Паспорттық бөлім

Науқастың аты-жөні: Жарасов Құдайберген Алтайұлы

Туған күні: 08.03.1967ж

Жасы: 45-те

Жынысы: ер адам

Ұлты: қазақ

Білімі: орта білім

Мамандығы: оқытушы

Қызмет бабы: мектепте мұғалім

Мекен-жайы: Ақтөбе облысы Шалкар қаласы

Клиникаға түскен уақыты: 8.04.2016 ж

Жолдама беруші: Жедел жәрдем

Клиникаға түскендегі болжам диагнозы: ИБС, жүрек миокардының инфаркты

Түскендегі диагноз: трансмуральды миокард инфарктысы

Шағымдары:

Түскен кездегі (8.04.2016):

♦ Ауырсыну:

Орналасуы: жүрек тұсы мен төс арты;

Иррадиациясы: сол иыққа, бұғана, қабырғаға, мойынға, төменгі иек астына, жауырын ортасына беріледі;

Ұзақтығы: 20-30 минуттай;

Күші мен қарқыны: өте күшті;

Сипаттамасы: қысып күйдіріп ауыру, төске ыстық үтік басқандай сезім;

Себебі: қимыл-қозғалыс;

Басылуы: нитроглицерин қабылдаса да ауырсыну жойылмады.

♦ Басқа да шағымдары: демікпе, жалпы әлсіздік, бас айналу, салқын тер басу.

Курация кезінде (13.04.2016):

♦ Еш шағымдары жоқ.

Anamnesis morbi:

Науқас Жарасов Құдайберген Алтайұлы осы ауруының басталуы осыдан 3 жыл бұрын басталғанын айтады. Ең алғашқы 2012 жылы басталған. Кешкілік сағат 20.00-де теледидар карап отырып түргеліп жатқанда басы айналып, жүрегі ұстап ауырған. Жүрек тұсы қысып ауырып, мүмкін басылатын шығар деп кішкене отыра тұрған екен, бірақ ауырғандық басылмаған. Болмағасын жедел жәрдем шақырған. АҚҚ 200/100мм.сын.бағ. жеткен. Дәрігерлер артериальдық гипертензия деп диагноз қойған және Престариум, Амлотоп дәрілерін тағайындаған. Емнен кейін АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ. төмендеген.

2011 жылы кыста жаңа жыл карсаңында қонақтықта отырғанда ауырсыну тағы басталғанын, салқын тер басып, ауа жетпегенін айтады. Сол бойда жолдасы ауруханаға алып келген, одан ол кардиоцентрге жатып емделген. Науқас бұл ауырғандығын салқын тигенмен байланыстырып айтады. Дәрігерлер бірнеше ем жасаған. Тексеру ем нәтижелері оң болған.

8 сәуір күні науқасымыз өзін жайсыз сезініп,жүрек тұсы жаншып ауырған. Әуелгі уақыттардағы емес төс тұсы қатты шаншып басып мазалаған, ауырсыну сол иық, бұғана, қабырғаға, мойынға, төменгі иек астына, жауырын ортасына берілген, көк тер басып, демікпе, кішкене қозғалса болды шаршағандық сезімі болған, одан кейін бойын өліп кететіндей бір үрей билеген. Ауыру сезімі ұзаққа, шамамен 20 минутқа жалғасқан, нитроглицерин қабылдағаннан кейін еш әсер байқалмаған. Басылмағасын жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер миокард инфаркт деп диагноз қойған.

Anamnesis vitae:

Қысқаша өмір баяны:

Жарасов Құдайберген 1965 жылы наурыздың 3-інде Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Нәресте кезінде ана сүтімен қоректенген. Отбасында 8 ағайынды. Соның екінші баласы. Бала бақшаға бармаған. Мектепке 8 жасынан барған. Әлеуметтік – тұрмыс жағдайы жақсы. Дамуы мен жыныстық жетілуі, өсуі жағынан жасына сәйкес дамыған. Дене шынықтыру сабағына қатысқан. 11 сыныпты бітірген соң, 1987 жылы Ленинградта, қазіргі Санкт-Петербург қаласында азаматтық борышын өтеген. Кейін Ақтөбе қаласында институтта мұғалім мамандығын бітірген. Оқу бітіргеннен Шалқар қаласында мектепте жұмыс жасайды. 25 жасында үйленген. Тұрмыс жағдайлары жақсы, жеке баспаналары бар. Тамақтану ерекшеліктері де ойдағыдай, жақсы.

Отбасылық анамнез және тұқымқуалаушылық:

Анасы: Зейнеткерлікте, кіші інісімен бірге тұрады. Науқастың сөзіне қарағанда анасы өмір бойы артериальды гипертония мен қант диабетімен ауырады.

Әкесі: 63 жасында оқыс жағдайдан қайтыс болған. Еш сырқаттанбаған.

Балалары: 5 баласы – 2 ұлы, 3 қызы бар, балаларының денсаулықтары жақсы, ешқандай шағым жоқ.

Зиянды әрекеттері: шылым шегеді, 2 күнде 1 қорап темекі тартады, ішімдік қонаққа барған кездері сирек қолданады.

Ауырған аурулары:

-Балалық шағында: ангина ( жылына 1 рет ); ОРЗ, ОРВИ; қызылша, желшешек.

-41 жасынан артерияльды гипертензиямен ауырады, максимальды жоғарылауы 200/100 мм.сын.бағ. дейін көтеріледі. 140/90 мм.сын.бағ. үйренген адапцияланған.

-Хирургиялық операциялары мен жарақаттары: оң аяғының тобық сүйегінің жабық сынығы (1996 ж), басқа хирургиялық араласулардың болмағандығын айтады.

-ОИМ, ОНМК, ЖКБ, МКБ, асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара ауруы, туберкулез, сары аурумен ауырмайтынын айтады.

Аллергологиялық анамнез: лидокаинға аллергиясы бар.

Жалпы қарау:

Есі: айқын;

Жағдайы: қанағаттанарлық;

Төсектегі қалпы: активті;

Жалпы келбеті:

а) дене пішіні – дұрыс;

ә) конституциясы – гиперстеник;

б) күйлілігі – жоғары;

в) денесін ұстауы және жүрісі – дұрыс және үйреншікті қалыпты жүріс.

Бойы: 168 см;

Салмағы: 78 кг;

ИМТ: 29 кг/м2 (дененің артық салмағы)

Терінің күйі: түсі қуқыл-сарғылт тартқан, акроцианоз.

Қызуы: 38-38,5°С.

Ылғалдылығы: денесін салқын тер басқан, қозғалса одан бетер терлейді.

Тургоры: төмендеген, қол сыртының қыртысы жазылу жылдамдығы азайған. Қабақ конъюнктивасы ақшыл қызғылт, склераның сарғаюы жоқ.

Теріде ешқандай қасыған із белгілері, қан құйылу, бөртпе, тыртық, жаралар, ойық, ісіну жоқ.

Тырнақтары: тырнақ пластинкасы тегіс, жылтыр, түсі алқызыл. Патологиялық өзгерістер жоқ.

Дене мүшелерін жекелеп қарау:

Басты қарау: нормоцефалия, бастың дірілі байқалмайды, тыртық жоқ.

Бетті қарау: қиналу пішіні байқалады, маңдайында салқын тер, беті қуқыл тартқан, ерні, құлақ ұшы көгерген. Қабақ конъюнктивасы ақшыл қызғылт, склераның сарғаюы жоқ.

Шашты қарау: Шаштары ағарған, ұялы түрде түсу байқалады.

Ауыз қуысын қарау: тістері түгел емес, қызыл иегінде тілінің түбінен ақ сары, сұры қатпар жапқан. Жұтқыншақ көмей бездері қалыпты.

Мойынды қарау: қалқанша без көлемі үлкеймеген, "каротидтер биі", "оң" веналық пульс жоқ, тері беткейінде еш тыртық белгілері көрінбейді.

Кеудені қарау: омыртқа жотасының қисаюы жоқ, ақ сызық бойымен түк жамылғысы қаптай өскен, кеуденің биіктігі іш биіктігінен қысқа, эпигастральды бұрыш 90°-тан артық.

Тері асты шел майын қарау: артық жинақталған. Кіндік тұсында қалыңдығы 9 см, жауырын аймағында 5 см. Пальпациялағанда ауырсыну жоқ.

Лимфа жүйесі: төменгі жақ асты, артқы, алдыңғы мойын, желке, бұғана үсті, бұғана асты, қолтық, шынтақ, шап лимфа түйіндері үлкеймеген, жүмсақ консистенциялы, біріккен, қозғалмалы, ауырсынусыз. Лимфа түйіндері үстіндегі тері жамылғысын еш өзгеріссіз.

Бұлшықет жүйесі: жақсы дамыған. Атрофия, гипертрофия байқалмады. Бұлшықеттік тонус қалыпты, тығыздалу жоқ. Аяқ-қолдардың күші өзгермеген. Қозғалыс кезінде және пальпациялағанда ауырсыну болмады.

Сүйек-буын жүйесі: аяқ-қолдардың конфигурациясы өзгермеген, қимыл-әрекеті қалыпты. Активті және пассивті қозғалыстардың көлемі толық, ауырсыну жоқ. Тізе буындарында жеңіл крепитация анықталды.

Наши рекомендации