Жеміс-жидек өсімдіктері
Билет
11Түйе шаруашылығы, түйе өсіру[1] – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.
Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.
Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.
Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30°С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.
Түйе шаруашылығының тиімділігі ет өндіру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға тікелей байланысты. Қоңды түйелер етінің құрамында 17 – 22% белок, 12% май ұлпалары болады. Тағамдық қасиеті және құнарлылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес. Өзіндік құны арзан әрі сапалы түйе етін өндірудің басты жолы түйені жайып-семірту екендігі ғыл.-өндірістік тәжірибелердің нәтижесінде дәлелденді. Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы Т. ш-н ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Ет өндіретін Т. ш-тарында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түрікмен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80 – 120 кг-ға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51,7 – 52,5%-ға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55 – 58%-ға жетеді. Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым – шілде, ал жас буыршындарды қараша – желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті Т-лер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар, таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15 – 20%-ға басым болады. Қазір елімізде қос өркешті қазақ түйелері 20 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта, оның ішінде Атырау обл-ның “Бірінші май” және “Жаңа таң” ААҚ-лары мен “Жарсуат” ӨК-нде, Батыс Қазақстан обл-ның “Хан ордасы” ЖШС-да, Қызылорда обл-ның “Құланды” ААҚ-да, Маңғыстау обл-ның “Таушық” ЖАҚ-да және Оңт. Қазақстан обл-ның “Қара құр” ӨК-нде, т.б. өсіріледі. Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі – жүн. Ол технол. қасиеті бойынша тоқыма өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады. Түрікмен Республикасында және еліміздің оңт. облыстарында түйе жүні кілем тоқуға пайдаланылады. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар жеңіл, жылы, сонымен қатар берік, созылғыш келеді. Ел арасында белі ауырған адамдарға шудадан жалпақ белбеу тағу, сарысу жиналған дене мүшесіне ыстық суға батырылған шуда басу секілді халық медицинасы әдістері кең тараған. Ұзын талшықты түйе жүнінен тоқылған маталар көбіне көрпе жасауға пайдаланылады. Шудадан машина жасау өндірісінде бұрғылау қондырғыларының белдіктері (ременьдері) дайындалады. Ғарышкерлердің ішкі жеңіл киімдерінің бір тіні түйе жүнінен тоқылатыны да бұл шикізаттың жоғары қасиетін көрсетеді. Т. ш-н келешекте ойдағыдай дамыту – түйе сауу, жүндеу, тоғыту секілді қол күшін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды талап етеді. Алматы обл-ның Мыңбаев атынд. тәжірибе ш-нда түйені жықпай, арнайы қондырғыда жүндеу әдісі игеріліп, оннан аса шарушылықтарға енгізілді. Бұл жүндеу уақытын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ең бастысы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қондырғыны түйе саууға, бонитировкалауға (малды асылдандыру мақсатында жан-жақты бағалау) пайдалануға болады. Т. ш-н ойдағыдай дамытып, өнім өндіруді арттыру үшін малдың тұқымдық-өнімділік қасиеттерін үзбей жетілдіру, тауарлы шаруашылықтарда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан алынған тұқым-жақсартушы бураларды кеңінен қолдану басты назарда болуы тиіс. Бұл сала бойынша еліміздің 26 тұқымдық мал ш-нда 9,0 мың басқа жуық түйе өсіріледі. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы бойынша (7%) түйе түлігі басқа а. ш. малдарынан (1,2 – 5,3%) 2 есеге жуық басым. Елімізде Т. ш. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған.
2Үй қоянын өсіру — ет, тері, түбіт алу мақсатында қоян өсіретін мал шаруашылығының бір саласы.
Қазақстанда жеке үй шаруасында үй қоянын өсіру 1927 — 29 жж. өріс алды. 1970 ж. қоян өсіруші әуесқойлардың ұйымы құрылып, олар жеке адамдардың тұқымдық қоян, азық, зоотехникалық-малдәрігерлік көмек алуларына көмектесті. Үй қояндары өсімтал. Ересек ұрғашы қоян бір жазда 3 — 4 рет (30 күнде бір рет) көжектеп, жылына 40-қа дейін көжек береді. Көжектері тез жетіліп, 4 — 5 айлық кезінде шағылысады. Жылына бір ұрғашы қояннан 60 — 70 кг ет, 1,5 кг түбіт алынады. Қоянның еті дәмді, тез қорытылатындықтан жас балаларға, кәрі адамдарға және асқазан, бауыр ауруларына өте пайдалы. Терісі жеңіл, жылы, әдемі болады. Оны өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады. Түбітті тұқымынан жылу өткізгіштігі меринос қойының ең жақсы жүнінен кем түспейтін жіңішке, жұмсақ түбіт алынып, әр түрлі тоқыма бұйымдары дайындалады. Жеңіл терісінен аяқ киім, галантерея бұйымдары, құлағы мен табанынан желім, қарнынан ұлтабар ферменті жасалады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде үй қоянын зертханалық жануар ретінде әр түрлі тәжірибелер жүргізуге пайдаланады. Қоянның етті-терілі тұқымдарына: кеңес мардері, шиншилла, шампань, т.б. жатады. Етті тұқымдарына: үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, күміс түсті, қара қоңыр, үлпілдек жүнді ақ қоян, т.б., түбітті қояндарға татар қояны және ангор қоянын жатқызады. Ү. қ. ө. гигиенасы — үйшіктерін құрғақ, суық желден таса жерге орналастыру, жаз айларында ұрғашы қоян жатқан жер желдетіліп тұруы, астын үнемі тазалап тұру қажет. [[1]
Үй қояндарын асырау.Жеке шаруашылықта үй қояндарын ұстаудың көптеген тәсілдері бар. Бір өңірлерде кең қораларда оларды еркін ұстау әлі де қолданылады. Бірақ бұл тәсілдің өз кемшіліктері баршылық. Ең біріншісі – көжектеудің бақылаусыз қалуы, өйткені әртүрлі жастағы еркектері мен ұрғашылары бір жерде ұсталады, сондай‑ақ ұрғашы қояндар өздерінің ұяшығын терең ін етіп жасайтындықтан, жаңа туған көжектерді алу да оңайға соқпайды. Үй қояндарын бұлай асырау тиімсіз.
Ең тиімдісі – үй қояндарын жеке немесе топтық торларда асырау.
Қоян торларын ағаштар отырғызылған құрғақтау учаскелерге орналастыру қажет. Торды аймақтағы қолжетімді кез келген құрылыс материалынан жасауға болады. Тор конструкциясы жағынан қарапайым, жануарларға ыңғайлы, әрі оларды асырауға, яғни жем беруге, қояндарды бақылауға, астын тазалауға қолайлы болуы керек. Ең дұрысы – жерден 0,8 –1,0 мбиіктікке орналастыру. Торлар бір немесе екі орындық болуы мүмкін.
Жеміс-жидек өсімдіктері
Жеміс-жидек өсімдіктері
Жеміс шаруашылығының тарихы, оның Қазақстанда қалыптасуы және интенсивтендіру жолдары. Жеміс дақылдарының биологиялық негіздері. Шекілдеуіктілер топтары. Сүйектілер топтары. Жидек топтары.Жаңғақтар тобы.Субтропиктік өсімдіктер тобы. Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері. Жеміс құрылымының (жемістер өсіп келе жатқан бұтақшалар) пайда болу ерекшеліктері. Жемістер және тұқым. Тамыр жүйесі. Жеміс ағаштарының өсіп-жетілу және жеміс беру заңдылықтары. Жеміс өсімдіктерінің циклдық ескіру және жасару теориясы. Жеміс өсімдіктерінің негізгі және өскін бөліктерінің өсуі мен құрылымы. Жеміс салу заңдылықтары. Жеміс өсімдіктерінің өсу дәуірі мен агротехника міндеттері. Жеміс өсімдіктерінің өніп-өсу және тынығу кезеңдері. Жылдық циклда тамыр жүйесінің өсу ерекшеліктері. Жеміс өсімдіктері тіршілігіндегі экологиялық факторлар. Минералды қоректер элементтері мен топырақ жағдайлары. Алманың клонды телісушілері. Алмұрт телісушілері. Алмұрттың клонды телісушілері. Сүйекті тұқымдар телісушілері. Жеміс-жидек көшеттігін ұйымдастыру және отырғызу технологиясы. Көшеттіктің мәні. Қазақстанның жеміс және жидек көшеттіктері. Көшеттіктің құрамдас бөліктері. Жеміс көшеттігі үшін орын таңдау және территория ұйымдастыру. Жеміс көшеттіктеріндегі ауыспалы егіс. Көшеттіктерде аналық өсімдіктер өсіру. Жеміс бағы. Жеміс бағын отырғызу. Бақты күтіп-баптау. Жеміс ағаштарын калыптастыру және қырқу. Қырқудың түрлері және әдістері. Қырқудың қосымша әдістері. Крон топтары.
Жеміс ағаштарының өсіп – жетілу және жеміс беру заңдылықтары
Жеміс және жидек дақылдары көп жылдық, шөп болып өсетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер өсіру үшін олардың жас өзгергіштігін ескеру мәселесінің маңызы зор. Әуелі өсімдік тым жылдам өседі де, содан соң жеміс байлай бастайды. Алдымен бірен – саран жеміс пайда болып содан кейін жыл сайын өсімдіктің жеміс байлауы күшейеді де, ақырында жемісті төгіп беретін болады. Бірақ ескеру белгілері біліне бастайды.
Мәселен кейбір бұтақтары мен бұтақшалары солады. Бірте – бірте мүлде ескеріп (тіпті қартаю десе де болады, өйткені қазақ кәрі ағаш деп атайды ғой), тіршілік циклы шегіне жетеді де, өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі қурап қалады. Алайда өсімдіктер біркелкі ескермейді, организмнің уақытша жасару құбылысы да, байқалып қалады. Жас өзгергіштік заңдылығын, яғни жеміс өсімдіктерінің қатаю, ескеру және жасару заңдылықтарын білу мақсатқа сай реттеп отыру мүмкіндігіне жол ашады.
Жеміс – жидек өсімдіктерінің жас өзгергіштігін зерттеуде әсіресе биолог, профессор П.Г.Шит еңбегінің шоқтығы биік болып, кең қолдау тапты. Бәрінен бұрын профессор еңбегінің ағаш кронасының (бөрікбасы) негізгі және өскен бөліктерінің циклдық ауысу процесі мен жасына қарай өсу кезеңін және организмнің даму кезінде жеміс беру жағдайларын зерттеуін жұртшылық қатты мойындайды.
Жеміс ағаштарының ескіру және жасару мәселелерін, тіпті сонау ұлы отан соғысына дейінгі уақытта өсімдіктердің циклдық ескеру және жасару теориясын жасаған Н.П.Кренке теориялық жағынан түсіндіріп берді. Осы теорияға орай жекелей өсудің мән - мазмұны бір - біріне қарама – қарсы екі процестің – ескіру мен жасарудың күресі мен бірігуіне келіп саяды.
Ескіру – органикалық бүкіл қызметін әлсіретуге әкеп соғатын қайталанбайтын немесе аздап қайталанатын өзгерістердің жиынтығы. Міне, осы жағдайлар өсімдік клеткасы органын немесе оның өзін түгел ескіртіп, өлтіруге әкеп соқтырады.
Жасару – кейбір клеткалардың, тканьдердің, органдардың немесе тұтас организмнің тіршілікке деген бейімділігінің уақытша артуы. Ол корреляциялық процестердің немесе өсімдіктердің өсу жағдайының әсерімен болатын құбылыс.
Н.П.Кренкенің тұжырымы бойынша әрбір организмнің қалыпты орташа тіршілік ету мерзімінде байқалатын, тіршілікке деген бастапқы бейімділік қабілеті болады. Тіршілікке деген бейімділік потенциалының төмендеуі өсімдікті ескіртеді. Жасару кезінде қайтадан жаңа құрылымдар құрылып, жетіледі, сондай–ақ бұрыннан бар элементтердің ескіруін кідіртеді. Бірақ тұтастай алғанда ескіру процесі қайталанбайтын құбылыс. Соған орай ешқандай жасару құбылысы өсімдікті бастапқы жағдайына қайтара алмайды. Тек жыныстық көбею жолымен алынған жас организм ғана толық тіршілікке деген бейімділік потенциалына, яғни қабілетіне ие болады.
Биологиялық ескеру және бүкіл өсімдікке қана емес, сонымен бірге оның органдары мен клеткарына да тән құбылыс. Клетканың әрбір жаңа бөлінуі оны жасартады. Бірақ әр кезде толық жасарта алмайды. Сондықтан да Н.П.Кренко организмнің жалпы, яғни оның зиготадан пайда болуынан бастап, осы сәтке дейінгі жасы жайлы түсінік енгізді. Сөйтіп өсімдіктің жасы органның немесе оның бөлігінің (әйтпесе вегетациялық көбейетін тұтас өсімдіктің) осы сәтке дейінгі пайда болу уақыты деп білу керек. Осы құбылыс зерттеу өсімдік онтогенезінің, яғни оның дамуының организмнің жасына орай өзгерісіне байланысты кейбір заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді.
Жеміс – жидектің ең маңызды биологиялық және шаруашылықтық қасиеті – тез жеміс салғыштығы. Оны жеміс сала бастауынанақ аңғаруға болады. Түрлі тұқымның жеміс сала бастауы да әр түрлі. Ол – жеміс және жидек өсімдіктерінің тұқым қуалағыштығына байланысты, сондай–ақ тұқымның сорт телінушілігіне, топырақ – климат жағдайына, агротехника деңгейіне қатысты жағдай.
Биологиялық ерекшеліктеріне орай бәрінен (1-2 жылында) жидек дақылдары жеміс сала бастайды. Олар - бүлдірген, таңқурай, қарақат. Бұл жидектер жеміс салуын 4–15 жылдығында тоқтатады. Тұшала, шабдалы және бұта тектес шие 3–4 жылдығында жеміс сала бастап, 15– 20 жылдығына дейін жалғастырады. Өрік, шие, қызыл шие, алхоры, орман жаңғағы отырғызғаннан кейін 3–6 жылдығында жеміс салып, 20–40 жылдығында жеміс салуын тоқтатады. Грек жаңғағы мен талшын 5-15 жыл аралығында ғана жеміс сала бастайды.
Алма және алмұрт сорттары жемісті ерте салғыштығы бойынша 3 топқа бөлінеді. Тұқымынан телімдесіп, өте ерте жеміс салатындар көшеттерін отырғызғаннан кейін 3–5 жылы, орташа мерзімде жеміс салатындар 6–8 жылы, кеш жеміс салатындар 9–12 жылы сала бастайды. Осы сорт топтары әлсіз жетілген телінулерде жеміс салуын 2–3 жылға жеделдетеді. Топырақта азот көп болса, сондай–ақ жас ағашты тым қысқартып жыл сайын кессе де жеміс салуын тежейді. Керісінше, бұтақтарды еңкейту, сабақ бұтақшаларды тұқырту, сүңгектер мен бұтақтарының қабықтарын сақиналау, қалыпты кесу жас ағаштарға ретарданттар шашу жеміс салуын тездетеді.
Жеміс ағаштарының жеміс салуын жылдамдатудың және олардың өнімділігін тез арада арттырудың ең маңызды жағдайы - жапырақ аппаратын, тамыр жүйесін жеделдетіп ұлғайту және қоректік заттарды көп беру.
Физиологтар ағаштарды тығыз еккенде және жоғары агротехникалық мерзімде жапырақтар алатын алаңның бақтың әр гектарына шаққанда 40-50мың м2 болуы керек екенін анықтады. Бір жеміс құрау үшін ағаштың 40–50 жапырағы болуға тиіс. 1м2 жапырақ 1,5–2 кг жеміс өсіруге мүмкіндік береді. Бұл заңдылықты сақтау үшін жеміс ағаштары жыл сайын жақсы өсіп (40–50 см), қалыпты гүлдеуі қажет. Осылайша жапырақтар фотосинтезі ағаш өнімділігін анықтауға мүмкіндік жасайды. Шекілдеуіктер тұқымдарының генерациялық бүршіктерінің олардың және өсіп келе жатқан жемістердің арасында жапырақтардың кем дегенде 2–3 күлтегі (розетка) болған жағдайда ғана салынатыны белгілі болды. Генерациялық бүршіктердің құралу процесі мен жеміс салу тұрақтылығы, сондай–ақ, углеводтардың жинақталуына да байланысты мәселе.
Сонымен, жемістердің жыл сайынғы және мол өнімі өсімдіктердің физиологиялық процестерінің теңесуіне қатысты жайт.
Өнімді бақ өсіру үшін, сондай–ақ ағаштардың жақсылап тозандануына да жағдай жасау керек.
Жеміс дақылдары басқа сорттардың тозаңында тозаңдану қажеттілігіне қарай өздігінен ұрықтанатын және өздігінен ұрықтанбайтындар (айқын тозаңданатындар) деп бөлінеді.
Өздігінен ұрықтанатындардың сол гүлдің тозаңымен, сол өсімдіктің көршілес гүлімен немесе басқа, бірақ, сол сорт өсімдігінің гүл тозаңымен ұрықтанғанда өнімі жаман болмайды. Оған шабдалы, өрік, аохоры, шие, беке (айва) сорттары жатады. Алма сорттарында өздігінен ұрықтану сирек кездесетін жағдай.
Өздігінен ұрықтанбайтын (айқыш тозаңданатындар) сортқа бір сорт аналығы басқа, бірақ сол тұқым сортының тозаңымен тозаңданған жағдайда ғана ұрықтанып, жеміс байлайды.бұл топқа алма, алмұрт, бадам, орман жаңғағы, шығыс құрмасы жатады. Айқыш тозаңданатын сорттар еккен кезде тозаңдандыратын сорттардың маңына отырғызған жөн.
Кейбір тұқым сорттарына партенокарпия құбылысы, яғни ағаштар жемістерінің дәнсіз өсіп – өну қабілеті тән. Мұндай құбылыстар әсіресе субтропикалық дақылдарда (мандарин, апельсин, інжір), сондай – ақ алмұрт пен жүзімде жиі байқалады. Алмұртта мұндай құбылыс гүлін суық ұрған кезде кездеседі.
Ремонтанттылық – өсімдіктің бір маусымда екі немесе бірнеше өнім беру қабілеті. Мұндай жағдай көбінесе бүлдіргенде, таңқурай мен кейбір субтропикалық жеміс дақылдарында (лимон, інжір) байқалады.
Жеміс ағаштары мен бұталарының крондарындағы қаңқа және өскін, яғни жеміс салатын бөліктеріндегі циклдік алмасу деген не?
Бұл процестердің негізінде олардың ағаш крондарында өсу және ұзақ сақталу күшінің әр түрлілігі жатыр. Қаңқа құрайтын бұтақтардың өсу күші зор. Соған орай олар өскен бұтақшаларға қарағанда ұзақ сақталады. Крондардың анағұрлым ұзақ сақталатын бөлігі – діңі және бірінші қатарлы қаңқа бұтақтар. Бұтақтану қатарлары көп болған сайын бұтақтар ұзақтай береді. Олардың ұзақ сақталатыны да сондықтан. Ең аз өмір сүретін бұтақ, өскін яғни жеміс салатын бұтақ. Олар алма мен алмұртта орта есеппен 10-12 жыл, алхоры мен өрікте 5-6 жыл сақталады.
Сонымен қаңқа және жеміс салатын бөліктерінің циклдік алмасу процесін түсіну үшін жер бетіндегі бөлігінің табиғи өсу тенденциясын (заңдылығын), өсуінің табиғи шектелуі мен ерте жеміс салуын ескеру керек. Бұл жағдайлардың тұқымның немесе сорттың тұқым қуалау (генетикалық) ерекшеліктері мен өсу, яғни жетілу жайттарына да байланысты екенін білу қажет.
Өсімдіктің табиғи өсу тенденциясы оның ең жоғарғы және соның маңындағы бүршіктерінен жанама және қаңқа бұтақтардың жоғары бағытталған анағұрлым қуатты өскіндер құрауға тырысуынан байқалады. Ал төмендегі бүршіктерден қысқа, болашақ жеміс салатын бұтақшалар пайда болады, ал өткен жылғы өскін түбіндегі бүршіктер, әдетте «оянбай» қалады. Қабаттылық құбылысы дегеніміз міне, осы.
Өсіп - өнуді табиғи шектеу клетка протоплазмасы қасиетінің жасына қарай өзгеруіне, өсімдік тканьдерінде зат алмасудың зиянды өнімдерінің және өлген клеткалардың жинауына байланысты құбылыс. Өсімдікті жер бетіндегі бөлігі мен тамыр жүйесінің өсу барысына қарай активті тамыр жүйесі мен жапырақтар арасындағы қашықтық ұлғаяды, ал тамырлардың өткізгіштігі оның қабырғаларына ерімейтін кристалдардың жиналуына орай төмендейді. Осының бәрі бұтақ, ұшындағы өскіндердің нүктесін ылғалмен және минералды қорекпен қамтамасыз етуді нашарлатады. Өсімдіктің жеміс салуы да оның өсуін табиғи тежеуші болып табылады. жемістің көлемі ұлғайған сайын кронның өсу процесі әлсірейді. өйткені өнім салу үшін ресурстар көп жұмсалады.
Ағаштың қаңқа және өскін бөліктерінің циклдік алмасатын себебі тіршілігінің алғашқы жылында ағаш кронында қаңқа бұтақтар орталық бағытта, яғни орталықтан шетке қарай басым өседі. Жеміс салатын өскін бұтақтар да осы бағытта өсуге тырысады. Алғашқы жеміс те крон ортасында майда бұтақта байланады. Өйткені ол бұтақтар ескі бұтақтар болып табылады. Жыл өткен сайын ағаш жас жемістермен толыға түседі. Мұнда да жеміс салатын бүршіктер сипаты ортадан тепкіш сипат алады. Сондай–ақ ұсақ жемістер де крон ортасында өледі. Оның да себебі, әлгінде айтқанымыздай мұндағы жеміс салатын бұтақтар ескі болғандықтан. Бұл – бір. Екінші, ағаштың ортаңғы тұсына жарық аз түседі. Өсімдік ескірген сайын жеміс байлау аймағы да ағаштың төменгі сыртқы жағына көше бастайды. Ал кронның ішкі тұсы (бұтақтар, негіз) жалаңаштанады. Сол тұқым не сорт кроны тиісті мөлшерге жетуге айналған сайын өсу процестері әлсіреп, ұсақ түкті бұтақтар көбейеді.
Қаңқа бұтақтар өнімін көтере алмай еңкейіп, тіпті жатып қалады. Сөйтіп оларды суару, минералды қоректендіру қиынға соғады. Сол кезде жалаңаштанған қаңқа бұтақтардың иілген тұсындағы бұйыққан бүршіктерден балақ бұтақтары өсіп шығады. Олар сыртқы жақтан орталыққа қарай өседі. Балақ бұтақтар әдетте тік орналасса өте тез өседі. Олар тамыр қорегін тартып алады да қаңқа бұтақтардың ұшы қурай бастайды.
Сөйтіп осы балақ бұтақтардан жаңа жеміс салу аймағы пайда болады. Осы құбылыстарға қарап отырып, өсу аймағы мен жеміс салу аймағының сыртқы жақтан ортаға қарай қалай алмасқанын байқауға болады. Сонымен жеміс ағашы кронында қаңқа бұтақтар мен түкті, яғни өскін бұтақтар алмасуының бірінші циклы аяқталады. Балақ бұтақтардан тараған бұтақтар қайыра өскен кезде тармақталып бұрынғы айтылған заңдылықпен өседі де,уақыт өткен сайын қаңқа және түкті бөліктер алмасуының жаңа циклі басталады.
Профессор П.Г.Шиттің байқауы бойынша шекілдеуіктілерде (алма, алмұрт) қаңқа және түкті бұтақтардың бүкіл тіршілігінде екі немесе үш рет циклді алмасады екен. Кейбір сүйектілерде (дала шиесі, шие мен алхорының балапан бұтақтары) бұл құбылыс балапан бұтақтардың шығуы есебінен өтеді.
Жеміс ағаштары кронының қаңқа және түкті бөліктеріндегі циклдік алмасу заңдылығының жеміс шаруашылығындағы маңызы зор. Бұл заңдылықтарды білу агротехникасы дұрыс жүргізуге бәрінен бұрын ағашты дұрыс кесіге мүмкіндік береді.
Жеміс ағашын өсірушілер ағаш тіршілігінің алғашқы жылдарында тиісті тәсілдердің көмегімен өсімдікке тез жеміс салдыруға тырысады. Ағаштар жеміс сала бастасымен қаңқа және балапан бұтақтарын кесу жолымен бөліктерінің табиғи алмасуын кідіртіп бағады. Сөйтіп негізгі бұтақтардың жеміс салуына мүмкіндік жасайды. Мұндай жайттарға мүмкіндік болмаған (ағаш, одан әрі ескіргенде) жағдайда жасарта кесу жолымен бұтақтардың алмасуын қамтамасыз етеді.
Профессор В.А.Колесниковтың зерттеулері ағаш кронының қаңқа және түкті бөліктерінің циклді алмасуымен қатар тамырдың циклдік алмасуы немесе өздігінен сиреуінің де жүріп жататынын көрсетті.
Тамырлар діңгектен айналма жолақтармен тарайды. Олардың бірі қурап, яғни өліп жатса, екінші біреулері пайда болып жатады. Сөйтіп жеміс өсімдіктерінің өсіп, жеміс салуына оңтайлы жағдай жасайды. Алайда тамырлардың ескі тамырлардың жалаңаштанған бөлігінен сол бұрынғы топырақта тармақтануға қабілеті нашар. Сондықтан да үстеп қоректендіру жағдайын, мәселен, органикалық тыңайтқыш енгізіп, ылғал мәселесін ойластыру керек.
Жеміс өсімдіктерінің өсу дәуірі мен агротехника міндеттері
Көп жылдық поликарптық ағаш және бұта формалы жемістердің жеке өсу жағдайын бақылай отырып, олардың тіршілік кезеңдерін үшке бөлуге болады:
- жер бетіндегі өніп – өсу бөліктері мен тамыр жүйесінің күшті өсу кезеңі;
- жеміс салу және өсуінің бірте – бірте солбырау кезеңі;
- ағаш қаңқа бөлігінің жаппай қурауы мен бір мезгілде кронның ескі бөлігінде, тіпті діңгектің өзінде мықты өскіндер пайда болады.
П.Г.Шитт осы кезеңдерді бөле отырып, өсімдіктерде бір мезгілде өсетін, бір – біріне қарама – қарсы екі процеске – ескіру, яғни қартаю мен жаңаруға назар аударды. онтогенез процесінде жаңа кезеңге өту ойда жоқта болатын құбылыс емес. Келесі кезек осының алдындағы қезеңде туындап, бірте – бірте жаңа сапалық өзгерістер жинақтайды да ескіден басым түсе бастайды. Сөйтіп жеміс салу келе – келе ұлғайып, өсу процесін саябырлатады.
Сонымен, бір кезеңнен екіншісіне ену көп жылдық өсімдіктердің жеке өніп – өсу, демек кетілу процесіндегі жалпы заңдылық болып табылады. Жеміс өсімдіктері өсу және жетілуінің әр түрлі кезеңдерінде өсіру жағдайларына да түрліше талап қажет етеді. Әйтпесе өсіру агротехникасын жасаған кезде ескеруге болар еді. Осыған орай П.Г.Шитт жеміс өсімдіктерінің бүкіл тіршілік циклын 9 кезеңге бөліп, оларды өсімдіктің жас жағдайының мәнін білдіретіндей жас кезеңдерімен атауды ұсынды. Жас деген, яғни оның пайда болғанынан қарастырылып отырған сәтке дейінгі календарлық уақыт деген ұғымнан жас кезеңдері деген ұғымның айырмашылығы мынандай. Жас жағдайы дегеніміз - өсімдіктің ішкі жағдайы, жаңадан құрылу, яғни пайда болу және құрау процестерінің қатынасы, ескіру (қартаю) және жасару процестері.
Өсімдіктің жасы әруақытта оның жас кезеңдері жағдайын білдіре алмайды. Себебі жас жағдайын сол тұқым немесе сол сорттың тұқым қуалау қасиетіне ғана емес, сонымен бірге өсу жағдайына, соның ішінде агротехникаға да байланысты мәселе. Мысалы тұқымнан телісуші екі жылдық алма ағашы нағыз күшінде, ергежейлі телісушіде осындай ағаш кәрі болады.
Өсімдіктердің П.Г.Шитт бөлген тоғыз өсу және жеміс салу жас кезеңнің қазіргі кездегі жеміс шаруашылығында бесеуінің практикалық маңызы зор. Оларға деген сипаттаманы агротехника міндеттерімен ұштастыра отырып әңгімелеуді жөн көрдік.
1. Өсу кезеңі – жас өсімдіктің пайда болғаннан алғашқы жеміс салғанға дейінгі жетілу мерзімін қамтиды. Бұл ағаш сүрегі күшті өсетін, діңгегі мен бірінші және екінші бұтақтану тәртібіндегі негізгі қаңқа бұтақтардың құрғау кезеңі. Крон шеттерінде бұтақтар аса жылдам, ал кронның ішкі жағында негізінен ұсақ та түкті және жартылай қаңқа бұтақшалар – болашақ жеміс салу аймағы өседі. Өсімдік бұл кезеңде өніп – өсуін күзге дейін тоқтатпайды да, қысқы суыққа деген төзімділігі төмендейді, тіпті бұтақтарының қысты күні үсіп те кетуі ықтимал.
Агротехника міндеттеріне ағаштың қаңқа бөліктерін құрау, жапырақтарының жылдам көбеюін қамтамасыз етіп, кронының ішкі жақтарына жарықтың жақсы түсуіне жағдай жасау керек. Осы шаралармен бір мезгілде ағаштың жеміс салуына дайындық та жүргізіледі. Ол үшін қысқарта кесуді шектеп, бұтақтар еңкейтіледі. Сондай–ақ өніп–өсу, яғни вегетациялық кезенінің соңында өсу процесінің дер кезінде аяқталуына қамқорлық жасау қажет. Тамыр жүйесін тереңге кетіру мақсатымен бұл кезеңде бақ қатараралықтарын қара пар үшін сақтау қажет.
2. Өсу және жеміс салу кезеңі – ағаштың алғашқы тұрақсыз өнім салғаннан тұрақты түрде өнім салғанға дейінгі өсіп – жетілу уақытын қамтиды. Бұл кезеңде жуан бұтақ пен негізге қаңқа бұтақтардың өсуі баяулап, негізгі бөліктегі ұзақ бұтақтардың есебінен вегетациялық, өскіндер саны көбейеді. Салған жемістері жылдан – жылға ұлғая береді, жемістері сапасы жағынан жақсарып, іріленеді, шекілдеуікті тұқымдар жыл сайын жеміс салады.
Бұл кезеңде кронның қалыптасуы аяқталады, яғни құрылып болады. Ағаштың тұрақты түрде жеміс беруі үшін крон құру мақсатымен жүргізілетін кесу жұмыстарын осы кезеңнің алғашқы жартысында ғана жүргізген орынды, ал содан соң қысқарту үшін кесуді тоқтатқан жөн. Өсу процесі кезіңде реттеу қажет болса бұтақтарды еңкейтіп отыруға болады бұл кезеңдегі қосымша шаралар жемімтің барынша көп мөлшерін сақтай отырып, өнімді күтуге байланысты жүргізіледі.
3. Жеміс салу және өсу кезеңі – сорттың табиғи жағдайда тұрақты жеміс сала бастаған уақытынан барынша мол жеміс салған уақытына дейінгі аралыққа созылады. Бұл өсімдіктің ең құнды жас кезеңі. Өйткені бұл кезеңде өсу процесі мен өте мол жеміс салуының қыстыкүнгі суыққа төзімділігінің биологиялық тұрақты шағы. Бұтақтардың ұшындағы өсу процесі жеміс салатын жаңа бұтақтар прогресті шыға бастаған кезде әлсірейді. Кезеңнің соңында кронның ішкі, көлеңкекөп түсетін тұсындағы ұсақ бұтақшалар қурай бастайды. Шекілдеуікті тұқымдарда, әсіресе алмада бұтақтардың өсуі әлсіреген кезде кезеңділікпен жеміс салуға деген бейімділік байқалады.
Бұл кезеңде бақ күту хақындағы агротехниканың басты міндеті – оны барынша ұзарту. Ол үшін ағаштарға қолайлы жағдай жасалып, минералды қоректендіру, сумен, кронның ішкі жағын жарықпен қамтамасыз ету, жапырақтарын аурулар мен зиянкестерден қорғау. Сондықтан бұл кезеңде бұтақ ұшының жақсы өсуін «сүйемелдеу» үшін жасарту мақсатымен кесу мәселесіне көшу керек.
4. Жеміс салу кезеңі- өнім мөлшері барынша көбейеді, соған орай өсу процестері әлсірейді. Крона да үлкейеді, қаңқа бұтақтардың ұшына өскін бұтақшалардың орнына қысқа, жеміс салатын бұтақшалар құрылады. Жоғары қатардағы ұсақ қаңқа бұтақтар жемісті бұтаққа айналады. Соның ізінше үйіп – төгіп гүлдейді де, мол түйіндер пайда болып, ағаштарға көп күш түседі. Соның салдарынан жеміс тым ұсақтайды.
Агротехниканың бұл кезеңдегі негізгі міндетті өсу және жеміс салу процестерін бір мақсатта бағытқа сай реттеп отыру.Соған орай агротехникада неғұрлым сай кесіп, қоректендіру және сумен қамтамасыз етудің қолайлы режимін жасауға маңызды орын беріледі. Бұтақтар ұшының өсуін сүйемелдеу үшін жасарта кесу мәселесіне абай болған жөн. Алма мен алмұрттың жеміс салуының мерзімділігін жақсарту мақсатында арнайы кесу тәсілі қолданылады және гүлдері мен жатындары (түйіндері) алынып тасталынады. Кронның орта тұсына жарық түсіру және жалпы биіктеуге, яғни ұзартуға кедергі жасау үшін осы кезенңін басында, егер бұл шара бұрын жасалмаса, «кронды аласарту» тәсілі қолданылады.
5. Жеміс салу және қурау кезеңі – ағаштардың өнеркәсіптік жеміс шаруашылығындағы соңғы жас кезеңі. Жаңа жеміс салатын бұтақтардың шығуының төмендеуіне байланысты тек жеміс салатын бұтақтардың ғана емес, сонымен бірге қаңқа бөліктерінің де құрау процесі күшейеді. Соның салдарынан крона көлемі кішірейеді. Өнімі мол күйінде сақталғанымен жемістерінің сапасы нашарлап, ұсақтанады, жеміс салумерзімділігі анағұрлым айқын байқалады.
Агротехника міндеттері осының алдындағы кезеңдегідей. Алайда қысқарта кесу деңгейі артады, басты назар ағаштың қаңқа бөліктерін кесуге, ең алдымен зақымданған тұстары мен кеуектерін емдеуге аударылады. Одан әрі қаңқа бұтақтардың ұштары қурап, балақ – сабақшалар пайда болған кезде жасарта кесу тәсілі қолданылады.
Шаруашылық маңындағы және коллективтік бақ шаруашылықтарында кәрі ағаштардың өнім беретін кезеңін ұзарту үшін олардың крондары жақсылап тұрып жасартылады. Ол үшін ескі, әбден жеміс беріп болды – ау деген қаңқа бұтақтар кесіліп, балақ бұтақтарының жетілуіне жағдай жасалады. Ағаш жарақаты тым үлкен болса оның қыстыкүнгі суыққа деген төзімділігінің нашарлайтынын әрқашан есте ұстаған дұрыс. Профессор П.Г.Шитт бұл кезеңде ағаштарды алмастырып телімдеу керек деген кеңес айтады. Сонда ағаш кронының ескі бұтақтарын кескен кезде олардың жарақаттанған орындарына жас бұтақтар өсіп шығады. Оның үстіне алмастырып телімдеу бақтың сорттық құрамын жаңартуға мүмкіндік береді.
Мына айтып өйткеніміздей жас кезеңінің өту жылдамдығы ағаштың тұқымына, сортына, телінушілігіне, табиғи жағдайлар мен агротехника жағдайларына байланысты жайт. Профессор А.П.Драгавцев Іле Алатауы жағдайында алманың өмірі апорт сорты шекілдеуікті телігенде, яғни ұластырылса алғашқы жас кезеңі 5 жылға дейін, екінші жас кезеңі 5 жылдан 20 жылға дейін, төртіншісі – 20 жылдан 30 жылға дейін, одан әрі 30 жылдан 45 жылға дейін созылатынын анықтады.
Жеміс және жидек өсімдіктерінің тіршілігі бір жыл ішінде бір – бірінен күрт айырмашылығы бар екі кезеңге бөлінеді. Олар – өніп – өсу және тынығу кезеңдері. Өніп – өсу кезеңі жылдың жылы маусымына, ал тынығу кезеңі жылдың суық маусымына сай келеді. Осы екі кезеңнің аралығында өніп – өсі кезеңінен тынығу кезеңіне, тынығу кезеңінен өніп – өсу кезеңіне өтетін қысқа, екі өтпелі кезең болады.
Бұл кезеңдердің жылдық циклдағы ұзақтығы жеміс өсімдіктерінің кейбір тұқымдары мен сорттарына, олардың тұқым қуалау негіздеріне байланысты құбылыс. Мәселен, алманың тынығу кезеңі өрікке қарағанда ұзақ келеді.Онтүстік және субтропикалық жеміс өсімдіктерінің өніп–өсу кезеңі (8–9 ай) қалыпты аймақ жемістілеріне (5–6 ай) қарағанда ұзақ болады. Өсімдіктер жапырағы түсетін (өніп – өсу кезеңінің сонында жапырағын түсіретін) және мәңгі жасыл болып екіге бөлінеді. Бізде өсетін өсімдіктер тұқымдарының көбісі жапырағы түсетіндер, мәңгі жасыл өсімдіктер цитрустар, зәйтүн, бүлдірген, құлпынай жатады.
Сондай – ақ өніп – өсу кезеңінің ұзақтығы өсімдіктің жасы мен өсу жағдайына да байланысты болады. Жас өсімдіктер өніп – өсу кезеңін созуға бейім келеді де, сонынң салдарынан олардың тканьдері толық жетіліп болмай, үсікке ұрынады. Салқын және ылғалды жазға қарағанда құрғақ та ыстық жазда өніп – өсу кезеңі қысқа келеді.
Өніп – өсу кезеңінен тынығу кезеңіне ауысуы жылдық циклда көп жылдық ағаш тектес және бұталы жеміс тұқымдарының ұзақ даму процесінде дарыған қысқы маусымның қолайсыз жағдайларына деген маңызды құралы болып табылады.
Жеміс өсімдіктерін өсіруші нақты сол топырақ – климат жағдайында жеміс өсімдіктері тіршілігінің жылдық циклының ерекшеліктерін жақсы білуге тиіс. Сонда агротехникасы дұрыс реттеуге мүмкіндік туады.
Өсімдіктердің бұл кезеңі жыл сайын қайталанып отыратын жекелеген құбылыстардан тұрады. Олар фенофаза деп аталады. Мысалы сабақ –бұтақтардың өсу немесе гүлдеу фенофазасы. Осы фенофазалардың кезекпен ауысуы өсіп – жетілу ырғағы деп аталады. Жеміс өсімдіктері тұқымдарының өсіп – жетілу ырғағы әр түрлі болады. Мәселен алма мен алмұртта ең алдымен жапырақ салу фенофазасы, содан соң гүлдеу фенофазасы, ал өрік пен бадамда керісінше әуелі гүлдеу, содан соң жапырақ салу фенофазасы келеді. Кейбір фенологиялық фаза ұзақ уақытта өтеді. Оларды ұсақ–ұсақ кезеңдерге - фазаларға бөлген ыңғайлы. Мәселен сабақ – бұтақтардың өсу фенофазасы алғашқы өсу, барынша өсу және өсуінің басталуы, гүлдеу фенофазасы, тиісінше гүлдеуінің басталуы, жаппай гүлдеу, гүлдеп болуы секілді фазаларға бөлінеді.
Кейбір фенофазалардың бір маусымда болмай, екінші бір маусымда өтуі мүмкін. Мысалы мерзімді жеміс салатын тұқымдарда (әсіресе алмада) солай болады.
Жас өсімдіктерде гүлдеу фазасы болмайды, ал бұтақтардың өсу фенофазасы жеміс салатын бұрыннан келе жатқан өсімдіктерге қарағанда ұзақ келеді. Оған теліну жағдайы әсер етеді. Аласа өсетін клонды телінуші алма мен алмұрт бұтақтарының өсуі биік өсетін тұқымды телінушілерге қарағанда ерте аяқталып, жемісі де ерте піседі.
Жылдық циклда фенофазалар мен фазалардың сыртқы байқауына өсімдіктердің өсу жағдайы үшін өзгеріп отыратын талаптарға байланысты және сол өсімдіктердің өзінде болатын ішкі өзгерістер әсер етеді. Осыдан келіп түрлі жеміс өсімдіктері тұқымдары мен сорттарының кез – келген фенофазалардың нақты жағдайда өтуі жайлы мәліметтің аса маңызды мәні белең алады. Белең алатын себебі сол мәліметтерге қарай қолайлы агротехника, агротехника болғанда да суару, тыңайтқыш енгізу және өсімдікті түрлі зиянкестер мен аурулардан сақтау мәселелерін шешуге байланысты агротехника жайын ойластыруға болады. Енді кейбір фенофазалардың сипаттамаларына тоқтайық.
1.Бүршік жарып, оның ашылуы. Осы фенофазамен жеміс өсімдігінің көктемде, ауаның тәуліктік орташа температурасы 5 градустан тұрақты түрде өткен кезде өніп – өсу кезеңі басталады. Бұл температура биологиялық нуль деп есептелінеді. Алайда өніп – өсу кезеңінің басталуы тұқым мен сортқа байланысты. Профессор А.П.Драгавцевтің бақылауы бойынша Алматы жағдайында алманың апорт сорты тәуліктік температура 8ºС кезде ғана өніп – өсе бастайды екен. Осы температура көптеген басқа да оңтүстік жеміс тұқымдары (шабдалы, қызыл шие т.б.) үшін биологиялық нуль болып табылады.
Жасыл конус фазасында жеміс ағаштары зиянкестер мен ауруларға қарсы ұлы химикаттармен дәріленеді. Температура одан әрі, 9–13 градусқа дейін көтерілген кезде бүршік мөлшері ұлғайып, олардың қабықшалары түседі де, көтерілу фазасы басталады. Содан соң гүл қауызы пайда болады да, гүлдеу фазасы келеді.
Гүлдеу фазасы үшке бөлінеді: гүлдей бастау фазасы, жаппай гүлдеу фазасы және гүлдеудің аяқталу фазасы. Ең алдымен сүйектілер, әсіресе өрік, қызыл шие, шабдалы, алша, содан соң шие, қара өрік, шекілдеуіктілерден алмұрт, алмадан ерте, ал ең соңында беке, жидектерден әуелі қарақат, содан соң бүлдірген, ең сонында таңкүрай гүлдейді. Кейбір тұқымдар гүлдеу мерзіміне қарай ерте гүлдейтін және кеш гүлдейтін деп екіге бөлінеді. Мәселен алманың мелба сорты кеш гүлдейтін апорт, заря Алатау, голден делишес т.б. сорттарына қарағанда 5–7 күн ерте гүлдейді. Жеміс ағаштарының орташа гүлдеу ұзақтығы 1–3 апта, алма 7 – 14 күн, бір гүлі – 2–6 күн. Гүлдеу мерзімі мен оның ұзақтығына климат, ауа райы, теліну жағдайлары, агротехника әсер етеді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай алғанда әрбір 110 км сайын ағаштар 4–6 күн кеш гүлдейді. Іле Алатауында тауға көтерілген сайын теңіз деңгейінен әрбір 100м биіктікке 3–4 күн кеш гүлдейтіні тағы бар. Ергежейлі телінуші алмалар биік өсетін алмаларға қарағанда ерте гүлдейді. Құрғақ та ыстық, ауа райында ылғал да суық ауа райына қарағанда өсімдік ерте гүлдейді және оның гүлі ұзақ тұрмайды.
Түнгі температура салқын болса өсімдік кеш гүлдейді. Мысалы алманың ренет бурхартда деп аталатың сортының гүлдеуі тау етегінде аймақта 28 сәуірден 6 мамырға дейінгі аралықта ауытқиды. Әрине, кейбір агротехникалық тәсілдер арқылы фенофаза мерзімі мен ұзақтығын ауыстыруға болады. Мысалы сүйектілердің жас сабақ бұтақшаларын жазғы күзеу тәсілін қолданып, гүл қауызының ашылуы мен гүлдеуін 6–7 күнге дейін кідіртуге болады.
Гүлдеу үшін 10–20 күн аралығында қолайлы температура керек және ол тұқым мен сортқа да байланысты жағдай. Алма мен алмұрт үшін ондай температура 15–20 ºС, шие үшін 10–18 ºС, шабдалы үшін 18–20 ºС.
Гүлдеу фенофазасы басталғанға дейін суару және баққа тыңайтқыш енгізуді аяқтау керек. Гүлдің тозаңданып ұрықтануына қолайлы жағдай туғызу үшін гүлдеу мерзіміне баққа әр гектарға 1–2 ұя есебінен омарта қою мәселесін ұйымдастырған жөн. Бақ гүлдейтін кезде үсік ұратыны жиі кездесетін жайт. Сондықтан да гүл жамылған бақты үсіктен сақтау жағына дер кезінде дайындалу қажет. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жүргізу мақсатымен улы химикат қолдануды бақ гүлдегенге дейін аяқтаған дұрыс.
Бұтақтардың өсу фенофазасы өніп – өсу бүршігі жарылғаннан ағаштың ұшар басындағы бүршік қалыптасқанға және бұтақтар жетілгенге дейінгі өніп – өсу кезеңін қамтиды. Оның ұзақтығы дақылға, тұқымына, сортына, жасына, теліну жағдайы мен климат және ауа райы жағдайына, агротехникаға байланысты. Жас ағаштарда бұл фенофаза 60–100күнге, жеміс салатын ағаштарда 40–60 күнге, ал ылғал жетіспей, азотты қорекпен қамтамасыз етілмегенде 20 күнге дейін созылады. Өсу сипаты бүршік құрылысына бұтақтар типіне және олардың ағаш осіндегі орналасуына, сондай – ақ кеңістіктегі бағытына байланысты келеді. Жеміс салатын бұтақтардың сабақ – бұтақшалары біркелкі өсіп, ұшар басындағы бүршіктері ерте салынады.Тік сабақ – бұтақтар нағұрлым жылдам өседі және басқаша өскен бұтақтаға қарағанда өсуін де кеш аяқтайды. Жай өсетін бұтақтарға, әдеттегідей жеміс бүршіктері, ал тез өсетін бұтақтарға өсу бүршіктері салынады. Бұл екі жағдайдың да өнімді нормалау, сүйектілерді кесу кезіндегі маңызы зор.
Ұзаққа созылған фенофазаны үш фазаға, яғни үш кезеңге бөлуге болады. Олар – бастапқы өсу кезеңі, барынша өсу кезеңі және өсуінің баяулау кезеңі. Барынша өсу кезеңі – өніп–өсу кезеңінің жылдық цикліндегі маңызды сатысы. Бұл кезеңде жапырақтың негізгі массасы құралады. Барынша өсу кезеңі 20 күннен 30 күнге дейін, кейде одан да көпке созылады. Бұл кезеңде өсімдік суды да, қоректік заттарды да көп қажет етеді. Оның үстіне жеміс салатын ағаштарда бұл кезең жемістің өсетін және гүл бүршіктерінің дифференциялану кезеңіне сай келеді. Егер агротехника нашар болса бұтақтар ұзарып өсе алмайды, жапырақтары майда болады. бұл жағдай фотосинтетикалық кейпін едәуір қысқартады. Соның салдарынан өнімі төмендеп, өсімдіктің жалпы жағдайы нашарлайды.
Әлсіз ағаш ауруларға жиі ұшырайды, зиянкестер де үйір болады, ал қыстыкүні қолайсыз ауа райынан көп зардап шегеді. Сонымен бірге ағаш өсуінің тым созылып кеткені де жақсы емес. Бұл, әсіресе ылғалдың және азоттық қоректің тым артық болуы салдарынан жаздың екінші жартысында және күздің басында жас ағаштарда кездесетін жағдай.ағаш сүрегінің дұрыс жетілмеуі салдарынан олардың қыстыкүні суыққа деген төзімділігі төмендейді.
Агротехникалық тәсілдер бұтақтардың жылдам өсуіне, жапырақтарының тез молаюына және бұтақтар өсуінің дер кезінде аяқталуына, төбесіндегі бүршіктің құралып, ағаш сүрегінің жетілуіне мүмкіндік жасауға тиіс. Бұтақтарды кесу және еңкейту жолымен кронның ішкі жағына көлеңке түсірмеу, ал жапырақтарды аурулар мен зиянкестер зақымынан сақтау қажет.
Жеміс салып, олардың жетілу фенофазасы тұқымдық бүршіктің ұрықтану сәтінен басталып, жемістің пісуімен аяқталады. Әуелі тұқым, содан соң ұрыққап қатты өседі. Тұқым мен ұрыққаптың пісуі үнемі болмаса да бір мезгілге сай келеді. Үнемі болмаса да дейтініміз алма мен алмұрт тұқымы ұрыққаптан кеш піседі.
Жатынның өсу процесінде кейбіреулері, мәселен үлкен алма және алмұрт ағаштарының, әдетте, 85-90% жатындары шашылып қалады. Ал 10-15% сақталып қалған жатыннан жинауға мүмкіндік береді. Алманың апорт секілді ірі сорттары үшін пайдалы жатын үлесі 3 проценттен аспайды.
Артық жатын бір уақытта біркелкі шашылмайды. Гүлдеген бойда 1–2 аптаның ішінде түрлі кемістіктері бар гүлдер және ұрықтанбаған, сондай – ақ кейбір ұрықтанған жатындар да шашылып қалады. Алайда, резервтегі жатындардың едәуір бөлігі кешірек, яғни гүлдеген соң 20–40 күннен кейін түседі. Ол көпшілікке маусым, маусымдық тазару деген атпен белгілі жатындардың мөлшері бұл мезгілге дейін едәуір үлкейеді. Бұл құбылыстың себебі түйнек салған тым көп жемісті сумен немесе қоректік заттармен қамтамасыз етпеу. Осы кезеңде ылғал мен қоректік заттардың жетіспеуі бұтақтардың өсуі мен жапырақтардың құралуын әлсіретеді. Жатындардың маусым айындағы өздігінен жаңаруынан соң бұтақтар мен қалған жапырақтардың өсуі жаңарады. Алма мен алмұрттарда гүл бүршіктерінің, гүл мен жатындардың тым артық болуы өсімдіктің тіршілік ресурсын келеңсіз, яғни өндірімсіз шығынға ұшыратып, бұл дақылдардың жылдарға шаққанда біркелкі жеміс салмауының негізгі себебі болып табылады.Бұл қолайсыз құбылыстан шығу жолдары кейін жеке қарастырылады.