Бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

1) кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

2) кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;

4) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

6) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;

7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) өңірлік индустрияландыру карталарын әзірлейді және бекітеді;

3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырушы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;

7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;

8) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлім. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Тарау. Кәсіпкерлік саласындағы рұқсаттар мен хабарламалар

Бап. Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесі

1. Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыратын қызметтің немесе іс-әрекеттің жекелеген түрлеріне рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу кезінде жасалады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органның, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, рұқсат беруші органдарды, мемлекеттік органдардыреттейтін, информатизация саласындағы уәкілетті органныңқұзыреті «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде белгіленеді.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелетін қатынастарға қолданылады.

Наши рекомендации