Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi

Тұқым қуалайтын аппарат – ұрықтандырғаннан кейiн ұрпаққа толық өтетiн, көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.

Хромосомалар(гр. chroma- түс+soma- дене)–құрамына ДНҚ кiретiн және тұқым қуалайтын мәлiметтi тасушы жасуша ядросының құрылымдық элементi.

Ген(гр. genos- туындатушы, тегi) – ата-ана қасиеттерiн және айрықшылығын ұрпақтан ұрпаққа та­рататын хромосоманың арнайы бөлшегi.

Аллель(гр. allelon-өзара) – бiр белгiнi анықтайтын, гомологиялық (жұптық) хромосо­малардың бiрдей бөлiктерiнде орналаскан жұп гендердiң бiреуi.

Геном(гр. genos- туындатушы, тегi)– хромосомалардың гаплоидты құрамындағы гендердiң жинағы.

Генотип( гр. genos- туындатушы, тегi+typos-үлгi)–жеке организмге тән гендердiң жинағы.

Генофонд- организмнiң бiр түрi популяциясындағы гендердiң жинағы.

Гаплоидты құрам(гр. gaplos-қарапайым, бiр ғана)– жыныс жасушасындағы хромосомалардың жинағы. Онда осы түрге тән әр хромосомалар жұбынан бiр ғана хромосома бар (адамда 22 аутосома+1 жыныстық хромосома).

Диплоидты құрам(гр. diplos- екi еселенген)– барлық хромосомалардың жұптық жинағы немесе 2 гаплоидтық құрам.

Кариотип(гр. carion-ядроға қатысы бар+typos-үлгi)– бiр биологиялық түрге жататын организмнiң соматикалық жасушаларындағы хромосомдық құрамның морфологиялық ерек­шелiктерiнiң жинағы.

Код– ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу ретiн анық­тайтын ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердiң орналасу ретi.

Кодон– белгiлi аминқышқылының полипептидтi тiзбекке енуiн рет­тейтiн ДНҚ немесе РНҚ молекуласындағы 3 азот негiзiнен тұратын генетикалық кодтың бiрлiгi.

Фенокопия(гр. phaino-көрсету+копия)– организмнiң кейбір белгілерінің сыртқы орта әсерлерiнен пайда болған, тұқым қумайтын өзгерiстерiнiң тектiк мутацияға ұқсас болуы.

Фенотип– генотип және сыртқы орта арасындағы қатынастың негiзiнде құралған организмдегi барлық белгiлер мен касиеттердiң жиынтығы.

Пенетранттық(лат. penetrans- өтетiн)– тасушының фенотипiнде геннiң көрiну жиiлiгi.

Экспрессивтiк(лат. expressus- дәл, айқын)–сол немесе басқа геннiң фенотиптiк көрiнiсi.

Мутация(лат. mutatio- өзгерiс)– генетикалық аппараттың тұрақты өзгеруi.

Мутаген(лат. mutatio- өзгерiс+ genos- туындатушы, тегi)– мутацияны шақыратын фактор.

Гендiк мутация– бiр аллельдердiң басқасына ауысуын анықтайтын бөлек гендердiң iшкi құрылымының өзгеруi.

Хромосомдық мутациялар– бiр немесе бiрнеше хромосомалардың құ­рылымдық және морфологиялық қайта құрылыстары (аберрациялары).

Геномдық мутация– жиынтықта хромосомалардың құрылысы өзгер­мей санының өзгеруi.

Трансверсия(лат. transverto- аудару, алмастыру)–пуриндiк негiздiң пиримидиндiк негiзге және пиримидиндiк негiздiң пуриндiк негiзге ауысуымен сипатталатын гендiк мутацияның түрi.

Транзиция(лат. transitio- өту)–бiр пуриндiк негiз басқа пуриндiк негiзбен, ал пиримидиндiк негiз басқа пиримидиндiк негiзге ауысуымен сипатталатын гендiк мутацияның түрi.

Трисомия- хромосомалардың бiр жұбына тағы бiр хромосоманың қо­сылуы.

Плейотропия- бiр геннiң көптеген көрiнiстерi.

Делеция(лат. deletio- жою) – бөлек нуклеотидтердiң (гендiк мутация) немесе хромосома бөлшектерiнiң (хромосомалық мутация) түсiп қалуымен өтетiн мутациялар түрi.

Инверсия(лат. inversio-алмастыру)– хромосома бөлiгiнiң 180 градусқа ауы­суы.

Транслокация(лат. trans-бiр нәрсе арқылы өту +locus- орын)–хромосома бөлiгiнiң басқа хромосо­маға ауысуы.

Дупликация(лат. duplicatio-екi еселену)– хромосома бөлiгiнiң екi еселенуi.

Анеуплоидия(гр. an-жоқ, жоққа шығару+euplos-бiр рет+ eidos- түр)– бөлек хромосомалар санының өзгеруi.

Полиплоидия(гр. polyplos- көп рет +eidos- түр)– хромосомалардың гаплоидтық құрамының санының еселi өзгерiстерi.

Жыныстық хроматин(Барр денешiгi)–соматикалық жасушаларда спираль тәрiздi күйiндегi әлсiреген Х-хромосома.

Генеалогия(гр. genea- туу, пайда болу+logos-iлiм) – бiр, немесе бiрнеше ұрпақтардың iшiндегi индивиду­умдардың арасындағы туыстық байланыстарды анықтау.

Дерматоглифика(лат. derma- терi+glyfe- әшекейлеу) – саусақтардың ұшындағы әшекейлер суретiне, алақан сызықтарының орналасуына қарап тұқым қуалайтын ауруларды анықтау.

Панмиксия(гр. pan-бәрi+mixis-араластыру)– еркiн некелесу.

Инбридинг(ағылш. inbred- жақын туыс ата-анадан туу) – некелесетiн адамдардың туыстық жақындығы.

Инцесттiк неке(лат. incestus- қан араластыру)– бiрiншi деңгейлiк туыстық жақындығы бар адам­дардың арасындағы неке (әке-қызы, ана-баласы).

Пробанд(нем. proband- шежiренi содан бастайтын адам)–зерттеушiнiң назарына бiрiншi түскен адам.

Сибстер(ағылш. sibs- аға немесе әпке)– бiр ата-аналық жұптың балалары.

Дандар– кiшi популяциялар (1500 ден 4000 дейн адам).

Изоляттар(фр. isoler- шектеу)– кiшi популяциялар (1500 адамға дейiн).

Гаметопатиялар(гр. gamete-жұбай+pathia-дерт)– гаметогенез (ана құрсағы iшiнде дамудың 1 күнi) бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының ақаулары.

Бластопатиялар(гр. blast- ұрық тiнiне, өсiп келе жатқан тiнге қатысы бар+ pathia-дерт) – бластогенездiң (ана құрсағы iшiнде дамудың 1-15 күндерi) бұзылуымен байланысты ұрық даму­ының ақаулары.

Эмбриопатиялар(гр. embrion-ұрық,+ pathia-дерт) – ағзалар дамуының (ана құрсағы iшiнде дамуының 16-72 күндерi) бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының ақаулары.

Фетопатиялар(лат. fetus-ұрпақ+ pathia-дерт - жетiлу) – ана құрсағы iшiнде дамуының 72-280 күндерi/ бұзылыстарымен байланысты ұрық дамуының бұзылыстары.

ТАҚЫРЫБЫ: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»

Артериялық гиперемия(гр. hyper + haima- қан) – артериялық тамырлар арқылы қанның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы.

Веналық гиперемия -веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен толуы.

Ишемия(гр. ischo- кідіру, тоқтату + haima- қан) – артериялық қанның келуі баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен қамтамасыз етуінің азаюы.

Инфаркт(лат. infarcire- толтыру, нығыздау) – канмен қамтамасыз ету тез арада азаюы немесе токтауынан некрозға ұшыраған тіннің бөлігі.

Стаз(гр. stasis- тоқтау, жылжымау) – капиллярларда, майда артериялар мен веналарда қан ағысының баяулауы немесе тоқтауы.

Тромбоз(гр. thrombosis- ұю) – организмнің тіршілігі жойылмаған жағдайда тамыр кемерлерінің ішкі беткейінде қанның элементтерінен тұратын, ұйындылардың пайда болу процесі.

Эмболия(гр. emboli- итермелеп кіргізу, енгізу) – қан немесе лимфа ағысымен әкелінген денешіктермен тамырлардың бітелуі.

Диапедез (гр. diapedesis.)-капиллярлар және майда вена­лардың механикалық түрде зақымдалмаған қабырғаларынан қанның формалық элементтерiнiң өтуi.

Адгезия (лат. adhaessio-желiмдеп жабысу)- әр түрлi немесе бiркелкi жасушалардың бiрiне бiрi, әйтпесе тығыз бетiне (мысалы, тамыр қабырғасына) желiмдеп жабысуы.

Агрегация (лат. agregatio- косылу, бiрiгу)- физикалық, химиялық процестердiң нәтижесiнде әр түрлi (мысалы, қан жасушаларының) немесе бiркелкi бөлшектердiң бiрiгуi.

Сладж (ағылш. sladge- қою батпак,балдыр)- суспензиялық тұрақ­тылық төмендеуiнен қанның формалық элементтерiнiң агрегаци­я, адгезия, агглютинация процестерi.

Сладждың классикалық түрі -эритроциттердің тығыз орналасуымен, шекараларының тегіс емес болуыменжәне агрегаттардың ірі көлемімен сипатталады.

Сладждың декстранды түрі- эритроциттердің тығыз орналасуымен, шекаралары дөңгелектенген болуыменжәне агрегаттардың әртүрлі көлемімен сипатталады.

Сладжтың аморфты (түйіршікті) түрі –бірнеше ғана эритроциттерден тұратын, түйіршіктер түрінде көрінетін майда агрегаттардың көптеген санымен сипатталады.

Агглютинация (лат. agglutinatio-жабысу)- асылып тұрған бөлшектердiң (микробтардың, қан жасушаларының) жабысып тұнбага түсуi.

Лимфа жүйесінің жеткіліксіздігі – лимфа тамырларының негізгі қызметтерін орындай алмауы.

Микроплетизмография – қыл тамырлардың қан толуын зерттеу әдістері.

Вискозиметрия – қан тұтқырлығын зерттеу әдістері.

Аглометрия– тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясын анықтау әдісі.

ТАҚЫРЫБЫ: «Қабыну»

Қабыну(inflammatio- жану)-ол эволюцияда ағзаның тiндерi зақымдалуына жауап ретiнде дамыған типтiк патологиялық процесс. Ол альтерация, экссудация, пролиферациямен сипатталатын күрделi тамырлық-мезанхимальдi бұзылыстармен өтедi.

Флогоген(phlogos- өрт)- қабынуды шақыратын фактор.

Альтерация (alteratio-өзгерiс) –зақымдалудың әсерiнен тiндегi қоректену, зат алмасу процестерiнiң, оның құрылымы мен қызметтерiнiң бұзылыуы.

Қабыну медиаторлары –қабыну процесiнiң дамуын және нәтижесiн анықтайтын флогегендi факторлардың әсерiн көрсететiн физиологиялық белсендi заттардың жиынтығы.

Қабыну модуляторлары (қалпына келтiрушi факторлар) -қабунылық реакцияны күшейтетiн немесе әлсiрететiн физиологиялық белсендi заттар.

Экссудация (ecsudatio-өту) - құрамында белогi бар қанның сұй-ықтығының тамырлар қабыргалары арқылы қабынған тiнге өтуi.

Экссудат - қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық.

Транссудат -қабынбаған патологиялық сұйықтық (iсiнген және шемендiк сұйықтық).

Ривальт сынауы-пунктатта тұнбаға түсетүн серомуциннiң пайда болуы, ол экссудаттың қабынулық табиғатын көрсетедi.

Iрiңдi денешiктер- бұзылу мен ыдыраудың әр түрлi сатыларындағы қан лейкоциттерi

Эмиграция(emigratio- көшу) -тамырдағы лейкоциттердiң тiнге белсендi өтуi

Хемотаксис(chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi)-химиялық тiтiркендiргiштерге немесе олардан керi қарай жасушалардың (лейкоциттердiң) белсендi жылжуы

Хемотаксиндер (цитотаксиндер)(chemeia- химияға қатысы бар,+ taxis-орналасу ретi)-лейкоциттердi қабыну ошағына тарту қабiлетi бар заттар.

Цитотаксигендер (сitos- жасуша, ,+ taxis-орналасу ретi+ gen-тудыратын) - өздiгiнен хемотаксистi тудыра алмайды, бiрақ хемотаксистi белсендiре алмайтын заттарды хемотаксиндерге алмасуына жағдай жасайтын заттар.

Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.

Фагоцитоз(phago- қорыту, os- аурулық жағдай, ауру)-фагоциттердiң бөгде заттар мен микробтарды қармау және қорытуы.

Эндоцитобиоз(endo- iште, citos- жасуша, bios- өмiр сүру, өмiр) -фагоцитоздың бұзылуынан микробтың фагоцит iшiнде тiршiлiгiн жалғастыруы.

Пролиферация(proles- ұрпақ, ferre- құру, өндiру)-жергiлiктi жасушалық элементтерiнiң қабыну ошағындағы көбеюi.

ТАҚЫРЫБЫ: «Қызба»

Қызба –пирогендi заттардың әсерiне дене температурасы көтерiлуiмен және термореттеудiң өзгеруiмен сипатталатын типтiк патологиялық процесс.

Пирогендер(pyr-от, ыстық)-қызбаны шақыратын заттар.

Гомойотермды(homoios-бiр, бiрдей, + tremos-жылы)-қоршаған орта температурасына тәуелсiз дене температурасының салыстырмалы тұрақтылығы.

Пиротерапия(pyr-от, ыстық)-дене температурасын жасанды көтеру арқылы емдеу әдiсi.

Пойкилотермды(poikilos-әр түрлi, genesis -туу, пайда болу)-сыртқы орта температурасына тәуелдi дене температурасы тұрақсыз болатын ағзаның түрi.

Термогенез(thermos-жылу,genesis -туу, пайда болу)-жылуды түзу процесi.

Субфебрильдi қызба-температураның Цельсий бойынша 38 градусқа дейiн көтерiлуi.

Орташа қызба-температураның Цельсий бойынша 38-39 градусқа дейiн көтерiлуi.

Жоғары қызба - температураның Цельсий бойынша 39-40 градусқа дейiн көтерiлуi.

Гиперпиретикалық қызба- температураның Цельсий бойынша 41 градустан жоғары көтерiлуi.

Ұстамалы қызба(febris intermittens)-дене температурасы тәулiк бойы үлкен тербелу өрiсiмен сипатталанатын және таң ата қалпына келiп немесе төмендеуiмен ерекшеленетiн қызбаның түрi.

Әлсiрететiн қызба(febris hecticа)-дене температурасының тәулiктiк өзгеруiнiң Цельсий бойынша 3-5 градусқа жетуi.

Қайтымды қызба(febris recurrens)-қызбалық және қызбалық емес кезеңдердiң алмасуымен ерекшеленетiн қызба.

Босаңситын қызба(febris remittens)-тәулiктiк дене температурасының тербелiсi 1 градустан жоғары болады, бiрақ қайта қалпына келмейдi.

Атипиялық қызба(febris athypica)-дене температурасының тәулiк бойы бiрнеше рет өзгеруi; циркадты ырғақтың толық өзгеруiмен ерекшеленедi.

Либермейстер заңы -температураның Цельсий бойынша 1 градусқа жоғарлауы пульстiң 8-10 соққыға жиiленуiмен қатар жүруi.

№ 10 ТАҚЫРЫБЫ: «Өспе өсуінің патофизиологиясы»

Анаплазия (грек. ana- артқа, кері + plasia - түзілу) – жасушалардың құрылымы мен биологиялық қасиеттерінің өзгерістерге ұшырауымен сипатталатын тұрақты дедифференциациясы. Бұл кезде жасушалық тін өзіне тән функцияларды атқара алмайды, бірақ шексіз өсіп-өну қабілетіне ие болады.

Атипизм(грек. a - жоқ + typos - түрі) - өспе тінін қалыпты тіннен ерекшелендіретін, биологиялық қасиеттердің жиынтығы.

Биопсия(грек. bios тіршілік + opsis көру, қөру арқылы қабылдау) - тірі организмнен тінді кесіп алып диагностикалық мақсатта микроскоппен зерттеу

Бластома(грек. blastos – өну,ұрық) – қатерлі өспе.

Инфильтрациялаушы (инвазивті) өсу(лат. in – ішке + filtratus - cүзілу, жарып өту) - өспе жасушаларының айналасындағы тіндерге еніп, оларды бұзу арқылы өсуі; қатерлі өспелерге тән.

Канцероген(лат. cancer- обыр) - қатерлі өспелердің пайда болуына себепкер фактор немесе заттек.

Канцерогенез- қатерлі өспелердің пайда болу және даму процесі.

Карцинома(грек. karkinos - обыр)- ішкі ағзаларды, сілемейлі қабаттарды және терініңэпителий жасушаларын зақымдайтын қатерлі ісік (обыр).

Кахексия(грек. kakos - нашар + hexis- жағдай)- организмнің қатты арып-азуының, зорығуының соңғы дәрежесі.

Коканцероген -өздігінен өспе дамуын шақыра алмайды, бірақ онкогенді агенттермен қосылып әсер еткенде өспе туындауын тездететін фактор.

Малигнизация(лат.malidnus- өлімдік, зиянды, қатерлі)-қалыпты немесе дерттік өзгерген тіннің жасушаларында қатерлі өспелерге тән қасиеттің пайда болуы.

Метаплазия(грек. metaplásso - өзгеру, айналу)- тіннің негізгі түпкі түрі сақталып, бірақ осы тіннің жетілген (дифференциацияланған) жасушаларының басқа тіннің жетілген жасушалармен алмасуы.

Метастаз -(meta- арасында орналасу + stasis- жағдай)- басқа өспелік ошақтан патологиялық материалдың (өспе жасушаларының) тасымалдануы арқылы өспелік процестің жаңа ошағының пайда болуы. Метастазалар қантамырлар (гематогендік метастазалар), лимфа тамырлары (лимфогендік метастазалар), ішкі қуыстар (имплатациялық метастазалар) арқылы тасымалдануы мүмкін.

Онковирус -қалыпты жасушаның өспелік жасушаға ауысуына себепкер болатын вирус (өспе туындататын вирус).

Онкоген /гр.onkos- өсінді, өспе, genos- шығуы, туындауы, пайда болуы/- нәруызды реттеуші ген, реттелу процесі бұзылғанда қатерлі өспелердің туындауына ықпал етеді.

Онконәруыздар – онкогеннің транскрипциясының нәтижесінде синтезделетін нәруыздар.

Ген–супрессорлар (лат.suppressum-тежеу,басу)-онкогендердің белсенділігін басатын, жасушалардың бөлінуін және дифференциациялану процесінен шығуын тежейтін жасушалық ген; олар инактивацияланғанда өспелердің пайда болу ықтималдығы артады.

p53 -жасушалық циклды реттейтін транскрипциялық фактор. Өзгеріске ұшырамаған жағдайда қатерлі ісіктердің түзілуіне қарсы тежегіштік қызмет атқарады,көбіне геномның тұрақтылығын «қорушы» деп айтылады. Обырлық өспе жасушаларының 50 %-ында мутацияға ұшыраған р53 гені анықталады.

Онкорновирустар -құрамында РНҚ бар онкогенді вирустар.

Прогрессия(лат. progression - алға жылжу)- өсу барысында морфологиялық, биохимиялық, қызметтік және т.б., өспелік атипизмнің үдеуі-күшеюі.

Протоонкоген – нәруызды реттеуші ген, қалыпты жағдайда жасушалардың өсуін және дифференциациялану процесін реттейді. Протоонкоген активацияланғаннан кейін онкогенге айналады және өспе туындауына ықпал етеді.

Регенерация(лат.regeneratio- қайта туылуы)- зақымдалған немесе жойылған ағзалардың бөліктерінің, олардың органойдтарының, тіндерінің қалпына келуі.

Репарация(лат. reparatio- қалпына келу)-зақымдалған тіндердің, жасушалардың, жасуша ішілік құрылымдардың қалпына келуі.

Саркома(грек. sarcos - ет) - дәнекер тіннен шығатын қатерлі өспе; обырлық өспелерге тән белгілері: инфильтрацияланып өсуі, яғни айналасындағы тіндерге еніп оларды бұзу арқылы өсетін, хирургиялық жолмен алынып тасталғаннан кейін қайта метастазаланатын қасиеті бар.

Экспансивті өсу(лат. expansion - кеңейту, керу) - айналасындағы тіндерді ығыстыру, жылжыту арқылы өсу; қатерсіз өспелерге тән.

№11 ТАҚЫРЫБЫ: «Аллергия»

Аллергия(лат. allos- өзгеше + ergon – әсер) – антигендiк қасиетi бар заттарға жалпы және жергiлiктi реакциялармен көрінетін организмнiң ерекше жоғарылаған патогендiк сезiмталдығы.

Аллергендер(от лат. allos- өзгеше + gen – туындататын) –аллергиялық реакциялар дамуын туындататын заттектер.

Антигендер (лат. anty- қарсы + gen – туындататын) – иммунды лимфоциттердiң антиденелердi түзуiн шақыратын жоғары молекулалық организм үшiн бөгде заттектер.

Наши рекомендации