Азотты заттардың соңғы өнімдері: аммони тұздары мен мочевина.
Аминқышқылдарына тэн катаболизм жолдары азоттық алмасудың соңғы өнімдерінің түзілуіне экеледі, олар клетка үшін жэне бүкіл ағза үшін зиянды аммиактан жэне аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарынан түзіледі.
Азоттық алмасудың соңғы өнімдеріне су, көмірқышқыл газы, мочевина, аммоний түздары, креатинин, индикан, уробилин жатады. Аммиак мынадай катаболитикалық реак-циялар кезінде түзіледі:
- аминкышқылдардың дезаминденуі;
- биогенді аминдердің дезаминденуі;
- пуринды негіздердің дезаминденуі;
- пиримидиндік негіздердің ыдырауы.
Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде (NH+) болады, ол аммоний гидрооксидінің (NH40H) диссоциациясы кезінде түзіледі жэне ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауы-стырады. Аммоний иондарының деңгейі иондалмаған аммиактың біраз концентрациясы-мен тепе-теңцікке болады. Сүйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрациясы өте аз. Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24 -40 мкмоль/л. Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді жэне оның зиянды эсері, эсіресе жүйке клеткасы-на, жиі қайталанатын күсу, естен тану, қалтырау түрінде көрінеді. Сондықтан, тканьдерде аммиакты залалсыздандыру механизмдері болады, ол мынадай жолдармен жүреді:
- аммоний түздарының түзілуімен;
- кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуімен;
- аминқышқылдардың амидтерінің- аспарагин мен глутамин түзілуімен;
- мочевинаның түзілуімен.
Осы механизмдердің көмегімен қанда жэне тканьдерде аммиактың концентрациясы өте төмен деңгейде болады. Аммоний түздарының түзілуі эртүрлі қышқылдарды аммоний гидроксидімен бейтараптау арқылы жүреді. Бүл реакция көбінесе бүйректе орын алады:
NH3 + НОН -»NH4 ОН
NH40H+ HCl-^ NH4 С1 + НОН
Альфа - кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуі - аммиакты байланыстырудың өте тиімсіз процесі, өйткені бүл реакция аминқышқылдардың тотығып дезаминденуіне кері процесс болып табылады:
Глутамин жэне аспарагин - аммиактьщ тасымалдаушы түрлері болып табылады. Сонымен катар глутамин эртүрлі қосылыстарды синтездеуге қажетті амид топтарының доноры қызметінде атқарады.
Қанағынымен глутамин бүйрекке жеткізіледі де, бүйректің глутаминазасының эсерінен гидролитикалық ыдырауға ұшырайды. Осығанүқсас аспарагин де аспарагиназаның эсерінен ыдырайды. Бүйректе түзілген аммиак қышқылдарды бейтараптау үшін пайдаланылады да, қан мен тканьдердің буферлі жүйесінің сілтілік қорының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Аммиакты залалсыздандырудың негізгі жэне маңызды жолы - мочевинаның түзілуі болып табылады. Кребс пен Гензенлейт (1932) мочевинаның синтезі циклді процесс жэне онда орнитин каталитикалық қызмет атқаратынын анықтаған. Сол себепті бүл процесс Кребс-Гензенлейттің орнитинді циклы деп аталады. Орнитинді цикл бауырдың митохон-дрияларында өтеді жэне карбомоилфосфатсинтетаза I- ферментінің көмегімен іске қосылады. Бүл процесстің бірінші кезеңінде аммиак пен көмірқышқыл газынан карбомоилфосфат синтезделеді: