Жүректің ағзалық реттелу жолдары.
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
2.1. Жүрек жұмысының реттелуі
2.2. Жүрек жұмысын реттеудің өзіндік тетіктері
2.3. Жүректің ағзалық реттелу жолдары
2.4. Жүректен тыс реттеу механизмдері
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жүрек — іші қуыс етті мүше. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Негізгі
Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады.
Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді.Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.
Жүрек өмір бойы 3000 тонна қанды ағызып отырады екен. Жүрек қызметі бір–бірімен біте қайнасқан үш түрлі механизм арқылы реттеледі, атап айтқанда клетка ішінде (интрацеллюларлық), жүрек ішінде (интракардиалдық) және жүректен тыс (экстракардиалдық) реттелу механизмдері өзара үйлесім тапқан.
Интрацеллюларлық реттеу механизмі миокардтың қызмет қарқынының өзгеру жүрекке керекті мөлшерде қанның келіп құюын қамтамасыз етеді. Бұл реттеу механизмі Франк – Старлинг заңы немесе “жүрек заңы” деп аталып кетті. Миокардтың жиырылу күші оның талшықтарының бастапқы ұзындығының дәрежесіне пропорцио-налды, былайша айтқанда диастола кезіндегі миокардтың созылу дәрежесіне сәйкес. Диастола кезінде миокардтың өте кең созылуы жүрекке қанның көбірек келіп құюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге миозин талшықтары арасынан әрбір миофибрилдердің ішінен көп актин жіпшелері шығады. Бұл дегеніміз активті нүктелердің немесе “өткелдердің” қанның көбеюі жиырылу кезінде актин
және миозин жіпшелерін жалғастырады. Сонымен, миокардтың әрбір клеткасы диастола кезінде қаншама кең керіліп созылса, соншама систола кезінде қысқарады. Сондықтан да жүрекке келіп құйылған вена қанын сондай мөлшерде артерия жүйесіне құйып отырады.
Интракардиалдық реттеу–бұл мүше ішіндегі жүрек қызметін реттеудің ең бір жоғарғы деңгейін көрсететін реттеудің жүйкелік механизмі.Жүректе перифериялық рефлекс деңгейді ең бірінші байқаған. Оның доғасы орталық жүйке жүйесіне тірелмей, миокардтың интрамуралды жүйке түйіндерінде бітеді. Егер жылықанды жануарлардың жүрегін бөліп алып, оған келетін жүйкелерді кесіп тастап қарайтын болсақ, оның рефлекстік қасиетін жоймағанын байқауға болады. Себебі мүше ішіндегі жүйке жүйесінің құрылысы және қызметі аз уақыт болса да сақталған. Сондықтан да бұл жүйеде афференттік нейрондар (сезімтал) оның дендриттері миокард талшығында созылу рецептор-ларын құрайды, сондай рецепторлар жүрек қан тамырларында да болады және аралық нейрондар мен эфференттік нейрондардан тұрады. Ал эфференттік нейрондардың аксондары миокардты және жүрек тамырларының бірыңғай салалы еттерін реттейді. Бұл нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Сөйтіп, олар жүрек ішіндегі рефлекстік доға құрайды.Барорецептор қолқа доғасында және күре тамырларда орналасады. Олар қан қысымын реттеп отырады. Мысалы, артерияларда қан қысымы жоғарыласа, барорецепторларда пайда болған сигнал тамыр жиырылушы (қозғаушы) орталыққа барып, тамырдың тонусын төмендетеді.
Экстракардиалдық реттеу-бұл реттеу орталық жүйке жүйесінен келген импульстер кезеген және симпатикалық жүйкелер арқылы іске асырылады. Барлық вегетативтік жүйке жүйесі сияқты жүрек жүйкелері де екі нейрондардан тұрады. Бірінші нейронның дене өсінділері кезеген жүйке өсінділерінен тұратын (парасимпатикалық бөлімде) сопақша мида орналасады. Осы нейрондардың өсінділері жүректің нейромуралды түйіндерінде бітеді. Симпатикалық жүйке бөлімінің бірінші өсінділері (импульсті жүрекке апаратын) жұлынның көкірек бөлігінің бесінші сегментінің бүйір өсіндісінде орналасады. Ал осы нейрондардың өсінділері мойын және жоғарғы кеудедегі симпатикалық жүйке түйіндерінде аяқталады. Осы түйіндерде жүрекке бағытталған екінші нейрондар болады. Кезеген жүйкенің жүрекке тигізетін әсерін ең алғаш зерттегендер ағайынды Веберлер (1845 жыл). Осы жүйкені тітіркендіргенде жүректі тоқтатып тастауға дейін апарады. Егер электр тоғымен кезеген жүйкенің кесілген шеткі бөлімін тітіркендірсе, жүректің баяу жиырылатындығын байқауға болады. Бұл құбылысты кері хронотропты деп атайды. Бір мезгілде жиырылу амплитудасы да азаяды, мұны кері инотропты әсер деп атайды. Кейде кезеген жүйкені қатты тітіркендірсек жүрек жұмысы ұзақ уақыт бойы тоқталады.
Осы мезгілде жүрек етінің қозуы төмендейді, ал оның қалпына келуі үшін тітіркендіргіш күші қатты болуы тиіс. Бұл қозу процесінің төмендеуін кері батмотропты әсер деп атайды. Кезеген жүйкені ұзақ уақыт бойы тітіркендіргенде жүректің қозуы бас кезінде тоқталса да, қайтадан бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылысты жүректің кезеген жүйкенің әсерінен “сытылып шығуы” деп атайды (ускользания).
Симпатикалық жүйке жүйесінің жүрекке әсерін ең алғаш зерттеген ағайынды Циондар (1867), ал одан кейін И.П.Павлов. Бұл жүйкені тітіркендіргенде жүрек жұмысы жиіленеді (оң хронотропты әсер деп атайды), қозуды күшейтеді (оң батмотропты әсер). Тітіркендірудің латентік кезеңі 10 секундқа тең. Жүректегі жүйке импульсінің химиялық жолмен берілу механизмі болады. Егер кезеген жүйкені қатты тітіркендіретін болсақ, жүйкенің шеткі кесіндісінің ұшынан ацетилхолин бөлініп жүрекке барады, ал симпатикалық жүйкені қоздырсақ норадреналин бөлінеді. Бұл заттарды медиаторлар деп атаған. Медиаторлардың болатындығын 1921 жылы О. Леви көрсеткен болатын. Ол бақаның жүрегін оқшаулап бөліп алып, кезеген және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіріп, осы жүректегі пайда болған сұйықтықты екінші осындай жүрекке апарып құйғанда, дәл осындай әсерін байқады.
Жүректің нервтік реттелуі орталық нерв жүйесінен келетін нерв импульстарымен парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы іске асады. Тұңғыш рет жүрекке парасимпатикалық нервтердің әсерін 1845 жылы ағайынды Веберлер анықтады. Жүрекке келетін парасимпатикалық нервті электр тоғымен тітіркендіргенде жүректің жұмысы баяулай бастап, тоқтауға дейін барған.Парасимпатикалық нервтердің ұшын электр тоғымен тітіркендіргендегі эффект тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Берілетін токтың күші әлсіз болғанда жүрек етінің тартылып жиырылуы баяулай бастайды, оны теріс хронотропты эффект дейді. Онымен қатар жүрек еті жиырылуының амплитудасы азаяды, ол теріс инотропты эффект деп аталады. Электр тоғының күшін күшейткенде, жүректің жұмысы токтауға дейін барады, осы уақытта жүрек етінің қозғыштығы төмендейді, оны теріс батмотрофты эффект дейді, Жүрек етінің өткізгіштігі де төмендейді теріс дромотрофты эффект деп аталады.Алғашқы рет жүрекке симпатикалық нервтердің тигізетін әсерін зерттеген 1867 жылы И.Ф.Цион, одан кейін И.П.Павлов болды. Жүректің симпатикалық нервісін тітіркендіргенде парасимпатиқалық нервке қарама-қарсы эффект береді. Симпатикалық нервтерді тітіркендіргенде жүректің қызметі күшейе бастайды оң хронотропты эффект, жүрек ритмі күшейместен оның етінің жиырылуы күшейеді оң инотропты эффект жүрек етінің қозғыштығы жақсарады- оң батмотропты эффект. Жүрек етінің өткізгіштігі жоғарлайды — оң дромотропты эффект. Жүректің жұмысы – жүрек ырғақпен жиырылады. Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына шамамен 70-75 рет жиырылады.
Рефлекторлык реттелу. Сопақша ми, арқа ми нерв орталықтарымен қатар жүрек жұмысының реттелуіне бас миының басқа бөліктері де қатысады. Аралық мидың гипоталамикалық ядросын тітіркендіргенде жүректің қызметі күшейе бастайды, Сол сияқты үлкен жарты шар ми қыртысы мен мишықты тітіркендіргенде де жүректің қызметі өзгереді. Жүрек қызметінің рефлекторлық өзгеруі организмнің әр түрлі жерлерінде орналасқан рецепторларды тітіркендіргенде де байқалады. Әсіресе жүрек жұмысының реттелуінде ерекше маңызды роль атқаратын тамыр жүйесінің кейбір жерлерінде орналасқан рецепторлар. Ол рецепторлар тамырлар бойындағы қан қысымының өзгеруінен қозу жағдайына келіп отырады. Осы рецепторлардың шоғырланып орналасқан жерін тамырлардың рефлексогенді зонасы деп аталады. Әсіресе маңызды роль атқаратын ұйқы артериясының бұтақтанған жерінде орналасқан рефлексогенді зона. Бұл рефлексогенді зонаны тітіркендіргенде жүрек етінің тартылып жиырылуы рефлекторлы түрде баяулайды. Ол рецептор нерв клеткалар нерв талшықтарының ұшын прессорецепторлар деп аталады. Прессорецепторлардың табиғи тітіркендіргіштері сол рефлексогенді зонада орналасқан тамырлардағы қан қысымының жоғарлауынан қан тамыры қабырғасының керілуі. Қан қысымы жоғарлағанда прессорецепторында қозу импульсы пайда болады да афферентті импульс ретінде парасимпатикалық нервтің орталығындағы оның тонусын жоғарлатады, ол одан әрі жүректің жұмысын баяулатады. Сонымен бірге рефлексогенді зона оң жақ жүрекше аумағындағы орналасқан жоғарғы қуыс вена тамырында да бар. Рецепторлардың жүректің өзінде де (эндокардта, микардте, эпикардта) болатыны анықталған. Осындай рецепторлар рецептор клеткалары ішектің бойында да болады. Мысалы, бақаның ішектерін қозғағанда, оның жүрегі тоқтап қалуға дейін барған. Сол сияқты көз алмасын түбіне, қарай итеріп әсер бергенде, жүректің соуғы 10-20-ға дейін азайған.
Гуморальдык реттелу. Зат алмасу процессінің нәтижесінде түзілген әр түрлі биологиялық және химиялық активті заттар жүректің жұмысына гуморальды әсер береді кейбіреулері күшейтіледі, екінші біреулері баяулатады. Бұл тұрғыдан алғанда әсіресе маңызды роль аткаратын ішкі секреция бездерінің активті заттары — гормондар. Сондай активті заттардың бірі адреналин (бүйрек үсті безінің) симпатикалық нерв жүйесіндей әсер береді. Жүректің соғу ритмін күшейтеді. Қан тамырындағы кальций және калий иондарының белгілі бір концкентрациясы да жүректің қызметіне гуморальды әсер береді. Қан құрамындағы кальцийдың концентрациясы жоғарлағанда жүрек автоматиясы күшейеді, ал калийдің концентрациясы жоғарлағанда керісінше жүректің жұмысы баяулайды.
Қан тамырларының нервтік реттелуі. Қан тамырлар қызметі де парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы реттеледі. Симпатикалық нерв системасы қан тамырларының радиусын тарылтады, ол нервтің осындай әсерін тұңғыш рет тәжірибе жүзінде аныктаған А.Л.Вальтер
болды. Вальтер 1842 жылы тәжірибені бақаға жүргізеді, ал одан кейін 1852 жылы К.Бернар қоянның құлағына зерттеу жүргізеді. К.Бернар үй қоянының құлағына келетін симпатикалық нервті тітіркендіргенде сол тітіркендірілген жағындағы құлағының сұрғылттана бастағанын байқаған яғни симпатикалық нервті тітіркендіргеннен артерия және фтериолдың радиусы тарылып құлаққа келетін қанның ағысы баяулайды. Парасимпатикалық нервтердің бірнеше бұтақтарын тітіркендіру арқылы олардың қан тамырларының радиусын кеңейтетініне көз жеткізілген, Мысалы, жақ асты сілекей безіне, тілге келетін парасимпатикалық нервтерді тітіркендіргенде бұл аталған органдарға ағып келетін канның ағысы күшейіп, қан айналуы жақсарған.
Тамырдың гуморальдык реттелуі. Кейбір биологиялық және химиялық активті заттар қан тамырларын тарылтады, не кеңейтеді. Қан тамырының радиусын тарылатын заттарға бүйрек үсті безінің гормоны адреналин мен гипофиздің артқы бөлігінің активті заты вазопрессин жатады. Адреналин негізінен терінің, скелет бұлшық еттерінің, құрсақ бөлігіндегі мүшелердің, екпенің артерия және артериол қан тамырларын тарылтады. Ал вазопрессин көбінесе артериаолдар мен капиллярларға әсер етеді.Қан тамырларын кеңейтетін заттарға — барлық парасимпатикалық нерв талшықтар ұшында жасақталып отыратын ацетилхолин заты жатады. Негізінен ацетилхолин ұсақ артерия қан тамырларын кеңейтеді. Ол қанда тез бұзылады, сондықтан олардың тигізетін әсері белгілі бір физиологиялық жағдайда байқалады яғни бір тек шектеулі жердегі нерв талшығындағы жасакталатын ацетилхолиннің әсерінен. Қарын мен шектердің қабырғаларының жанында жасақталатын гистамин деген зат, капиляр қан тамырларын кеңейтеді. Сонымен қатар гисгамин әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен болатын терінің қызару реакциясына да қатысады, мысалы, теріні тырмалағанда, жылудың әсері кезінде , күлгін көк сәуленің әсерінен.
Жүректің ағзалық реттелу жолдары.
Гидродинамикалық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетіг «Гидродинамикалық кері байланыс арқылы» жүректің оң және сол бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, әр түрлі ырғақта жұмыс істеп тұрған «оқшауланған» екі жүректі бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің арасында гидрадинамикалық «кері байланыстың» қалыптасуы себеп болады. Демек, жүректің ырғағы мен жиырылу күші жүректің қуысындағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.Жүрек етінің жиырылу және босаңсу механизмін түсіндіру үшін А. Хаксли және X. Хакслидің (1954), протофибрилдер жылжуы атты теориясы қолданылады. Осыған орай жүрек етінің жиырылу күшінің екі түрлі өздігінен реттелетін гетерометрлік және гомео-метрлік механизмі болады.Бұлар миоциттер ішінде өтетін қозу процесіне жиырылудың ілесуі (электромеханикалық) механизміне байланысты.
Гетерометриялық аутореттеу тетігі арқылы.Бұл тетіг жүрек еттерінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Осы механизм «Старлинг заңын» түсіндіруге негіз болады. Жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол күштірек жиырылады.Гетерометрлік механизмдежүрек етінің жиырылу күші оның диастола мезгілінде созылу дәрежесіне сәйкес өзгереді: жүрек еті диастола кезінде неғұрлым катты созылса, солғұрлым оның жиырылу күші күшейе түседі.Жүрек еті талшықтарын алдын-ала созып, сонан соң тітіркендіргенде, олардың жиырылу күші созу дәрежесіне сәйкес күшейетін қасиетін алдымен 0.Франк көлбақа жүрегіне, ал одан кейін П. Старлинг жылы қанды жануар жүрегіне жасаған тәжірибелерінде байқаған. Бұл заңдылық қазір Франк—Старлинг заңы не «жүрек заңы» деп аталады.
«Жүрек заңы».Филогенез барысында жүрек етінде жиырылу күшін жүрекке қайтып оралған қан мөлшерінің көбеюіне, артериялардағы қысым деңгейінің жоғарлауына байланысты арттыратын қабілет қалыптасқан. Бұл орта жағдайына бейімделудің бір түрі, себебі аталған жайттер дене жұмысы кезінде жөне түрлі эмоциялар жағдайында туындайды.
Тыныштық жағдайларындағы организмнің жүрегі босаңсып (диастола) жиырылар алдында жүрек еті талшықтарының белгілі бір ұзындық шамасы (бастапқы ұзындық) болады. Жүрекке қан оралымы көбейсе немесе артериялардагы қысымның жоғарылауына байланысты онда қан іркелсе, жүрек қуысы керіліп, жүрек еті талшықтарының бастапқы ұзындығы үлкейеді. Қан оралымы неғүрлым көп, ал артериялардағы қысым неғүрлым жоғары болса, соғұрлым ет талшықтарының керілу деңгейі арта түседі, Неміс ғалымы Отта Франк пен ағылшын ғальшы Эрнест Старлинг алгаш рет жүрек еті неғүрлым көбірек созылса, оның соғұрлым күштірек жиырылатынын дәлелдеді. Жүрек етінің бұл ерекшелігін «журек заңы «деп атаңды. Демек, жүрекке қан неғұрлым көп оралса, ол соғұрлым қанды көп айдайды. Осыған байланысты жүректен қуылатын қан мөлшері венамен оралатын қанның мөлшеріне қарай өзгеріп отырады да, оң және сол қарыншалардан қуылатын қанның жалпы көлемі бірдей деңгейде сақталады.
Жүрек етінін «түгелдей не түк емес» затына бармайтын жері де бар. Бұл көбінесе миоциттер ішінде өтетін процестерге байланысты болады. Тітіркендіргіш күшін біркалыпты ұстап, оның жиілігін біртіндеп көбейтсе, алғашқы кезде еттің жиырылу күші тітіркендіргіш санына қарай арта түседі. Мұны Боудич «баспалдағы»деп атайды. Тітіркендіргіш белгілі бір жиілікте әсер еткенде, оның әрбір келесі әсері жүрек етінің қозгыштық дәрежесінің күшейген (супернормальдық) кезеңіне тап болғандыктан, онымен тығыз байланысты қасиеті — жиырылу қабілеті де жоғарлайды.
Гомеометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы ұзындғына сәйкес қана өзгермей, жүрек еттеріндегі иондардың концентрациясына байланысты да өзгертіп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүректің ет талшықтарындағы кальций иондарының концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның еттерінің жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары қайта шығыпүлгермей, оның торшалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дәл осы феномен «Боудич баспалдағының» негізінде жатады.
Жүрек етінің жиырылу қасиетінің ерекшеліктері. Жиырылу дегеніміз еттің белгілі бір тітіркендіргіш әсерінен ширығуы (қатаюы) жоне қысқаруы. Бұл — жауап реакция (әсерленіс). Қаңқа еттің жиырылу күші (амплитудасы) тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Тітіркендіргіш күшін біртіндеп өсірсе, еттің жиырылуы да соған сәйкес күшейеді. Жүрек етінің жауабы тітіркендір-гіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еті тітіркендіргіштің қозу табалдырығына бар күшімен жауап береді. Тітіркендіргіш күшін біртіндеп одан әрі күшейткенде еттің жиырылу күші өзгермейді. Ал қозу табалдырығынан төмен күшке жауап болмайды. Бұл зандылықты Боудич ашқан. Оны «түгелдей не түк емес» заңы деп атайды.
Қаңқа ет талшықтарының әр қайсысының қозү табалдырығы әртүрлі, сондықтан тітіркендіргіш күші өскенде жиырылатын талшықтар саны да арта түседі. Ал жүрек еті талшықтарыньщ аралырында нексус жалрамасы (контакт) болғандықтан бір миоцит қозса болраны әрекет потенциалы нексустар арқылы көптеген миоциттерге жайылып үлгіреді де, бәрі бір мезгілде бар күшімен жиырылады. Сөйтіп, жүрек миоциттері синцитий тәрізді қызмет етеді. Жүрек етінің «түгелдей не түк емес» заңына бағынбайтын жері де бар. Бұл көбінесе миоциттер ішінде өтетін процестерге байланысты болады. Тітіркендіргіш күшін біркалыпты ұстап, оның жиілігін біртіндеп көбейтсе, алғашқы кезде еттің жиырылу күші тітіркендіргіш санына қарай арта түседі. Мұны Боудич «баспалдағы»деп атайды. Тітіркендіргіш белгілі бір жиілікте әсер еткенде, оның әрбір келесі әсері жүрек етінің қозгыштық дәрежесінің күшейген (супернормальдық) кезеңіне тап болғандыктан, онымен тығыз байланысты қасиеті — жиырылу қабілеті де жоғарлайды.
Гомеометрлік механизмде жүрек етінің жиырылу күші оның, созылу дәрежесіне байланысты емес, ол алдын ала созылмай-ақ қатты жиырылып қарыншадан қанды артық қысыммен шығара алады. Осы айтылған екі механизмде де миоциттерде катехоламиндердің, Са2+ мөлшерінің көбеюіне, ондағы зат алмасу карқынының күшеюімен бөлінген энергия толығынан пайдалануына байланысты. Ет талшығы қозған кезде адреналин мен норадреналин Са2+ иондарының клетканың сыртынан ішіне қарай өтуін күшейтеді де, сол мезгілде пайда болған әрекет потенциалы ретикулум
цистернасынан Са2+ ионының саркоплазмаға шығуын үдетеді. Мұның салдарынан әрекет потенциалы созыңкы болады және Са2+ ионы тропонинмен әрекеттесіп тропонин мен тропомозин комплексін құрайды, жиырылатын актомиозин пайда болады, яғни миозиннің көлденең өсінділерінің тропонинге жабысуына жағдай жасалады және АТФ кышқылы ыдырайды. Бұдан босаған энергия актин жіпшесінің миозиндердің арасына кіруіне пайдаланылады. Сөйтіп, қозу процесіне жиырылудың ілесуі іске асырылады.Саркоплазмада Са2+ ионының саны көбейген сайын актин мен миозин жіпшелері арасындағы көлденең көпіршелерінің саны көбейеді. Осыған байланысты актиннің миозин протофибрилдері арасына енуі тереңдей түседі, еттің жиырылу күші жогары-лайды.
Демек, жүректің өзінде орналасқан реттеу тетіктері тек жекеленген жүрек камераларының жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың белгілі бір ретпен, күшпен жиырылуын, миокард талшықтарының босаңсу дәрежесі мен оның жылдамдығын реттейді.
Жүрек қызметінің сыртқы және ішкі ортаның жағдайына байланысты организмнің мұқтаждығына қарай бейімделе өзгеруі ағзадан тыс реттеу механизмдерінің әсерімен жүреді.
Жүректен тыс (экстракардиалық) реттеу тетіктері жүйке мен гуморальды заттар әсеріне негізделген.
Жүрек жұмысы сондай-ақ гуморальдық реттеу әсерінде болады, яғни биологиялық белсенді химиялық заттар гормондар көмегімен реттелді.
Симпатикалық жүйке жүйесі – жүрек іс-әрекетін қоздырады, яғни бұлшықеттің жиырылу жылдамдығын, күшін, жылу өткізгіштігін, қозуын реттейді.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі – жүрек бұлшықетінің негізгі қасиеттеріне кері әсерін тигізеді.
Жүрек жұмысының жүйкемен реттелуі. Жүрек қызметін сопақша мида орналасқан арнаулы орталық симпатикалық және кезеген жүйкелер арқылы реттейді. Барлық вегетативтік жүйкелер сияқты, жүрек қызметін реттейтін симпатикалық және кезеген жүйкелер екі нейроннан тұрады. Симпатикалық жүйкенің бірінші нейроны жұлынның көкірек бөлігінің алдыңғы бес сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасады да, оның өсінділері жұлдыз тәрізді симпатикалық түйінге келіп аяқталады. Бұл түйіндегі екінші нейрон өсінділері жүректің ет талшықтарына жетіп тарамданады. Оң симпатикалық жүйке – Ашофф-Тавар түйінін жүйкелендіреді. Қарынша еттеріне жүйке екі жақтан да таралады, Кис-Фляг және Ашофф-Тавар түйіндерінде аяқталған жүйке талшықтары жүрек жұмысының ырғағын, ал қарыншаларда аяқталған жүйке талшықтары – жүрек еттерінің жиырылу күшін реттейді.
Кезеген жүйкенің бірінші нейроны сопақша мида орналасады. Оның түйінге дейінгі ұзын өсінділері жүректегі жүйке түйіндеріне келіп аяқталады. Жүрек
түйіндерінде орналасқан екінші нейрондар өсінділері оң жақтан Кис-Фляг, ал сол жақтан Ашофф-Тавар түйіндерінде аяқталады.
Қарынша еттеріне кезеген жүйке жетпейді. Оң кезеген жүйке жүрек жұмысының ырғағын, ал сол кезеген жүйке Ашофф-Тавар түйінінің өткізгіштігін реттейді.
Кезеген жүйкенің жүрекке әсерін алғаш рет неміс ғалымдары ағайынды Веберлер зерттеген. Иттер мен қояндарға жүргізілген тәжірибелердің негізінде олар кезеген жүйкеге күшті тітіркендіргішпен әсер еткенде жүрек жұмысының тоқтап қалатынын, ал әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен жүрек ырғағының баяулайтынын дәлелдеді. Демек, кезеген жүйке жүрек жұмысына теріс әсер етіп, оның қызметін баяулатады.
Неміс ғалымы Энгельманның жіктеуіне сәйкес кезеген жүйке жүрекке бес түрлі әсер етеді. Оны тітіркендіргенде жүрек жұмысының ырғағы баяулайды, жүрек еттерінің жиырылу күші әлсірейді, қозғыштығы төмендейді, өткізу жылдамдығы баяулайды, теріс тонотропты әсер – жүрек етінің тонусы төмендейді. Кезеген жүйкенің әсерінен жүрек етінің рефрактерлік кезеңі қысқарып, мембраналық потенциал өседі, гиперүйектену процесі байқалады. Кезеген жүйкені ұзақ тітіркендірсе, жүрек оның ықпалынан шығып кетеді де, жұмысын жиілетеді. Оң кезеген жүйке көбіне Кис-Фляг түйініне, ал сол жүйке – Ашофф – Тавар түйініне әсер етеді.
Жүрекке симпатикалық жүйкенің әсерін орыс ғалымы Цион, кейінірек И.П.Павлов айқындаған. Симпатикалық жүйке жүрекке оң әсер етеді. Қозу толқыны жүрекке симпатикалық жүйке арқылы тараса, онда жүрек жұмысының ырғағы жиілейді, жүрек етінің жиырылу күші артады, қозғыштығы жоғарылайды, өткізгіштігі шапшаңдайды, тонусы артады. Демек, симпатикалық жүйке де жүрекке бес түрлі әсер етеді. Айта кетер жай, әрбір әсер арнаулы жүйке талшықтарының әрекетінен туындайды, аталған барлық әсерлерді қамтамасыз ететін әмбебап талшық болмайды.И.П.Павлов зерттеулеріне сәйкес жоғарыда аталған әрбір әсерді реттейтін арнаулы жүйке талшықтары болады. Ғалым симпатикалық жүйкенің бір талшығын тітіркендіре отырып, оның жүрек ырғағын өзгертпей, тек қана жүрек етінің жиырылу күшін арттыратынын байқаған. Кейінірек дәл осындай тек қана жүректің жиырылу күшін әлсірететін талшықтың кезеген жүйке құрамында болатыны да анықталады. Жүректің жиырылу күшіне ықпал етіп, басқа көрсеткіштерін өзгерпейтін осындай жүйке талшықтарын И.П.Павлов трофикалық жүйкелердеп атады. Оның пікірінше мұндай жүйкелер органдардағы зат алмасу процесін реттейді.
Жүрек жұмысын реттейтін жүйкелердің орталықтары әлсіз қозу жағдайында болады. Кезеген жүйкелерді қиып тастаса жүрек қағысы жиілейді, ал симпатикалық жүйелерді қиғаннан соң ол айтарлықтай сирей қоймайды. Демек, парасимпатикалық жүйелердің тонусы симпатикалық жүйке тонустарынан басымырақ. Қалыпты жағдайда парасимпатикалық және симпатикалық жүйке орталықтарының арасында үйлесімді байланыс қалыптасқан. Олардың біреуінің қозуы күшейсе, екіншісінің қозуы – бәсеңдейді.
Егер кезеген жүйкенің тонусы ұзақ уақыт күшейсе, жүрек қағысы сирейді. Бұл құбылысты брадикардиядеп атайды. Кезеген жүйкенің тонусы әлсіресе – жүрек лүпілдейді, немесе тахикардия байқалады.Кезеген жүйкелердің тонусы туа байқалмайды. Жаңа туған төлдерде де ол сезілмейді де, тек қана еттері қызметтерінің дамуына байланысты қалыптасады. Демек, жүйке тонусының қалыптасуында еттерде орналасқан әртүрлі сезімтал жүйке ұштарынан келетін қозу толқындарының маңызы зор.
Жүрек жұмысы рефлекс ретінднде реттеледі. Мысалы, қантамырларындағы сезімтал жүйке ұштары қан қысымының ауытқулырынан тітіркеніп, тек тамырлар тонусына әсер етіп қана қоймай, жүрек ырғағын да өзгертеді. Қан қысымы жоғарыласа, жүрек ырғағы баяулайды, ал төмендесе – жиілейді. Ішкі органдар рецепторларын күшті тітіркендірсе, онда жүрек жұмысы тежеледі. Бұл құбылысты Гольтц рефлексі деп атайды.Жүрек қызметі дене жұмысының тіршілік ортасы температурасының, әртүрлі эмоциялардың тағы басқа әсерінен де өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы орталық жүйке жүйесінің қатысуымен рефлекс жолымен жүреді.Жүрек қызметін реттеуде сопақша ми орталықтары мен қатар гипоталамус, лимбика жүйесі, ми қыртысындағы орталықтарда қатысады. Жүрек жұмысына шартты рефлекстің қалыптасуы оны реттеуге үлкен ми жарты шарларының қатысатынының айғағы. Жарыс алдында бәйге аттарының жүрек жұмысының жиілеуі шартты рефлекстің белгісі.
Жүрек қызметінің гуморальді реттелуі. Қан мен лимфа құрамындағы түрлі биологиялық белсенді заттардың әсерімен жүреді. Венгр ғалымы О.Леви 1922 жылы қозу процесі кезінде жүрек жүйкелерінің ұшында ерекше химиялық заттар – «медиаторлар» түзілетінін дәлелдеді. Кезеген жүйке ұштарында ацетильхолин, ал симпатикалық жүйке ұштарында – симпатин бөлінеді. Олар қозу толқынының жүйке талшықтарынан жүрек еттеріне өтуін жеңілдетеді. Өздерін бөлген жүкенің әсерін қайталайды, шектеулі ғана белсенділік көрсетеді. Қанға сіңсе ацетильхолинді холинестераза ферменті, ал норадреналинді – аминоксидаза ферменті ыдыратады. Бұл медиаторлар жүрек жұмысына миокардтағы иондар концентрациясын өзгерту арқылы әсер етеді.Жүркек жұмысына түрлі гормондар да әсер етеді. Бүрекүсті безінің боз затының гормоны – адреналин, жүрек етінің жиырылу күшін арттырып, жүрек жұмысының ырғағын жиілетеді, жүректің тамырларын кеңейтіп, оның қоректенуін жақсартады.Қалқанша без гормоны – тироксин, жүректің симпатикалық жүйке әсеріне сезімталдығын арттырып, оның қозғыштығын жоғарлатады, жұмысын жиілетеді. Глюкагон мен кортикостерионттар да жү.рек еттерінің жиырылуын күшейтеді.
Орытынды
Қорыта келгенде жүрек қызметін реттейтін тетіктерді үш топқа бөлуге болады:
1. Торшалық реттеу тетігі.
2.Ағзалық реттеу тетігі
3.Жүректен тыс реттеу
Жүректің өз қызметін әр түрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өзгеріп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қазіргі кезде жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.
1.Гидродинамикалық аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жүректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады.
2.Гетерометриялық аутореттеу механизмі. Бұл механизм жүрек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады.
3.Гомеометриялық аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы үзындығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өзгермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясьша байланысты да өзгеріп отырады.