Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай?

1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай?

2. Жай сульфидтердің жаратылысы қандай болады?

3. Жай сульфидтер қайда қолданады?

Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.

Сульфидтер класының, жай сульфидтер тобының минералдары:халькозин Cu2S, галенит PbS, сфалерит ZnS, пирротин FeS, пентландит (FeNi)9S8, аурипигмент As2S3, молибденит MoS2, реальгар As2S4, антимонит Sb2S3.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Халькозин Cu2S. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қорғасынша-сұр түсі, төмен қаттылығы, тапталғыштығы.

Генезисі (жаратылысы).Табиғи эндогендік (гидротермалық мысты сульфидтік кенорындарында) және экзогендік (сульфидтік кенорындарының гипергендік белдемдерінде) жаратылыс тән, бірақ жаратылу температурасы ылғи да төмен.

Парагенетикалық ассоциациясы.Борнит пен халькопирит, ковеллин, пирит, сфалерит және т.б. сульфидтер.

Қолдануы.Мыстың ең бағалы кені болып табылады, халькозиннің кенінде мыстың құрамы 80 % жуық болады, ал мыстың ең төмен өндірістік құрамы 1-1,5% деп саналады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Галенит PbS. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Түсі, күшті металша жылтырлығы, куб бойынша жетілген жіктілік, төмен қаттылық және маңызды тығыздық.

Генезисі (жаратылысы).Галенитең көп тарағангидротермалық сульфид болады, генезисі тағы метасоматиттік – скарндық және биогендік болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық кенорындарының полиметалдық кендерінде, ол сфалеритпен, мыстың және күмістің сульфидтерімен бірге кездеседі. Тағы да бірге пирит, пирротин, кварц, кальцит болады.

Қолдануы.Галенит ең маңызды қорғасынның кені болып, қосымша күміс, висмут кейде селен серіктестерін бірге өнімдейді. Галениттік кендердің көп емес бөлігі глетқа PbО айналдырылады, оларды қорғасынды препараттар жасауға қолданады, олардан әдетте бояулар (ақ бояу, сурик, крона және т.б.) және глазурь өндіреді.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Сфалерит ZnS. Түрлері: темірдей қара марматит, түссіз немесе ашық-сары қызылдайға дейін – клейофан.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Изометриялық түзілімдер (3 – суретке сәйкес), жетілген жіктілік, алмасша жылтырлық.

1 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru 2 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru 3 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru

а б

3 – сурет. Сульфид кристалдарының пішіндері

1) сфалериттің тетраэдрлік кристалдары; 2) киноварьдің кристалы; 3) пирротиннің кристалдары: а – тақташа, б – пирамидалық егіздігі

Генезисі (жаратылысы).Гидротермалық, жанартаулық және биогендік. Жер бетінде тез тотығып мырыштың туынды минералы смитсонитке (ZnCO3) айналады және т.б.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық сфалерит: галенит, пирит, халькопирит және т.б.

Қолдануы.Мырыштың басты кені болады, қосымша кадмий, индий, галий, германий және т.б. сирек металдар өндіріледі. Темірді мырыштауда, ақ бояуды шығаруға пайдаланады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Киноварь HgS. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Минералдың және оның сызығының түсі қызыл, жетілген жіктілік, кристалдар пішіні, парагенезисі.

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы гидротермалық, экзогендік шашылымдарда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық киноварь: антимонит, пирит, сирек арсенопирит, реальгар, кейде сфалерит, халькопирит және т.б. Бейметалды серіктес минералдар: кварц, кальцит, сирек емес флюорит, барит, кейде гипс, каолинит, накрит және т.б.

Қолдануы.Сынап өндіретінминералдардың қатарында бірінші орынға ие, сынап алтын кендерін шығаруында, алтынды амальгамациялауында пайдаланады, жарылыс заттарды – детонаторларды, және физикалық аспаптарды жасауға қолданады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Пирротин Fe1-хS. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қоладай-сары түсі, магниттік қасиеті, кристалдардың тақташа пішіні (3 – суретке сәйкес).

Генезисі (жаратылысы).Негізді магмалық таужыныстармен (габбро-диабаздарда, нориттерде) байланысты, метасоматиттік – скарндық полиметалдық кендерде түзіледі, гидротермалық желілерде, жанартаулық түзілімдерде, шөгінді таужыныстарда да кездеседі. Мору процестерінде пирротин тотығу белдемдерде оңай бұзылады, түбінде лимонитке, марказитке айналады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Магмалық мысты-никельді кендерде пентландит халькопиритпен бірге кездеседі. Метасоматиттік скарндарда: халькопирит, пирит, магнетит, қара сфалерит (марматит), арсенопирит, касситерит, шеелит, кальцит, эпидот, кварц және т.б. Гидротермалық желілерде: сфалерит, галенит, халькопирит, касситерит, арсенопирит, темірлі хлориттар, карбонаттар және т.б. Шөгінді таужыныстарда: сидерит және фосфатты минералдар.

Қолдануы.Күкірт қышқылын өндіруге пириттен кейін пайдаланатын тағы бір минерал боп келеді.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Пентландит (Fe,Ni)9S8. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жетілген жымдастығы және жарық қоладай-сары түсі.

Генезисі (жаратылысы).Магмалық ультрамафиттік (перидотиттер) және негізді (габбро-нориттер) таужыныстармен байланысты. Гидротермалық жағдайларда пирротинмен ауысады және жер бетінде тез тотығады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Пирротин, халькопирит.

Қолдануы.Никель өндіретін басты минерал, бірге мыс, күміс, алтын, платиноидтар шығарылады. Никель құрыштың құрамына кіреді, және қорытпаларда қоспа ретінде қолданады, олардан мельхиор, жез, қола және тиын шығарады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Аурипигмент As2S3. Аурипигмент, реальгар, кальцит парагенезисте.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жарық лимонды-сары түс, кристалдар призмалық пішінді (4 – суретке сәйкес), аса жетілген жіктілік және төмен қаттылық (1,5-2).

1 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru 2 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru 3 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru 4 Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru

4 – сурет. Сульфид кристалдарының пішіндері

Аурипигменттің (1), реальгардің (2), антимониттің (3) және висмутиннің (4) призмалық кристалдары

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы гидротермалық, жанартаулық құрғақ булану түзілімдерде, экзогендік тас көмір және қоңыр темір кенорындарында.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық кенорындарында: антимонит, реальгар, марказит, пирит, кварц, кальцит, гипс және т.б. Жанартаулық түзілімдерде: сомтума күкірт, хлоридтер және т.б. Экзогендік тас көмір мен қоңыр темір кендердің минералдарымен кездеседі.

Қолдануы.Реальгармен бірге күшәлаөндіруінде қолданады.Көркем сурет саласында пайдаланатын сары бояу жасайды.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Реальгар AsS.Реальгар аурипигменттің кірмелерімен.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Киноварьдан қызғылт-сары түсімен айырылады, төмен қаттылығы (1,5-2), кристалдарында (4 – суретке сәйкес) ұзындығы бойынша жақтарында сызықталуы бар. Аурипигментпен бірге кездеседі.

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы гидротермалық, жанартаулық құрғақ булану түзілімдермен кездеседі, жер бетінде тез үгітіліп ұнтақ береді.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық жаратылыста:аурипигмент, антимонит, кварц.

Қолдануы.Сирек кездесетін минералдардың қатарында, кейде аурипигментпен бірге күшәла өндіретін кен ретінде пайдаланады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Молибденит MoS2. Қабыршақты молибденит.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қорғасынша-сұр түсі, төмен қаттылығы, қолда дақ және қағазда көкшіл-сұр із қалдыруы.

Генезисі (жаратылысы).Кенорындары қышқыл гранит пен гранодиориттермен байланысты, оларда сеппелі түрінде кездеседі. Пегматитті желілерде молибденит аз мөлшерде кездеседі. Ал өндірістік мөлшерде ол гидротермалық түзілімдерде – жапсар-метасоматиттік грейзендермен, олардағы кварцты желілер және кварцталған таужыныстармен байланысты. Тотыққан белдемдерде молибденит повеллитке және молибдендік жосаға айналады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық жаратылыста:касситерит, вольфрамит, кварц, мусковит, берилл, турмалин, слюда, флюорит, мыстың (жиі халькопирит), мырыштың (жиі сфалерит) және темірдің (пирит, пирротин) сульфидтері.

Қолдануы.Молибденнің басты кені болады, қосымша рений өндіріледі. Элемде бұл металдың 90% өнімдері әр түрлі жоғарғы сапалы құрыш өндірісінде пайдаланады. Қалған бөлігі электротехникада, бояу өндірісінде, сымсыз телеграфта, химиялық өндірістерде және т.б. қолданады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Антимонит Sb2S3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Ұзартылған призмалық кристалдар (4 – суретке сәйкес), төмен қаттылық, ұзаруы бойынша перпендикуляр сызықталуы барлығы.

Генезисі (жаратылысы).Төмен температуралы гидротермалық кварцтық желілерде. Аз мөлшерде антимонит жанартаулық түзілімдерде суытылған бу өнімдерімен кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық жаратылыста: киноварь, кварц, флюорит, кальцит, каолинит, барит және т.б. Серіктес боп ол киноварь, реальгар және аурипигмент кенорындарында кездеседі. Сирек ол қорғасын, мырыш және басқа металдардың кенорындарында болады.

Қолдануы. Антимонитті кендер сурьманың ең басты көзі. Сурьма қорғасын, қалайы қорытпаларында пайдаланады, олардан аккумуляторлар, баспаханалық шрифтар жасайды. Сурьма қоспалары резеңке, тоқыма, шыны өндірісінде, медицинада және т.б. пайдаланады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Висмутин Bi2S3. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Висмутин антимониттен күшті металша жылтырлығымен, пішінімен (4 – суретке сәйкес), жоғарғы тығыздығымен ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Висмутин тек гидротермалық (желілік, жапсар-метасоматиттік) кенорындарында кездеседі. Тотығу белдемдерде ол тез бұзылады, висмутин бойынша негізінде карбонаттар псевдоморфозаларын түзеді.

Парагенетикалық ассоциациясы. Қалайы, вольфрам, күшәла кенорындарында: сомтума висмут, арсенопирит, халькопирит, кейде сомтума алтын, топаз, берилл, пирит, галенит және көптеген басқа сульфидтер.

Қолдануы. Висмутты кендер висмуттың басты көзі – олар жеңіл қорытатын қорытпаларда қолданады, жоғары қоссынғыш шыны жасауға, химиялық препараттарда, медицинада және басқа бағытта пайдаланады.

Бақылау сұрақтары. 1. Жай сульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері қандай? - student2.ru Ковеллин CuS. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Жарық көк түстері, төмен қаттылық (1,5-2), мысты сульфидтерімен ассоциациясы.

Генезисі (жаратылысы).Экзогендік, мысты кенорындарында, қайта сульфидтену белдемдерде. Ереже бойынша гидротермалық метасоматиттерде бастапқы және туынды сульфидтердің кенорындарында пайда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Халькопирит, борнит, халькозин, сфалерит, галенит.

Қолдануы.Ковеллин-халькозинді кендер, ең бай мысты кендер болады. Оларбастапқы халькопирит-пиритті кендерден мысқа екі есе бай болып табылады.

Әдебиеттер: [1, c. 216-292]

Наши рекомендации