық құруды жоспарлап отырғаны айтылды.
Министрлік әзірлеген Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік жүйесін реформалау мен дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның экологиялық пробеламалырн шешудің нақты тетіктерін көздейді. Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан мен трансшекаралық аумақта қоршаған ортаның сапасын тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету. Алқа отырысына төрағалық жасаған министр Нұрлан Ысқақов өзі басқаратын ұжымның барлық жұмысы белгіленген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалатынын атап көрсетті.
|
Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары
Қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiк проблемалары оларды жаhандық ұлттық және жергiлiктi ретiнде шешудiң маңыздылығы мен деңгейiне байланысты қаралады.
3.1. Жаhандық экологиялық проблемалар
3.1.1. Климаттың өзгеруi
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.
Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады.
3.1.2. Озон қабатының бұзылуы
Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.
Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде.
Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингiн жүргiзу.
Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды.
3.1.3. Биоәртүрлiлiктi сақтау
Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.
Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.
Республика аумағының небәрi 4,2%-iн алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң табиғи резерваттары ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу қажет.
Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi әкелу Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен байланысты қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерiн iске асыру қоршаған орта объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде ұстап тұруды, өзiн-өзi реттеу қабiлетi мен жанды және жансыз табиғат түрлерiнiң, оның iшiнде жойылу қаупi төнген тipi организмдер геноқорының көптүрлiлiгiн сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
3.1.4. Жердiң шөлейттенуi және тозуы
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.
2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
3.2. Ұлттық экологиялық проблемалар
3.2.1. Экологиялық апат аймақтары
Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Арал өңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер және балалар арасында асқазан-iшек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологияның жоғары деңгейi байқалуда.
Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне қатердi жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды әзiрлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерiнiң салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейiн Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзiрленуi қажет.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкiмiмен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.
3.2.2. Каспий теңiзi қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар
Каспий теңiзi бассейнi мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын кеңiнен игеруi теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне терiс әсер ауқымын ұлғайтады. Теңiз мәртебесiнiң айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулi мәнге ие болады.
Теңiздiң қазақстандық секторында көмiрсутегi шикiзатын алдағы кезде баса игеру елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне ықтимал қатер төндiредi.
Каспий теңiзiнiң қоршаған теңiз ортасын қорғау жөнiндегi үлгiлiк конвенциясы және басымдық iс-қимылдардың өңiрлiк стратегиясы Каспий теңiзiнiң коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерiнiң Каспийдiң экожүйесiн қорғау жөнiндегi алдағы iс-шараларға қатысты өзара ортақ iс-қимылы бойынша негiзгi бағыттарын айқындайды.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын шектi деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулердi жүргiзу, геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмудi тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.
Зерттеулер нәтижесi Каспий қорық аймағын аймақтарға бөлудi қоса алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық қызметiн қамтамасыз ететiн нақты нормативтiк экологиялық талаптар әзiрлеу болуы тиiс.
3.2.3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Су объектiлерiне антропогендiк салмақ пен олардың қалпына келу қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде барлық iрi өзен бассейндерiне тән еттi, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық объектiлерiнiң барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйiне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.
Бұл проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткiлiктi көлемде және кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су кодексi және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн болады.
Қабылданған бағдарламалық құжаттардың щеңберiнде 2005 жылы iске асырылуы суды қажет ететiн өндiрiстер дамуының қарқыны мен көлемiн шектeугe, су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерiн жаппай енгiзуге, өнiм бiрлiгiне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерiн есепке алу мен реттеудiң қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкiндiк беретiн сумен қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мақсатты бағдарлама әзiрлеу қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң қолданыстағы ставкаларын саралау, су шаруашылық объектiлерiн ұстау мен жөндеу жөнiндегi шығыстарды өзiн-өзi ақтауға кезең-кезеңмен көшiре отырып, су пайдаланушыларға су жеткiзу жөнiндегi қызмет үшiн баға белгiлеудi оңтайландыру жөнiндегi iс-шараларды да қамтуы тиiс.
Өзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзiрленетiн болады, 2005 - 2006 зиянды әсердiң мүмкiн болатын шектi нормативтерiн және судың жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-қолданбалы зерттеулердiң кешенi жүргiзiледi, ол су объектiлерiне ластаушы заттар төгiндiлерiн таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен көшiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Осының бәрi ағынды суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезiнде жаңа технологияларды енгiзудi жеделдетедi.
Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су жетiспеушiлiгiн тартып отырған өңiрлерде өзен ағынын реттеу жөнiндегi, оның iшiнде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет.
3.2.4. Байырғы ластанулар
Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кенiштер (оның iшiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.
Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделуде.
Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу қажет.
3.2.5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою үшiн:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу;
бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады.
3.2.6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондарының әсерi
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ полигоны және "Байқоңыр" кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түскен және құлайтын бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi және қоршаған орта мен тiкелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететiн басқа да факторлар нақты экологиялық қауiп төндiредi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш құралдарын, әскери техниканы және әскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер мен құрылымдар тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасы аумағының зымыран-ғарыш қызметiмен байланысты учаскелерiнiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды.
Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда.
Осыған байланысты 2005 жылы полигон аумақтарының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiнде бағдарлама әзiрлеу қажет.
3.3. Жергiлiктi экологиялық проблемалар
3.3.1. Әуе бассейнiнiң ластануы
Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi.
Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып түседi.
Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.
Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда көзделетiн болады.
3.3.2. Радиоактивтi ластану
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы);
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.
3.3.3. Бактериологиялық және химиялық ластану
Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметi төндiредi.
Кейбiр биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер аумағына таралуының нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.
Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшiн Возрождение аралының аумағындағы қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет.
Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер табылған жағдайда Возрождение аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң зардаптарын жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi. Барлық облыстардан бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар қозғыштарының депозитарийi болып табылатын Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келiп түседi, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған.
Қазiргi уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн құру болып табылатын "Қазақстан Республикасындағы белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды.
Химиялық ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi.
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.
Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.
3.3.4. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегi үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.
3.3.5. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты.
1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.
Орман өрттерiнiң экожүйелерге елеулi зиян тигiзуi жалғасып отыр. Бұл орайда оларды уақытылы анықтау проблемасы шешiлмеген. Орман өрттерiмен күресудiң сенiмдi және экономикалық жағынан тиiмдi авиациялық құралдары жоқ.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын азайту үшiн:
өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жүйесiн, болжау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiруге мемлекеттiк материалдық резервтi, елдiң авариялық-құтқару күштерiн және жедел әрекет ету күштерiн қалыптастырудың негiздерiн қайта қарауға бағытталатын Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу;
2006 жылға дейiн көмiрсутегi кен орындарын игерудiң геодинамикалық қауiпсiздiгiнiң бағдарламасын қабылдау және геодинамикалық мониторинг жүйесiн құру;
2005-2006 жылдары орман өрттерiн жою жөнiндегi қымбат тұратын шаралардан жеңiл ұшақтардың жеке паркi бар мамандандырылған бөлiмшелер құрумен әуе патрулiнiң көмегi арқылы уақытылы ерте табу мен оларды бастапқы сатысында сөндiру жөнiндегi алдын алу шараларына көшу үшiн орман өрттерi туралы хабарландырудың бiрыңғай жүйесiн құру қажет.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы зардап шеккендер санын төмендетуге және келеңсiз салдарлардан материалдық зиянды азайтуға мүмкiндiк бередi.
12.12.2009 / 12:31 ҚР Парламенті Сенаты комитетінің көшпелі отырысында экология мәселелері талқыланды АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің көшпелі отырысы аясында депутаттар «Қалдықтарды басқару және ел аумағын тарихи ластанулардан тазарту жүйесін құру саласындағы заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» ұсынымдарының орындалу барысы туралы орталық және жергілікті органдардың ақпараттарын тыңдады, |
12.12.2009 / 12:17 Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғып, жел күшейе түсуі мүмкін - синоптиктер мәліметі АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғып, жел күшейе түседі деп күтілуде, |
11.12.2009 / 12:52 Жаңа жылдық шыршалар дайындауда табиғи шыршаларды пайдалану 40 мың данадан 13 мың данаға дейін қысқарды -АШМ АСТАНА.Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат -ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жаңа жылдық шыршалар дайындау мақсатында ағаш кесу кезінде алынатын қылқан жапырақтылардың бұтақтары мен ұшар бастарынан құрап жасалатын шыршаларды өткізу жөніндегі бастамашылығының нәтижесінде соңғы үш жылда республикада табиғи шыршаларды пайдалану 40 мың данадан 13 мың данаға дейін қысқарды, |
10.12.2009 / 08:17 Су қоры сарқылмас үшін оны үнемдеп пайдалану қажет ОРАЛ. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су қоры сарқылмас үшін оны үнемдеп пайдалану қажет. Бұл туралы желтоқсанның 9-ында Оралда «Су қорларын ұқыпты пайдалану мен сақтауды өзекті мәселелері» деген тақырыпта өткізілген семинарда айтылды, |
09.12.2009 / 12:38 Алматы әкімі жаңа құрылған «Саялы» шағынауданында болды АЛМАТЫ.Желтоқсанның 9-ы.ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының Алатау ауданындағы Саялы ықшамауданында қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті, |
09.12.2009 / 11:39 Шығыс Қазақстанда 38 градус аяз тіркелді ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Күннің суықтығына байланысты бүгін Өскеменде мектептер мен орта-арнаулы оқу орындарында сабақтар тоқтатылды. |
08.12.2009 / 14:05 Еуроодақ Қазақстандағы экологиялық саясатты жетілдіруге атсалысады АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада Еуроодақ мамандарының экологиялық саясатты дамыту және оған жаңа тетіктер жиынтығын енгізу жөніндегі ұсыныстары талқыланды, |
07.12.2009 / 12:50 Маңғыстаудың картасын жасауды талқылаған қоғамдық тыңдау өтті АҚТАУ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ -Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетінде «Маңғыстау облысының табиғи-шаруашылық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау жəне ГИС-технология негізінде тақырыптық карталар кешенін жасақтау» жобалары бойынша жасалған жұмыстар туралы» қоғамдық тыңдау болып өтті, |
07.12.2009 / 08:42 Павлодарда Ертіс өзенінің алабын дамыту және қорғау проблемалары талқыланады ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Желтоқсанның 11-інде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Ертіс өзені алабының проблемалары талқыланады, |
04.12.2009 / 16:25 Алматыда топырақтың құрғауы және тозуымен күрес мәселесі талқылануда АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда топырақтың құрғап бара жатуы мәселелеріне азаматтық қоғамның назарын аудару тәсілдерін жетілдіруге байланысты ұлттық семинар өтуде, |
04.12.2009 / 08:16 Шығыс Қазақстанның кейбір өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал - ТЖМ АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін, желтоқсанның 4-і күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, |
03.12.2009 / 09:10 Республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында күн суытады - ТЖМ АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Бүгін, бейсенбі күні республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысы мен шығыс аймақтарында күн суытады - Батыс Сібір аудандарынан суық ауа ағыны жетеді, |
28.11.2009 / 15:43 Вьетнамда небәрі 80 піл қалған АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Бүкіл Вьетнам бойынша бар болғаны 80 ғана піл қалғанын мәлім етті табиғат қорғаушылар, |
24.11.2009 / 12:36 Астанада экологиялық зерттеулерге арналған жаңа зертхана ашылды АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде экологиялық зерттеулерді жүргізуге арналған жаңа зертхананың салтанатты ашылу рәсімі болды, |