Бақылау сұрақтары. 1. Карбонатты минералдарының парагенетикалық ассоциациясы, қолдануы, жаратылысы, ерекше қасиеттері қандай?
1. Карбонатты минералдарының парагенетикалық ассоциациясы, қолдануы, жаратылысы, ерекше қасиеттері қандай?
2. Сульфатты минералдарының парагенетикалық ассоциациясы, қолдануы, жаратылысы, ерекше қасиеттері қандай?
3. Ұсақ кластар минералдарының парагенетикалық ассоциациясы, қолдануы, жаратылысы, ерекше қасиеттері қандай?
Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.
Жай карбонаттар тобының минералдары:кальцитCaCO3, арагонитCaCO3, магнезит MgCO3, доломитCaMg[CO3], смитсонитZnCO, церуссит PbCO3, сидеритFeCO3.
КальцитCaCO3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдардың пішіндері скаленоэдрлік, тақташа, ромбоэдрлік (14 – суретке сәйкес), ромбоэдр бойынша жетілген жіктілік, қаттылығы 3, HCl-дақайнайды. Түсі ақ, сұр, сарғыш, қоңырлау (Fe) және қызылдау (Mn). Гематиттің кірмелері оны қоңырлау-қызыл түске бояйды, ал хлорит пен малахит кірсе – жасылға, көмір заты – қараға. Түрлері – мөлдір исландия шпаты.
Генезисі (жаратылысы).Магмалық таужыныстарда өте сирек кездеседі, шөгінді биогендік және хемогендік әктастар құрайды; метаморфтық мәрмәрларда, гидротермалық скарндарда және карбонатиттерде басты минералы болады.
Парагенетикалық ассоциациясы. Кварц, сульфидтер, силикаттар, тұздар және т.б.
Қолдануы.Керіш және әк өндіруінде пайдаланады, тағы да металлургияда флюс ретінде. Исландия шпаты ең құнды оптикалық шикізат болады, мәрмәрлар ғимараттарды қаптауға қолданады.
АрагонитCaCO3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кальцитке HCl-дақайнауымен ұқсайды,айырмашылығы – жіктілігі жоқ, кристалдардың өзіне тән пішіндері қабықтар, сауыстанған пішіндер, бүйрек тәріздес, радиалды-сәулелі, бұтақ тәріздес (14 – суретке сәйкес), қаттылығы кальциттен жоғары.
Генезисі (жаратылысы).Шөгінді-биогендік және хемогендік, төмен температуралы гидротермалық.
Парагенетикалық ассоциациясы. Биогенді және хемогенді жаратылыста: сомтума күкірт, сидерит, марганецті минералдар, гипс, целестин; гидротермалықта: доломит, гипс, сазды минералдар.
Қолдануы.Құрылыс өндірісіндекеріш және отқа төзімді заттар өндіруінде, химиялық өндірісте және металлургияда пайдаланады.
Магнезит MgCO3. Сингониясы тригондық, кристалдары сирек кездеседі. Жиі ірі түйірлік агрегаттар түзеді, оған мору кенорындарында фарфор тәріздес метаколлоидты массалар тән.Түсі ақ кейде сарғыш, және сұр реңк береді, жылтырлығы шыныша, қаттылығы 4-4,5, мортты, жымдастығы ромбоэдр бойынша жетілген, меншікті салмағы 2,9-3,1.
Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдардың пішіндері, қаттылығы 4-4,5, HCl-да ұнтағында және қыздырғанда ғанақайнайды.
Генезисі (жаратылысы).Мору процестерде пайда болады, магмалық ультрамафиттердің гидротермалық өзгеруінде.
Парагенетикалық ассоциациясы. Біріншісінде – серпентин, тальк, опал; ал гидротермалық-метасоматиттікте: доломит, кальцит, барит, хлорит, кварц, пирит, халькопирит, күнгірт кендер.
Қолдануы.Керіш және әк өндіруінде, тағы да металлургияда флюс ретінде пайдаланады.
Доломит CaMg[CO3]2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Ромбоэдр бойынша жетілген жіктілік және пішіні (15 – суретке сәйкес), HCl-да ұнтағында және қыздырғанда ғанақайнайды.
Генезисі (жаратылысы).Кальцитпен қатар кең тараған таужыныс құрайтын минерал болады. Гидротермалық кенорындарында, шөгінді карбонатты қабаттарда, тұзды сулы алқаптарда түзіледі.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық жаратылыста: магнезит, кальцит, сульфидтер, кварц және т.б. Тұзды сулы алқаптарда: гипс, ангидриттар.
1 2 3 4 5 6 7 8
15 – сурет. Карбонат кристалдары
Доломиттің ертоқым тәріздес иілген жақтары (1); церусситтің псевдогексагондық (2) және тақташа кристалдары (3) және призма бойынша біріккен үштігі (4); азуриттің кристалы (5); бариттің тақташа (6), призмалық (7) және изометриялық (8) кристалдары
Қолдануы.Құрылыста – құрылыстық тас ретінде, асбестпен бірге термоизоляция жасауда, отқа төзімді материал және металлургияда флюс ретінде пайдаланады, химиялық өндірістерінде және т.б.
Cмитсонит ZnCO3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Ромбоэдр бойынша жетілген жіктілік, ең жоғарғы қаттылығы 5, жоғары меншікті салмағы 4,1-4,5, HCl-да ұнтағында және қыздырғанда ғанақайнайды.
Генезисі (жаратылысы).Әктастармен жапсарорналасқан метасоматиттік сульфидтердің қорғасын-мырыш кенорындарының төменгі тотығу белдемдерінде түзіледі.
Парагенетикалық ассоциациясы. Галенит, сфалерит, мырыш силикаттары, лимонит.
Қолдануы.Смитсониттік кендер – мырыштың көзі.
Церрусит PbCO3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Псевдогексагондық, тақташа кристалдары және призма бойынша біріккен үштігі тән (15 – суретке сәйкес). Басқа карбонаттарға қарағандатығыздығы жоғары (6,4-6,6 г/см3), алмасша жылтырлық тән, жиі галенит және англезитпен ассоциацияда кездеседі.
Генезисі (жаратылысы).Сульфидтердің қорғасын-мырыш кенорындарының тотығу белдемдерінде түзіледі.
Парагенетикалық ассоциациясы. Галенит, кальцит, англезит, флюорит.
Қолдануы.Қорғасын өндіретінқұнды кені болады.
Сидерит FeCO3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жымдастығы ромбоэдр бойынша жетілген, HCl-да ұнтағында және қыздырғанда ғанақайнайды.Түсі сарғыш-ақ, сұрша, кейде жасылдау немесе қоңырқай реңкті, морыған кезде қоңыр түске айналуы.
Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралық гидротермалық қорғасын-мырыш және сульфидтік желілік кенорындарында; шөгінді сидерит кенорындары шығанақ және теңіз жағалауларында болады; метаморфталған шөгінді темірдің кенорындарында.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық желілерде: пирротин, халькопирит, темірлі хлориттар, анкерит және т.б. Жер бетінде конкрецияларда: саздар, силикаттар, лимонит.
Қолдануы.Көп мөлшерде кездессе темір кенорындары ретінде қарастырылады және темір өндіруге қолданады.
Күрделі карбонаттар: малахит Cu2[CO3](OH)2, азурит Cu3[CO3]2(OH)2.
Малахит Cu2[CO3](OH)2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Жарық-жасыл, кейде қара-жасылтүстерімен белгіленеді. Бүйрек тәріздес пішіндерімен, ішкі радиалды-сәулелі құрылымымен, HCl-дақайнайды.
Генезисі (жаратылысы).Мысты сульфидтік кенорындарының тотығу белдемдерінде, әсіресе оларды әктастар сыйыстырса. Малахит – азурит, куприт, сомтума мыс, атакамит, кальцит, халькопириттер бойынша псевдоморфозалар құрайды.
Парагенетикалық ассоциациясы. Азурит, куприт, сомтума мыс, атакамит, кальцит, халькопирит, лимонит.
Қолдануы.Малахиттің әдемі ірі түрлері әр түрлі көркемдік, зергерлік істерінде, ұсақтары бояуға жұмсалады; сеппелі жер тәріздестері басқа мысты кендермен, мысты қорытуға пайдаланатын кен болып табылады.
Азурит Cu3[CO3]2(OH)2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Көгілдір түсімен оңай белгіленеді, түзілімдердің пішіндері – ұсақ тақташа кристалдары, друзалар, щеткалар, радиалды-сәулелі, тасберіштер, тұтас түйірлі және жер тәріздес агрегаттар (15 – суретке сәйкес); HCl жеңілқайнайдыжәне малахитпен жиі кездеседі.
Генезисі (жаратылысы).Жаратылысы малахитпен бірге, бірақ олар сілтілігі төмендеу ортада пайда болады.
Парагенетикалық ассоциациясы. Малахит, лимонит.
Қолдануы.Бастапқы мысты кендердііздеуде пайдаланады. Басқа оттек құрамды мысқоспаларымен қорытуға металлургиялық пештерге барады. Ол көк бояу алу үшін пайдалануы мүмкін.
Сульфаттар класының минералдары: сусыз сульфаттар –баритBaSO4, целестинSrSO4, ангидрит CaSO4.
Барит BaSO4. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Кристалдардың пішіндері тақташа, призмалық, изометриялық (15 – суретке сәйкес), белгілі сульфаттардың ішінде тығыздығы жоғары минерал, қаттылығы төмен, жетілген жіктілік тән, қышқылдарда ерімейді.
Генезисі (жаратылысы).Гидротермалық, гипергендік, шашылымдарда да кездеседі.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық жаратылыста: кварц, кальцит, пирит, галенит, сфалерит, киноварь, флюорит; жиі барит желілері де кездеседі.
Қолдануы.Барийдің негізгі көзі, резеңке және қағаз өндірістерінде, жоғарғы сапалы бояу (ақ бояу) жасауға қолданады. Ұңғымаларды бұрғылауда сазды сұйықтардың ауырлатқышы ретінде пайдаланады; түс қағаздары, линолеум, клеенка жасауда толықтырғыш материал ретінде қолданады. Барий тұздары медицинада (рентген сәулесінен сақтану үшін зерхана қабырғаларын сылайды), және ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресуге пайдаланады, барий – радиолампаларында қолданады.
Целестин SrSO4. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Көгілдірлеу-ақ түсі, тақташа кристалдары (16 – суретке сәйкес), жоғарғы тығыздық (4,0 г/см3).
1 2 3 4 5 6 7 8
16 – сурет. Сульфат кристалдарының пішіндері
Целестиннің (1) және ангидриттің (2) призмалық кристалдары; гипстің пластинкалық (3) кристалы және егіздігі (4); моноциттің тақташа кристалы (5); апатиттің қада тәріздес (6), қысқа бағаналы (7) және призмалық (8) кристалдары
Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы гидротермалық, хемогендік-шөгіндік.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық жаратылыста: галенит, сфалерит және басқа сульфидтері. Хемогендік-шөгіндік: гипс, ангидрит, кейде барит, сомтума күкірт.
Қолдануы.Стронцийдің және стронцийлік тұздардың негізгі кені болады, олар қант өндірісінде және пиротехникада пайдаланады.
Ангидрит CaSO4. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Гипстен айырмашылығы жіктілігі үш бағытта дамыған, одан қаттылығы жоғарылау (3,5), карбонаттардан айырмашылығы – қышқылда қайнамайды, бариттен – тығыздығы төмен (2,8-3 г/см3), кристалдары призмалық (16 – суретке сәйкес).
Генезисі (жаратылысы).Гидротермалық, хемогендік-шөгіндік, гипстің метаморфтық дегидратация процестерінде.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық жаратылыста: сульфидтер. Хемогендік-шөгіндік жағдайда: гипс, галит, сильвин, карналит.
Қолдануы.Керіштің ерекше түрлерін өндіруде қолданады.
Сулы сульфаттар:гипс CaSO4 2H2 O.
Гипс CaSO4 2H2 O. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Таза гипс түссіз, мөлдір немесе қардай-ақ, тырнақпен тырналады, кристалдары пластинкалы (16 – суретке сәйкес), аса жетілген жіктілік, төмен қаттылық, HCl-да реакция бермейді және қайнамайды.
Генезисі (жаратылысы).Теңіздің химиялық шөгіндісі, теңіздің суы буланып кеткенде кальций карбонаттардан кейін, галиттен бұрын түзіледі. Ангидриттің гидратациясынан пайда болады. Сульфидтік кенорындарының тотығу белдемдерінде және сомтума күкіртпен бірге кездеседі. Тас тұздардың және басқа тұздардың, әр түрлі таужыныстардың мору қыртыстарында, төмен температуралық және қысымдық гидротермалық сульфидтік кенорындарында, жанартаулардың қастарында, әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер маңында кездеседі.
Парагенетикалық ассоциациясы. Кальцит, арагонит, галит, ангидрит; пирит, пирротин, халькопирит, сфалерит, малахит, кварц.
Қолдануы.Қағаз және құрылыс өндірістерінде шикізат ретінде пайдаланады. Бояу, эмальдар шығаруға пайдаланады. Көркемдік бұйымдар жасауға, мүсіндік өндірісте, медицинада қолданады.
Күрделі сульфаттар
Ярозит KFe3[SO4]2 (OH)6. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Сыртқы қасиеттерімен жосаға айналған лимонитке ұқсас, саусақтардың арасында езгенде, ярозит майлы зат тәріздес, ал лимонит катты құмды зат сияқты болады.
Генезисі (жаратылысы).Құрғақ климатта темірлі сульфидтердің, әсіресе пирит кенорындарының тотығу белдемдерінде пайда болады. Ярозиттің пирит кубтары, марказиттің конкрециялары және саздардағы пириттер бойынша псевдоморфозалар құрайды.
Парагенетикалық ассоциациясы. Темір сульфидтері, әсіресе пирит, марказит, сазды минералдар.
Қолдануы.Тегістегіш ұнтақ өндіруге пайдаланады, олар пештерде күйгізгенде пайда болады.