Айталау сұрақтары. Тақырыбы: Диллениидтер класс тармағы – Dilleniidae

Зертханалық жұмыс №12

Тақырыбы: Диллениидтер класс тармағы – Dilleniidae

Лқайырлар тұқымдасы (мальвовые) — Malvaceae

Сұттіген тұқымдасы – Euphorbiaceae

Сабақтың мақсаты: құлқайырлар тұқымдас, сұттіген тұқымдасы өсімдіктердің жалпы сипаттамасымен сыртқы құрылысымен, гүл бөлшіктерімен танысу.

Қажетті материалдар: құлқайырлар, сұттіген тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, тірі өсімдіктер, анықтағыш кітап.

Жалпы түсінік

15-мыңдай түрлері бар (82—90-дай туыс). Ағаштар, бұталар, шоптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, өсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығыңда немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жаттырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардьщ жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап (тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, кеп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішіңде біреуден немесе кептен тұқымбүршігі болады. Жемістерінің кеп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары түтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Кеп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.

Макша туысы (хлопчатник — Gassypium). Оның 66-га жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі болігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтары болып табылады.

айталау сұрақтары. Тақырыбы: Диллениидтер класс тармағы – Dilleniidae - student2.ru 1-сурет. Мақта (Gossypium):

А-репродуктивтік өркен;

Б-гүлдің диаграммасы;

В-жемісі қауашак (жалпы

корінісі, көлденең кесіндісі, ашылган жағдайы);

Г-түқым.

Жіп иіруге қажетті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Индияда біздің эрамыздан 3 мың жылдай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы — талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәңде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, үзындығы 60 мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70—75%-ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дәңдерінен 20%-ке дейін тамаққа пайдаланылатын және техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтанын 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа республикалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник — G.hirsutum) (1-сурет), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник — G. һеrbaceum), шыққан жері — Иран және Орта Азия; және египет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник — (G.peruvianum), шыққан жері — Перу.

Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кендірі (кенаф — Hibiscus cannabinus), бамия (Н.esculentus), авиценна канатнигі (Abutiton avicennae).

Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей — Аlthaeае) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный — А.officinales) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.

Тапсырма

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден күрделі гүлділер тұқымдастардың тамырын, сабағын және жапырақтарын анықтау.

2. Жемістеріңдегі ерекшеліктерді бақылау.

3. Кітаптан немесе кестеден құлқайыр, сұттіген тұқымдастардың гүл түрлерінің суреттерін салу.

4. Құлқайыр, сұттіген тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

5. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

айталау сұрақтары

1. Құлқайыр, сұттіген тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

2. Құлқайыр, сұттіген тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

3. Гүлдері қандай симметриялы болады?

4. Қандай гүл түрлері бар, әркайсысына жеке-жеке сипаттама беріндер.

5. Әрбір гүл түрлерінің гүл формулары қандай?

6. Жемістеріңде қаңдай ерекшеліктер бар?

7. Жергілікті жерде құлқайыр, сұттіген тұқымдасынан қандай
өсімдіктер өседі?

Дебиеттер

1. М. Мәкенова. Ботаника курсының практикумы. Алматы 2000.

2. Ә. Әметов. Ботаника. Алматы 2005.

Наши рекомендации