Себілген дәнді, өнімді жинаған кезге дейін баптап, мәпелеп, қамқорлап күту

ІХ–шарт:«... Ол ұйықтап жатсын, не жүріп - тұрсын, бәрі бір тұқым күні-түні көктеп өсе береді... ». Мк 4:26-27.

Осылай өздігінен ешқандай әрекет жасамай жүре беру, әрине, әрбір фермерге ұнамды болар еді. Фермер бос уақытын өзіне ұнаған іске жұмсап немесе демалып, егін орағын күтіп жүре берер еді. Біз ешқандай әрекет етпесек те, тұқымның көктеп өсе беретініне күмән жоқ. Бірақ бұл аятта мол өнім жайында ешнәрсе айтылмаған.

«Мен ектім, Аполлос суарды, ал Құдай өсірді». 1 Қор 3:6.

Осы аяттағы «... Аполлос суарды...» деген сөздер егінді баптап, мәпелеп, қамқорлап күтудің қажет екенін көрсетіп тұр. Еккен егіннен мол өнім алу үшін аса маңызды шараның бірі, еккен егінді баптап күту қажет. Ол үшін егінді суарып, тыңайтқыштар беріп, түбін қопсытып, арам шөптерді отап, әртүрлі паразиттерге, насекомдарға қарсы дәрілеп, қажырлылықпен көп еңбек етсек қана мол өнім жинап аламыз.

Осылай әрекет етпеген жағдайда:

«... Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды».

Мт 13:7.

Демек, мол өнім алудың негізгі кепілінің бірі: тынымсыз қажырлылықпен еңбек ету.

Бұл қағидалар осы дүниелік материалдық өмірімізге тән іс-әрекеттер. Дегенмен, рухани өміріміздегі іс-әрекеттеріміз де осыған ұқсас.

Айталық, егінді суару, тыңайтқыштар беріп, түбін қопсыту рухани өмірімізде қалай іске асады?

1. «Ең бастысы, Оның Патшалығының қамын ойлап, Оның әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің бұлардың бәрін қосып береді». Мт 6:33.

2. Осы аяттағы «... бәрін... » деген сөз біздің жердегі өмірімізге қажеттінің бәрін – тамақ, киім, баспана, жанұядағы ынтымақ, өміріміздегі барлық молшылықты толық қамтып тұр.

«Сонда көктегі Әкелерің бұлардың бәрін сендерге қосып береді».

Мт 6:33.

«Менің Құдайым сендердің барлық мұқтаждарыңды Өзінің байлығымен, Иса Мәсіхтегі даңқымен қамтамасыз етеді».

Філ 4:19.

Осы аяттарға назар аударсақ, біздің өміріміздегі барлық мұқтаждарымызды қамтамасыз ететін көктегі Әкеміз екен. Сондықтан, ең алдымен көктегі Әкемізді танып білуге ұмтылуымыз керек.

Көктегі Әкемізді танып білу үшін біз Иса Мәсіхті танып білуіміз керек. Себебі:

«Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді».

Кол 1:15.

«Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!».

Кол 2:9.

Иса Мәсіхті танып білмей, Құдайды ешқашан танып біле алмаймыз. Иса Мәсіх Өзін тек тәубе етіп, құтқарылған ұлдары мен қыздарына ғана ашады. Сол себепті тәубе етіп, құтқарылған соң өзімізді толығымен Иса Мәсіхке бағыштап, Иса Мәсіхті өміріміздің Патшасы деп қабылдап, барлық билікті Оған сеніп тапсыруымыз қажет.

Иса Мәсіхке барлық билікті сеніп тапсырудан бұрын: шайтаннан бас тартып, оның өмірімізге жүргізіп жүрген билігін Иса Мәсіхтің атымен бұзып-жарып талқандап, шайтанды билік басынан түбегейлі қууға тиіспіз.

Ол үшін былай дұға жасаңыз: «Ей, шайтан! Сен екі мың жыл бұрын жеңілгенсің! Айқыш ағашта, Голгофада Иса Мәсіхтен жеңілгенсің! Менің Әкем Иса Мәсіх жеңімпаз! Иса Мәсіхке көк пен жердің барлық билігі берілген! Сол билікті мұрагер ретінде маған берген. Менде сенің үстіңнен алған билік бар!

Ей, шайтан! Менің өміріме жүргізіп жүрген билігіңді Иса Мәсіхтің атымен бұзып-жарып талқандадым! Менің өмірімнен алып жүрген үлесіңді Иса Мәсіхтің атымен кестім. Енді менің өміріме келуіңе Иса Мәсіхтің атымен тыйым саламын!

Ей, шайтан! Мен сенен толық бас тарттым! Иса Мәсіхтің атымен бұйырамын: кет менің қасымнан!» - деп шайтаннан бас тартасыз.

Шайтаннан толық бас тартқан соң, өзіңізді Иса Мәсіхке толық бағыштаңыз.

Былай дұға жасаңыз: «О, Киелі Рух! Мен бүгіннен бастап тек Иса Мәсіх үшін өмір сүргім келеді, сондықтан ақыл-ойымды, ерік-жігерімді, сезімдерімді, еріндерімді, аузымды, құлақтарымды, көздерімді, аяқтарымды, қолдарымды Саған бердім. Құдайдың даңқы үшін пайдаланшы!

Тәңірім Иса Мәсіх! Мен өмірімді, санамды, жүрегімді, арманымды, сезімдерімді, ойларымды, барлығын толығымен Саған бердім. Рухымды, жанымды және тәнімді Саған сеніп тапсырдым. Маған не істегің келсе, соны істе!

Маған не істеуді бұйырасың? Мен Сен үшін барлығына дайынмын! Тіпті, қажет десең, Сен үшін жанымды қиюға да дайынмын!». Аумин!

Осылай өзімізді Иса Мәсіхке бағыштаған соң, өз еркімізбен немесе басқа біреудің еркімен өмір сүруімізді доғарып, тек қана Иса Мәсіхтің еркіне лайық өмір сүруге тиіспіз. Жан дүниеміздегі, санамыздағы Иса Мәсіхтің еркіне қарсылық көрсетіп тұрған әрбір ойды, пиғылды санамыздан алып тастап Иса Мәсіхтің өмірімізге толық Патшалық жүргізуін қамтамасыз етуіміз керек. Біздің өмірімізге тек жалғыз Иса Мәсіх қана иелік етіп, билігін жүргізуі тиіс!

« ... Оның әділ еркін орындауға ұмтылыңдар!».

Мт 6:33.

Құдайдың әділ еркі – ол Киелі Кітап арқылы бізге жіберілген Құдайдың Заңдары.

Осы сияқты Киелі Кітапта көрсетілген Құдайдың заңдарын біліп және ол заңдарды бұзбауға тиіспіз. Күнәлі болсақ, бітті бізді қарғыс атады. Өмірімізге қарғыс келсе, сол сәтте себілген дән өсуін тоқтатады. Себебі, біз Құдай заңын бұзған сәтте Оның «әділ еркін» орындамай қоямыз. Құдай «әділ еркін» орындасақ қана бұлардың бәрін қосып береді. Әдетте, біз заңды көбінесе білмегендіктен бұзамыз. Алайда, заңды біліп бұзсақ та, білмей бұзсақ та, бәрібір Құдай заңы бұзылды. Олай болса, «Оның әділ еркі» орындалмай қалды. Сондықтан «бұлардың бәрін қосып бермей тұр».

1. «Және сендер Мәсіхтікі болғандықтан, Ыбырайымның Рухани ұрпақтарысыңдар немесе Құдайдың уәдесі бойынша мұрагерісіңдер».

Ғал 3:29.

Ыбырайымға және оның мұрагерлеріне Құдайдың берген уәдесі мынадай:

«Иеміз былай дейді: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін Өз атыммен ант етемін: саған ақ батамды шубәсіз үйіп-төгіп бере отырып, жұлдыздар мен теңіз жағасындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз

етіп көбейтемін. Сенің ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі, сен Менің тілімді алып жүрдің» - деді. Жар 22:16-18.

Міне, біздер Мәсіхтікі болғандықтан, Ыбырайымның мұрагерлеріміз, Сондықтан бізге беріліп тұрған Құдайдың уәдесі осындай. Құдайдың бізге берген рухани байлығын да, материалдық байлығын да адамдармен бөлісіп, оларға біздер «ақ батаға» айналуға тиіспіз.

Біздің адамдарға таратып беретін рухани байлығымыз Иса Мәсіх туралы шындықты жариялау.

«Сондықтан күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер. Әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!» Мт 28:19, 20.

Тәңіріміз Иса Мәсіхтің бұл Ұлы тапсырмасын орындауға күш-жігерімізді, білімізді, уақытымызды жұмсауға тиістіміз. Иеміздің Ұлы тапсырмасын орындай алуымыз үшін бізде материалдық, қаржылық молшылық болуы тиіс. Егер өзіміз бара алмайтын болсақ, сол іске Құдайдың таңдаған қызметшілерін қаржыландыруға тиіспіз.

Немесе қаржымызды қауымға, мәсіхшілік телевизиялық орталыққа, ізгі хабар таратушыға, мәсіхші ұстазға, рухани кітаптардың, журналдардың, газеттердің басылып шығуына құрбандық жасауға тиістіміз.

«Себебі, сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар.

Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.

Сонда әділдер Оған: Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік? Қашан бейтаныс болып, баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік? Қай кезде ауырып, не түрмеде жатқаныңызда артыңыздан келіп тұрдық? – деген сұрақ қояды. Патша оларға былай деп жауап береді: Сендерге шындығын айтайын: Менің мына бауырластарымның, тіпті маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың шын мәнінде Маған жасағандарың!». Мт 25:35-40.

Тәңіріміздің осы Сөздеріне лайық ашыққандарды тамақтандырып, шөлдегендерге сусын беріп, жалаңаштарды киіндіріп, баспана іздегендерді үйлерімізге кіргізіп, ауырып не түрмеде жатқандарға артынан барып, материалдық көмек көрсетуге тиіспіз.

Осылай әрекет етіп, күтім жасасақ, екен егіннен мол өнім алатынымызға ешқандай күмән жоқ.

Қорытынды: Сонымен еккен егінді суарып, тыңайтқыштар беріп, түбін қопсытып, баптап күту дегеніміз:

«Ең бастысы, Оның Патшалығының қамын ойлап, Оның әділ еркін орындауға ұмтылыңдар!». Мт 6:33.

1. Құдай Патшалығының қамын ойлағанда, ең алдымен, Осы Патшалықтағы ең құнды немесе жалғыз құнды тұлға Көктегі Әкемізді танып білу. Ол үшін біз күнделікті Киелі Кітапты оқып, Киелі Рухтың жетелеуімен дұға жасап, Көктегі Әкемізбен сұхбаттасып, аса тығыз қарым-қатынаста болып, Тәңіріміз Иса Мәсіхтің әділ еркіне сай өмір сүруге тиіспіз.

2. Өзіміздің жан-дүниеміздің рухани тазарып, Тәңіріміз Иса Мәсіхке ұқсай түсуіміз үшін Киелі Рухтың игілікті «жемісі» өмірімізде жетіліп кемелденуіне ұмтылуымыз қажет.

3. Жанұямыздың, жанұямыздың мүшелеренің,

туысқандарымыздың, рухани бауырларымыздың

қамын ойлуымыз керек.

4. Қауымымыздың, қауым мүшелерінің

сенушілердің камын ойлауға тиіспіз.

5. Ашыққандарды тойындырып, жалаңаштарды киіндіріп

баспанасыздарға баспана беріп, ауруларға,

түрмедегілерге барып жағдайын біліп, көмектесуге

тиіспіз. Осылай еткенде біз тікелей Иса Мәсіхтің

Өзіне қызмет еткен боламыз.

6. Тәңіріміз Иса Мәсіхтің Ұлы тапсырмасын орындауға

мүмкіндігіміздің барынша әрекет етуіміз керек.

7. Қауымға, мәсіхші ұстазға, Ізгі хабар таратушыға,

мәсіхшілік радио, телевизиялық орталыққа, рухани

кітаптардың, журналдардың, газеттердің басылып

шығуына қаржылай немесе басқалай да көмектесу.

Міне, біздің осындай іс-әрекеттеріміз рухани өміріміздегі егінді күтіп, баптау болып есептеледі.

Айталық, біздің қауымға, Ізгі хабар таратушыға, рухани кітаптардың, журналдардың басылып шығуына, т.б. жұмсаған бірінші қаржылай құрбандығымыз - әрі себілген дәнге жасалынған күтім, әрі жаңадан себілген дән болып есептеледі.

Осылай тоқтаусыз біздің мәсіхшілік өміріміздің соңына дейін жалғасып кете береді.

Демек, біз мәсіхші болған сәттен бастап өміріміздің соңына дейін дән себумен, өнімді жинаумен айналысатын боламыз.

«Бұдан былай, жер жер болып тұрған уақытта, тұқым себу мен егін ору,

аяз бен ыстық, жаз бен қыс, күн мен түн үздіксіз бола бермек».

Жар 8:22.

Наши рекомендации