Дәнді себу және өнімді жинау кезеңін күте білу

ҮІІІ-шарт: «Өз наныңды суға ағызып жібер, өйткені

көптеген күндер өткен соң сен оны қайтадан тауып аласың».

Еккл 11:1

.

Осы аяттағы «көптеген күндер өткен соң» деген сөздер дәнді құнарлы топыраққа сепкеннен соң өнімді жинағанға дейін біршама уақыттың өтетінін көрсетіп тұр.

Иса тағы да былай деді:

« - ... біреу егіндікке тұқым сеуіпті. Ол, ұйықтап жатсын, не жүріп-тұрсын бәрібір, тұқым күні-түні көктеп өсе береді. Әлгі адам оның қалай өсіп жатқанын түсінбейді. Жер өздігінен алдымен көк өскінді, содан кейін масағын шығарып, соңынан масақты дәнмен толыстырады. Егін толысып піскенде оратын мезгілі жетіп, диқан оған дереу орақ салады». Мр 4:26-29.

Біздің Құнарлы топыраққа сепкен дәніміз де дәл осылай ұйықтап жатсақ та, жүріп-тұрсақ та бәрібір көктеп өсе береді. Біз Құдайдың осы уәдесіне рухымызда күмәнсіз сеніп күте білуіміз керек.

«Жалқауланбауларың үшін, бірақ сеніммен және шыдамдылық көрсетіп, уәде етілген игіліктерді иемденгендерден үлгі алыңдар!».

Евр 6:12.

«Енді біз әлі көрмеген нәрсеге үміт артқандықтан, оны шыдамдылықпен

күтеміз». Рим 8:25.

«Құдайдың еркін орындап, оның уәде еткенін алу үшін сендерге шыдамдылық көрсету қажет». Евр 10:36.

«Осылай Ыбырайым шыдамдылықпен күтіп, Құдайдың уәде еткендеріне ие болды». Евр 6:15.

Осы аяттардағы аса маңызды нәрсе Құдайдың уәдесіне сену және Оның уәде еткенін алу үшін шыдамдылықпен күте білу. Солай шыдамдылық көрсетіп күте білгендер ғана Құдайдың уәде еткендеріне қол жеткізеді. Ыбырайым Құдайдың ұл беремін деген уәдесін жиырма бес жыл күтті.

«Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп айтқанының іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сыйынып (Оның еркіне сай) не

сұрасаңдар да соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ».

Мр 11:23,24.

Бір сенуші Құдайдың осы уәдесін сынап көрмекші болып, ұйықтар алдында терезесінің алдында өсіп тұрған ағашқа жүз қадам ары көшіп барып «тұр» деп бұйырып, ұйықтап қалады. Таңертең қараса, ағаш бұрынғы орнында тұр екен. Ағаштың орнынан қозғалмағанын көрген сенуші: өзім де солай болатынын біліп едім деген екен (әрине, бұл ақиқат). Мұндай сеніммен күтіп, үміттену бекершілік.

«Ізгі хабардың жолына қаншама қаражат септім, бірақ ешқандай да өзгерістің болғанын көрмедім. Сеніммен сепкен дәннің отыз, алпыс, жүз есе өнім беретініне күмәндана бастадым» дейтіндер де бар. «... айтқанының іске асатынына... » яғни, аузымыздан шыққан сөздің іске асатынын күмәнсіз білуге тиістіміз.

Біздің аузымыздан: «...мол өнім алатыныма күмәндана бастадым...» деген сөз шыққан сәтте келе жатқан өнім тоқтап қалады немесе нөльге айналады.

«Ал сенім дегеніміз – үміттенгеннің жүзеге асатынына күмәнданбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану». Евр 11:1.

Өнім әлі де көрінбей тұр, бірақ біз көріп тұрғандай иланып сенсек, тіпті жариялап жүрсек және шыдамдылықпен күте білсек, онда күмәнсіз мол өнім аламыз.

Көптеген жағдайда күте білу осы дүниелік тәни болмысымызда аса ауыр. Сондықтан шыдамдылығымыз таусыла бастағанда, әдетте, лажсыздыққа (депрессия) беріле бастаймыз.

Лажсыздыққа душар болып қалмау үшін, тіпті лажсыздыққа душар болып қалғанның өзінде одан жеңіспен шығу үшін біз Киелі Рухтан үнемі көмек сұрап жүруге тиіспіз.

«Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай:

сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кең

пейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға

қарсы тұрмайды». Ғал 5:22-23.

Біздің мәсіхшілік өміріміз соңғы сәтіне дейін дәнді себу мен өнімді жинауға негізделген. Сондықтан «көрінбей тұрған уәденің орындалуын» үнемі «шыдамдылықпен» күте береміз. Біздің болмысымызда шыдамдылықты жетілдіретін Киелі Рух.

Сол себепті біз үнемі дұға жасап Киелі Рухтан көмек сұрап жүруге тиіспіз.

Дұға: «О, Қымбатты Киелі Рух! Сен менің ең ұлы көмекшімсің! Мен сенің көмегіңе аса мұқтажбын! Сенен жалбарынып сұранамын: менің бойымда Өзіңнің игілікті «жемісіңді» молынан жетілдіріп, Өзіңе ұқсата түсші! Дәнді себу мен өнімді жинау арасындағы күту кезеңінде күмәнданып, азғырылып қалмауым үшін, маған Өзіңнің Құдайлық шыдамдылығыңды молынан берші! Аумин!».

«Жақсылық жасап тұрып, жарылқанайық! Егер әлсізденбесек, игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз».

Ғал 6:9.

Рухани әлсіздену, біздің санамызға күмәндану кірген кезде басталады.

Сондықтан, Құдай Сөзіне күмән келтіретін әрбір ойды, санамызға кіре бастаған шыдамсыздықты, өзімізге берілген Құдайлық билікпен қууға тиіспіз. Себебі, Құдай Сөзіне деген күмәнді де, шыдамсыздықты да біздің санамызға құйып тұрған шайтан.

«Шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерде безіп кетеді».

Жақ 4:7.

«Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар. Сөйтіп, зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар». Еф 6:13.

Осылай шайтанға қарсы тұру, пісіп, оруға дайын тұрған егістігіңізді өрттен қорғап қалғанмен тең!

Қорытынды:

1. Дәнді себу мен өнімді жинау арасында Құдайдың еркіне сай уақыт өтуі тиіс.

2. Өнімді жинап алу уақытын шыдамдылықпен күте білуге тиістіміз.

3. Өнімді Құдай берген «рухани қару-жарақпен» (Өзіңіздегі бар мандаттарды пайдаланып) қорғай білуге тиіспіз.

Наши рекомендации