Бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Алып тасталды - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
3) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
5) мыналарды:
тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
6) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында өндіру объектілері мен ішкі сауда объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
7) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;
8) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін интернет-ресурстарда орналастыру;
9) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамада белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
10) осы Заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
11) өндіру объектілерінің және ішкі сауда объектілерінің есебі және мониторингі;
12) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу;
13) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
14) мыналарды:
тамақ өнімдеріне оның қауіпсіздігін айқындау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беруі;
тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы;
балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу;
тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
3) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу;
8) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
9) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринарлық құжаттар беру;
10) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және мониторингті жүзеге асыру;
13) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
14) мыналарды:
тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;
15) осы заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
16) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын рәсімдерді қоспағанда, тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына тамақ өнімінің сәйкестігін оны өткізу сатысында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.