Уық асты без рагының диагностикасы
Аурудың даму тарихы (анамнез) – ең диагнозды анықтаудың негізгі болып саналады, сол арқылы ісіктің басталу мерзімін, зәр жүру үрдісінің бұзылу деңгейін (дизурия), аурудың әлсірегенін, арықтағанын анықтауға болады. Бұлардың бәрі диагноз қоюға көмектесетін қосымша белігі болып саналады.
Науқастың сырт көрінісі - бозаруы, ағаруы, арықтауы – ісіктің асқынғанын көрсететін белгілер.
Көру кезінде, осыларға ерекше мән бере отырып, шет орналасқан лимфа бездеріне, бауырға, бүйрекке, қуыққа қөңіл бөлу керек. Міндетті түрде кіші дәреттен кейін қуықта қалған зәр мөлшерін (қалдығын) анықтаған жөн. Егер қуық асты без рагына күдік туғанда, мыналарды қолдану қажет:
· саусақпен тік ішек арқылы қуық асты без көлемін анықтау,
· қуық асты без антигенін (КАБА) қаннан байқау,
· ультрадыбыс арқылы зерттеп, соның көмегі арқылы биопсия жасау.
І. Қуық асты безді саусақпен көру кезінде (7- сурет), науқасты тоңқайтып, немесе оң жақ бүйіріне жатқызу арқылы жүргізіп, ісіктің көлемін, өсу сатысын, орналасқан жерін, тығыздығын анықтайды. Қуық асты без рагын қолмен тексергенде мынадай өзгерістерді анықтауға болады.
№7- сурет. Қуыө асты безді саусақпен тесеру
Сол кезде:
· без көлемінің ассиметриясын,
· бездің тығыздығын, ол өте қатты болуы,
· көрші мүшемен байланыста болса, бездің қозғалысы өте нашар, не оның қозғалмайтынын,
· ұрық көпіршіктерін сипап анықтауды.
Қолға сезілген бездегі түйіннен, тек 30,0% жағдайда ғана, кейіннен рак дәлелденеді.
2. Қуық асты без антигенін анықтау - өте маңызды, оған қарап тек ісікті анықтап қоймайды, сонымен қатар болжам жасауға болады.
Халықты жаппай тексеру кезінде (скрининг) барлық жастағы адамдарға қалыпты деңгей ретінде 4нг/мл қанның сарысуындағы без антигенінің көрсеткіші алынады. Бұл мөлшер мынадай жағдайларда ұлғаяды:
· ракта,
· қатерсіз ауруда (без гиперплазиясында),
· қабыну ауруында,
· без ишемиясында немесе инфаркт ауруында,
· зерттеу алдында ұрық сүйығы көрінсе,
Қуық асты без рагын анықтаумен қатар, қуық асты без антигенін (ҚАБА) әдісі мына жағдайларда қолданады:
1. Без толығынан сылынған кезде оның мөлшері 0,1 нг/мл, немесе тіпті анықталмай қалады. Ол көтерілсе, онда ісіктің қайта қозғанын көрсетеді. Егер ҚАБА мөлшері 0,1 нг/мл болып, клиникалық көрініс жоқ болса, онда басқа диагностикалық тәсілдерді қолданудың қажеті жоқ болып саналады.
2. Науқас адам сәулемен емделсе, онда оның нәтижесін осы әдіс арқылы қадағалауға болады. Ем нәтижелі болса, онда көрсеткіш төмендейді, ал ол көтерілсе, онда ісіктің асқынғанын көрсетеді. Емге дейін науқаста ҚАБА 2,0 нг/мл ден аспаса, онда болжам 82,0% жағдайда қалыпты деңгейде болады, ал одан да жоғары болғандарда (40-50 нг/мг), бұл көрсеткіш аурудың 30,0% ғана байқалады. Сонымен емнен кейін бұл көрсеткіш төмен болып тұрса, онда айығу мерізімі 3-5 жылға созылады.
3. Ісік асқынған ауруларда да, ҚАБА көрсеткіші болжам ретінде қолданады. Ол көтерілсе, онда ісіктің одан әрі асқынуы байқалады. Мұндайда емдік тәсіл міндетті түрде өзгертілуі қажет.
Ультрадыбыс арқылы зерттеу(№8- сурет), тік ішек арқылы жүргізілсе, онда оның құндылығы едәуір жоғары болады. Бұл тәсіл бездің құрылысын, көлемін және оны қоршаған мүшелердің жағдайын анықтап береді. Егер без өзгеріссіз болса, онда ол үшбұрышты болып, оның негізі тік ішек жаққа, ұшы – қуықтың мойнына бағытталады. Көлденең көлемі 40-45мм, алдыңғы-артқы деңгейі 20-27мм, ені 35-38 мм тең келеді. Ультрадыбыс томограммасында бездің ортаңғы және шет жақтары көрінеді. Шет жағы біркелкі түсті болады, ал ортаңғы жағы зәр жүргіштің айналасында ашық-бозғылттау келіп, бірнеше қуысты болып білінеді. Без май, дәнекер қабатымен қоршалған, олар қойу түсті болып көрінеді. Ұрық көпіршіктерінің көлемі 2 х 7,0 мм-дей, ол қуық пен без ортасында орналасады.
Бездің барлық көлемінің 75,0%-ын шет жақ бөлігі алып жатады, онда 8,0% - рак орналасады. Бездің орталығы – 20,0% көлемін құрайды, мұнда 5,0% жағдайда рак табылады. Зәр жүретін жер бездің 5,0% тең, мұнда 20,0% жағдайда рак пайда болады.
Бездің алдыңғы жағы қолға сипауға келмейді, міне, осы жердегі ісік түйіні ультрадабас арқылы жақсы көрінеді. Орталық жердегі ісік түйіні нашар білінеді. Ісіктің өсуі, көрші мүшелерге тарауы ультрадыбыста айқын көрінеді, ісіктің өсу сатысын дәл анықтауға болады.
№8- сурет. Тік ішек арқылы қуық асты безіне УДЗ жасау