Айталау сұрақтары. Тақырыбы: Оомицеттер класы – (Oomycetes)

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Оомицеттер класы – (Oomycetes)

Зигомицеттер класы – (Zygomycetes)

Сабақтың мақсаты: Оомицеттер класының өкілі - картоп фитофторасыньң, зигомицеттер класының өкілі – мукор саңырауқұлағыньң ерекшеліктерін ажырату.

Қажетті материалдар:зақымданған картоп түйнегі, картоптьң закымданған жапырақтарының кеппешөптері, наңда өсірілген мукор саңырауқұлағы.

Жалпы түсінік

Санырауқұлақтар тірі табиғаттың ерекше тобы, олардың 100 мыңнанастам түрі белгілі, олар Жер жүзінің барлық бедцеулерінекеңінен таралған: топырақта, суда, ағаш діңдерінде, тірі және өлі ағзалардың денесінде т.б. тіршілік етеді. Саңырауқұлақтың өсімдікке, жануарларға тән белгілері бар. Санырауқұлақтар өсімдік сиякты бір орыннан қозғалмайды; канша тіршілік етсе, сонша өсе береді, тарамдалады; жасушасында қалың қабыкшасы болады; коректік заттарды жануарлар сияқты пайдаланбай, өсімдіктер сиякты бүкіл денесімен сорады. Олардың жануарларға тән белгілері; жасушасының қабықшасы қатты хитиннен тұрады; жануарлар сиякты дайын органикалық заттармен қоректенеді, фотосинтез жүрмейді себебі саңырауқұлақтарда пластидтер болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер. Көпшілік саңырауқұлақтардын вегетативті денесі жіпшелерден (гифалардан) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып жіпшумақ (мицелий) деп аталатын саңырауқұлақ денесін құрайды. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың жіпшумақтары көлденең перделерге бөлінбеген, яғни жасушалы құрылысы жок, көп ядролы, ал жоғары сатыдағы санырауқұлақтардьң жіпшумақтары көлденең перделерге бөлінген, көп жасушалы, бір, екі кейде одан да ядролы болады. Саңырауқұлақтардың жеке жасушасының құрылысы - қабықшадан, цитоплазмадан ядродан, ал ересек жасушаның ортаңғы бөлігін ірі вакуоль алып жатады. Вакуоль жасуша шырынына толы болады. Саңырауқұлақтардың жасушаларында кор заты ретіңде ешуақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликоген жиналады. Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі.

Саңырауқұлақтардың түсі - жасуша кабығыда, цитоплазмада, вакуольде болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процестер нәтижесіңде түзіледі.

Саңырауқұұлақтардың жіпшумақтары сыртқы - экзогеңді және ішкі - эңдогенді болып екіге бөлінеді. Экзогенді жіпшумақтар субстраттың үстіңде, эндогенді жіпшумақтар ішінде, өсімдік қалдықтарының арасыңда, тірі өсімдіктер денесінің ішіңде жатады.

Саңырауқұлақтар бүршіктері, вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бүршіктену - жасушаның бүршіктеніп көбеюі, мысалы, ашытқы саңырауқұлағы.

Вегетативтік көбею - саңырауқұлақтар жіпшумақтарының жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы көбейеді.

Жыныссыз жолмен көбейгеңде саңьрауқұлақтарда әр түрлі спора тасушы мүшелерінің құрылуы арқылы кебейеді. Споралар жішпумақтың ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, козғалғыш келеді, оны да зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Бұндай пайда болған спораларды эндогеңдік жолмен пайда болған споралар деп атайды.

Экзогендік спораларды кепшілік уакытта конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған не тарамдалмаған конидия сағағы деп аталатын жіпшумақтардын ұштарынан дамиды.

Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі кезіңде қарапайым түрлерінде хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе, құрылысы күрделілері оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда зитота біраз уақыт тыныштық күйінде болады. Ол өсер алдында редукциялы белінеді. Бұл саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі

Жоғары сатыдғы саңырауқұлақтардың көшпілігі жеке гаметаларға белінбеген, сыртқы құрылысы жағынан әр түрлі жыныс мүшелерінің бір-біріне құйылуы арқылы көбейеді, бұңдай көбею гаметангиогамия деп аталады. Біраз саңырауқұлақтардың жыныс мүшелерінің ұрықтануы спермациялар арқылы болады. Олар бунақденелермен немесе ауаның ағынымен келіп аналық жыныс жасушасын ұрықтандырады. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік жасушаның протопласты екінші бір жасушаға жылжып барып күйылуы, бұндай көбеюді соматогамия деп атайды. Мұнда ядролар бір-біріне бірден қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион түзіледі. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір-бірімен қосылып, диплоидты ядро кариогамияға ауысады. Ядродар жынысты жолмен косылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен белініл, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың даму кезеңіңде гаплоидты, дикариоңды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза азақ уақыт, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты.

Біз оомицеттер – Oomycetes класынаң өкілі - картоп фитофторасымен– Phytophtora infestansтанысамыз. Ол өсімдікте "картоп зілі" деп аталатын ауру туғызады. Бұл аурумен зақымданған картоп гүлденгеннен кеиін жапырақтары солып карая бастайды. Саңырауқұлақтың жіпшумағы жапырақтың" ұлпасына ұялайды, ал жапырақ тақтасының төменгі жағындағы иштесіктері арқылы конидий сағактары шығып тұрады, онда конидиялар дамиды. Конидиялар шашылып, зақымданбаған жапырақтарды закымдайды. Ауа райы өте ылғалды болғаңда конидийлер зооспорангия сиякты өседі де, одан екі талшығы бар 6-12 зооспоралар сыртқа шығады. Олар су тамшылары арқылы басқа жапырақтарға тұсіп, кабыкпен капталып жаңа жіпшелер тезейді. Сөйтіп жапырақтың бетінде жаңа дақтар пайда болады. Жаңбыр катты жауса зооспоралар мен конидиялар сумен жуылып топырақтағы тұйнектерге жұғады. Картопты қоймада сақтағанда ауру тұйнектерден зақымдалмаған түйнектерге жұғады, сөйтіп қоймадағы картоп түйнектердің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін. Картоп шірігенде жыныс процесінің нәтижесінде ооспора түзіледі. Ооспора қыс бойы сақталып, келесі жылы жаңадан сол ауруды таратады. (1- сурет).

айталау сұрақтары. Тақырыбы: Оомицеттер класы – (Oomycetes) - student2.ru 1-сурет. Фитофтораның өмірлік циклы:

А-жыныссыз көбеюі;

Б-жыныстық көбеюі:

М-мейоз: 1-фитофторамен зақымданған картоптың жапырағы мен түйнегі;

2-конидия және оның өсуі;

3-зооспорангилар және олардан споралардың шығуы;

4-зооспора;

5-зооспораның жапырақта және түйнекте өсуі;

6-оогоний мен антеридий;

7-оогамия;

8-ооспораның түзілуі;

9-ооспораның өсуі.

Бүлармен күрестің басты шарты - картоп егісіне улы бордосс сұйығын бүркеді. Картопты коймаға сақтау алдында қойманы дизенфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5° тан артпайтын температурада сақтау керек.

Зигомицеттер - Zygomycetes класыньң өкілі – мукор.
Mucor mycedo саңырауқұлағы - 6үл көп ядролы, перделерге бөлінбеген, жан-жаққа тармақталып бұтақтанған жіпшелерден тұрады. Жіпшелерден жоғары қарай шар пішінді спорантийлер көтеріледі. Спорангий ішіңдегі протопластар бірнеше ядросы бар көптеген майда бөлшектерге бөлінеді де, кейіннен қабықа оралып спораға айналады. Спорангий қабығы жыртылып, одан споралар шығады да, ауаның ағынымен таралады. Бұл жыныссыз көбеюі. Жынысты жолмен көбеюі сирек кездеседі. Мүңда сыртқы құрлысы жағынан бір-біріненен қаңдай айырмашылығы жок, тек физиологиялық жағынан ғана айырмашылығы бар көрші жатқан жіпшумақтардан бұтақшалар өседі. Бұл бұтақшалар әр түрлі жіпшумақтарда жататындықтан мукорлар гетеротальды больп есептеледі. Бір-біріне қарай бағытталған осы бұтақшалардың, ұштары түйіседі де, осы кезде негізгі жіпшеден олар перделермен бөлінеді. Түйіскен жіпшелердің кқабықшасы еріп, жасуша іштеріңдегі көп ядролы заттар араласып түзіледі. Зигота ядросы редукциялы жолмен бөлініп, ұзак уақыт тыныштықтан кейін қысқа жіпше өсіп шығады. Жіпше ұрықтық спорангийлермен аяқталады, онда аталық және аналық споралар түзіледі, бұлардан жіпшенің аналық және аталық түрлері дамиды.

Тапсырма

1.Кеппеешөптегі зақымданған картоп жапырағынын фитофтораны лупа арқылы қарай отырып, кітаптағы немесе кестедегі суреттермен салыстырып, талдау.

2.Зақымданған картоп түйнегінен препарат дайындап, көргендеріне анализ жасау.

3.Картоп фитофторасының сыртқы құрылысның, көбею кезеңдерінің суреттерін салу.

4.Күн бұрын өсірілген мукор саңырауқұлағы бар ортадан препарат дайындап, жіпшелерін бақылау, перделерге бөлінген бөлінбегенін анықтау.

5.Препараттан мукор саңырауқұлағының спорангийлерінің жетілу барысын және спораларын бақылап, суреттерін салу.

6.Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

айталау сұрақтары

1. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге және жануарларға тән қаңдай белгілері бар?

2. Саңырауқұлақтардың талломдары қалай деп аталады. Олар неден тұрады?

3. Қандай белгілеріне байланысты саңырауқұлақтар төменгі және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар деп бөлінеді?

4. Саңырауқұлақтың жеке жасушасы қандай құрылымдардан тұрады?

5. Саңырауқұлақтар қалай көбейеді?

6. Гаметангиогамия, спермация, соматогамия жынысты көбеюлері қалай өтеді?

7. Гаплоидты, диплоидты және дикарионды фазалар қандай ұрпақтарында болады?

8. Фитофтора қандай өсімдікті зақымдайды және қандай ауру тудырады?

9. Фитофтора қалай көбейеді?

10. Фитофтора саңырауқұ лағымен күресудің қандай жолдары бар?

11. Мукор саңырауқұлағы қай жерлерде кездеседі?

12. Мукор саңырауқұлағының жыныссыз, жынысты көбеюлері қалай өтеді?

Дебиеттер

1. М. Мәкенова. Ботаника курсының практикумы. Алматы 2000.

2. Ә. Әметов. Ботаника. Алматы 2005.

Наши рекомендации