Енгізу жолдары мен эффектілері

I. Энтеральды енгізу жолдары (асқазан ішек жолдары (АІЖ) арқылы).

а) Пероральды енгізу жолы - дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы енгізу (рег-арқылы, os-ауыз). Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең қарапайым және ыңғайлы әдіс (әсері 30-60 мин. соң басталады) болып табылады. Кейбір препараттар (мысалы, бензилпенициллин, эритромицин, адреналин) асқазан сөлі, тұз қышқылы ферменттерінің әсерінен бұзылып, нашар сіңіріледі. АІЖ-да сіңіріліп болған соң, бауырдан қан айналым жүйесіне түседі. Науқастың ес-түссіз жағдайында және үздіксіз құсуда бұл әдіс тиімсіз.

б) Сублингвальды (sub lingua - тіл астына) және трансбуккальды (ұртқа) енгізу жолы. Бұл жолмен тек белсенді запар сіңіріледі. Мысалы, нитроглицерин. Бауырдан тыс, тіл астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп (әсері 1 -3 мин. соң басталады), одан ірі қан тамырларға етеді, қан тамырларды кеңейтіп, жүректі оттегімен қамтамасыз етіп, жүректің жұмысын жеңілдетеді.

в) Тікішекке енгізу жолы - (per rectum - тік ішек арқылы) бұл жолмен суппозиторийлер, дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі. Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына қарағанда әсері (әсері 15-30 мин. басталады) тезірек. Тік ішектен дозаның 50% бауырға соқпай төменгі қуыс вена жүйесіне түседі, ал 50% қақпалық көктамырға түсіп, бір бөлігі бауырда инактивацияланады (белсенділігі төмендейді). Ректальды жолдың кемшілігі: тік ішекггің дәрілерге тітіркендіргіш әсеріне (проктит тудыру қаупі) сезімталдығы, сіңіру бетінің ауданының аздығы, шырышты қабықшамен дәрінің жанасу уақытының аздығы, сондай-ақ емдеу клизмапары үшін ерітіндінің көлемінің аз болуы (50-100 мл), ем-шараларды жұмыс уақытында, жол жүргенде енгізудің ыңғайсыздығы.

II. Парентеральды енгізу жолы (АІЖ-нан тыс)

а) Тері астына (т/а) енгізу жолы. Әсері 5-15 минуттан соң басталады. Тек сулы, кейде майлы ерітінділер енгізіледі. Суспензияларды, тітіркендіргіш заттарды және гипертонды ерітінділерді енгізуге болмайды.

б) Бұлшықетке (б/е) енгізу жолы. Толық сіңіріліп, тез әсер көрсетеді. Сулы, майлы ерітінділер мен суспензияларды енгізуге болады. Тері астына енгізу жолына қарағанда әсері тезірек басталады.

в) Күре тамырға (к/т) енгізу жолы. Әсері өте тез. Барлық концентрациясы қанға түседі. Тек сулы ерітінділер енгізіледі. Энтеральды енгізу жолына қарағанда әсері 5-10 есе артық. Кейбір препараттарда, мысалы, наркозға арналған дәрілерді енгізгенде әсері иненің ұшын енгізуден бастап ес-түссіз күйге келтіреді

г) Субарахнойдальды енгізу жолы. Subarachnoidea - мидың (торлы) қабығына енгізіледі. Кей заттар гематоэнцефапьды кедергілерден өте алмай қалады. Бұл енгізу жолымен дәрілерді жұқпалы ауруларда (менингитте) тікелей мидың торлы қабығына енгізеді. Бұл жолмен енгізілетін дәрілерге қойылатын талап залалсыздандырылған болуы тиіс.

д) Ингаляциялық енгізу жолы (inhalatio - демалу). Газ тәрізді, сұйық ұшқыш заттар (наркозға арналған), аэрозоль және эфир майларының булары енгізіледі. Сондай-ақ жергілікті әсер ету мақсатында глюкокортикоидтарды, бронхолитиктерді, жергілікті анестетиктерді, антибиотиктердің аэрозольдарын, гистаминге қарсы препарат - кромолин натрий (интал) ұнтақтары қолданылады. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында (бронх демікпесінде) қолданылады.

Басқа да парентеральды енгізу жолдарына: артерия ішіне, жүрек ішіне, сүйекке, тері ішіне, интраназальды, конъюктивальды, кеудеге, плевраға және буынға енгізу жатады.

Орытынды

Дәрілік заттарға тәуелділік – бұл наркотикалық әсері бар психобелсенді дәрілерді қайталап қабылдауға ұмтылу, яғни эйфорияға жету мақсатында немесе наркотиктерді қолданбағанда пайда болатын психикалық немесе физикалық дискомфортты азайту мақсатында қолдану.

Эйфорияның белгілері – қанағаттану сезімі, елестеулер, жұмысқа қабілеттің және өмірлік күштердің жоғарлауы немесе жеңіл тыныштану, босаңсу, ауырсынудың жоғалуы.

Психикалық тәуелділік – наркотикалық дәрілерден адамдарды айыру психикалық бұзылыстарға, тұнжырауға, озбырлыққа ұйқысыздыққа, қорқынышқа әкелу.

Физикалық тәуелділік – наркотикті қабылдауды тоқтату немесе оның антогонистерін енгізу абстинеттік синдромның дамуымен сипатталады.

Дәрілік заттар тек қана емдеп қана қоймай, сонымен қоса, ағзаға кері әсерлерін тигізетіндігін, өкінішке орай, барлық адамдар біле білмейді. Дәрілік заттарды қолдану бойынша нұсқамада мүмкін болатын жанама әсерлер жекелеп көрсетіледі.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, аурудың алдын алу, диагностикалау, емдеу мақсатында тағайындалған препараттың ағзаға кез келген кері жағымсыз әсерін дәрілік заттардың жанама әсері деп атайды.

Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері көбіне полипрагмазия, өз-өзін емдеу, дәрілік затты мөлшерден тыс қолдану салдарынан күшті фармакологиялық әсердің дамуынан (мысалы, қан қысымын төмендететін препараттарды мөлшерден тыс қолдану салдарынан гипотензияның дамуы), бір-бірінің әсерін күшейтетін бір бағытта әсер ететін дәрілік затты бірге қабылдау (мысалы варфарин мен аспирин), туа біткен сезімталдылық, генетикалық бейімділік салдарынан дамуы мүмкін.

Дәрілік препараттарды қабылдау салдарынан дамитын шамамен 60% жуық жағымсыз әсерлердің дамуына жол бермеуге болады. Жағымсыз әсерлер қаупі төменде көрсетілген жағдайларда туындайды:

* науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;

* дәрілік затты тиісті мөлшерде тағайындамау;

* ағзаның күтпеген реакциясын туындататын, анықталмаған медициналық, генетикалық немесе аллергиялық жағдайлар;

* рецепт бойынша жіберілетін дәрілік заттарды өздігінен алып қабылдау;

* дәрілерді қабылдау тәртібін бұзу;

* қабылдап жатқан дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен (сонымен қоса, биологиялық белсенді заттармен), кейбір тағамдармен өзара әсерлесу ерекшеліктерін ескермеу;

* емді тиімсіз тіпті болмаса өмірге қауіпті ететін, құрамы ғылыми талаптарға және стандартқа сай емес дәрілік заттарды қолдану;

* тиімсіз, қауіпті, құрамында белсенді заттары жоқ жасанды дәрілік заттарды қолдану.

Мүмкін болатын жанама әсерлерді ескеру үшін, дәрілік заттың ағзамен қалай өзара әсерлесетіндігі туралы түсінік болу керек

Кез келген дәрілік затты қабылдау салдарынан жанама әсерлердің даму қаупі туындайды. Олардың жиілігі 10-20% құрайды. Дәрілік затты тағайындаған өз дәрігеріңізден мүмкін болатын жағымсыз әсерлерді нақтылап алыңыз!

Әрине, көптеген жанама әсерлердің қарқындылығы әлсіздеу білінеді, жеңіл өтеді, (лоқсу, бастың ауырсынуы сияқты) препаратты қабылдауды тоқтатқан соң немесе мөлшерін төмендеткен соң мүлдем жойылып кетеді. Алайда, науқас өміріне қауіп төндіретін, ауыр жанама әсерлер де кездеседі (бауырдың, бүйректің зақымдануы, қан түзілу бұзылыстары – апластикалық анемия және тағы басқалар). Науқастардың шамамен 0,5-5% дәрілік заттардың жанама әсерінен зардап шегіп, ауруханалық емді талап етеді.

Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің даму қаупін төмендету үшін не істеу қажет?

Ол үшін, препаратты қабылдамас бұрын қолдануға болатындығы не болмаса болмайтындығы туралы дәрігерден кеңес алған жөн. Дәрігер науқасқа дәрілік затты тағайындамас бұрын, мүмкін болатын қауіпті бағалап (нұсқауда немесе анықтамалықта көрсетілген «Қарсы көрсеткіштер», «Жанама әсерлер», «Сақтық шаралары» графаларымен танысып) науқас денсаулығына қауіпсіздігін бағалайды.

Екіншіден, науқастың өзі де препаратты қолдану нұсқауымен әсіресе, «Қарсы көрсеткіштер», «Жанама әсерлер», «Сақтық шаралары», «Мөлшерден тыс қолдану», «Ерекше нұсқаулар» графаларымен мұқият танысқаны жөн. Қорыта келгенде, дәрігердің жазып берген нұсқауын қатаң түрде орындап, өз денсалықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір сүру қағидалары бойынша өмір сүргеніңіз жөн.

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ! Жанама әсер дами қалған жағдайда «дабыл картасын» толтыру үшін, міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізге не болмаса, препаратты сатып алған жердегі фармацевтке хабар бергеніңіз жөн.

Наши рекомендации