Бактериялар метаболизмі.(Қоректену)Қоректену бойынша жіктелуі.Механизмі

Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды.
Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды да, олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бәліп те үлгереді. Бұл екі процестің екеуі де ете тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай өткізгіш келеді де белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана еткізіп түрады. Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілімөлшерде кысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз бай-ланысты. Егер еріген заттың концентрациясы веғұрлым артық бол-са, қысым да соғұрлым арта түседі.
Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жи-налған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка кабығын кереді. Мұны тургор щубылысы деп атайды. Клетка шама-даи тыс ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал.
Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас түзы немесе қант қосылғанда бактерия клеткалары сусызданады. Цитоплазма бастапқы ‘қаллындағыдан анағұрлым кішірейеді де жиырылып клетканың ішіне қарай тартылады, оны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клеткасының тіршілігі жойылады. Көптеген тағамдық заттарды са,қтау үшін түрмыста қант пен ас тұзынын, концентрлі ерітінділерін пайдалану осындай ерекшелігіне негізделген.
Әдетте микробтар клеткасы үшін оттегі, сутегі, көміртегі, азот, минерал заттары т. б. қажет. Оттегі мен сутегінің негізгі көзі —су, ал көміртегінің сіңірілу тәсілдеріне қарай микроорганизмдер үлкен екі топқа бөлінеді.
1) Автотрофты организмдер көміртегін ауадағы көмір қышқыл газынан сіңіреді. Сол ортадағы түрлі минерал заттардың тотығуынан бөлінетін энергия автотрофты организмдердің кеміртегін сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бүл қүбылысты фотосинтезге керісіше, хемосинтез деп атайды. Автотрофты микроорганизмдергеС. Н. Виноградский ашқан нитрификациялаушы бактериялар,темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады.
Бұлардың кейбір тобына — мәселен, күкірт бактериялары-на — жасыл есімдіктердегідей фотосинтез қүбылысы тән.
2) Гетеретрофты организмдерге — көміртегін дайын органикйлық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар жэне ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышіқылын да пайдалана алады, сәйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы елі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.

32. Қоректену механизмдері. Бактериалды клеткаға қоректі заттар негізгі үш механизм жолдары арқылы енеді: пассивті диффузия, жеңілденген диффузия және активті белсенді транспорт.
Пассивті диффузия концентрация градиенті бойынша, яғни сыртта қоректі заттың концентрацисы жоғары, ал клетка ішінде оның концентрациясы төмен.Егер заттың концентрациясы мембрананың екі жағында тенелсе, пассивті диффузия тоқтайды.Осы жолмен (және одан қайтадан) су сіңеді, энергия қажет етпейді.
Жеңілденген диффузия мембранадағы арнайы белоктар арқылы және субстраттың спецификасы арқылы өтеді. Осы белоктар – пермеазалар субстратты спецификасын атқарады. Пемеазалардың негізгі қасиеті – мембранадан өту. Жеңілденген диффузия концентрация градиенті бойынша өтеді, сондықтан энергия қажет етпейді. Пермеазалар қажет субстратпен байланысып, мембрана өткізгіштігін жоғарылатып, одан өтеді. Пассивті диффузиямен салыстырғанда жылдамдығы жоғары.

33.Микроорганизмнің тыныс алуы.

Микрорганизмдердің тыныс алуы энергия бөлінетін органиалық қосылыстар тотығуының биологиялық жолмен жүретін күрделі процесі болып есептеледі. Жасыл өсімдіктер энергияны хлорофилл көмегімен күн көзінен алынатын мәлім. Ал микроорганизмдердің басым көпшілігі күн энергиясын пайдалана алмайды. Энергияны олар химиялық реакциялар көмегімен қамтиды. Осы энергияның көмегімен олар клеткада күрделі органикалық қосылыстар түзеді.

Әр жасушада тотығу процесі жүретіндіктен, микроорганизмдердің қоректенуі мен тыныс алуы арасында тығыз байланыс болады.Өйткені клеткадағы қоректік заттар ыдырағанда энергия бөлініп шығады. Ал тыныс алу кезінде энергияның клетка сыртына бөлініп шығатыны да белгілі.

Тыныс алу түріне байланысты микроорганизмдерді үлкен екі топқа бөледі: аэробты және анаэробты микроорганизмдер. Аэробты микроорганизмдер ортада оттегі болғанда ғана тіршілік ете алады. Ал анаэробтар оттегіне мұқтаж емес.Анаэроб микробтар облигат және факультатив деп екіге бөлінеді. Облигат анаэробтар тек оттегі жоқ жерде ғана тіршілік етеді. Молекула күйіндегі оттегі олар үшін – у (газды гангрена, сіреспе қоздырғыштары). Ал факультативті анаэробтар молекула күйіндегі оттегінің бар не жоғына қарамай тіршілік ете береді (стрептококк, дифтерия таяқшасы ж.т.б). Анаэроб ауа енуі қиын терең қабаттарда тіршілік етуге бейімделген. Кей бактериялар оттегінің өте төмен парциалды қысымында тіршілік ете алады, оларды микроаэрофилдер деп атайды (бруцеллез қоздырғышы). Ал басқалары оттегі мол жерде жақсы тіршілік етеді – аэрофилдер (туберкулез, дифтерия, тырысқақ қоздырғыштары).


Наши рекомендации