Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
Жаратылыстану ғылымдары, биология ғылымдарының классификациясына анықтама беріңіз.
Жаратылыстану ғылымдары —табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын, дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды
Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады:
1) физика, химия;
2) биология, ботаника, зоология;
3) анатомия, физиология, генетика;
4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық);
5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады.. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.
Биология
Бұл дисциплиналар тобына кіретін ғылым салалары тірі ағзалармен байланысты пайда болатын құбылыстарды зерттейді. Биологияның зерттеу аясына биофизиканың суб-компоненттерінен бастап экологияның күрделі жүйелеріне дейінгі бірліктер кіреді. Биология ағзалардың сипаттамаларын, классификациялануын және олардың іс-әрекеттерін, түрлердің пайда болуын және олардың бір-бірімен байланысын қарастырады.
Биология тарихындағы кейбір маңызды оқиғалара: генетиканың ашылуы; Дарвиннің түрлердің табиғи сұрыпталуы туралы теориясы; аурулардың микробтық теориясы және химия мен физиканың әдістерін жасушалар мен органикалық қосылыстар молекулаларын зерттеуде қолдану.
Заманауи биология ағзалардың түріне және зерттелу деңгейіне байланысты бірнеше қосымша дисциплинаға бөлінеді. Молекулалық биология ағзалардың химиялық құрамын зерттейді, ал цитология жасушаны зерттеумен айналысады. Жоғарғы деңгейде орналасқан физиология ағзаның іш құрылысын зерттейді, ал экология түрлі ағзалардың қарым-қатынасын қарастырады.
Химия
Химия табиғаттағы заттарды атомдық және молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясына газдар, молекулалар, кристаллдар және металдар сияқты атомдар жиынтықтары кіреді. Ол заттың химиялық құрамын, статикалық қасиеттерін, басқа затқан айналуын және байланысты реакцияларды қарастырады.
Физика Астрономия
Жаратылыстану заңдары
Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады. Энергияның сақталу және айналу заңының, Эйнштейннің салыстырмалық теориясының, Дарвиннің эволюциялық ілімінің жасалуы, сондай-ақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механика, генетика, кибернетика, астрофизика, т.б. жедел дамуының нәтижесінде философия ғылымы теориялық жағынан байытыла түсті. Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі болып табылады
.
Жаратылыстану –табиғатты жанжақты, әрі біртұтас зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Оның құрамына физика, химия, биология және психология енеді. Техникалық ғылымдар сияқты әлемді өзгертуге кіріспейді, оны тұтас тануды мақсат етеді, математика ғылымы тәрізді белгілер жүйесін зерделемейді, табиғат жүйесін тануды мақсат етеді. Жаратылыстану ғылымның танып білу құрылымы төмендегідей: тәжрибелік дерек –ғылыми дерек бақылау –нақты тәжрибе –модельдік тәжрибе –нақты тәжрибе нәтижелерінің тіркеу –тәжрибе нәтижелерін жинақтап қорыту қалыптасқан теориялық білімдерді тиімді пайдалану –бейне –ғылыми болжам қалыптастыру –оны тәрибеде тексеру –қажет болған кезде қосымша болжамдар енгізу
Жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын зерттеу әдістері туралы жазыңыз.
1. Ғылым пайда болғаннан бергі 2,5 мың жыл бойы ол ұдайы дамуда, өйткені ол адамның үздіксіз дүниетану процесінің, бүгін білмегенді ертең білуге бағытталған практикалық іс-әрекетінің нәтижесі, қорытындысы. Ғылым мазмұны жағынан тереңдей түсіп, көлемі жағынан ұлғая түседі. Бірақ ғылымның даму процесі әрдайым біркелкі жүре бермейді. Ғылымның пайда болуы біздің эрамызға дейінгі VI-Vғғ.деп есептеледі. Өйткені оның тууына қажетті тарихи-әлеуметтік жағдайлар осы кезде қалыптасты. Ғылымның даму логикасын ашу дегеніміз ғылыми прогрестің заңдылықтарын, оның дамытушы күштері, себептері мен тарихи байланыстарын анықтау деген сөз.
. Оның ғылыми жолы- салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.
Әдістеме дегеніміз – қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.
Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.
Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал бұның өзі барлық зерттеушілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.
Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.
Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық әдістемелер болып бөлінеді.
Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) формальды – зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме – бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.
Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау – объективті жағдайдың құбылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау – объектілер тәралы мәліметтерді тіл құралдары арқылы жеткізу; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері мен жақтары бойынша салыстыру; эксперимент (тәжірибе) – құбылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларды зерттеулер жүргізу.
Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:
1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге бөлу;
2) синтез – заттың бұрыннан жіктелген жеке құрамдас бөліктерін бір тұтас жүйеге біріктіру;
3) астракциялау – зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;
4) қорытындылау – нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;
5) индукция – жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;
6) дедукция – жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;
7) аналогия – объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де ұқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;
8) жобалау – объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;
9) классификациялау – барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.
Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын орташа мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі жаратылстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.
Ылым дегеніміз не?
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.
Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.
Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.
Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.
Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.
Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.