Сүйектердің жіктелуі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Орындаған: Орынбасарова А.
Тобы: 101 А ЖМ
Абылдаған: Мурзанова Д.А.
Шымкент – 2017
Жоспар
Кіріспе
Сүйек және сүйектің құрылысы туралы жалпы түсінік.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сүйектің дамуы.
2. Сүйектердің жіктелуі.
3. Сүйектердің қартаюы.
4. Сүйектің құрылысы мен дамуына еңбектің, дене шынықтыру мен әлеуметтік жағдайлардың әсері.
ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Сүйек жүйесі сүйек өсуінің функционалдық ерекшеліктері. Қалыпты реакцияның маңызы, спортшылардың сүйектерінің адаптациясы. Жалпы және жергілікті сүйектердің қайта құрылуы. Бас сүйегінің, кеуде, қол – аяқ сүйектерінің адаптациялық өзгерісі.Сүйек байланыстары. Фиброзды, шеміршекті байланыстарының өзгеруі спортшылардың буынындағы компоненттердің өзгеруі. Буын беткейлері, буын қалтасы. Спортшылардың буындарының қозғалу топографиясы ұнамдық өзгеруі. Бұлшықеттердің сыртқы формасының өзгеруі: көлемі, ұзындығы, эндомизия, перимизия құрлымы спортшылардың бұлшықет топографиясы. Физикалық жаттығуларды орныдау барысында, ағзаға жүктеме түседі, ол функционалдық реакциялардың жауабын тудырады жүктемелердің интенсивтілігіның көрсеткіші ретінде, жүректің жиырылу жиілігінен білуге болады.
Эндрокринді бездердің гормондарының қанға бөлінуі бір уақытта жоғарлайды. Ол барлық ағзалардың зат алмасуды жиілетеді. Бұлшықеттердің жұмысы жиірек болғанда, қан айналу күшейтуі жаттыққан жүрек бұлшықеттері, қан сосудтарының жақсы торланған.Сүйек және сүйектің құрылысы туралы жалпы түсінік
Сүйек-мүше.Сүйек, os, ossis, тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше тіндерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек тіні.
Сүйектің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері. Сүйек заты химиялық заттардың екі түрінен тұрады: органикалық заттар (1/3) – негізінен оссеин және биорганикалық заттар (1/3) –негізінен кальций тұздары, әсіресе фосфорқышқылды ізбес (51,04 пайыз). Егер сүйекке қышқыл ерітінділерімен (азот, тұз және басқа) әсер етсек, ізбес тұздары еріп кетеді де (decalcinato), ал органикалық зат ерімей қалып, бірақ жұмсақ және серпінді күйде сүйектің пішінін сақтайды. Егер сүйекті күйдіретін болсақ, онда органикалық зат жанып кетіп, ал бейорганикалық зат сақталып қалады, бірақ өте сынғыш түрде сүйектің пішіні мен қаттылығын сақтайды. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекте аралас болуы оған аса беріктік пен серпімділік қасиет береді.
Лупамен немесе микроскоптың шамалы үлкейтуімен көрінетін сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшалары жүйесі болып табылады.
Остеондар бір-біріне тығыс жабысып жатпайды, олардың арасы сүйек аралық табақшалармен ь\толтырылған. Остеондар жүйесіз емес, сүйекке түсетін функционалдық жүктемеге сәйкес орналасады: жілікті сүйектерде сүйектің ұзына бойына параллельді, кемікті сүйектерде-вертикальді білікке перпендикулярлы, бас сүйектің жалпақ сүйегінде сүйек бетіне параллельді және сақиналы (радиалды) орналасады. Остеондар аралық жасушалармен бірге ішінен (эндост жағынан) сүйек табақшаларының ішкі қабатымен, ал сыртынан (периост жағынан) қоршайтын табақшалардың сыртқы қабатымен жабылған сүйек затының негізгі ортаңғы қабатын түзеді.
Сүйек ұяшықтарында жілік майы – қан жасау және организмді биологиялық қорғау ағзасы болады. Ол сүйектің қоректенуі мен дамуына және өсуіне қатысады. Жілік сүйектерде жілік майы осы сүйектердің қуысында болады, сондықтан оны жілік май қуысы, cavitas medullaris деп атайды. Сонымен сүйектің бүкіл ішкі кеңістігі ағза ретіндегі сүйектің ажырамас бөлігін құрайтын жілік майымен толтырылған.
Сүйек ұяшықтарында жілік майы – қан жасау және организмді биологиялық қорғау ағзасы болады. Ол сүйектің қоректенуі мен дамуына және өсуіне қатысады. Жілік сүйектерде жілік майы осы сүйектердің қуысында болады, сондықтан оны жілік май қуысы, cavitas medullaris деп атайды. Сонымен сүйектің бүкіл ішкі кеңістігі ағза ретіндегі сүйектің ажырамас бөлігін құрайтын жілік майымен толтырылған.
1.Эндесмалды сүйектену (en- ішкі, desme- байланыстырғыш) алғашқы, жабынды сүйектердің дәнекер тіндерінде жүреді.
Болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер тінінің белгілі бір бөлігінде остеобласттардың әрекеті нәтижесінде сүйекті заттың аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады. Бірінші орталықтан сүйектену үрдісі сүйекті заттың шет жақтарына қарай үстемелей өсуі (аппозиция) арқылы сәуле тәрізденіп жан-жаққа таралады.Жабынды сүйек қалыптасатын дәнекер тіннің беткі қабаттары сүйек қабығы түрінде қалады, сүйек қабығы жағынан сүйек қалыңдап өседі.
2.Перихондралды сүйектену (peri - айнала, chondros - шеміршек) шеміршек қабығының (perichondrium) қатысуы мен сүйектің шеміршекті бастамаларының сыртқы бетінде жүреді.
Болашақ сүйек пішінді мезенхималық бастама шеміршек тінінен тұратын және сүйектің шеміршекті моделі сияқты «сүйекке» айналады. Шеміршекті сыртынан жабатын шеміршек қабығы остеобласттарының әрекеті нәтижесінде оның бетінде, шеміршек қабығының астында сүйек тіні пайда болып, ол бірте-бірте шеміршек тінді ығыстырып, тығыз сүйек затын түзеді.
3.Периосталды сүйектену сүйектің шеміршекті моделінің сүйекті модельге ауысуымен шеміршек қабығы сүйек қабығына айналып (periosteum), сүйек тінінің одан әрі қарай өсуі сүйек қабығының есебінен жүреді. Сондықтан перихондралды және периосталды остеогенездер бірінен соң бірі жүреді.
4.Эндохондралды сүйектену (грекше endo - ішкі, chondros - шеміршек) тамырлары бар шеміршек бастамаларының ішінде жүреді. Сүйектүзуші тін тамырларымен бірге шеміршек қабатына ене отырып, алдын ала ізбестенген шеміршекті бұзып, сүйектің шеміршектің моделінің орталығында сүйектену нүктесін түзеді. Эндохондралды сүйектену үрдісінің орталықтан шетке қарай таралуы кемік сүйек затын түзуге әкеледі. Шеміршек сүйекке тікелей айналмайды, ол бұзылып, жаңа сүйек тінімен алмасады.
Сүектенудің сипаты мен реті де организмнің қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты.
Балаларда, жас өспірімдерде, тіпті ересектерде қосымша сүйектену аралшықтары пайда болып, олардан бұлшықеттер мен байланыстырғыштардың бекуінен ауырлық түсетінсүйектің бөліктері сүйектенеді, олар апофиздер деп аталады.Мысалы, ортан жіліктің ұршығы немесе тек ересектерде ғана сүйектенетін бел омыртқалар өсінділеріндегі қосымша нүктелер.
Сүйектердің жіктелуі
Қаңқада мынадай бөліктерді ажыратады:
тұлға қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, төс);
бас қаңқасы (бассүйек пен бетсүйектері);
қол-аяқ сүйектері – иық белдеуі (жауырын, бұғана);
жамбас белдеуі (жамбас астауы);
қол сүйектері (тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол ұшы);
аяқ сүйектері (ортан жілік, сирақ сүйектері, аяқ ұшы);
Ересек адамның қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан және тақ, қалғандары - жұп сүйектер.
Сыртқы пішіні жағынан сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ және аралас болады.
Сүйектің қартаюы
Қартайғанда сүйек жүйесі едәуір өзгеріске ұшырайды. Бір жағынан, сүйек табақшалары санының азайып, сүйектің босауы (остеопороз) байқалады, екінші жағынан, сүйек өсіндісі (остеофиттер) түрінде сүйектің артық пайда болуы және буын шеміршегінде, байламында және сіңірлерінің сүйекке бекитін жерінде ізбестену жүреді. Осыған сәйкес сүйек – буын аппаратының қартаюының рентгендік суреті мынадай өзгерістерден құралады, оларды патологиялық белгілер деп түсінбеу керек.
1. Сүйек заты солынуына байланысты өзгерістер:
а) остеопороз (рентгенограммада сүйек мөлдірлеу көрінеді);
ә) буын бастарының деформациясы (дөңгелек пішінінің жоғалуы, жиектерінің «мүжілуі», «бұрыштар» пайда болуы);
2. Сүйекке жанасқан дәнекер тінді және шеміршекті түзілістерде ізбестің артық мөлшерде жиналуы; сіңірлердің бекіген жерлерінде ізбестену әсерінен кедір – бұдырдың көбеюі; сүйек өсінділері байламдардың сүйекке бекитін жерлерінде ізбестенуі салдарынан түзілетін остеофиттердің болуы.