Мотивация
Ф КГМА 1-8-21/02
МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г
Арағанды мемлекеттік медицина академиясы
Физиология кафедрасы
Д Ә Р І С
Тақырып: «Мотивациялар»
«Физиология-1» пәні
051301 «Жалпы медицина» мамандығы
2 курс
Уақыты 1 сағат
Қарағанды 2008 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама _____________ 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева
· Дәрістің тақырыбы: «Мотивациялар»
· Дәрістің мақсаты:биологиялық мотивациялардың қалыптасуының механизмі мен олардың түрлі қызметтік жүйелерді қалыптастырудағы маңызын талқылау.
· Дәрістің жоспары:
1. Мотивацияға анықтама.
2. Мотивацияларды жіктеу.
3. Әлеуметтік мотивациялар.
4. Биологиялық мотивациялардың жалпы қасиеттері.
5. Мотивацияның теориялары.
6. Биологиялық мотивациялардың қалыптасу механизмі.
7. Мотивациялар мен эмоциялар.
8. Мотивациялар мен есте сақтау.
Мотивация
Мотивация биологиялык, және әлеуметтік болып бөлінеді. Түрлі сезімдерге ішкі жетекші қажеттілігін қанағаттандыру үшін талаптануы. Ми құрылымында іріктелген козудың негізінде қа-лыптасқан мотивация олардың мақсатты іздену мінезін тудырады.
Биологиялық мотивациялар (ашығу, шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата-аналық, жылулық т. б.) организмнің жетекші мүқтаждықтарын қанағаттандыруға бағьтталады. И. П. Павлов мотивацияның бүл тобын организмнің негізгі әуестігі деп атады. Бұлардың барлығы да туа пайда болады және тұқым қуалау негізінде қалыптасады.
Дегенмен көптеген мотивация П. А. Анохиннің системогенез ілімі бойыінша іріктеліп, дәйекті түрде әрбір жас кезеңдерінде жетіледі.
Биологиялық мотивация көбінесе, организмдегі зат алмасудың қалыпты көрсеткіштер өзгерістеріне байланысты, ішкі ортаның тікелей себептерінен туадыг (нәрлі заттардың мөлшері, осмостыік. қысым, гормондар т. б.). Осы гомеостаздық көрсеткіштердің өзгеруі салдарынан организмнің ішкі мұқтаждығы пайда болады. Сөйтіп тканьдегі және гуморальдық өзгерістер биологиялық мотивацияцың материялық түрткісі болады.
Биологиялық мотивация арнайы сыртқы түрткілердің әсерімен де туады. Қейде оны күрделі шартсыз рефлекс пен инстинктің қатарьша жатқызады. Алайда мотивацияның рефлекспен салыстырғаида салалы өзгешеліктері болады.
Адамнын, әлеуметтік дәрттері: білім алу, мамандық игеру, көркемөнер, әдебиет танымы, биологияльгқ мотивациядан ерскше, қоғамдык тәрбие арқылы қалыптасады.
Биологиялық және әлеуметтік тұрғыда жетекші мұқтаждық әр уақытта үстемдік етеді де, ал қалғандары иерархиялық тәуел-дікпен соған жапсарласады. Сондықтан мотивациялық қозудың А. А. Ухтомский ашқан доминант қүбылысымен көп ұқсастығы бар. Организмнің үстемді мұктажы туралы жүйке және гуморальдық сигналы мидың белгілі зонасына — гипоталамусқа, көк ноқат аймағына, ортаңғы мидын торлы кұрылымына бағытталатындығы аныкталды. Ми қыртысы астында мотивация орталы-ғының қозуы триггерлік (жүргізгіш) механизм аркылы пайда болады. Ол аумалы деңгейге дейін жинақталган нейрондардың белгілі серпіністерінен туады да, қашан мұқтаждық қанағатталғанша сақталады.
Мотивациялық қозу — мидың ерекше бірлестірілген жагдайы. Өнткені ол мидық іс-әрекетін қосатын орталық және аралық ми қүрылымдарынан жогары өрлейтін ықпалдың туындысы.
Мотивациялық қозудың физиологиялык ерекшеліктерін П. К. Анохин зерттеді. Адамньгн, жоғары дәрежелі мотивациясы, оның түсінігі бойынша, орталық жүйке жүйесінде бұрынғц жеке тәжірибе ескеріліп, ішкі және сыртқы әсерлер негізінде туатын қозудыц сезгіштік механизмдерінен қалыптасады.
Мотивацияның өзгешеліктері ми қыртысы мен оның астыңғы бөліктерініқ ерекше бірлестігіне байланысты болады. Өйткені мидың әртүрлі' құрылымы, олардағы күрделі химиялььқ заттар мотивация көрінісіне өзіндік үлестерін қосады.
Мотивациялық әсерленіс туатын қүрылымда гипоталамус ерекше және жетекші орын алады. Мәселен, үлкен ми сыңарлары қыртысының немесе лимбия жүйесінің әртүрлі бөлімдері бүлінсе, биологиялық мотивация көп өзгеріске үшырамайды. Ал гипоталамус орталықтары бұзылса, ол толық жойылады. Сөйтіп гипоталамустың латеральды бөлімі аштық орталығы, ал вентро-медиальды белімі тоқтық орталығы екендігі дәлелденді.
Сонымен қатар, мотивацияны реттейтін гипоталамустың өзі басқа құрылымдардың бақылауында болады. Көбінесе гипоталамустың қызметін лимбия жүйесіне жататың бадамша ядро (амигдала) ұйымдастырады және қадағалайды. Оның әрекеті сыртқы ортаның түрткілері мен мұқтаждықты қанағаттандыру жағдайына байланысты. П. В. Симоновтың айтуынша, бадамшанық негізгі әрекеті — бірінші кезектегі қанағаттандырылатын үстемді мұқтаждықты ажырату. Гипоталамус ми қыртысының маңдай белігімен тығыз байланысты.
Биологиялық мотивацияның шыруында, дамуында және калыптасуында гипоталамустың пейсмейкерлік («ырғақ беруші») ролі өте зор. Гипоталамустың мотивациялық орталықтары мидын, басқа деңгейіндегі құрылымдарын әрекеттік тәуелділікте үстайды. Алайда организмнің тиісті мұқтаждығы негізін қанағаттандыратын әрбір мотивациялық козудың құрылымында филогенездік және онтогенездік көріністер, себепкер тітіркендіргіштердің жетекші қасиеттері білінеді. Өйткені әрбір тітрікендіргш мотивация қозуыныц құрылымында өзшің тиісті ізжазбасын (энграмма) қалдырады. Ол әрбір мотивациялық қозу алдында қайта жаңғы-рыи отырады. Сөйтіп, болмысты алдан бейнелеу мотивациялық кұбылыстардын бүрынғы ныгаю негіздерінен қалыптасады.
Организмнің үстемді мұқтаждырын өтейтін нәтижені болжау аппаоаты жылжымалы болып қүралады. Мысалы, тагамдық мотивация пайда болранда ми сыңарының көру аймағы тагамның түрсипатын, соматосенсорлық (денесезу) аймағы тағамға тиіскенді, иіс сезу аймағы тарамның иісін, таламус ауыз куысына түскен тағамды, гипоталамус асказанға түскен тағамды, торлы кұрылым тағам құрамындағы химиялық (әсіресе амин қышқылдары) заттардың әсерін қабылдайды. Осы сияқты барлық мұқтаждықты қанағаттандырудың бағдарламасы жасалады. Айта кететін жай, жаңа туған перзенттерде және туа біткен инстинкт бағдарламасымен қимылдайтын жануарлар төлдерінде болмысты алдан бейнелеу көлемі өте аз болады.
Әртүрлі сапалы биологиялық мотивацияньгң биохимиялық негіздері бірнеше топты белсенді заттар: нейромедиаторлар (ацетилхолин, серотонин, дофамин, норадреналин т. б.), ішкі сөлініс бездерінің гормондары мен жүйке тканьдері түзетін нейрогормондар. аркылы қалыптасады. Олар қаң, лимфа, ткань және жұлын сұйықтыры арқылы орталық жүйке жүйесі мен ішкі ағзаларға әсер етеді.
Ерекше топқа өте жоғарьг биологиялық белсенділігі бар ней-ропептидтер жатады. Олардын. ең басты ерекшелігі полифункциялық (көпәрекеттік) қасиеті. Нейропептидтер мидыц көптеген қызметін реттеуге қатысады. Әралуан жүйке құрылымын бірлестіріп, тағамдық мінездің әрекеттік жүйесіи құрайтын нейропептидтер ролін алрашқыда К. В. Судаков ашты. Адам мен жануарлардың гипоталамус пен лимбия жүйесі қүрылымында нейропептидтік жаратылысы бар заттардыц мол шогырланысы байқалады. Олар биологиялық мотивация туғызатып орталық тетіктерде белсенді қатысады.
Тағамдық және ішулік мотивациясы ашығу немесе шөлдеу кейбір апиын-опиаттардың (морфин) әсерінен күшейеді, ал бұларды тежеуші (налоксон, наптрексон) керісінше су мен тағам кабылдауды төмендетеді.
Мотивация медицина мен педагогикада өте маңызды орын алады. Қісінің жеке және қоғамдық тілектерінің қалыптасуы, әртүрлі ауытқулар биологиялық мотивацияның туа біткен тетіктенуіне байланысты болады. Адам мінез-құлығының қалыптасуына әлеуметтік дәрттер әсер етеді. Қөрнекті әлеуметтік мотивация: жеке адамның мақсатты ісін айқыпдап, оның адамгершілік қасиеттерін және рухани күйін заң тәртібіне, мұратына сәйкес қалыптастырады. Сонымен жоғары дәрежелі мотивация әрбір-адамның өмірлік тәжірибесі, тәлім-тәрбиесінің нәтижесі болып танылады. Бүл процестер адамның және эволюциялык жогары орын алатын жануарлардьвд, міпездік әсерленісі биғат жағдайларына сезімталдығын қамтамасыз ететін жүйке іс-әрекеті арқылы аткарылады.
· Иллюстрациялық материал:
1. Мотивациялар.
2. Папецтің эмоциялық шеңбері.
3. П.К.Анохиннің қызметтік жүйесі.
· Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.
· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Мотивация деген не?
2. Мотивациялардың түрлері.
3. Әлеуметтік мотивациялар.
4.Биологиялық мотивациялардың жалпы қасиеттері.
5. Мотивациялар теориясы.
6. Биологиялық мотивациялардың қалыптасу механизмдері.