Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы туралы жалпы түсінік.

Сұрыптау оның түрлері мен әдістері

Сұрыптау- а.ш өсімдіктерінің жаңа сорттарны алу. Ч. Дарвин өсімдік сорттарының және жаңа түршелер мен түрлердің пайда болу негізі- бір ғана ортақ бағыт сұрыптау екендігін анықтады. Табиғи сұрыптау- ұзақ мерзім ішінде жүретін құбылыс. Табиғи сұрыптау қоршаған ортада екі бағытта жүреді: үнемі даму сүрыптауы- кез келген ұрпақтар қосындысында жаңа өзгерістің немесе бірнеше қосындылары болуын қамтамасыз етеді. Тоқталған немесе тұрақты сұрыптау ұрпақтағы тұқым қуалау қасиеттерінің тұрақтылығынан, бірнеше ұрпақ бойынша тіршіліктің бір- бірінен айырмашылығының болмауына жағдай жасайды.

Қолдан сұрыптау- қолдан сұрыптау арқылы адамдар табиғатта бүұрын болмаған, жаңа тіршілік ала алады. Қоршаған ортаға байланысты пайда болған өсімдік топтарының өз ерекшеліктері болады. Сұрыптау нәтижесінде құрғақшылық аймақтарында пайда болған өсімдіктер топтары ылғалды жерде пайда болған топтарға қарағанда өнімді аз береді, масақтары қысқа, ал дәндері ұсақ келеді.

Жаппай сұрыптауда алғашқы өз ерекшеліктері бар ұрпақтар тобы бір мезгілде көптеген жүзден, бірнеше мыңға дейін жетеді. Алғашқы жылы бастапқы ұрпақтан элиталық ең жақсы өсімдіктер бөлініп алынады. Олардың дән өнімдерін қайта қосып, тағы себедіде, өсмдіктер ішінен жақсыларын сұрыптап алады. Жаппай сұрыптау әдісімен көпжылдық шөптердің барлық және қарабидайдың көптеген сорттары алынады. Бұл әдістің ең байқаларлықтай кемшілігі- таңдалып алынған өсімдіктердің әр ұрпағын тексеру мүмкіншілігінің жоқтығы. Жаппай сұрыптау әдісіне тән кемшіліктер, жекелей сұрыптау әдісін пайдалану арқылы жойылады.

Жекелей сұрыптау- бұл әдістің негізі- жекелеген өсімдіктерді сұрыптап алып, болашақа әрқайсысынан алынған ұрпақтарды жекелей сақтау, көбейту. Алғашқы таңдалып алынған өсімдітердің ұрпақтарын бірнше рет тексеруден өткізеді. Әлсіз кездейсоқ сұрыпталған өсімдіктер жарамсыз деп табылып, шетке ысырылады. Өздігінен тозаңданатын дақылдармен жұмыс істегенде, әдетте бір рет жекелей сұрыптау қолданылады. Алғашқы ұрпақтар ретінде табиғи, будандық және бір- бірінен айырмашылықтары бар ұрпақтарпайдаланылады. Таңдап алынған табиғи бір өсімдіктің ұрпақтары- линиялық , оның негізінде алынған сорт- линия, ал таңдалып алынған будан ұрпақтары буданды линия, одан алынған сорт- будандық сорт деп аталады.

Жыныс мүшесіз көбейетін өсімдіктерде жүргізілетін жекелей сұрыптау клоундық сұрыптау деп аталады. Клон- шыққан тегі бір, жыныс мүшесіз көбейетін- өсімдіктердің ұрпақтары. Клондық сұрыптауды жаңа сорттарды шығару үшін немесе тұқым жақсарту жұмыстарында пайдаланады. ЕҢ жақсы клондық туыстар ұрпақтары сынау және көбейту жұмыстарында алға қойлған мақсаттарға толыққ жауап беретін болса, сортқа айналады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы туралы жалпы түсінік.

Өсімдіктер селекциясы (лат. selectіo – таңдау, сұрыптау) – өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым саласы.
Өнімді сұрыптау, іріктеуге байланысты төрт кезеңге бөлінеді:

Ерте заманғы селекция (қарапайым селекция);Халықтық селекция;Өнеркәсіптік селекция;Ғылыми зерттеу селекциясы. Қарапайым селекция ең алғаш адамдар егіншілікпен айналыса бастап пайда бола бастады. Ол кезде өте қарапайым түрде будандастыру процесстері жүргізілді. Бірақ селекцияның нақ шырқау кезеңі жүзеге асырылмады.

Халықтық селекция жануарлар мен өсімдіктердің тұқымдарын жақсартумен қатар қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте дамыды.Бұл кезеңде ауа-райының жақсы жағдайына, бейімделген қолдан сұрыпталған жасанды түрлер ене бастады. Халықтық селекция селекцияның алтын кезеңі болып табылады.

Өндірістік селекция 18-19ғ басында үлкен қарқынмен дамып, селекциялық кәсіпорындар құрыла бастады. Мұнда өсімдіктерде дән байлау кезінде жыныс және жыныстық процесстері анықтала бастады. Қолдан ұрықтандыру және жартылай будандастыру процесстерін зерттеу селекциялық тәжірибе үшін маңызды кезең болды.

Ғылыми селекция бұл 19-20ғ қарқынды дами бастаған кезең болы болып табылады. Мұнда селекцияға ғалымдар үлкен үлес қоса бастады. Ғалымдардың теориялық ілімдері тәжірибе жүзінде асқан кезең қалыптасты. Ғылыми селекцияның ең алғашқы іргетасын Ч.Дарвин «Органикалық дүниенің эволюциясы» ілімін ұсынды. Вавилов селекцияға үлкен үлес қоса бастады. Ол өзінің еңбегінде «өсімдіктер мен жануарларды қалыптастыруға адамның араласуы» болып табылады деп көрсетті. Ол жеміс жидектерді зерттеу арқылы өсімдіктердің көптеген түрлерін шығарды. 20 ғ басында селекция пән ретінде қалыптасты. Селекциялық тәжірибе мекемелері құрылып, жоғарыдәрежеге жете бастыды.

Ең алғаш жаңа сорттар шығарылғанда тек сұрыптау әдістері қолданылды. Ал қазіргі кезде будандастыру мутагенез биотехнология, полиплоидия әдістері қолданылды. Селекция мынандай пәндермен тығыз байланысты:

Жасушаның ішкі құрылымын зерттейтін селекция- цитология.

Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті селекция -генетика.

Ағзада және өсімдіктерде болатын ішкі құбылыстарды зерттейтін селекция- физиология.

Аурулармен зинкестілерді зерттейтін селекция фитопотология және энтология

Тұқым шаруашылығы- ауыл шаруашылығында дақылдарының аудандастырылған сорттары мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамассыз етумен қатар, тұқымның көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамассыз етумен қатар, тұқымдық дәннің сорттық, биологиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалып отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.

Тұқым жаңарту негізгі элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл дегеніміз-сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.

Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.

Элиталы тұқым өсіру кестесі:

І-жекелей сұрыптауда:

1) 1-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі;

2) 2-шіжылғы тұқымды сынау питомнигі;

3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі;

4) суперэлита;

5) элита

Жаппай сұрыптау:

1) 1-2 жылғыпитомнигі;

2) суперэлита

3) элита.

Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастырудағы бірінші ғылыми-өндірістік түр-1996 жылы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық “асыл-тұқым” ассоцициясы.

Наши рекомендации