Формулалар енгізу

F26 ұяшығына формула енгізіңіз.

1. Курсорды осы ұяшыққа апарып қойыңыз.

2. Саймандар панелінен функциялар мастерінің ¦xбатырмасын таңдаңыз.

3. Сол жақ тізімнен функция түрін таңдаңыз: логикалық.

4. Оң жақ тізімнен функция атын таңдаңыз: ЕСЛИ.

Экранда формулалар палитрасыпайда болды.

§ Алғашқы жолға D6=5 өрнегін жазыңыз

§ Екінші жолға - 1

§ Үшінші жолға - 0

§ ОК батырмасын басыңыз.

Осылайша, формулалар жолындаформула пайда болады: =ЕСЛИ(D6=5;1;0). Бұл дегеніміз: егер бірінші студенттің бағасы «5» (біздің жазуда D6=5) болса, онда F6 ұяшығында 1, ал кері жағдайда 0 пайда болады.

Осы түрде келесі ұяшықтарға формулалар енгізіңіз:

• G6: =ЕСЛИ(D6=4;1;0)

• H6: =ECJIИ(D6=3;1;0)

• I6: =ЕСЛИ(D6=2;1;0)

• J6: =ЕСЛИ(D6="келмеген";1;0)

Осы формулаларды әрбір студент үшін осылай енгізіп отырмау үшін формулаларды көшіруге болады. Ол үшін F6, G6, Н6, I6, J6 ұяшықтарын белгілеп, саймандар панелінен Копировать батырмасын шертіңіз, формулалар орналасуы қажет барлық жолдар мен бағандарды белгілеп, саймандар панеліндегі Вставить батырмасын шертіңіз. Барлық белгіленген ұяшықтар автоматты түрде формулалармен толтырылады. F, G, H, I, J бағандарында студенттің алған бағасына сәйкес 0 мен 1 сандары пайда болады. Формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.

Алынған бағалардыңнақты бір түрінің суммалық санынанықтау өзгеше орындалады. «Өте жақсы» бағаларын есептеу үшін тышқан гұсқағышын D22 (B22-ге қарсы) ұяшығына орнатыңыз. Функциялар мастерін шақыртып келесі параметрлерді таңдаңыз:

1. функция категориясы: математикалық;

2. функция аты: СУММ;

3. ОК.

Экранда формулалар палитрасыпайда болды. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы (қызыл стрелка) шертіңіз, палитра жинақталады. F6 ұяшығын белсендіетіп, тышқан батырмасын басып тұрып курсорды F бағанының бойымен F35 ұяшығына дейін тартыңыз. Жинақталған палитраны енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы қайта басу арқылы ашыңыз. Палитраның бірінші жолында автоматты түрде жазылған формуланың дұрыс жазылуын және сумманың дұрыстығын тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс болса (қате тек ұяшықтар дұрыс белгіленбеген жағдайда болады), ОКбасыңыз. D22 ұяшығында өте жақсы бағалардың суммасынемесе =СУММ(F6:F20) формуласы пайда болады. Осы тәсілмен басқа бағалардың санын есептеңіз.

Барлық алынған бағалардың суммасын да (БАРЛЫҒЫ) осылайша есептеуге болады немесе Автосуммабатырмасының көмегімен есептеуге болады:

§ Курсорды D27 ұяшығына орнатыңыз;

§ «S» (Автосумма) батырмасын шертіңіз;

§ бағалардың барлық түрлерінің суммасын есептеу үшін ұяшықтарды белгілеңіз (D22:D26);

§ Enter.

D27 ұяшығында бағалардың жалпы саны (20) немесе =СУММ(D22:D26) формуласы пайда болады.

Барлық формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.

2.Енді «Стипендия» бетін толтырамыз. Формулаларды қолданып стипендия тағайындалуынесептейміз.

«Стипендия» бетін ашыңыз. В1 ұяшығына кесте атын енгізіңіз: «СТИПЕНДИЯ», В2 ұяшығына – «минимум», С2 – «стипендия», D2 - 2000 (минимал стипендия мөлшері). A5 және B5 ұяшықтарынан бастап, А20 және В20 ұяшықтарына дейінгі А бағанын (студенттердің реттік нөмірлерімен) және В бағанын (студенттер фамилияларымен) «Шаблон» файлынан көшіріңіз. Қосымша бағандар қосыңыз: «Орташа балл» (C5 ұяшығы), «тапсырылған емтихандар саны» (D5) және «Стипендия» (E5).

Студенттің орташа балын есептеу үшін С6 ұяшығына орташа балдыесептеу формуласын енгізу керек. Бұны келесідей орындаңыз:

§ Тышқан нұсқағышын С6 ячейкасына орнатыңыз;

§ Функциялар мастерібатырмасын шертіп, диалогтық терезеде параметрлерді таңдаңыз:

1. функция категориясы: статистикалық;

2. функция аты: СРЗНАЧ;

3. ОК.

Экранда формулалар палитрасыпайда болады.

§ Курсорды бірінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан1 бетінің ярлыгын шертіп, бірінші студенттің бірінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ячейкасына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз.

§ Курсорды екінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан2 бетінің ярлыгын шертіп, бірінші студенттің екінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ячейкасына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз.

§ Курсорды екінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан3 бетінің ярлыгын шертіп, бірінші студенттің үшінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ячейкасына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз.

§ Жазылған формуланың дұрыстығын (таңдалған ұяшықтардың дұрыстығын) тексеріңіз. Қате болмаған жағдайда - ОК.

С6 ячейкасында =СРЗНАЧ('Емтихан1'!D6;' Емтихан1(2)'!D6;' Емтихан1(3)'! D6) формуласымен анықталған бірінші студенттің орташа баллының мәні көрсетіледі.

С бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Ол келесі әдіспен орындалады: С6 ұяшығын белсенді етіңіз, нұсқағышты ячейканың оң жақ төменгі бұрышына орналастырыңыз, тышқан нұсқағышы крест түріне ие болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты қажетті өлшемге дейін созыңыз (ақырғы студентке дейін - С20). Ұяшықтар автоматты түрде әрбір студентің орташа баллының мәндерімен толтырылады.

Кейбір ұяшықтарда орташа балл бірнеше ондық цифрдан тұрады. Бізге ондық санның біреуі ғана жеткілікті болғандықтан, нұсқағышты қажетті ұяшыққа апарып, Форматированиесаймандар панеліндегі «Уменьшить разрядность»батырмасының көмегімен қалған ондық сандарды алып тастауға болады.

Әрбір студенттің тапсырған емтихан санын есептеуүшін D6 ұяшығына Функциялар мастерініңкөмегімен құрылған формуланы енгіземіз.

§ D6 ұяшығына тышқан нұсқағыгын орнатыңыз;

§ Функциялар мастерібатырмасын шертіп, диалогтық терезеден параметрлерді таңдаңыз:

1. функция категориясы: статистикалық;

2. функция аты: СЧЕТ;

ОК.

Экранда формулалар палитрасыпайда болады.

§ Нұсқағышты бірінші жолға орнатыңыз. Палитраны жинаңыз. Емтихан1 бетінің ярлыгына шертіп, бірінші студенттің бірінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ячейкасын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз.

§ Курсорды екінші жолға қойып, палитраны жинаңыз. Емтихан1(2) бетінің ярлыгына шертіп, бірінші студенттің екінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ячейкасын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз;

§ Курсорды үшінші жолға қойып, палитраны жинаңыз. Емтихан1(3) бетінің ярлыгына шертіп, бірінші студенттің үшінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ячейкасын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз;

§ Жазылған формуланың дұрыстығын (әрбір студенттің тапсырған емтихандар санын есептеу ұяшықтарының таңдалу дұрыстығын) тексеріңіз. Қате жоқ болған жағдайда – ОК басыңыз.

D6 ұяшығында =СЧЕТ('Емтихан1'! D6;'Емтихан 1(2)'! D6;'Емтихан 1(3)'! D6) формуласымен есептелген бірінші студенттің тапсырған емтихандарына сәйкес сан шығады.

D бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Ол келесі әдіспен орындалады: D6 ұяшығын белсенді етеміз, нұсқағышты ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына орналастырамыз, тышқан нұсқағышы крест түріне ие болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты қажетті өлшемге дейін созамыз (ақырғы студентке дейін – D20). Ұяшықтар автоматты түрде формуламен толтырылады. Әрбір фамилияға қарсы тапсырылған емтихандардың саны шығады.

Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып және формулаларды енгізуден алынған тәжірибелерді қолданып, студенттің стипендиясының мөлшерін есептейтін формуланы Е6 ячейкасына енгізіңіз:

=ЕСЛИ(И(С6>=4,5;D6=3);$D$2*1,5;ЕСЛИ(И(С6>=4;D6=3);$D$2;0)).

Формуланы енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталатынын ұмытпаңыз.

Бұл формуланы Е бағанының барлық ұяшықтарына көшіріңіз(35 жолға дейін). Үлгеріміне байланысты әрбір студентке стипендияны тағайындау автоматты түрдежүзеге асырылады.

Наши рекомендации