Бір басқа шаққандағы қи сақталатын жер және қидың шығуы

Мал түрі Әр малдан бөлінетін қидың мөлшері Бір басқа шаққандағы қи сақталатын жер, м2
Тәулігіне, кг Жылына, т
Ірі қара мал:      
Сиыр 35...40 8...12 2,5
18 айға дейінгі жас мал 10...15 2...3 0,8
Бұзаулар 5...15 1...2 0,6
Шошқалар:      
Мегежіндер 2...2,25 0,4
Бордақы шошоқалар 1...2 0,5
Қойлар 1...2 0,5
Жылқылар 1...1,5 0,3
Құстар - 0,3

Мал қора-жайы мен көңсақтағыш арасында аурудың алдын-алу мақсатында 3 карантиндік көңқабылдағыштан (сұйык нәжіс қабылдағанда) кем болмауы керек. Олар көңді 6 тәулік бойы уақытша ұстау (карантиндік) үшін қажет. Егер кешенде 6 тәулік ішінде ерекше кауіпті ауру байқалмаса, көңді көңсактағышқа ауыстырады.

Карантиндік көңқабылдағыштарсүйык көңді араластыратын, массаның біркелкілігін (гомогендігін) қамтамасыз ететін және дезинфекция үшін қажет құрылғылармен жабдықталады. Карантиндік көңсақтағыштармен қатар, термиялық және басқа да әдістермен көңді зарарсыздандыруға арналған тұрақты немесе жылжымалы қондырғылар болуы керек, оларды аса қауіпті аурулардың (топалаң және т.б.) қоздырушыларын химреагенттермен толық зарарсыздандыру мүмкіндігі болмағанда пайдаланады.

Көңді су өткізбейтін материалдармен жабдықталмаған сайларда, шұңкырларда және қоймаларда сақтауға тыйым салынған. Мұндай сақтау санитариялық талаптарға сәйкес келмейді, себебі ол коршаған ортаның ластануына әкеп соғады.

Сұйық қиды және садыраны тазарту тәсілдері

Сұйық қиды және садыраны тазарту лас суларды тазарту тәсілдеріне ұқсас жүргізіледі. Ол үшін арнайы тазарту құрылғылары қолданылады. Сұйық қиды және садыраны тазартудың ең тиімді тәсілі – ол биологиялық . (Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветерианриялық гигиена. Алматы, 2005. 227-228 бет).

Мал шаруашылығында қиды өңдеу тәсілдері және пайдалану

Бір басқа шаққандағы қи сақталатын жер және қидың шығуы - student2.ru

И өңдеуге арналған құрылғыларды орналастыру қашықтығы

Құрылғылар Қашықтығы, м
Мал шаруаш. нысандарынан Елді-мекеннен
Сұйық қиды биологиялық өңдеуге арналған құрылғылар
1200 басқа дейінгі ірі қара арналған 60-тан кем емес 300-ден кем емес
1200-2000 бас сиыр және 6000 бас төлге арналған 60-тан кем емес 500-ден кем емес
Ірі кешендер үшін 60-тан кем емес 1000-нан кем емес
10 -30 мың басқа арналған ашық алаңдар 200-ден кем емес 3000-нан кем емес
5-30 мың бас уақ малға арналған 200-ден кем емес 3000-нан кем емес
Ашық қи қоймалары
Сұйық қиға арналған 60-тан кем емес 1200-ден кем емес
Саңғырыққа арналған 200-ден кем емес 3000-нан кем емес
Биологиялық тоғандар
  60-тан кем емес 500-ден кем емес
Ұсақ фермалардағы компостау алаңы
50 бастан төмен 3-5-тен кем емес 100-ден кем емес

Иды залалсыздандыру

Ауру малдан нәжіс арқылы сыртқы ортаға ауру қоздырушылары бөлінеді. олардың қида сақталу ұзақтығы температураға, қоздырушының түріне байланысты болады. Жұқпалы аурулардың қоздырушыларының қида сақталу мерзімі бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты, жұқпалы аурулармен ауыратын малдан алынған қиды зарарсыздандыру қажет.

Инфекциялық ауру қоздырушыларының қида және құс саңғырығында тіршілігін сақтау ұзақтығы

Аурудың аталуы Қоздырушының тіршілік ұзақтығы
Туберкулез 24 ай
Бруцеллез 5,5 ай
Сальмонеллез 12 ай
Колибактериоз 12 ай
Ку-лихорадка 12 ай
Орнитоз 4 ай
Листериоз 11 ай
Дерматомикоз 3 ай
Аусыл 5,5 ай
Лептоспироз 24 сағат
Шошқа тілмесі 6-6,5 ай
Некробактериоз 2 ай
Шешек 6 ай
Марек ауруы 6 ай
Үйрек гепатиті 21-37 тәулік

Қою қиды зарарсыздандыруда негізінен физикалық және биологиялық әдістері қолданылады. Ал химиялық әдіс сұйық қиды зарарсыздандырғанда тиімдірек. Қиды зарарсыздандырудың физикалық әдісіне термиялық, электрогидравликалық әдістері және сәулелендіру жатады.

Топалаң, қарасан, маңқа, құтырық сияқты аса қауіпті аурумен ауырған немесе ауруға күдікті малдың қиынміндетті түрде өртейді. Қиды өртеуге арналған жер ошақтары тереңдігі 75 см, диаметрі 75-100 см болады. Түбіне 40-50 см биіктікте көлденеңнен темір тор қойылады. темір тордың асты отынға толтырылып, үстіне қи салынады.

Құрғақ тыңайтқыш ретінде қолдану үшін де қи мен құс саңғырығын термиялық жолмен зарарсыздандырады.

Наши рекомендации