Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Нуклеин қышқылдары.

5.2. Мақсаты: студенттерде ағза қызметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалау материалының құрылысы,қызметі мен құрылымдарының молекулалық деңгейі (ДНҚ).Геннің құрылысы және қызметі жайлы заманауи көзқарастарды қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Молекулалық биология - пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.

5.3.2. Молекулалық биологияның қысқаша даму тарихы.

5.3.3. Молекулалық биологияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың рөлі.

5.3.4. Молекулалық биология және генетиканың медицинадағы рөлі және маңызы.

5.3.5. Нуклеин қышқылдары – жіктелуі, құрылысы, қызметі.

Молекулалық биология және генетика тірі ағзалардың генетикалық материалының (ДНҚ) құрылымы мен қызметін молекулалық, гендік, геномдық, хромосомдық және популяциялық деңгейде зерттейді.

Молекулалық биология – биологияның алдыңғы қатарда ең бір қарқынды дамып келе жатқан ғылымдарының бірі.

Молекулалық биологияның қалыптасуы мен дамуы генетика, биохимия, микробиология және вирусологияның жетістіктерімен, табыстарымен тығыз байланысты.

Соңғы 20 жылда адам және басқада ағзалардың геномдары зерттелініп, трансгенздің технологиялық процесстері жасалынылып (гендік инженерия), ісік жасушаларының трансформациялануының негізінде (онкогенетика) молекулалық-генетикалық механизмдері жайлы жаңа мәліметтер, дәрілік препараттардың метаболизмінің генетикалық бақылануы (фармакогенетика), ДНҚ-ын талдаудың жаңа молекулалық-генетикалық жаңа әдістері анықталынды.Теория нәтижесінде алынған фармация өнеркәсібінде жаңа дәрілік препараттар, гормондар, вакциндермен витаминдер, ауыл шаруашылығында өсімдіктердің жаңа бағалы сорттарын, клиникалық медицинада адамның инфекциялық және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалауда кеңінен пайдаланылуда.

Адам ағзасындағы патологиялық процесстерді гендік деңгейде зерттеудің молекулалық- генетикалық нәтижелері молекулалық медицинаның пайда болуына әкелді.

Тірі ағзалардың барлық жасушаларындағы тұқым қуалау материалын тасмалдаушы нуклеин қышқылдары (НҚ) болып табылады. Бұлар молекулалық массасы өте үлкен күрделі биополимерлер.НҚ мономерлері нуклеотидтер болып табылатындықтан да НҚ полинуклеотидтік тізбек түзеді. Әр бір нуклеотидтің құрамына: бес көміртекті моносахарид (пентоза),фосфор қышқылының қалдығы және азотты негіздер аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У) кіреді. Екі азоттық негіздер пуриндер (А және Г), ал үшеуі (Т,У, және Ц) пиримидиндер класына жатады.

Фосфор қышқылының қалдығы пентозаның 3′-көміртегімен, ал азоттық негіздер көміртегінің 1′ атомымен байланысады. Нуклеотидтер бір-бірімен тізбектеліп бір нуклеотидтің фосфат тобы екінші бір нуклеотидтің дезоксирибозасымен ковалентті байланысады. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі жағынан ажыратылатын екі түрі - ДНҚ және РНҚ бар.

5.4. Көрнекілік материал:1-мультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 638 с.

5.5.2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. 446 с.

5.5.3. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. 427 б.

5.5.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо 2008. 224 б.

5.5.5. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы,

2006.

5.5.6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002.

5.5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 320 б.

5.5.8. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 208 с.

5.5.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.5.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 272 с.

5.5.11. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

5.5.12. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004.

5.5.13. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад.РАМН Н. П. Бочкова. М.,ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Молекулалық биология саласының негізінің салынуындағы жаңалықтар.

5.6.2. Тұқым қуалаушылықты қамтамасыз етудегі нуклеин қышқылдарының рөлі.

5.6.3. ДНҚ және РНҚ құрылысы.

5.6.4. ДНҚ және РНҚ қызметі.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Тұқымқуалаушылық Наследственность Heredity
Биополимерлер Биополимеры Biopolymers
Нуклеин қышқылдары Нуклеиновые кислоты Nucleic acids
Нуклеотид Нуклеотид Nucleotide
ДНҚ ДНК DNA
РНҚ РНК RNA
Пурин Пурин Purine
Пиримидин Пиримидин Pyrimidine
Пентоза Пентоза Pentose
Нуклеозид Нуклеозид Nucleoside
Чаргафф ережесі Правило Чаргаффа Chargaff's rules

Дәріс

Наши рекомендации