Аминңышңылдардың декарбоксильденуі. Биогенді аминдер.
Катаболизмнің реакцияларының бірі ретінде аминқышқылдардың декарбоксильденуі декарбоксилазалармен катализденеді, олардың коферменті В6 витаминінің туындысы - фос-фопиридоксаль (ФП-СН=0) болып табылады. Аминқышқылдарының декарбоксилденуінің өнімдері көмірқышқыл газы жэне аминдер болып табылады, олардьщ биологиялық белсенділігі жогары болады, сондықтан оларды биогенді аминдер деп атайды.
Кейбір биогенді аминдер жүйке жүйесінің медиаторы қызметін атқарады жэне метаболитикалық процестерге жэне клеткалар мен мүшелердің қызметтеріне реттеуші эсер көрсетеді. Мысалы, гистидиннің декарбоксильденуі кезінде биогенді амин -гистамин түзіледі. Мүшелер мен ткандердің барлыгында дерлік гистамин бар. Әсіресе өкпе мен тері ткандерінде өте коп. Гистамин жүлында жэне мидың қосылыстарында болады. Гистамин асқазанның шырышты қабатында түзіледі де, пепсиннің жэне түз қышқылының секрециясы-на эсер етеді. Гистамин белокты- гепаринді комплекс түрінде дэнекер тканінің жуан клеткаларында түзіледі жэне жинақталады. Гистамин қанда базофилдер мен эозинофилдердің гранул аларымен байланыста болады:
Клеткадан гистаминнің клеткааралық ортаға бөлінуі эртүрлі эсерден, мысалы, күйіп қалу, суықтан, электр немесе химиялық эсерлерден болуы мүмкін. Ағзаның анафилактикалық жэне аллергиялық реакциялары жуан клеткалардан гистаминнің бөлінуімен сипатталады. Гистаминнің жергілікті бөлінуі температураның жоғарылауын, ісіну, ауырсыну, қызару жэне т.б. қабынуга тэн белгілердің пайда болуын тудырады.
Қанда гистаминнің деңгейі жогарылаганда мынадай қүбылыстар байқалады:
- артериолалар мен капиллярлардың кеңеюі (соның ішінде теріде), соның эсерінен қан қысымы төмендейді;
- капиллярлардың өткізгіштігінің артуы, соның нэтижесінде сүйықтық қаннан клеткааралық ортаға өтеді де, қысым одан ары төмендейді;
- қаннан сүйықтықтың шығуы мида қысымның жоғарылауына, жүйке тканінің ги-пергидратациясына жэне бастың ауруына экеледі;
- гистамин өкпенің тегіс бұлшық етінің жиырылуын тудырып, бүл демікпенің лри-ступтары түрінде көрініс береді.
Гистаминнің эсерінің алдын алу үшін клиникалық практикада гистаминге қарсы пре-параттар - димедрол, пипольфен, супрастин, диазолин жэне т.б. жиі қолданылады.
5-гидрокситриптофан декарбоксильденген кезде биогенді амин - серотонин түзіледі:
Серотиннің шамамен 90%-ы ішектің хромоффинды клеткаларында болады. Қалған бөлігі терінің жуан клеткаларында, кок бауырда, бауырда, бүйректе, өкпеде бар, олар жергілікті гормон қызметін атқарып, клеткааралық байланысты қамтамасыз етеді жэне ішкі мүшелердің тегіс мускулатурасының жиырылуын, қан тамырларының тарылуын, тромбо-циттер санының артуын тудырады. Мидың сұр затында, гипоталамуста серотонин медиатор қызметін атқарады. Серотонин үйқы үшін қажет деп есептеледі. Серотонин эпифиздің гормоны - мелатониннің биологиялық бастапқы заты болып табылады:
Серотонинның мелатонинге айналуы тэулік бойы өзгеріп отырады жэне жарыққа байланысты болады: қараңғыда мелатонинның синтезі күшейеді, ал күндіз (жарықта)
- мелатонинның синтезі тоқтайды. Мелатонин гипофиздың ГТГ бөлуін тежейді де, сол себептен жыныстық осу мен жыныстық белсенділікті төмендетеді. Жарық күннің үзаруы
- мелатонинның синтезін тежейді. Бұл гонадалардың өсуін тудырушы гонадотропты гор-мондарды гипофиздің белсенді синтездеуіне, оларда жыныс гормондарының түзілуіне жэне жыныстық белсенділіктің артуына экеледі. Жарық күннің азаюы - қарама-қарсы өзгерістерді тудырады.
Глутаматтың декарбоксильдену. кезінде биогенді амин-гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ) түзіледі:
ГАМҚ жүйке жүйесінің тежегіш синапстарының медиаторы болып табылады. Ол коп молшерде гипоталамуста, кара субстанцияда (s. nigra) жэне бозгылт затта ( g. pallidum) болады.
Тирозин мен диоксифенилаланиннің (ДОФА) декарбоксильденуі кезінде түзілген биогенді аминдер медиаторлы жэне гормональды қызметтер атқарады да, катехоламиндер деп аталады. Оларга дофамин, норадреналин жэне адреналин жатады.
Дофамин орталықжүйкежүйесінің синапстарында (гипоталамус, лимбикалықжүйет.б.), симпатикалық ганглияларда түзіледі де, дофаминэргиялық синапстарда медиатор қызметін атқарады. Дофамин бауырда, өкпеде жэне ішекте де кездеседі. Норадреналин мен адреналин бүйрек үсті безінің милы затының хромаффинды клеткаларында синтезделеді жэне гормо-нальды қызмет атқарады. Мидың адренэргиялық синапстарында жэне вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық талшықтарының соңында синтезделеді де, медиатор қызметін атқарады.